Этнопедагогикалық ойлардың тарихын жіктеңіз



бет26/34
Дата03.05.2023
өлшемі222,82 Kb.
#89559
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркендіргіш қызметін әртүрлі суреттер мен сызулар, сызбалар мен кестелер, ноталар атқарады. Ал психологиялық құрылысы – екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші сигналдық бейнелерге айналдыру. Мысалы, мұхитты көрмеген адам біреудің сол мұхитты суреттеп жазғанымен таныса отырып, оның ұшы-қиырсыз бейнесін қиялдайды. Қайта жасау қиялындағы мақсат жаңа, соны бейнелер жасау емес, табиғаттағы заттарды адамның өзі тікелей қабылдамаса да, сол қалпында қайта елестету болып табылады. Қайта жасау қиялы – адамның ой-өрісін дамытып отыратын психикалық процесс. Қиялдың бұл түрінің тәлім-тәрбие ісінде ерекше маңызы бар. Мысалы, оқырмандар Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Дәркембайдың бейнесі арқылы кедей шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін көз алдарына елестетіп, пайымы кең, ақыл-парасаты терең кісілердің оқырман адамдардың арасынан да жиі кездескендігіне көз жеткізеді.
Қиялдың ең жоғары түрі – жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындалар – қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Жасампаздық қиял – қоғамдық мәні бар жаңа, соны өмімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс. Машиналардың жаңа түрлерін ойлап табу, бұрынғы машиналарды реконструкциялау, мал тұқымын асылдандыру, өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын өсіріп шығару, ғылымда, өнер мен әдебиетте, құрылыс пен халық шаруашылығының басқа салаларында жаңалық ашу – мұның бәрі де шығармашылық қиялға жатады. 
Шығармашылық қиял арқылы жасалатын жаңа туындылар мен өнімдер әрқилы жорамалдар жасап, көп ізденуді талап етеді. Алға қойған міндеттерді шешуде көпке дейін нәтиже шықпай, іздеген образ жасалмайды, зат тетіктері үйлеспейді. Шығармашылық қиялдану үстінде адамның іздегені күтпеген жерден, кенеттен тууы да мүмкін. Адам басында көптен бері жүрген мәселенің кенеттен, күтпеген жерден шешім табуы, оған тиісті жауап алынуы психологияда интуициялық процесс деп аталады. «Интуиция» латын сөзі – шұғылданып қарау деген мағынаны білдіреді.
Адам қиялының ерекше бір түрі – арман. Бұл – актив әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүддемізге орай бейнелер жасау, игі мақсат-мүддемізді іс жүзінде асыруды қиялдау. Басқаша айтқанда, арман – келешектегі әрекеттерге арналған қиял. Ол – шығармашылық қиял емес, бірақ, соған дайындықтың бастапқы сатысы. Арманды бағалауда ескеретін жайттар:
арманның әрекетке қатысы;
шындықпен жанасуы;
оның келешек үшін мәні.
Арман бос қиялдаумен түк те жанаспайды. Бос қиялдың өмір үшін ешбір пайдасы жоқ, ол – арманның тиімсіз түрі. Бұл – қажырсыз қиял. Мұндай қиял адамды белгілі бір мақсатқа не нәтижеге жетелемейді. Арман – қиялдың ерікті түрі, ол әрі саналы, әрі белсенді сипатқа ие. Әрекет етудің орнына адам бос қиялға берілсе, онда оның бұл жағдайы босқа адасу, жігерсіз әрекет болар еді.
Адамның жігерсіз іс-әрекетіндегі бір түрі – мұң. Мұң – адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз оқиғалары мен сәтсіз істері жайындағы ойы, мақсатты істерінің жүзеге аспауы туралы, оған себепкер болған жайттар жайындағы қиялы. Осындай қолайсыз бейнелердің тізбегі кім-кімнің болмасын тынышын кетіріп, ойын бөледі. Бұл – қиялдың әрекетсіз түрі, сондай-ақ, шындықтан жалтару болып саналады. Әдетте, еркі күшті адам мұндай қолайсыз қиялдан арылудың жолын іздестіріп, мақсатты істі жүзеге асыру әрекетіне ауысады да, өзін-өзі меңгереді. 




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет