Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата06.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#7761
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Бәтішұлы  К.  Қазақ  шежіресі  //  Айқап.  –  Алматы:  Қазақ  энциклопедиясы  бас 
редакциясы, 1995. 

 
44 
2
 
Құдайбердіұлы  Ш.  Түрік,  қырғыз-қазақ  hәм  хандар  шежіресі.  –  Алматы:  Қазақстан, 
1991. 
3
 
Асфендияров  С.Д.  История  Казахстана  (с  древнейших  времен).  –  Алма-Ата:  Қазақ 
университеті, 1993. 
4
 
Аманжолова  Д.А.  Казахский  автономизм и  Россия.  –  М.,  1994.  –  216  б.;  Қойгелдиев 
М.Қ.  Алаш  қозғалысы.  –  Алматы:  Санат,  1995.  –  365  б.;  Нұрпейісов  К.  Алаш  hәм 
Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. 
5
 
Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: «Қайнар», 1999. 2 том. - 6 б. 
6
 
Айбын Бақытұлының ҚР ҰҒА академигі Жабайхан Әбділдинмен сұхбаты // Ғылымға 
күш-қуаты тасыған ер-азаматтар керек. Алаш айнасы, 15 маусым 2011. 
7
 
Қыдыралина  Ж.  «Тәуелсіздік  құндылықтары:  зиялы  қауым  және  ел  мұраты». 
www.aіkyn.kz/іndex.php?optіon=com_content&task…іd…2.13.01.12. 
8
 
Айағанова  Э.  «Өткен  тарих,  бүгінгі  сабақ».  «АЛЖИР»  мұражайы  - 
uCozalzhіr.ucoz.kz/publ/85-1-0-151. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  автор  попытался  рассмотреть  и  проанализировать  политические  идеи 
казахской  интеллигенции  начала  XX  века,  представители  которой  были  репрессированы  за  свои 
политические взгляды. 
 
RESUME 
 
In  this  article  the  author  attempted  to  consider  and  analyse  political  ideas  of  the  Kazakh 
intelligentsia of the beginning of the XX-
th
 century who were repressed for their political views. 
 
  

 
45 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Саясаттану
 

 
46 
УДК 327.3 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Д.М. Мажиденова  
ҚР Президенті жанындағы МБА, 
тар. ғыл. д-ры, профессор 
 
А. Далелхан 
ҚР Президенті жанындағы МБА, 
PhD докторанты 
 
Әлем 
қауымдастығының 
негізгі мақсатты 
ұстанымдары 
 
Аннотация 
Мақалада  қазіргі  әлемдік  қауымдастықтың 
негізгі  мақсатты  ұстанымдары,  яғни  жер 
шарында 
прогрессивті 
өркениетті 
құру 
мәселелері қарастырылады.  
Түйін  сөздер:  мақсатты  ұстанымдары, 
геоэкономика, жаһандану, «үш өлшемді әлем». 
 
 
Мақсатты  құрылымдар  белгілі  бағытта 
біртіндеп  іс-әрекет  ететін  нақты  стратегиялық 
бағдарламаларды 
жасау 
арқылы 
жүзеге 
асырылады. 
Әлем 
қауымдастығының 
кең 
ауқымды,  ұзақмерзімді  мақсатты  құрылымдары 
жер  бетінде  тұрақты  прогрессивті  өркениеттің 
орнауы жағдайындағы қалыптасуы қажет.  
Заманауи 
халықаралық 
қатынастар 
трансформациясы адамзат баласы дамудың жаңа 
бір  кезеңіне  аяқ  басқандығынан  хабар  беріп 
отыр.  Алайда  бұл  үдеріс  өткен  моделдерге 
қайтып оралу мүмкіндігінсіз жүруде.  
Бұл  жағдайда  мынаны  атап  өткен  жөн. 
Вестфаль  жүйесі  өзінің  әлемді  қатаң  түрде 
бөлшектеу  қағидасымен  әлемдік  дамуға  тежеу 
болып отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта орын 
алып  жатқан  заманауи  халықаралық  қатынастар 
трансформациясы  жүйелілік  сипатқа  ие  бола 
отырып, бұрынғы жүйелерге қайта оралмас даму 
жолына  түскендігін  байқатады.  Халықаралық 
қатынастар  сәулеті  көп  полюстікпен  тығыз 
байланысты  жаһандану  кезеңінде  өзгеріске 
ұшырауы  заңдылық.  Көп  полюстік  –  жаһандық 
үдерістердің  кеңауқымды  түрде  жүзеге  асуына 
ықпал  ететін  құбылыс.  Әлемдік  дипломатияның 
стратегиялық, 
геоэкономикалық 
моделдерін 
жүзеге 
асыруда 
басымдықтарды 
нақты 
анықтаған  абзал.  Геосаяси  моделден  алшақтау 
әрине жаңа тәсілдер мен жаңаша ұстанымдардың 
пайда болуына ықпал ететіні анық.  
Әлемнің көп полюсті сәулеті жаһанданумен 
тікелей  байланысты.  Жаһандану  жаһандық 
үдерістердің  іске  асуына  оң  ықпалын  тигізеді. 
Десе де жаһандану үдерісі объективті сипаттарға 
ие 
қарама-қайшылықтарға 
толы 
болып 
табылады.  Жаһандану  үдерісінің  мақсаттары 
оның  іс-жүзінде  жүзеге  асыру  тәсілдерімен 
сәйкес  келуі  міндетті  емес.  Жаһандану  әлемдік 
өндірістің 
дәстүрлі 
орталықтарынан 
тыс 
бүкіләлемдік 
экономикалық 
өсумен 
қатар 
жүреді. 

 
47 
Әлемнің  қазіргі  таңдағы  жағдайы  әлемдік  экономикадағы  кеңа  уқымды  интеграция 
мен ынтымақтастықты кеңейтуге негізделген халықаралық қатынастар жүйесінің белсенді 
трансформациясымен  сипатталады.  Заманауи  әлемдік  қауымдастық  өзара  қарама-қайшы, 
соған қарамастан бірін-бірі толықтыра түсетін элементтер мен компоненттерден түзілген 
«әр түрлілердің» интеграциялық жиынтығы ретінде қалыптасып отыр.  
Адамзат баласы өз тарихында әлем кеңістігін игерудің бірқатар моделдерін дүниеге 
әкелді.  Солардың  бірі  –  мемлекеттердің  идеология  мен  күш  қолдану  арқылы  ықпал  ету 
аясын кеңейтуге бағытталған геосаяси модель.  
Бұл  модель  жаһандық  мақсаттарға  қол  жеткізу  барысында  өзінің  тәсілдері  мен 
құралдарын  толықтай  жүзеге  асыра  білді.  Енді  геосаяси  модель  орнына  жаңа 
геоэкономикалық модель келіп отыр. Батыстық жетекші мемлекеттер бұл моделді тиімді 
түрде  қолдануда.  Геоэкономикалық  парадигма  дәстүрлі  ұлттық  мемлекеттердің  өз 
мүдделерін жүзеге асырудағы әдеттенген тәсілдерін жоққа шығарған өзара тәуелділік пен 
өзара әрекеттестік басымдық алған сәттен бастап күшейе түсті.  
Геоэкономика  ХХ  ғасырдың  соңында  геосаясат  шеңберінде  жаңа  ағым  ретінде 
басымдыққа  ие  бола  бастады.  Геоэкономика  «нарық-экономика»  моделінен  «көп 
мемлекеттер  –  бір  аймақ»  моделіне  өтуін  жүзеге  асыра  отырып  геоэкономикалық 
шынайылықты айқындады.  
Геоэкономика  субъектілері  ретінде  мемлекеттермен  қатар  трансұлттық  капитал 
топтары  да  қарастырылады. Бүгінде  трансұлттық  капитал  топтары  жеке  актор  ретінде 
басымдық  алуда.  Бұлардың  қатарынан  Халықаралық  валюта  қорын  (ХВҚ),  Бүкіләлемдік 
сауда  ұйымын  (БСҰ),  МАГАТЭ  және  т.б.  ерекше  атауға  болады.  Сондай-ақ  ұлттық 
мемлекеттермен  қатар  аймақтық  институттар  да  жетекші  рольдерді  орындауда.  Атап 
айтар болсақ, Еуропалық Одақ, Азия Тынық мұхит экономикалық қауымдастығы (АТЭС), 
Солтүстік  Америка  еркін  сауда  кешені  (НАФТА),  МЕРКОСУР,  Ислам  ынтымақтастық 
ұйымы (ИЫҰ), ЕурАзЭО, ШЫҰ және т.б.  
Ұлттық  мемлекеттер  мен  геосаясат  дәуірі  аяқталды  десек  те  болады.  Қазір 
геоэкономика  дәуірі  туды.  Алып  капиталдар  ұлттық  экономикадан  оқшауланып,  жаңа 
әлемдік  экономикалық  құрылымды  құруға  тырысуда.  Бұл  тек  әлемнің  экономикалық 
сипатын  ғана  өзгертіп  қоймай,  саяси  сипатының  да  өзге  арнаға  түсуіне  ықпал  етуде.  Ірі 
капиталдар  соңғы  жылдары  біртіндеп  трансұлттық  сипаттан  геоэкономикалық  сипатқа 
ауысуда.  Аталған  модель  әлдеқашан  дамыған  мемлекеттердің  құралдарына  айналған. 
Геоэкономиканың  басты  мақсаты  –  әлемдік  табысқа  дендеп  ену,  әлемдік  табыстың 
қалыптасуы мен оның үлестірілуіне ықпал ету.  
Ұлттық  мүдделер  жаһандық  мүдде  ретінде  қалыптасып,  әлемдік  геоэкономикалық 
кеңістікті  игеру  аясына  тоғысуда.  Бүгінгі  таңда  күн  тәртібінде  геосаясаттан 
геоэкономикаға  өту  мәселесі  тұр.  Геоэкономиканың  ең  басты  факторлары  –  нарықтың 
сиымдылығы, тауар, капитал және қызмет көрсету көлемі, экономикалық интеграциялық 
байланыстар. Геоэкономика дегеніміз әлемді  экономикалық атрибуттар жүйесі призмасы 
арқылы қарастыру тұжырымдамасы.  
Геоэкономикалық  парадигма  геосаясат  дәуірінде  үстемдік  құрған  ұлттық  мүдде 
доктринасының  басымдығын  айтарлықтай  бәсеңдетеді.  Бұл  тұжырымдама  Вестфаль 
қағидаларына  негізделген  болатын.  Яғни  әр  мемлекет  әскери-экономикалық,  саяси  және 
қауіпсіздік,  сондай-ақ  әлеуметтік  салаларда  ұлттық  мүдделерін  қорғауға  және  жүзеге 
асыруға басымдық береді.  
Ұлттық  мүдде  тұжырымдамасының  дағдарысқа  ұшырауы  жаңа  мақсатты 
ұстанымдардың пайда болуына түрткі болды. Енді әлемдік дипломатия алдында қырынан 
өзінің  ұстанымдарын  қайта  қарау  мәселесі  тұр.  Бұдан  былай  саясаттың  экономикалану 
үдерісі өрши түспек, геосаясаттан алшақтай бермек.  
АҚШ  Еуропалық  Одақпен  бәсекелестікке  түсе  отырып,  батыс  жартышарда  өз 
үстемдігін бекіте түсуге тырысады. НАФТА-ны Аляскадан бастап Отты жерлерге дейінгі 

 
48 
кеңістікті  қамтитын  қос  Американы  қоса  алатын  алып  интеграциялық  кеңістікке 
айналдыруға  ұмтылады.  Бұл  үдеріс  жергілікті  әлсіз  аймақтық  құрылымдарды  жойып 
жіберетіні  анық.  Алайда  АҚШ-тың  мұндай  пиғылы  бірқатар  латынамерикандық 
мемлекеттердің  қарсылығына  ұшырап  келеді.  Сонымен  қатар  АҚШ  ірі  халықаралық 
ұйымдардың  бірі  Азия-Тынық  мұхит  экономикалық  қауымдастығын  нығайта  отырып 
өзінің  Азия-Тынық  мұхит  аймағында  да  интеграциялық  үдерістерді  жетілдіре  түсуге 
тырысуда. Бұл тұста АҚШ-тың Қытай және Жапония сияқты алыптармен бәсекелестікке 
түсуіне тура келеді.  
Дамыған  Батыс  елдері  мен  Жапония,  аса  қарқынды  дамып  келе  жатқан  Қытай, 
сонымен қатар Үндістан мен Ресей де әлемдік экономиканың жетекші рөлдерін қолдарына 
алмақ. Бұл елдердің жалпы өндірістік көлемі АҚШ пен ЕО елдерінің өндірістік көлемімен 
тең  келеді.  Бұл  жағдай  аталған  елдердің  әлемдік  сауда-саттыққа  еркін  араласуына 
мүмкіндік береді.  
Көптеген елдер үшін жаһандану кезінде лайықты орын алуға келесідей компоненттер 
қажет:  экономиканы  үздіксіз  модернизациялау,  экономикалық  құрылымдарды  және 
экспортты жетілдіру, постиндустриалды даму талаптары мен ұстанымдарына сай қажетті 
инфрақұрылымдарды  құру,  ішкі  ресурстар  мен  сыртқы  инвестицияны  және  де 
интгерациялық үдерістерді тиімді пайдалана білу.  
Жаңа экономикалық жүйеге тән сипат – терең кооперацияға негізделген трансұлттық 
еңбек  бөлінісінің  қалыптасуы.  Ұлттық  экономикадан  әлдеқашан  бөлініп  шыққан  ірі 
капиталдар  экономикалық  табыстарға  байланысты  әр  түрлі  нарықтарды  байланыстырған 
өндірістік-тұтыну шеңберін қалыптастырды. Сол себептен де, жаңа әлемдік экономикалық 
құрылым  –  геоэкономика  негізінде ұлттық  сипаттан  ада  ірі  өндірістік-тұтыну  кешендері 
жатыр. Бұл тұста жаһандануға жаңа технологиялық «тапсырыс беруші» ретінде жаһандық 
өндірістік күш әскери-өнеркәсіп кешендері табылады.  
Геоэкономикалық  дәуірді  біршама  өзгеше  түсінуге  де  болады.  Геоэкономикалық 
әлем, бұл – тегістік емес, кеңістік әлем. Яғни «үш өлшемді әлем». «Үш өлшемді әлемді» 
сипаттау  мен  сараптау  үшін  синтетикалық  көзқарас  қажет,  саясиэкономиядан  бастап 
мәдениеттануға дейін.  
Замануи  әлемде  жүріп  жатқан  үдерістер,  әсіресе  Вестфалияның  күйреу  үдерістері, 
күш  тепе-теңдігінің  өзгеруі  әлемдік  гегемондардың  дүниенің  стратегиялық  өміршең 
аймақтарын  қамтитын  әлемдік  экономиканы  жаулап  алуға  қолайлы  жағдай  тудырды. 
Заманауи  ақиқат  мынау,  барлығы  не  көмірсутектермен  байланысты,  не  оларды 
тасымалдау кешендерімен байланысты [1]. 
Дамудың  іргелі  парадигмасы  –  трансформацияға,  әлемдік  ресурс  аймақтарын  және 
ісер  ету  кешендерін  қайта  қайта  бөлуге  ұмтылған  жаңа  жаһандық  акторларды  алдыңғы 
қатарға шығару. Мысалы үшін, араб әлемінің эволюциясына әр мемлекеттің өзіне тән ішкі 
факторлармен қатар, жаһандану мен әлемдік сахнадағы күш бөлінісіне негізделген сыртқы 
факторлар да әсер етеді. Араб-мұсылман өркениетінің өзіндік идентификациясы мен оның 
әлемдік  өркениет  жүйесіне  интеграциялануы  белгілі  бір  деңгейде  жаңа  енгізілген 
демократиялық құндылықтар нәтижесіне тәуелді болады.  
Әлемдік  дамудың  геоэкономикалық  парадигмасы  мақсатты  құрылымдар  мен 
олардың  жүзеге  асуына  айтарлықтай  түзетулер  енгізеді.  Тұрақты  қауіпсіздік  және 
болжалды  әлем,  бұл  –  геоэкономикалық  парадигма  мақсатты  құрылымының  мазмұнды 
жағы. Қоскіндікті әлемдік тәртіп кезінде екі блок арасындағы шекара әрі нақты, әрі қатаң 
болатын.  Ал  бүгінде  қауіпсіздік  мозаикаға  айналды.  Әлемнің  әр  аймағында  ауыспалы 
шиеленістер мен соғыстар үнемі орын алып тұратын болды.  
Қорғаныс  саласына  жұмысалатын  әлемдік  шығын  жалпылай  алғанда  өсіп  келеді. 
Бірақ  оған  қарамастан  әлемдік  саясаттағы  әскери  күш  біртіндеп  трансформацияға 
ұшырауда.  Бір  кездердегі  саяси  мақсаттарға  қол  жеткізудің  басты  құралы  болған  әскери 
қуаттылық қазірде жай ғана күш мүмкіндіктер әлеуетіне айналып барады [2]. 

 
49 
Қазіргі  таңда  ядролық  қарудың  соғыстың  басты  құралы  ретіндегі  рөлі  біртіндеп 
төмендей  түсуде.  Алайда  сонымен  қатар  жаһандық  қауіпсіздікке  айтарлықтай  қатер 
тудырарлық ядролық мемлекеттер санының арту қаупі де өсіп келеді. Осыған байланысты 
ядролық қаруға бақылау орнату жүйесін құру мәселесі күн тәртібінде тұр.  
«Қырғи-қабақ  соғысының»  соңғы  жылдары  тұрақты  әрі  қауіпсіз  әлемдік  тәртіп 
құрудан  үміт  берген  еді.  Жетекші  елдер  өздерінің  қарулануға  жұмсар  шығындарының 
көлемін  айтарлықтай  қысқартқан  еді.  Алайда  әлемнің  әр  жерлерінде  орын  алған  әскери 
шиеленістер мемлекеттердің өздерінің әскери саясатын қайта қарауларына итермелейді.  
Қазірде блоктарды, одақтарды, аймақтарды айқындайтын шекаралар біршама ашық, 
оңтайлы әрі өтімді. Бұрын күш тепе-теңдігіне негізделген нақты стратегиялық императив 
болса, қазіргі таңда мұндай нақты құрылымдық тұрпат жоқ. Оның орнында бір жағдайдан 
екінші  жағдайға  бастар  көптеген  таңдаулар  бар. Алайда  көптеген  мемлекеттер  үшін 
таңдау диапазоны айтарлықтай өсті.  
Соңғы  жылдары  әлемде  көптеген  оқиғалар  орын  алды.  Атап  айтар  болсақ:  НАТО-
ның  Шығысқа  кеңеюі,  Югославияға  қарсы  әскери  әрекеттер,  Грузия  мен  Украинадағы 
«түрлі-түсті  революциялар»,  Шығыс  Еуропадағы  ЗҚҚ  (Зымыранға  қарсы  қорғаныс) 
орнату  жобалары,Солтүстік  Африка  мен  Таяу  Шығыстағы  «құрма  революциялары», 
Сириядағы азамат соғысы және оған Ресейдің араласуы, ИГИЛ және т.б.  
Әлемдік  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  әлем  қауымдастығы  дамуының  маңызды 
стратегиялық тапсырмасы болып табылады. Заманауи өзаратәуелді әлем мемлекетаралық 
қатынастарды екіжақты және көпжақты негізде құратын болады. Қауіпсіздік жүйесі саяси, 
экономикалық, әскери, гуманитарлық және экологиялық салаларды қамтымақ.  
Саяси  салада  заманауи  әлемнің  тұтастығы  салыстырмалы  түрде  жалғаса  бермек, 
сондай-ақ мемлекеттердің өзаратәуелділігі, халықаралық ұйымдар қызметі мен Батыс пен 
Шығыс арасындағы өркениеттік қарым-қатынастар да өз жалғасын таба түспек.  
Әскери салада айтарлықтай трансформация орын алады. Бұл саладағы басты мәселе 
ядролық  қару-жарақтарды  таратпау,  дәстүрлі  қару-жарақтарды  қысқарту,  ядролық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық терроризмге жол бермеу болмақ.  
Гуманитарлық  салада  жалпы  адами  мүдделердің  негізгі  басымдығы  болып 
адамдардың  өмір  сүру  кеңістігі,  гуманитарлық  саланы  дамыту,  ядролық-әскери 
қимылдарға жол бермеу табылмақ.  
Экологиялық  салада  Жер  шарының  жоғары  бетінің  ластануы,  табиғи  ресурстарды 
тиімсіз пайдалану, қоршаған орта жағдайының нашарлауы: климаттың жылынуы, табиғи 
ресурстардың таусылуы, жер құнарлығының төмендеуі, ауыз судың жетіспеушілігі басты 
мәселелер болып қалмақ.  
Әлеуметтік-экономикалық  салада  қарулану  саласын  доғару,  қарусыздану, 
бейбітшілікті нығайту сияқты адамзат үшін маңызды мәселелер алдыңғы қатарда қалмақ.  
Қауіпсіздік қару-жарақ санын қысқартуға негізделуі қажет.  
Қазіргі  көпполюсті  әлем  алдында  қатаң  әмбебап  халықаралық  құқық  қағидаларына 
негіздей  отырып,  жаһандық  қауіпсіздік  мәселелерін  шешу  сұрағы  тұр.  Бұл  халықаралық 
қатынастар парадигмасына қол жеткізу мемлекеттердің тиімді сыртқы саяси  құралдарын 
айқындай отырып, барлық дипломатиялық тәсілдерді мейілінше ұтымды пайдалану керек.  
Қазіргі таңда әскери күш шектеулі мүмкіндіктерге ие. Болашақта мемлекеттер өзара 
көпсалалы  байланыстарды  құра  отырып,  интеграциялық  қатынастарды  жетілдіруге, 
қаіпсіздікті қамтамасыз етуге деген саяси ұмтылыстарын арттыруға тырысады. Еуропалық 
және  азиялық  бағытта  барлық  халықаралық  қатынастар  акторларының  өзара  теңқұқылы 
ынтымақтастығы  және  сондай-ақ  НАТО  трансформациясының  аяқталуы  оның 
еуроатлантикалық  қауіпсіздік  жүйесін  қамтамасыз  етер  институт  болып  қалыптасуына 
мүмкіндік  бермек.  Мемлекеттердің  халықаралық  ұйымдар  шеңберіндегі  кеңауқымды 
ынтымақтастығы  аймақтық  және  жаһандық  деңгейде  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етер 
механизм құруға оңтайлы болмақ.  

 
50 
Бұл бағыттағы талпыныстардың жарқын бір көрінісі ретінде ШЫҰ-дың Азия-Тынық 
мұхит аймағымен әріптестік лаңкестікке қарсы құрылым желілерін құрудағы айтарлықтай 
жетістіктерін  атауға  болады.  БҰҰ  мен ШЫҰ  хатшылықтары  арасында  Өзара  қарым-
қатынастар  жайлы  декларацияға  қол  қойылуы  көпбағытты  ынтымақтастық  үдерістерінің 
басталғандығын көрсетсе керек. Лаңкестік, экстремизм, сепаратизм атты «үш зұлымдық» 
жолын  кесу  немесе  жоқ  дегенде  олардың  төндірер  қатер  деңгейін  төмендету  –  әлем 
қауымдастығы  алдында  тұрған  ең  басты  сұрақ.  Жаһандық  қауіпсіздік  пен  адамзат 
қауіпсіздігіне  төнер  қатер  үнемі  ұлғаю  үстінде.  Ұлттық  мемлекеттер  олармен  жеке-дара 
күресуге қауқарсыз. Адамзат баласын апаттан сақтау жолындағы күресте ең басты рөлді 
БҰҰ-ды  реформалау  ойнау  керек.  Ең  басты  мақсат  –  үкіметтік  емес  ұйымдармен, 
көпұлтты корпорациялармен, халықаралық банктермен, өзге де жаһандық және аймақтық 
бірлестіктермен  ынтымақтастықты  жолға  қою,  сондай-ақ  жаһандық  қауіпсіздікке  төнер 
қатерлердің алдын алуға бағытталған ғылыми зерттеулерді үйлестіру.  
Саяси  мақсаттарға  күш  қолдану  тәсілімен  қол  жеткізуді  жақтаушы  саясаткерлердің 
әлі  де  болса  көптігіне  қарамастан,  қазіргі  таңда  әлемде  әскери  күшке  тежеу  қоярлық 
фактор  болып  табылар  тұрақты  экономикалық  қатынастарды  одан  әрі  жетілдіру  түсуге 
деген  ұмтылыстар  көптеп  байқалуда.  Мысалы  үшін,  Қытайдың  экономикалық  және 
әскери  қуатының  арта  түсуіне  қармастан,  АҚШ  пен  Қытай  арасындағы  өзара  тәуелділік 
деңгейі әскери қақтығыс ықтималдылығын іс жүзінде нөлге тең етіп отыр.  
Заманауи  қауіпсіздік  парадигмасында  бәсекеге  қабілеттілік  үлкен  рөл  ойнайды. 
Мұнда  бәсекеге  қабілеттілік  тек  экономикалық  бағытта  ғана  емес,  сондай-ақ  жаһанның 
заманауи  мәселелері,  тәуекелдері  және  қатерлерімен  бәсекеге  түсу  қабілеттілігі  жатыр. 
Осы  тұстан  алғанда  қауіпсіздік  пен  бәсекеге  қабілеттілік  мазмұны  жағынан  өте  ұқсас. 
Бәсекеге  қабілеттіліктің  әлемдегі  қиын  болжалды  факторларға,  қатерлер  мен  өзге  де 
күрделі  мәселелерге  қарсы  тұруға  мүмкіндігі  бар.  Қауіпсіздік,  бәсекеге  қабілеттілік 
сияқты,  кейбір  саясаткерлер  оны  ұлттық  идея  ретінде  жариялап  жүр.  Бұл  тұста 
мемлекеттердің заманауи күрделі мәселелерді жеңе алу мүмкіндіктері жайлы болып отыр.  
Осылайша бәсекеге қабілеттілік пен сипатталатын қауіпсіздік парадигмасы болашақ 
әлем  қауымдастығының  келбетін  айқындамақ.  Мемлекеттің  бәсекеге  қабілеттілігі 
неғұрлым  жоғары  болса,  соғұрлым  қауіпсіздік  деңгейі  жоғары  болмақ.  Мемлекеттің 
бәсекеге қабілеттілігі оның тәуекелдер мен қатерлерді қадағалауға және оның алдын алып, 
жою  бағытында  тиімді  шешім  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Мемлекеттің  бәсекеге 
қабілеттілігі қауіпсіздіктің басты санаты болып табылауы үшін, халықаралық қатынастар 
субъектісі  үздіксіз  тұрақты  экономикалық  дамуды,  инновациялық  технологиялар  мен 
оларды  іс  жүзінде  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ете  білу  қажет.  Президент 
Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  Республикасының  әлемдегі  50  бәсекеге  қабілетті  елдердің 
қатарына кіруі жайлы сөзін осы мақсатта түсінген жөн.  
Тұрақтылық,  сенімділік  және  болжалды  әлем  мемлекеттердің  бәсекеге  қабілеттілік 
деңгейінің  жоғарылығымен  тікелей  байланысты.  Алайда  бұған  қол  жеткізу  үшін  әлем 
қауымдастығының  барлық  ойыншылары  мүдделерін қанағаттандырарлық,  олардың 
компромиске  келу  тәсілдерін  қарастыратын  тиімді  стратегия  қалыптастыру  мәселесі 
туындайды.  
Негізгі  ойыншылардың  халықаралық  сахнадағы  қимыл-әрекеттері  жаңа  әскери-
стратегиялық нақтылықтарға сай өзгеруі қажет. Соңғы жылдары әлемдік саясат Жерорта 
теңізі төңірегінде жасалып келеді.  
Жаһандық  қауіпсіздік  жүйесі  ретінде  жаппай  қырып-жою  қаруларына  жаһандық 
бақылау  орнату  және  лаңкестіктің  алдын  алуда  және  жергілікті  шиеленістерді  шешуде 
аймақтық  жүйе  құру  бүгінгі  таңның  басты  мәселесі.  Мұндай  бастама  мемлекеттердің 
мүдделері ұқсас елдерден одақтастық шеңберін құру тәрізді күрделі әрекетті талап етеді. 
Бұл әлемдік құдіретке ұмтылған амбициясы үлкен мемлекеттерді тежеумен қатар, қазіргі 
таңда қалыптасып отырған әлемдік құрылымды қайта құру бағытын анықтап бермек. Бұл 

 
51 
тұста  белгілі  зерттеуші  В.Кулагин  сөзін  еске  алған  жөн.  Оный  айтуынша,  әлем 
қауымдастығы  қауіпсіздік  кеңістігінің  жаңа  сипатын  айқындау  үшін  ауқымды  әрі 
ұзақмерзімді үдерістердің, күрделі мәселелердің, мүдделер шиеленісі жағдайына, сондай-
ақ басты тұлғалар әрекетіне кешенді түрде сараптама жасау керек [3].  
Осылайша,  жаһандық  және  аймақтық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  үшін  негізгі 
қауіп-қатерлерді  жоюға  бағытталған  жаңа  мемлекетаралық  әріптестік  моделдерін 
іздестіру  қажет,  сондай-ақ  өркениетаралық  сұхбаттастық  моделін  қалыптастыру  абзал. 
Әлем  қауысдастығының  басты  мақсаттарын  шешу  үшін  халықаралық  институттардың 
механизмдерін жетілдіріп, жаһандық және аймақтық ұстанымдардың өзара келісімдігі мен 
өзара  әрекеттестігін  қалыптастырған  дұрыс.  Ең  бастысы,  мемлекеттердің  ортақ 
консенсустық саясаты болған жөн.  
  
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет