БУРЯТТАР, өз атауы – бурят, буряад.
Қазақстандағы буряттардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 553
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 341 адам.
Бурят тілі – Бурят Республикасының мемлекеттік тілі, Қазақстан бурят-
тары этностық тобының экзогенді тілі.
Бурят тілі алтай тілдері семьясының монғол тобының ерін үндестігі бар
агглютинативті типтегі тілдеріне жатады.
16 ғасырдан бастап буряттарда гэлуг немесе «шара шажан» (сары дін) мек-
тебінің тибеттік буддизмі кең тарады, бұл наным-сенім тəжірибесінде осы
уақытқа дейін сақталған буддизмге дейінгі шамандықпен араласып кеткен.
ВЕНГРЛЕР, өз атауы – мадияр, мажар.
Қазақстандағы венгрлердің саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 440 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 363 адам.
169
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Венгр тілі – Венгрия Республикасының ресми тілі; Еуропалық Одақтағы
25 ресми тілдердің бірі; Қазақстан венгрлері этностық тобының экзогенді
тілі.
Венгр тілі оралдық тілдер семьясының угор тармағының фин-угор тобына
жатады.
Діни сенімі бойынша венгрлер – католиктер, про стестанттар мен право-
славиеліктердің саны да едəуір.
Кейбір облыстарда (Алматы облысы) венгр ұлттық-мəдени орталықтары
бар.
ВЕПСТЕР, өз атауы – вепса, бепса, лудиникад, тягалажет.
Қазақстандағы вепстердің саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 30 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 1 адам.
Вепс тілі – Қазақстан вепстері этностық тобының эндогенді тілі. Вепс тілі
фин-угор тілдері семьясының фин-балтық тармағының солтүстік тобына жа-
тады.
Дінге сенетін вепстер 12 ғасырдан бері православиені ұстанады.
ГАГАУЗДАР, өз атауы – гагауз.
Қазақстандағы гагауздардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 678
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 490 адам.
Гагауз тілі – Гагаузияның мемлекеттік тілі (молдаван жəне орыс тілдерімен
қатар); Қазақстан гагауздары этностық тобының экзогенді тілі.
Гагауз тілі алтай тілдері семьясының түрік тобының оңтүстік батыс ішкі
тобына (оғыз ішкі тобына) кіреді.
Дінге сенетін гагауздардың көбі – православиеліктер.
ГРЕКТЕР, өз атауы – эллин.
Қазақстан гректерінің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 12703 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 8819 адам. Қазақстандағы грек тобы Красно-
дар аймағынан (1942 ж.), Қырымнан (1944 ж.), Грузиядан (1949 ж.) зорлықпен
жер аударылған гректерден құралады, өздерін тек Түркияның солтүстік баты-
сындағы понтийлік гректермен ғана емес, сонымен қатар Балқан гректерімен
де теңестіреді.
Грек тілі – Грекияның ресми тілі; Кипр Республикасының (түрік тілімен
қатар) ресми тілі; Еуропалық Одақтың 25 ресми тілінің бірі. Қазақстан грек-
терінің экзогенді тілі. Грек тілі үндіеуропалық тілдер семьясының оқшау-
ланған тілі болып есептеледі.
Соңғы жүзжылдықта понтийлік гректердің көбі шашырау мен күштеп жер
аудару барысында ескі грек тілінің диалектісі ретіндегі понтий тілінен ай-
рылды. Қазақстан гректерінің бір бөлігі қазіргі грек тілін меңгерген, алайда
көбі орыс тілінде сөйлеуге көшкен.
170
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазіргі гректердің бəрі – христиандар, басым көбі православиені, кейбірі
католиктікті ұстанады. Осман басқыншылығы кезеңінде исламды қабыл-
даған мұсылмандары да бар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша этностық топтың шоғырланып ықшам
қоныстануы Қарағанды облысында (1819 адам), Жамбыл облысында (1035
адам), Оңтүстік Қазақстан облысында (1033 адам) байқалады.
Қазақстанның ірі қалаларының бəрінде гректердің мəдени орталықтары
бар.
ГРУЗИНДЕР, өз атауы – картвел.
Қазақстандағы грузиндердің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 5361
адам, 2013 жылғы мəліметтер бойынша 5358 адам.
Грузин тілі – Грузияның мемлекеттік тілі; Қазақстан грузиндері этностық
тобының экзогенді тілі.
Грузин тілі иберий-кавказ тілдері семьясының картвелтобына жатады.
Дінге сенетін грузиндердің көбі – Грузин Апостолдық автокефалды (дер-
бес) православие шіркеуіне біріктірілген православиеліктер. Грузиндердің
ішінде саны жағынан мұсылман қауымдастығы (Аджария) екінші орын ала-
ды (400 мың адам). Грузияда католиктер көп емес (100 мың адам).
Кейбір облыстарда (Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында) грузин
этномəдени орталықтары бар.
ГРУЗИЯЛЫҚ ЕВРЕЙЛЕР, өз атауы – картвел эбраел (қазақ тіліндегі
сөзбе-сөз аудармасы «грузиялық еврейлер») – бабалары біздің дəуірімізге
дейінгі заманда Грузия жеріне келген, осы күнге дейін еврейлердің иудаизм
дінін ұстайтын этноконфессиялық топ.
Грузиялық еврейлердің Қазақстандағы саны: 1999 жылғы мəліметтер
бойынша 18 адам, 2009 жылғы мəліметтер бойынша 23 адам.
Қазіргі грузиялық еврейлер грузин тілін ана тілім деп санайды да, осы тіл-
де сөйлейді.
Грузин тілі – Грузияның мемлекеттік тілі; Қазақстан грузиндері этностық
тобының экзогенді тілі, иберий-кавказ тілдері семьясының картвелтобына
жатады.
Грузиялық еврейлер жазуда да грузин əліпбиін қолданады. Иврит элемент-
терінен кейде іскери тілдесімде, саудада киврули жаргоны пайдаланылады,
бұл жаргонды пайдалануды отбасылық дəстүрмен кейбір əлеуметтік-кəсіби
топтар жалғастырып отыр.
Өзін-өзі діни сəйкестендіру грузиялық еврейлердің санасынан нық орын
алған. Иудаизм бір құдайға сенетін ибрахимдік деп аталатын үш діннің
ішіндегі ең көнесі болып саналады, ибрахимдік діндерден, христиандық,
буддашылдық пен ислам сияқты əлемдік діндерден өзгешелігі – бірұлттық
(еврейлік) дін ретінде бағаланады.
171
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ДАРҒЫНДАР, өз атауы – дарғын, дарганти.
Қазақстан дарғындарының саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 879
адам, 2013 жылғы мəліметтер бойынша 826 адам.
Дарғын тілі – Дағыстанның мемлекеттік тілдерінің бірі; Қазақстан дарғын-
дары этностық тобының экзогенді тілі.
Дарғын тілі иберий-кавказ тілдері семьясының нах-дағыстан тармағының
лак-дарғын ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін дарғындар сүнниттік исламның шафиқ мазхабын ұстанады.
ДОЛҒАНДАР, өз атауы – долған (дулған), тыа-кихи, саха, ертеректе дон-
гот, адян (эдигэн), карын-туо ру-тайпа аттарымен белгілі болған.
Қазақстандағы долғандар саны: 1999 ж. мəліметтер бойынша 25 адам,
2009 жылғы мəліметтер бойынша 3 адам.
Долған тілі – Саха (Якутия) Республикасының жергілікті ресми тілдерінің
бірі; Қазақстан долғандары этностық тобының экзогенді тілі.
Долған тілі алтай тілдері семьясының түркі тіліне жатады.
Дінге сенетін долғандар православиені ұстанады.
ДҮНГЕНДЕР, өз атауы – лохуэй, хуэй, хуэйцзу.
Қазақстан дүнгендерінің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша
36945адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 59898 адам.
Дүнген тілі –Қазақстан дүнгендері этностық тобының экзогенді тілі.
Хуэйлар, яғни дүнгендер – ханафи мазхабындағы сүннит мұсылмандар.
2013 жылғы мəлімет бойынша халықтың шоғырланып ықшам қоныстануы
Жамбыл облысында (82,81%), Алматы облысында (2,98%), Алматы қаласын-
да (12,10%) байқалады. Қазақстанның ірі қалаларының бəрінде дүнгендердің
ұлттық-мəдени орталықтары бар.
ЕВРЕЙЛЕР, өз атауы – иегудим; айд, айид.
Қазақстандағы еврейлердің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 6745
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 3262 адам.
Көне тіл иврит семит-хамит тілдері семьясының семит тобына жатады.
Қайта қалпына келтіріліп қазір қолданылып жүрген иврит тілі Израильдің
(араб тілімен қатар) ресми тілі; Қазақстан еврейлерінің экзогенді тілі.
Еврейлердің тағы бір тілі – идиш – үндіеуропалық тілдер семьясының гер-
ман тобының басты германдық ішкі тобына жатады, мұны ашкеназдық еврей-
лер қолдайды. Идиш тілі Қазақстандағы еврей диаспорасының эндогенді тілі.
Еврейлердің дəстүрлі діні – иудаизм. Дүние жүзіне кең тараған еврей-
лердің көбі діни ортодокстар болып саналмайды, алайда кейбір рəсім-салттар
мен ұсынылған өмір ережелерін ұлттық дəстүр ретінде сақтайды.
Қазақстанның аумағында еврей этномəдени облыстық бірлестіктері, ал қа-
лалар мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
172
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ИЖОРЛЫҚТАР, өз атауы – ингры, инкерикот, харьяляйн, изури.
Қазақстандағы ижорлықлар саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 1
адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 1 адам.
Ижор тілі – Қазақстан ижорлықтары этностық тобының эндогенді тілі.
Ижор тілі – оралдық тілдер семьясының фин-угор тобының балтық-фин
бұтағының солтүстік тобына жатады.
Ижорлықлар негізінен православиеліктер.
ИНГУШТАР, өз атауы – галгай.
Қазақстандағы ингуштардың саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша
16900 адам, 2013 жылғы мəліметтер бойынша 15607 адам.
Ингуш тілі – Ингуш Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан ин-
гуштары этностық тобының экзогенді тілі.
Ингуш тілі иберий-кавказ тілдері семьясының нах ішкі тобына жатады.
Жазуы кириллицаға негізделген.
Діни сенімі бойынша ингуштардың басым көбі – сүннит мұсылмандар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша, бұлардың үлкен қоныстары Ақмола об-
лысында – 4769 адам, Павлодар облысында – 1747 адам, Солтүстік Қазақстан
облысында – 762 адам, Алматы қаласында – 2487 адам, Астана қаласында –
2427 адам.
Қазақстан аумағында ингуштардың облыстық ұлттық-мəдени бірлестік-
тері жəне қалалар мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
ИТЕЛМЕНДЕР, – ителмен, итэнми.
Қазақстандағы ителмендердің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 2
адам.
Ителмен тілі – Қазақстан ителмендері этностық тобының эндогенді тілі.
Ителмен (камчадал) тілі палеоазиялық тілдер семьясының чукот-камчат
тобына жатады.
КАРЕЛДЕР, өз атауы – карьяла, карьелайне.
Негізінен Ресейдің Карелия Республикасында, Ленинград, Тверь облыста-
рында, Финляндияның шығысында мекен ететін фин-угор халқы.
Қазақстан карелдерінің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 411 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 518 адам.
Карел тілі – Қазақстан карелдері этностық тобының экзогенді тілі.
Карел тілі оралдық тілдер семьясының фин-угор тілдерінің балтық-фин
тармағының солтүстік тобына жатады.
Дінге сенетін карелдердің көбі – православиеліктер, ал Финляндиядағы-
лар лютерандық пен православиені ұстанады.
173
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
КЕТТЕР, өз атауы – кет, кето; еск. – остяктар, енисейліктер (Енисей
остяктары).
Сібірдің тұрғылықты саны аз халқы, Краснояр өлкесінің солтүстігін ме-
кен етеді.
Қазақстан кеттерінің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 5 адам.
Кет тілі – Қазақстан кеттері этностық тобының эндогенді тілі.
Кет тілі палеоазиялық тілдер семьясының енисейлік (кет-асан) тілдерінің
біріне жатады.
Кеттердің діни түсініктерінің негізінде анимизм жатады, қазір көбі право-
славиені қабылдаған, дəстүрлі діни түсініктерінің де ізі сақталған.
КОМИ (ескі. орысша атауы), ЗЫРЯНДАР, өз атауы – коми-морт (коми-
адам), коми-отар (коми адамдар), коми-войтыр (коми-халық), зырян (еск.).
Фин-угор халқы, Коми Республикасының тұрғылықты жұрты.
Қазақстандағы коми-зырян этностық тобының саны: 1999 жылғы мəлімет-
тер бойынша 387 адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 15 адам.
Коми-зырян тілі – Коми Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстанда
коми жəне зырян этностық топтарының экзогенді тілі.
Коми-зырян тілі фин-угор тілдері семьясының фин-пермь тармағының
пермь тобына жатады.
Коми-зыряндар арасында бұрын үстем болған дəстүрлі көпқұдайлықтың
орнын православиелік басып келеді, тұрмысы мен табынушылықтарында
жаңалықтар көп.
КОМИ-ПЕРМЯКТАР, ПЕРМДІКТЕР, өз атауы – пермяк.
Ресейдің теріскей батысын мекен ететін фин-угор халқы. 2002 жылы олар-
дың саны 125 мыңға жетті.
Қазақстандағы коми-пермяк диаспорасының саны: 1999 жылғы мəлімет-
тер бойынша 935 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 530 адам.
Коми-пермяк тілі – Коми-Пермяк автономиялы округы тілдерінің бірі; Қа-
зақстан коми-пермяк этностық тобының экзогенді тілі.
Коми-пермяк тілі фин-угор тілдері семьясының фин-пермь тармағының
пермь тобына жатады.
Дінге сенетін пермьдіктер православиені ұстанады, ескі салтшылдар (ста-
рообрядцы) да бар.
КОРЕЙЛЕР, өз атауы – госом сарам, коре сарам, хунчук сарам ( Чосон
елінің адамдары, Коре елінің адамдары, Ханик елінің адамдары).
Қазақстандағы корейлердің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 99944
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 104 406 адам.
Корей тілі – Солтүстік Кореяның ресми (мемлекеттік) тілі; Оңтүстік Ко-
реяның ресми тілі; корей тілі (коре мар – корей тілінің юкчин жəне менчхон
174
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
диалектілерінен тұратын корей тілінің көнеленген нұсқасы) – Қазақстан ко-
рейлері этностық тобының экзогенді тілі.
Корей тілі (коре мар, юкчин, менчхон) – генетикалық байланысы болжам-
мен ғана белгіленіп жүрген оқшау тіл.
Бүгінде Қазақстандағы корей діни ұйымдарының пресвитериандық,
баптистік, православиелік жəне вон-буддалық сияқты ағымдар бар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша корей этносы Алматы қаласында
(27,18%,) Алматы облысында (15,8%), Қарағанды облысында (12,67%),
Жамбыл облысында (8,95%), Оңтүстік Қазақстан облысында (8,71%) қоныс-
танған.
Қазақстанның аумағында корейлердің республикалық жəне облыстық ұлт-
тық-мəдени бірлестіктері жəне қалалар мен аудандарда олардың бөлімшелері
жұмыс жасайды.
КОРЯКТАР жағалауда қоныстанған коряктардың өз атауы – нымылгын,
бұғы шаруашылығымен айналысатын коряктардың өз атауы – чавиын. Кам-
чатка түбегінің солтүстік бөлігінің тұрғылықты жұрты.
Қазақстандағы коряктардың саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 48
адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 121 адам.
Коряк тілі – Қазақстан коряктары этностық тобының эндогенді тілі.
Коряк тілі палеоазиялық тілдер семьясының чукот-камчат тармағына жа-
тады.
Коряктар арасында орыс православиелігі кең тараған, алайда дəстүрлі на-
ным-сенімдері (шамандық) күшін сақтауда.
КҮРДТЕР, өз атауы – күрд. Негізінен Түркия, Сирия, Иран мен Ирак ел-
дері шекараларының түйісіндегі Күрдістанда орналасқан көптеген тайпалық
топтардың жиынтығы.
Қазақстандағы күрдтердің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 32 764
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 41 431 адам.
Күрд тілі – Иран Республикасының күрд өңірінің ресми тілі, Қазақстан-
дағы күрдтер этностық тобының экзогенді тілі.
Күрд тілі үндіевропалық тілдер семьясының иран тармағының сол-
түстік-батыс тобына жатады.
Күрдтердің көбі (85%) сүнниттік исламды, бір бөлігі (5%) шииттік ислам-
ды, бір бөлігі (2%) алевистік исламды, бір бөлігі (8%) езидизмді, бір бөлігі
(2%) христиандықты ұстанады.
2014 жылғы мəліметтер бойынша бұл этностың шоғырланып орналасуы
Алматы облысында – 34,96%, Жамбыл облысында – 34,26%, Оңтүстік Қа-
зақстан облысында – 21,17%.
ҚАБАРДА, өз атауы – адыге.
175
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазақстандағы қабарда диаспорасының саны: 1999 жылғы мəліметтер
бойынша 23 адам, 2013 жылғы мəліметтер бойынша 230 адам.
Қабардалықтар қолданатын қабарда-черкес тілі – Қабарда-Балқар Респуб-
ликасының мемлекеттік тілі, Қазақстандағы қабарда мен черкестер этнос-
тық топтарының экзогенді тілі.
Қабарда-черкес (черкес) тілі иберий-кавказ тілдері семьясының абхаз-
адыгей тобына жатады.
Діни сенімі жағынан қабардалықтар – сүннит мұсылмандар.
ҚАЗАҚТАР, өз атауы – қазақ.
Қазақстанның тұрғылықты жұрты. Қазақтар сондай-ақ ерте заманнан
бері Қазақстанмен шектес Қытайда, Ресейде, Өзбекстанда, Түркіменстанда,
Монғолияның батысында өмір сүреді, басқа да елдерде мекендейді.
Қазақстан қазақтарының саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 7 млн
985 мың адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 11 млн 2868 адам.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының титулдық этносының тілі, Қа-
зақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Алтай тілдері семьясының түркі
тілдерінің батыс ғұн бұтағының қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай ішкі тобына
жатады.
Қазақтардың дəстүрлі діні – ханафи мазхабындағы ислам.
Қазақстанның аумағында көптеген қазақ облыстық жəне аудандық мəдени
бірлестіктер, ал қалалар мен аудандарда олардың филиалдары жұмыс істейді.
ҚАЛМАҚТАР, өз атауы – хальмыг.
Қазақстан қалмақтарының саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 731
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 442 адам.
Қалмақ тілі – Қалмақ Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан қал-
мақтары этностық тобының экзогенді тілі.
Қалмақ тілі алтай тілдері семьясының батыс-моңғол тобына жатады.
Қалмақтардың негізгі діні – буддизм, бірақ олар бұған тəңіршілдік, көкке,
тауға, ағашқа, суға, жерге табыну сияқты дəстүрлі наным-сенімдерді қосып
алған.
ҚАРАЙЫМДАР, өз атауы – қарайлар.
Шығыс Еуропадағы қарайымшылдықтың жолын қуушы түркі тілдес, саны
аз этностық топ. Дəстүрлі мекендері – Қырым, Батыс Украина мен Литвадағы
кейбір қалалар.
Қазақстан қарайымдарының саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 28
адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 231 адам.
Қарайым тілі – Қазақстан қарайымдары этникалық тобының эндогенді
тілі.
176
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қарайым тілі алтай тілдері семьясының түркі тілдері батыс ғұн бұтағын-
дағы қыпшақ тобының қыпшақ-оғыз ішкі тобына жатады (Баскаковтың топ-
тастыруы бойынша).
Діни сенімі – иудаизмнің Талмудқа дейінгі өте көне нұсқасы, қарайым-
шылдық, мұны оларға, қарайымдықтардың өздерінің пікірінше, хазарлар
енгізген.
ҚАРАҚАЛПАҚТАР, өз атауы – қарақалпайын.
Қазақстан қарақалпақтарының саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша
1497 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 5890 адам.
Қарақалпақ тілі – Қарақалпақстан Республикасының мемлекеттік тілі,
Қазақстан қарақалпақтары этностық тобының экзогенді тілі.
Қарақалпақ тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының батыс тармағы-
ның қыпшақ-ноғай ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін қарақалпақтар – сүннит мұсылмандар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша топтың шоғырланып ықшам қоныста-
нуы Маңғыстау облысында (1788 адам), Атырау облысында (553 адам) бай-
қалады.
Кейбір облыстарда (Маңғыстау, Алматы, Оңтүстік Қазақстан) қарақал-
пақтардың ұлттық-мəдени орталықтары бар.
ҚАРАШАЙЛАР, өз атауы – қарашайлы, таýлула.
Қазақстан қарашайларының саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 1400
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 1030 адам.
Қарашай-балқар тілі – Қарашай-Черкес Республикасының мемлекеттік
тілі; Қазақстан қарашайлары этностық тобының экзогенді тілі.
Қарашай-балқар тілі алтай тілдері семьясының түркі тілдері батыс ғұн
бұтағындағы қыпшақ тобының қыпшақ-половец ішкі тобына жатады.
Қазіргі уақытта қарашайлардың басым көпшілігі сүнниттік исламның ха-
нафи мазхабын ұстанады.
ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫ, өз атауы – қырымтатар. Қырымда тарихи қа-
лыптасқан халық.
Қазақстандағы қырым татарларының саны: 1999 жылғы мəліметтер
бойынша 1007 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 1541 адам.
Қырым татарларының тілі – Қазақстандағы екі этностық топтың – қы-
рым-татар жəне қырым еврейлерінің (қырымшақтардың) эндогенді тілі.
Қырым татарларының тілі – түркі тілдерінің бірі.
Қырым татарларының басым көпшілігі – ханафи мазхабындағы сүннит
мұсылмандар, бұл мұсылмандардың үлкен бөлігі Қырым мұсылмандарының
діни басқармасына қарайды.
177
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ҚЫРЫМШАҚТАР (ҚЫРЫМ ЕВРЕЙЛЕРІ), өз атауы – қырымчақлар,
1917 жылға дейін өздерін еуди – «иудеи» жəне срэль балалары – «Из-
раиль балалары» деп атады. Өкілдері дəстүр бойынша талмудтық иудаизмды
ұстанған, саны аз этноконфессиялық, этнотілдік топ, Қырымда мекен етіп,
қырымшақ тілінде (қырым татарлары тілінің нұсқасы) сөйлеген. Көп бөлігі
шашыраңқы мекендейді.
Қазақстандағы қырымшақтардың (қырым еврейлерінің) саны: 1999 жылғы
мəліметтер бойынша 20 адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 35 адам.
Қырым татарларының тілі – алтай тілдері семьясындағы түркі тілдерінің
бірі.
ҚҰМЫҚТАР, өз атауы – құмық.
Қазақстандағы құмықтардың саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 643
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 507 адам.
Құмық тілі – Дағыстанның 14 мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан құмықта-
ры этностық тобының экзогенді тілі.
Құмық тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының шығыс хун тармағы-
ның қыпшақ-половец ішкі тобына жатады, алайда жекелеген ерекшеліктері-
не қарай оғыз тобымен жақындасады.
Дінге сенетін құмықтар сүннит түсінігіндегі исламды ұстанады. Құ-
мықтардың көбі шафиқ мазхабында, бір бөлігі ханафи мазхабының жолында.
Қазақстан аумағында күрдтердің облыстық этномəдени бірлестіктері, қа-
лалар мен аудандарда олардың филиалдары жұмыс істейді.
ҚЫРҒЫЗДАР, өз атауы – қырғыз.
Қазақстандағы қырғыздардың саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 10
897 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 29 803 адам.
Қырғыз тілі – Қырғызстанның мемлекеттік тілі, Қазақстан қырғыздары эт-
ностық тобының экзогенді тілі.
Қырғыз тілі алтай тілдері семьясының түркі тілдерінің шығыс бұтағын-
дағы қырғыз-қыпшақ тобына жатады.
Қырғыздардың көбі – сүннит мұсылмандар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша қырғыздар Жамбыл облысында – 9259
адам, Оңтүстік Қазақстан облысында – 2796 адам, Маңғыстау облысында –
588 адам, Шығыс Қазақстан обылысында – 542 адам, Алматы қаласында –
6688 адам, Астана қаласында – 3889 адам шоғырланып орналасқан.
Қазақстан аумағында қырғыздардың облыстық ұлттық-мəдени бірлестік-
тері жəне қалалар мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
ЛАКТАР, өз атауы – лак. Бұрын казикумух атымен белгілі болған.
178
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазақстандағы лактар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 590 адам, 2013
жылғы мəліметтер бойынша 392 адам.
Лак тілі – Дағыстанның он төрт мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан лакта-
ры этностық тобының экзогенді тілі.
Лак тілі иберий-кавказ тілдері семьясының нах-дағыстан тармағының лак-
дарғын тобына жатады.
Дінге сенетіндер сүннит түсінігіндегі исламның шафиқ мазхабын ұстана-
ды.
Халықтың шоғырланып ықшам орналасқан жері Атырау облысында (136
адам).
Достарыңызбен бөлісу: |