Этнопедагогикалық ойлардың тарихын жіктеңіз


Дидактиканың пайда болып дамуын сипаттаңыз



бет23/34
Дата03.05.2023
өлшемі222,82 Kb.
#89559
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
Гос ПСИХОЛОГИЯ ПЕДАГОГИКА

Дидактиканың пайда болып дамуын сипаттаңыз

"Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық жәнеәдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар да туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:
• оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;
• оқушыларды сыныптарға бөлу;
• әр сыныпқа бір бөлме беру;
• күніне 4 сабақ өткізу;
• әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
• қоңыраудық соғылуы;
• тәртіп;
• бір сабақтың үзақтығы бір сағаттан аспау керек;
• сабақты күзде бастау.
Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Коменский таңырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я.А.Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан hiтыс қалған жоқ.
Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
Иоган Генрих Пестолоцци- «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?” Деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады. 
“Көз көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді деген” осыған байланысты И.Г Песталоцци буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуғк үйретутәсілдерін қолданған. Оның пікірінше заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді. Адамның дүние туралы түсінігі алғашқыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере-беру жеткіліксіз, ақылдың қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған. Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екенін дәлелдеді. Ұлы педагогкөрнекілік әдісін Я.А.Коменскийға қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет