Этнопедагогикалық ойлардың тарихын жіктеңіз


Темперамент туралы Паловтың ілімі



бет30/34
Дата03.05.2023
өлшемі222,82 Kb.
#89559
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Гос ПСИХОЛОГИЯ ПЕДАГОГИКА

Темперамент туралы Паловтың ілімі

Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің
қажетті арасалмағы) адамның психикалық ісәрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақты жеке
ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер
ағысы қарқындығының жылдамдығының
ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз
психикалық процестердің өтуінің динамикалық
ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын, олардың
күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен
өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы

И.П.Павлов бойынша адамның жүйке


жүйесінің типтері
Сангвиник
-Ширақ
-Жүйке жүйесі күшті
-Қозуы мен тежелуі тең
-Қозғалғыш адам
Холерик
-Ұстамсыз
-Жүйке жүйесі күшті
Флегматик
-Жүйке жүйесі күшті
-Қозғалысы баяу
-Қозуы мен тежелуі тең
Меланхолик
-Жүйке жүйесі әлсіз

Холерик
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен,


ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.
Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік
сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен
кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен
қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып
келеді. Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.
Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,
белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Мысалы,
кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше
көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған
холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы
ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір
аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап
береді.

Флегматик


Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып,
төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды
ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін
жеткізеді. Психикалық процестер флегматикте баяу жүреді.
Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі
келтіретін жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде
флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ
мерзімге.
Адамдармен
қарым-қатынаста
флегматик
бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз
сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен
байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді.
Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау
оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі
қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті
дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті, талапшылдықты орнатуға
болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік,
жалқаулық пайда болады.

Сангвиник


Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай
оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез
қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында
жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады.
Қысылып-қымтырылмайды,
кісіге
қайырымды.
Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу
үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы
қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы
жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте
сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп
уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай
алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары
дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға
деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз
жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиникте
жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады

Меланхолик


Бұл темперамент өкілінде психикалық процестер өте
баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере
алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей
алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты
қоршаған ортада, мысалы, үйде ондай балалар өздерін
жақсы
ұстап,
іс-әрекеттерді
жақсы
орындайды.
Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және
күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін
іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай
қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді.
Меланхоликтер
тұйық,
таныс
емес адамдармен
сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз
жағдайларда
ауруға
айналған
осалдық,
қысылу,
көңілсіздік, пессимизм пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет