СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1
Соколова В.А. Мотивы лирики И.Ф. Анненского и А.А. Ахматовой в творчестве
Ирины Кнорринг (разветвлённость поэтической родословной)
http://cyberleninka.ru/
article/n/motivy-liriki-i-f-annenskogo-i-a-ahmatovoy-v-tvorchestve-iriny-knorring-
razvetvlennost-poeticheskoy-rodoslovnoy
2
Кнорринг И. После всего. Стихи. http: //www.rulit.me/books/posle-vsego-stihi-1920-
1942-gg-read-308197-1.html.
184
ТҮЙІН
Мақала орыс ақыны Ирина Кноррингтің шығармашылығын талдауға арналған. Оның
лирикасының тақырыбы Отан, Ресей елі анық көрінеді. Ақын шығармашылығының бірінші
жартысында Ресей бейнесі ерекше романтикалық түрде суреттеледі. Екінші кезеңінде
романтикалық бейне реалистик суретке айналады. Бұл ақынның рухани шығармашылығының
өсуін де айқындайды. И. Кнорингтің лирикасы ерекше поэтикалық күнделік екенін және де
адамның ауыр заманның құрбаны екендігін жырлайды.
RESUME
The article is devoted to studying the works of the Russian poet of the first wave of emigration
Irina Knorring. The subject of the homeland Russia is the central theme in the poetess’s lyrics. In the first
half of her creative biography the image of Russia is endowed with romantic features and associated with
childhood memories of the homeland. In the second half of her creative work we can see a change of the
romantic halo for a realistic image. This suggests the spiritual artistic maturity of the poetess. I.Knorring’s
lyric is a poetic diary, confession of a person who finds herself in a "hostage" of her own era.
185
ӘОЖ 82/821.0(045)
Ә.Д. Қабылов
Ш. Есенов атындағы Каспий
мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті,
филол. ғыл. канд., профессор
Ирония және
дәстүр жалғастығы
Аннотация
Ирония күлкінің өзекті де өткір түрі ретінде
заттың деңгейден мағыналық деңгейге өтіп, тілдің
метафорасына айналуда. Ирониядағы өткірлік зат
пен құбылыс туралы әдеттегі түсінік пен оны
жазушының бейнелеуі арасындағы сәйкессіздіктен
туады. Қазақ әдебиетінде сатиралық дәстүр, оның
ішінде иронияның қолданысындағы ұлттық және
авторлық
төлтума
үрдістер
жалғасып,
жасампаздықпен дамуда. Мақалада О. Әубәкіров
пен Т. Шапай шығармаларындағы ирониялық
дәстүр
сабақтастығы
қарастырылып,
нақты
мысалдар арқылы талданады.
Түйін сөздер: ирония, өткірлік (обострение),
амбиваленттік, сатиралық дәстүр, комизм, жазушы
стилі, көркемдік пафос.
Ирония күлкінің өзекті де өткір түрі ретінде
заттың деңгейден мағыналық деңгейге өтіп, тілдің
метафорасына айналуда. Бұл оның қазіргі
әлеуметтік-мәдени және эстетикалық шындық
контексіндегі маңызды ерекшелігін көрсетсе керек.
Иронияны күлкінің ерекше түрі ретінде зерделеу
қазіргі эстетикалық және мәдени санадағы
өзгерістерді пайымдап, олардың табиғаты мен
өзгерістерін тануға мүмкіндік береді.
Сатира мен юмор секілді ирония да көбінесе
«жол аралығында» сезіледі, олар бүкіл мәтіннің өн
бойында нәр беріп отырады, сондықтан комизмнің
барлық реңкін оның элементтерімен байланыста
беру мен күлкі эффектісін нақты сезіну үшін
цитаталарды көбірек келтіруге тура келеді.
Мұндай әдіс күлкімен көмкерілген стильдік
компоненттер мен тәсілдерді салыстыра қарауға
мүмкіндік береді. Күлкілі нәрсені қысқаша
баяндау арқылы түсіндіру комизмнің әсерін
жоғалтады немесе бұзып көрсетуі мүмкін.
Иронияда қашан да өткірлік болады, ондағы
комикалық әсер зат пен құбылыс туралы әдеттегі
түсінік пен оны жазушының бейнелеуі арасындағы
сәйкессіздіктен туады. Өткірлеуде әдеттегі нақты
формалардың бұрмалануы, ұлғайтылуы арқылы
«екіұдайлық» шындық пайда болады, олар –
субъект
шындығы
мен
объект
шындығы.
Ирониялық өткірлеу, көбінесе, гиперболизациялау,
гротеск, пародия, карикатура секілді құралдар
арқылы жасалады. Ирониядағы гротеск күлкілі
болмауы мүмкін, әйтсе де онда қашан да
186
шарттылық, фантастикалық секілді сатираның құралдары қолданылады. Сатиралық
пародия мен карикатурадан айырмашылығы ирониялық пародия мен карикатурада
философиялық мазмұн болмақ.
Ирониядағы сәйкеспейтін сәйкестіктердің екі құрауышынан комикалықпен қатар
трагикалық ахуал де көрінуі мүмкін. Комикалық пен трагикалықтың парадокстік
туыстығы, М.А. Рюминаның пікірінше, олардың екеуі де «өмірлік қайшылықтарды
ерекше тәсілмен – көрінуінің пайда болуы мен оларды жою арқылы» [1, 85] бейнелеуіне
негізделетіндігінде.
Кейбір зерттеушілер трагокомедиялық иронияны «драмалық иронияның мәні» деп
санайды. Бұл түсініктің гносиологиялық мағынасы «тұрмыстың бір жақты және тура
мағынасында комикалық немесе трагикалық түрде айтуға болмайтын қайшылықты
жақтарын белгілеуде» [2, 12] болып табылады.
Ирониялық күлкінің негізінде болмыстағы кез-келген құбылыстың қайшылықтарын
түсінуге деген аңсар жатады. Ал иронияның тууы, С. Кьеркегордың пікірінше, сыртқы
шындықтың индивид үшін өз маңызын жойғанын көрсетеді. А. Бочаровтың ойынша,
«субъстанциалдылыққа үстемдік етуші субъективтілік» дегеніміз
«ирониялық
дүниетанымның міндетті қасиеті» болып табылады [3, 78].
Ирония, бір жағынан «жеке тұлғаның өзіндік қорғанысы» да, «ең болмағанда,
субъектіде қайсыбір дәрежеде жақсылықтың, әділдіктің, әсемдіктің негізі болатынын»
дәлелдейтін принцип те болады [4, 65].
Басқаша айтқанда, иронияның сыншылдық қызметі (шындықты терістеу) оның
өтемдік қызметімен – арман, тұлға өмірінің толықтығы секілді адамның болмыста
жоғалтып отыратындарының бәрімен толығып та отырады [5, 15].
Әдебиетімізде сатиралық дәстүр, оның ішінде иронияның қолданысындағы
бұрыннан келе жатқан ұлттық және авторлық төлтума үрдістер жалғасып,
жасампаздықпен дамуда. Ауыз әдебиеті мен ұлттық күлкі мәдениетіндегі мазмұндық-
құрылымдық арналар жаңа заманның әдеби-концептуалдық, тілдік-стильдік сипаттарымен
толығып, иронияның түрлі реңктері арқылы қоғам мен адам бойындағы кереғарлықты
замандастарымыздың санасына парасатты күлкінің көмегімен жеткізуде. Жазушы
шығармашылығындағы комизмді зерттеудегі негізгі әдістерге жазушы стилі, көркемдік
пафос түрлері мен шығарманың күлкілік құрауыштарын жатқызуға болады. Иронияның
даму үрдісіндегі кейбір дәстүр сабақтастығын қарастырып көрелік.
Қазақ қоғамындағы рушылдық дерті туралы жазылған шығармалар аз емес. Оларда
рушылдықтың қоғамды жайлаған сырқатқа айналып бара жатқан кесел екендігі әр
қырынан айтылып келеді. Мысалы, Ә. Кекілбаев «Елең-алаң» романында өткен
ғасырлардағы әр тараптың әр жаққа тартып, қарсыласынан кемшілік іздейтін кесірлігін
былай жеткізеді: «...Үш арыс үш жаққа тартып, арыс басы екі-үштен хан ұстағылары
келеді. Екі ұдай жұрттың өзі мынандай болып жатқанда, үш ұдай жұрт қайдан оңсын!
...Біреуді: «Осы лайық-ау!» – деп атай қалсаңыз, байғұстың баяғыдан бері байқалмай келе
жатқан барлық міні бір күннің ішінде баттиып-баттиып көзге түсіп шыға келеді. ...Талай
пайғамбар мен талай періштенің абыройларының асып жүргендері де біздің керауыз
далада тумағандығында шығар. Біздің даладағы көп тал шаңырақтың біреуінің астында
туса, солардың көбінің абыройы әрқашан-ақ айрандай төгілген болар ма еді, қайтер еді...
Құдайдың құдайлығы да сонда ғой... Ешкімнің көзіне көрінбейтіндігінде ғой... Әйтпесе,
біздің қазақ оның бойынан да бір кемшілік тауып шықылықтап күліп ала қайқаяр еді.» [6,
343].
Ал О. Әубәкіров «Сиқыр» әңгімесінде кеңестік кезеңдегі рушылдықтың кейпін:
“...Бес миллион қазақта он миллион ру бар ма деп ойлаймын. Олай дейтінім: бір адам екі
руға бөлініп, өзімен-өзі араз. Мысалы, әкесі “қабырғалы” руынан болса, шешесі
“омыртқалы” руынан. Сосын жаңағы бір басында екі руы бар бала біресе әке жағына
шығып кетіп шешесімен жауласады да, біресе шеше жағына шығып кетіп әкесімен
187
жауласады. Оның сыртында жерге тартып жүзге бөліну деген рактан да қатал жаман ауру
болып тұр. Рак жайына қалды, осы өлтіріп барады...”, – деп сатираның шоғымен қариды
[7, 195].
Т. Шапайдың «Осы біз... не істедік өзі» әңгімесі өнердегі өресі тар халтуршиктер
туралы болғанмен, сонымен қатар сын нысаны рушылдықты, жікшілдікті, әлеуметтік
топтар арасындағы бәсекелестік мәселесін қамтиды. Аталмыш туынды: «...Шынында да,
бұл елдің заңы бойынша, ұшпаққа шығарсаң да, міндетті түрде үш кісіні тең жарылқап,
өртеп жіберсең де отқа қол-аяғын матап, үстіне май шашып, кем дегенде, үш адамды
қатар тастауың керек екенін» [8, 104] өткір әжуамен меңзейді. Мұндағы бурыл шал
бастаған бұзық топтың тірлігі Ғ. Мүсіреповтің «Этнографиялық әңгімесіндегі»
Атекеңдерді еске түсіреді.
Ирония феноменін және оның көркем мәтіндегі стильдік қолданысын қарастырғанда,
көркем мәтіндегі ирониялық мағына тудырудың лингвистикалық аспектілеріне тоқталудың
мәні зор. Өйткені, тілдің лексикалық, фразеологиялық, синтаксистік мүмкіндіктері ойды
құбылту мен сөз мағыналарын ойнату арқылы болмысқа ирониялық қатынасты жүзеге
асырып отырады. Жазушы шығармашылығындағы иронияның функциональдық қызметін
зерделеу көркем мәтіндегі ирониялық эффектілердің қалыптасуының стильдік және тілдік
механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Тіл білімінде ирония негізінде жағымды және жағымсыз мағыналардың
қақтығысы жататын лексикалық бірліктердің, сөздер мен сөз тіркестерінің,
бір немесе бірнеше сөйлемдердің эксплицидтік (тура) және имплицидтік
(астарлы) мағыналарының өзара ықпалдасуы ретінде түсіндіріледі.
Ойдың орайында күлкі тудыру мақсатында әңгіме өзегіне қатысты бірнеше
ұғымдарды үдете тізбектей отырып, алогизм тудыру тәсілі жиі қолданылады. Мысалы,
О.Әубәкіров: «...Елдің еркегі сәмөлеттен түсіп кемеге, кемеден түсіп поезға, поездан түсіп
таксиге, таксиден түсіп ресторанға міндік деп, адам естімеген бір бәлені айтып жатады
(«Еркек арманы»); «...Тас пісетін уақыт қой, еттің еті бір бөлек, сүйегі бір бөлек, сорпасы
бір бөлек боп әбден есеңгіреп пісіпті...» («Адам болу теориясы») – деп қисынды
ұғымдардың қатарына үйлеспейтін нәрселерді де қамтып кету арқылы сәйкессіздікті
сабақтастырып кетсе, Т. Шапай: «Рас, өтіп жатқан дүниелер – бар: бай – құдайлыққа,
кедей – қайыршылыққа... өтіп жатыр... Өтіп жатыр: саудагерліктен – премьерлікке,
премьерліктен – шетелге... Өтіп жатыр: ғылымнан – базарға, бақалшыдан – басшылыққа...
Өтіп жатыр: ұры-қарыдан – полицияға, полициядан – мафияға, мафиядан – барлық
жерге... Қазынадан – қалтаға, қалтадан – Швейцарияға...» [8, 6], – деп түрлі мағыналық
деңгейдегі ұғымдардан тізбек құрап, сын нысанын зілді кекесінге айналдырады.
Туындының кіріспесін мәтін мазмұнына апарар қызықты аналогияларға құрып,
оқырман санасын селт еткізер қызғылықты салыстырулар жасау – сатиралық сарын
тудырудың сәтті әдістердің бірі. Онда күлкі нысанының төркініне үңілтіп, әлеуметтік,
философиялық, психологиялық астарын қамтитын көркемдік тін жатады. Мысалы,
О.Әубәкіровте: “Өмір деген – бір үлкен олимпиадалық ойын. Мұнда ойынның түрі
қисапсыз көп. Бір өнерпаз сайда тас санаудан бірінші орынға ие боп жүрсе, енді бір
өркенің өскір ойда құм санаудан алдына жан салмай чемпион болып жүр. Бір пысықтар
жатыпатарлықпен алда келеді. Біреулер түтін түтетіп “отпен ойнаудан” көзге түссе, енді
біреулер төсегінен жеріп, сотпен ойнаудан сөзге түсіп келеді. Не керек: аттан құлау,
тақтан құлау, озып кету, тозып кету секілді ойынның бәрін тізе берсек, қағаз қажып, қалам
қартаяр түрі бар...” ( «Құлақ шұқу ойыны»); Т. Шапайда: «Осыдан біраз жыл бұрын,
ойлап-ойлап, ақыры, дүниедегі ең сүйкімсіз жәндік – шыбын деген тоқтамға келгенім бар.
Олай болатын себебі, біріншіден, шыбынның жүрмейтін жері жоқ. Екіншіден, шыбын –
таптық санадан жұрдай жаратылыс. Қара шай, қара нанға қараған қара қасқа кедеймісің,
жоқ, аузынан ақ май аққан қазіргінің түк көрмеген, негізі жарымаған «жаңа» байымысың
– шыбынға бәрібір. Бәріне «құдайы қонақ» [8, 24]; «Маса – өзінің туасы табиғи қабілетін
188
бағаламай, өмірдің ағымынан адасып, басқа бір пайдалы кәсіптерді қуып кеткен адамға
ұқсайды. Масадан, мәселен, меніңше, майталман медбике шығар еді... Адырайып тұрған
тамырыңды таба алмай, инесін бейберекет сұққылап, жан азапқа салатын
қарындастарымды көрген сайын, мен масаның қадір-қасиетін бағалай түсемін» (Т.Шапай,
«Шыбын») [8, 24].
Ирония объектісін мақтамен бауыздағандай майда тілмен мақтап, «үлкен үміт
күттірер» болашағына «сенім артатын», өткеннің немесе қазіргінің мықтыларымен
салыстыра отырып, баяндаушының «ризашылығын паш ететін» толғамдық ағыстардың
астарында өткір мысқыл-кекесіндер жатады: «Иманды болғыр марқұм ағатайымыз Алдар
Көсе көзінің тірісінде адам түгіл сайтан алдаған деседі. Ол кезде Алдар аз болып, сайтан
көп болды ма, әлде Алдар көп болып, сайтан аз боды ма, енді міне, екеуі де жоқ. «Құдайға
шүкір, бұ күнде де жерге қарап қаңтарылып отырған жайымыз жоқ, Сайтан түгіл,
сайтанның сапалағын алдап жіберетін арбаушы ер-азаматтар бар, бірақ сайтан жоқ. Бәрін
Алдар ағатайымыз құртып кетсе керек. Ал Алдардың жолын ұстап жүрген біздің қулар,
сайтан болмағандықтан ба, «барымен базар» деп қатындарын алдайды. «Мешел» қалған
осы салада болашағынан зор үміт күттірер айлалы әзәзіл ағалар өсіп келеді» (О.
Әубәкіров, «Ептілер есебі») [36]; «Кәнігі кәрі халтуршиктер бар... Жалыны мол, жігерлі
жас халтурщиктер өсіп келеді. Бұлардың бәрі әдеби жарқын болашағымыздың іргетасын
қаласып жатыр. Әдеби өміріміз, иншалла, әлі де қызықсыз болмас... қазіргі заман –
халтурщик ағайындардікі... Облыс, аудан көлемінде «әдебиет» жасап жүрген қалың топты
көргенде, қара шегіртке қаптағандай шошисыз. Сосын республикалық деңгейдегі әйгілі
халтурщиктерге құрметпен қарай бастайсыз... Тіпті қуанасыз... Сіз енді бұлардың өз
келесіндегі классиктер екенін көресіз» (Т. Шапай, «Бұл кісі») [8, 120-121].
Ирониялық мағынаның түрлі реңкін тудыру үшін жазушы сөздерді, сөз тіркестері мен
сөйлемдерді пайдаланады, автор ирониясының мағынасы тек антропоцентристік тұрғыда
ашылады. Жазушы шығармаларындағы иронияны интерпретациялаудың негізгі факторы
өмірдік әр саласынан, халық тарихы мен мәдениетінен білімдар болуын қажет етеді. Авторлар
кейде кең танымал ән-жырлардан үзінділерді де келтірінді мағынада пайдаланып, күлкі
қызметіне жұмсайды. Көпшілікке жақсы таныс мұндай жолдарды юморлық тексте
кездестіргенде оқырманның көз алдына күлкілі бейне оралып, мысқылдың мәні ашыла
түседі. Мысалы, О. Әубәкіровте: “...Екеуі еңбектеп, бірінен-бірі озбай есікке қарай
аяңдады. ...”Екі ғашық қол ұстасып” еңбектеп жүріп залға жеткенде асүйдегі антұрған
ықшамдап қана жөтелді де бері қарай жүрді...” (“Қант”), “...Мынау бет-ауыз сүртетін
орамалың, мынау тек мұрынның жеке басына ұстайтын орамал. Шатастырып “бір төбенің
шаңын бір төбеге қосып” жүрме...” (“Өскің келсе, мұрныңды сүрт”); Т. Шапайда:
«...Өзіміздің бір қысық көз қара келіншек өзіміздің теледидардан тап-таза ұлтаралық
тілде: адамға тән нәрсенің бәрі менің балаларыма жат емес деп салды (Карл Марксім-ай!)
[8, 20]; «Дәстүр деген өлмелі шал бар... Осы шал кімге керек? Бұрын бұл шалды арбаға
байлап қойып сабайтын. Қазір «Мерседеспен» таптап өтеді» [8, 20] («О!.. О!.. О!..).
Жекелеген контекстердегі ирониялық мағынаны талдағанда автор
ойының эксплицидтік және имплицидтік мәнінің өзара байланысы ескерілуі
тиіс. Тура мағынаға қарағанда астарлы мағынаны тудырудағы контекстік
жағдайдың контрастық негіздері, сондай-ақ заттық-логикалық және
контекстік мәні мен эмоциальдық-бағалаушылық компоненттердің болуы
ирониялық мақсатта жұмсалған бірліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Мына
үзінділерден кейіпкер өмірбаянын баяндаудағы астарлы мағыналардан жазушы
шеберлігін көруге болады: «...Бұдан бұрынғы Бөден деген бұл қызметтен тері жеп, не
терсек жеп, не болмаса семъя тәртесінен бұзылып босаған жоқ, денсаулығы тұрақтатпады.
Бөден «іші майланғандықтан басы айналған» деген кеселге тап болып, креслоға сыймай
қалды. «Ауруы» асқынып, енді тіпті креслоға кептеліп қалатын болған соң, кеңдеу
189
креслоға кеткен (О. Әубәкіров, «Құлақ шұқу ойыны»); «Мырқымбай парламентте ұзақ
отырып, шалбарының артын тесті. Соңғы мәжілістердің бірінде әдеттегісіндей ұйықтап
кетіп, селк етіп оянған кезде байқаса, жұмсақ орындықтың түгі құйрығының жалаңаш етін
жыбырлатын өлтіріп барады екен. Мырқымбай құйқылжып отыра алмады... Ол шалбар
жаңарту қажеттігін түсінді. Әкесінен мұраға қалған жері бардай «жерді сатсақ» деген ой
сонда келді... Естуімізше, Мырқымбай шалбар-дамбалын жаңалап алып, келесі парламент
сайлауына қайта шаппақ. Шалбары тесілгенше және отырмақ. Жалаңаш құйрығын түкті
орындық қайта жыбырлатқан күні тағы қандай сұмдық ойлап табар екен деп байғұс елде
зәре жоқ» (Т. Шапай, «Мырқымбай»). Авторлар көркем мәтіндерде «креслоға сыймай
қалу», «шалбар жаңарту» мәселелерінің астарына меңзеп, кейіпкердің басындағы жайт
арқылы шенеунік болмысын күлкілілікпен ашуда шеберлік таныта білген.
Кейіпкерге мінездеме беруде де сатираның сан алуан амал-тәсілдері қолданылып
жүр.
Каламбур, метафора, образдық теңеулер, перифраз, аллюзия секілді
күлкі тудыру құралдарының парадигмасы ирония қызметінің контекстегі
қызметінің ерекшеліктері мен оның көріну аспектілерін анықтауға мүмкіндік
береді. Сондай-ақ ауыспалы ирониялық мағыналардың қызметі мәтіндегі
имплициттік
мағынаның
санаішілік
(подсознательной)
деңгейде
қабылдануына мүмкіндік береді.
Поэтикалық құралдардың көмегімен кейіпкер
бейнесін күлкілі кейіпте берумен қатар, ой астарындағы авторлық қатынасты жеткізуде
дәстүрлі және заманәуи ұғым-түсініктер арқылы жазушы объект болмысын жайып
салады: “Мимырт кісіні көзінен емес, сөзінен танитын адам. Әр сөздің астарын аңдып,
көкесін айтып отырсыз ба, төтесін айтып отырсыз ба, қандай пиғылда сөйлеп
отырғаныңызды омырауыңыздан танитын пысық.” (О. Әубәкіров, «Қастандық»); “Тәпә
дейтін Дөдейдің әйелі. Бір көйлектің ішінде жүрген төрт-бес әйелдің аумағындай көлемі
бар алып қатын. Бұл кісіде көздің қиығымен тамсанып, тасалап қарайтын бел, білек,
мойын деген әуес, таң нәрселер жоғалып, құрып кеткен. Белі қайсы, білегі қайсы, мойны
қайсы, қойны қайсы, ажыратып болмайтын даңғара. Екі столды қатар қойып жайғаспаса,
біреуінің үстіне қазыққа отырғандай болады. Аяғы... аяғы түп жағы сүйірленіп келетін
қоңыр шелектер болады ғой, дәп сол...» (“Адам аулаған адам”); «Пәкең – компьютер.
Пәкеңде ми жоқ – Пәкеңнің басы толған күл-қоқыр информация, яғни тонна-тонна цитата.
Пәкеңнің есте сақтау қабілеті – адам сенгісіз. Пәкеңнің көз ұялары, құлақ тесіктері, өзіне-
өзі ырза боп ыржиып күлгенде, сап-сарала боп ашық қалатын қиқы-жиқы шірік тістері –
компьютердің түймелері сияқты» (Т. Шапай, «Пәкең және... ХХ ғасыр»).
Сатиралық шығармалардан мақал-мәтел, нақыл-тұжырым мәндес мысқылды
сөйлемдерді де молынан ұшыратамыз. Оспанханда: “Жан жолдас жоқ, қалта жолдас көп”,
“Сөйлеген сөз серттей, қараған көз өрттей болу керек”, “Қайсысының сөзінде мән болса,
сонысының басында дән болғаны”, “Арақпен дос болған итпен құда болғанмен бірдей”,
“Арақты бөсу үшін ішпейді, өсу үшін ішеді”, “Мәселе диплом деген қағазда емес, демеп
жіберетін сабазда”, “Талабы жоқ адам – шалбарының балағы жоқ адам”, “Өрден келер
адамға мөрден келер бөгет жоқ”, “Қарында хал болмаса, аяқта әл болмайды”;
Тұрсынжанда: «Патриотизм – тұмау сияқты жұқпалы нәрсе»; «Халтурщик – тепкілеген
сайын шырайы кіретін құбылыс»; «Бәрі – бір Алланың меншігі. Тек, сатып қызығын
көретін – бес күндік ғұмыры бар құдайсынған құлдары», «Ақымақтың малын аяған – өзі
ақымақ», «Ұйқас (демек, қазақ санасы) классификациялаңға құмар. Бөлінбейтінді зорлап
бөлшектейді. Айырылмасты күштеп ажыратады», «Қызыл шырайлы шындық – қып-
қызыл өтірік», «Қазақ бәйге десе, битін салады...» т.б. тұжырымды жолдар жазушының
ізденісінен туған, құбылыстар мен кейіпкерлерге қатысты бағалау-бейнелеу барысында
қаламына іліккен ойлы-оспақты тұжырымдар. Бұлар – тапқырлықтың нәтижесі. Мұндай
ырғақты-ұйқасты әрі мазмұнды күлкілілікпен дәл тұжырымдайтын сөз оралымдары –
жазушының поэтикалық стихиясына тән өрнектер.
190
Қазақ прозасындағы комизм мәселесі түрлі зерттеулерде ара-тұра сөз болып
отырады. Ұлттық әдебиеттануымызда сатиралық мәтіндерді талдаудың біршама
тәжірибелері жинақталуда. Күлкілілікті сипаттаудың кең таралған түрі – күлкілік
эффектілерді сомдаудың тәсілдерін, техникасын талдау болып келеді. Сатира, ирония
ұғымдары тек күлкілі шығармаларға ғана емес, байыпты шығармаларға да қатысты
болады. Құрамында түрлі күлкі реңктері бар мәтіндерге көркем талдау жасағанда сатира,
ирония, юмор, сарказм секілді түрлі көркемдік модустарды анықтаудың мәні зор.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Рюмина М.А. Тайна смеха, или Эстетика комического. - М, 1998. - С. 252.
2
Кононенко Е.И. Ирония как эстетический феномен. Автореф. дисс. ... канд. филол.
наук. - М., МГУ. 1987. - С. 148.
3
Бочаров А. Сообщительность иронии // Вопросы литературы. - 1980. - №12. - С. 178.
4
Паси И. Ирония как эстетическая категория // Марксистско-ленинская эстетика в
борьбе за прогрессивного искусство. - М., Наука. 1980. - С.242.
5
Пигульевский В.О., Мирская Л.А. Символ и ирония. Опыт характеристики
романтического миросозерцания. - М., 1990. - С.165.
6
Кекілбаев Ә. Елең-алаң. Роман. - Алматы. Жазушы, 1984. - 237 б.
7
Әубәкіров О. Мұрын ішіндегі мұрт. - Алматы. Жалын, 1998. - 272 б.
8
Шапай Т. Қазақтың жаны. - Астана. Елорда, 2001. - 284 б.
Достарыңызбен бөлісу: |