RESUME
The story of a famous writer Tynymbai Nurmagambetov “Night of predetermination” with the
position of the artistic, ideal-thematical, representational masterpiece are analyzed in this article.
210
ӘОЖ 81’366.59:725.94
C.М. Төребекова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті,
PhD докторанты
Армян жазулы
қыпшақ
ескерткішіндегі
сөздердің
фонетикалық және
мағыналық
ерекшеліктері
Аннотация
Бұл мақалада XVI-XVII ғасырлардағы
армян жазулы қыпшақ ескерткіштері тілі негізгі
сөздік
қорының
қазіргі
қазақ
тіліндегі
баламаларымен салыстырғандағы өзіндік ерек-
шеліктері сөз болады. Салыстырылған тілдердің
фонетикалық және семантикалық жүйелі сәйкес-
тіктері мен өзгешеліктері анықталады.
Түйін сөздер: қыпшақ тілдері, негізгі сөздік
қор, армян-қыпшақ ескерткіштері, фонетика,
тарихи грамматика.
Жазба ескерткіштер – қай халықтың
болмасын өткен тарихы, мәдениеті, әдебиеті,
тілі, тұрмыс-тіршілігі мен дінінен сыр шертетін
асыл мұрасы. Тілдің түрлі тарихи кезеңдерді
бастан кешіріп, сөздік қоры молайған сайын
оның дамуының түп төркіні өз тереңдігімен
өлшенетіндігі белгілі жайт. Сондықтан да бұл
тұрғыдан алып қарағанда, тілді білу үшін оның
әуелгі түпкі тамырын терең зерттей отырып,
тарихын зерделеу – маңызды міндеттердің бірі.
Түркі халықтарының бізге келіп жеткен
мұралары аз емес. Қазіргі қазақ тілінің тарихы
сол мұралармен тікелей сабақтас. Біздің қазіргі
тіліміздің пайда болу, өсу, даму заңдылықтарын,
қалыптасу жолдарын білу үшін орта ғасыр жазба
ескерткіштері тілін де жан-жақты зерттеп, қазіргі
ана тілімізге қатысы қанша екенін анықтау
қажет. Жан-жақты зерттеуді қажет ететін
осындай ескерткіштердің бірі – армян-қыпшақ
жазба ескерткіші «Төре бітігі». «Төре бітігі»
армян әліпбиімен 1519-1594 жылдар аралығында
жазылған, іс жүргізу кодексін, кәсіптік және
қоғамдық ұйымдардың жарғыларын, діни және
азаматтық өзін-өзі басқару актілерін қамтитын
ерекше құнды қыпшақша заңи ескерткіш [1].
Орта
ғасыр
қыпшақтары
тіліндегі
ескерткіштер тарихи, әлеуметтік және сол кездегі
саяси жағдайларға байланысты әр дәуірде, әр
жерде, әр түрлі әліпбимен хатқа түскен. XVІ-
XVІІ ғасырларда Украина, Молдова, Румыния
жерлеріне қоныс теуіп, қауым болып өмір
сүрген, христиан дінінің армян-григориян
бұтағын ұстанып, қыпшақ тілінде сөйлеген
этникалық
топ
отандық
және
шетелдік
түркітануда «армян-қыпшақтар», ал олардың
211
жазып қалдырған жәдігерліктері «армян-қыпшақ жазба ескерткіштері» деп аталып жүр.
Армян жазулы қыпшақ ескерткіштері ең алғаш XIXғ. соңынан бастап жариялана
бастады. Зерттеу алғаш шетелдік Г.Алишан, Ж.Дени, Э.Трыярский, Э.Шютц т.б. ғалымдар
тарапынан қолға алынса, кейін бұрынғы Кеңестер Одағындағының ғалымдары
И.Абдуллин, Т.И.Грунин, Я.Р.Дашкевич, т.б. тарапынан жалғасын тапты. Бұл салада
отандық ғалымдар А.Н.Гаркавец [2], Ғ.Айдаров, C.Құдасовтар [3] т.б. елеулі еңбек етті.
Армян-қыпшақ ескерткіштері тіліндегі түркі сөздерінің басым көпшілігі ерте
замандардан бері жалғасып келе жатқан, осы күнгі түркі халықтарының негізгі сөздік
қорын құрап жүрген жалпы түркілік сипаттағы сөздер болып келеді. Түркі тілдеріне ортақ
сөздерге бір кездегі жалпы түркілік көне лексикадан сақталып қалған, осы күнгі түркі
тілдерінің бәрінде кездесетін сөздер жатады. Сондықтан да олар жалпытүркілік сөздер деп
аталады. Жалпытүркілік сөздерден түркі тілдерінің туыстығын, сайып келгенде, сол
тілдерде сөйлейтін халықтардың шыққан тегінің бір екендігіне байланысты.
Алайда түркі тілдерінің өзара жақындығы бірдей емес. Әрқайсысының өзіне тән
даму ерекшелігі болған. Мәселен, қазақ тілі бастапқы негіз тілден бірден шықпаған,
онымен тікелей байланысты емес. Қазақ тілі негіз тілмен қыпшақ қауымына ортақ тіл
арқылы ғана байланысады. Жалпытүркілік сөздер әрбір түркі тілі лексикасының ең көне
қабатына жататындықтан, олардың негізгі сөздік қорының ұйытқысы болып табылады.
Қазақ тілінің негізгі сөздік қорындағы бір буынды сөздер мен олардың негізінде туған
байырғы сөздердің шығу төркіні түркі тілдеріне ортақ осындай сөздерде жатыр [4, 130 б.].
«Төре бітігі» ескерткіші тіліндегі түркілік сөздердің көне дәуірлерден түрлі
жолдармен жеткендігін көреміз. Сөздердің үлкен бір тобы фонетикалық өзгерістерге
ұшырағанымен негізгі тұлғасы мен лексикалық мағыналары сақталған. Бұл – әрбір түркі
тілінің дыбыс жүйесіндегі ерекшелігіне байланысты. Мысалы: бурун (мұрын), йүрәк
(жүрек), тіл (тіл), бармах (саусақ), хол (қол), қан (қан), хулах (құлақ), сахал (сақал),сөвәк
(сүйек), киши (кісі),от (шөп), айах (аяқ), топырах (топырақ), теңрі (тәңір), көз (көз,), йер
(жер) йел (жел), күн (күн), йарых (жарық), йол (жол), көк (көк, аспан), таш (тас), йоғары
(жоғары), күч (күш), ач (аш), іш (іс), башла (баста), іт (ит), дут (тұт), йық (жығу), дүш
(түсу), ант (ант), ағыр(ауыр), келтір (келтір), көп (көп), тайах (таяқ), йаштых
(жастық) т.б. Бұл сөздер Орхон жазбалары мен кейінгі дәуірлердегі ескерткіштер тілінде
де осылай қолданылған. Сондай-ақ қазіргі түркі тілдеріне ортақ сөздер болып табылады.
Ескерткіш тіліндегі арув сөзі көне түркі тілінде арығ тұлғасында кездессе, басқа орта
ғасыр жазба ескерткіштерде арығ// ары// арав// арық// аров// арув// ару// уру сипатында
көрініс береді. Көне түркі тіліндегі ары- очищаться [5, 51 б.] етістігінен - ғ жұрнағы
арқылы әуелі қимыл есім жасаған да кейін адъективтеніп сын есімге айналады. Содан
барып кичи, улу, сару сөздеріндегі іспетті сөз соңындағы ғ элизияға ұшыраған. Себебі
басқа қыпшақ ескерткіштерінде ары, арығ тұлғалары жарыса қолданылған. Сөз
соңындағы - ғ дыбысының элизияға ұшырауы және ығ< у дыбыс алмасуы осы дәуірде
болса керек. Сондай-ақ бірінші құбылыс ( ғ дыбысыныың түсуі) оғыз тілінің ерекшелігі де,
екінші құбылыс ( ығ< у) қыпшақ ерекшелігі болып табылады. Нәтижеде қазіргі қыпшақ
тілдерінде ару (қазақ – ару (сұлу), татар – ару (таза), башқұрт – арыу ( таза) , қырғыз – ару
(сап, таза), ал оғыз тобындағы тілдерде ары (түрік, әзірбайжан –ары) сыпатында
қолданылады. Р. Сыздықова қазіргі тілімізде бұл сөз әйелге, қызға арнап айтылса, XV-XVI
ғасырлардағы жыраулар поэзиясында жақсы, мінсіз, асыл деген мәндерде жігітке, атқа
байланысты да қолданылғандығын, оның бұл мағынасы таза, кіршіксіз мағынасынан
келетіндігін айтады [6, 51 б.]. Ескерткіш тілінде осы түбірден -лух, -лук есімдерден зат
есім тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған арувлых, арувлык (тазалық, пәктік) деген
сөздер жасалған. Сонымен бірге тіліміздегі ар ( ар-намыс дегендегі) сөзі де, осы сөздің
абстракцияланып, соңындағы ы дыбысының түсуі арқылы қалыптасқан.
Ескерткіш тілінде көне түркілік сөз соңындағы ғ дыбысының түсіп қалуы арқылы
жеткен бұдан басқа да бірқатар сөздер бар. Бұл сөздердің көпшілігі сын есім сөздер болып
212
келеді. улуғ//улу – ұлы, үлкен; ұлұ бий, (ұлы би, князь); ұлұ көнүлүк билә (ұлы әділдікпен);
ұлұ күчлү бийләр (ұлы күшті, құдіретті билер, князьдар);ұлұ оғлұ (үлкен баласы) [1,
737б.]; Ескерткіш тіліндегі малға қатысты «Мал туралы» 31- бабында: улуғ//улу сөзі ірі
мағынасында қолданылған: А еgär kі ulu tuvar bоlsa, kі ögüz öldürgäу, аnïŋkі öldürgän
tuvarnï sаtmaχ kеräk, dа оl аχčаnï, kіmnіŋ tuvar еdі, tеŋ üläškäуlär (Ал егер өгіз өлтірген мал
ірі болса, өлтірген малды сату керек, ал мал иелері түскен ақшаны тең бөліссін) [1, 673 б.].
Көнеден келе жатқан, түркі тілдеріне кең тараған сөз. Басқа қыпшақ ескерткіштерінде
улу//уллу//улуғ формаларында кездеседі. Қазақ тілінде қолданылып жүрген ұлы, ұлық
сөздері бір сөздің бірі ескі, бірі жаңа күйі болып табылады.
Ескерткіш тіліндегі түркі сөздерін саралай келе алғашқы топтағы сөздерді, яғни
фонетикалық және лексикалық өзгеріске ұшырамаған сөздерді көне түркілік қабат, ал
кейінгілерін ортағасырлық қабат деп көрсетуге болады. Себебі соңғы топтағы сөздерде
кездесетін құбылыстар мен өзгерістердің көпшілігі орта ғасырларда болғандығын аңғару
қиын емес. Алайда алдыңғысы да, соңғысы да қазіргі түркі тілдерінде, соның ішінде, қазақ
тілінде де жиі қолданылатын сөздер болып табылады. Соңғы топтағы сөздерді М. Сабыр
көнерген сөздер қатарына жатқызады да оларды ішінара а) қазіргі түркі тілдерінде мүлдем
ұшырамайтын сөздер; ә) мағынасы жағынан архаизмге айналған сөздер; б) фонетикалық
тұлғасы жағынан көнерген сөздер; в) түбір немесе қосымша морфемалардың көнеруі
арқылы көнерген сөздер деп төрт топқа жіктеп қарастырады [7, 80 б.].
Келесі топқа, яғни мағынасы жағынан көнерген сөздер қатарына қазір де
қолданылатын, алайда ескерткіш тілінде мағыналық өзгерістерге түскен сөздер жатады.
оғлан сөзі қазіргі қазақ тілінде ұлан тұлғасында екендігі белгілі. Б. Сағындықов бұл сөздің
«жасөспірім, өрен, жеткіншек» мағынасында қолданылатындығын, тіліміздегі
жыныстық мәнді бірден ала қоймағандығын, ескерткіштер тілінде «қыз оғлан, уры оғлан»
тіркестеріндегі уры, қыз анықтауыштары арқылы жыныстық мән үстелетіндігін, аса жиі
қолданылу нәтижесінде «ер бала, еркек бала» мағынасы танылғандығын [8, 83 б.], ал Р.
Сыздық оғлан, улан сөзінің хан-сұлтандардың балаларын, билеуші династияның әртүрлі
әскери және әкімшілік қызметтегі өкілдерін атайтындығын, сондай-ақ Қадырғали
Жалайыридің «Жамиғ-ат Тауарих» еңбегінде титулдық мәнмен қатар «ұл бала»
мағынасында да жұмсалғандығын айтады [9, 69 б.]. Ал «Төре бітігі» ескерткішінде Оγlаn -
оғлан “бала”, еr оγlаn - ер оғлан “ер бала”, аdам оγlаnlаrï – адам оғланлары “адам баласы,
адамзат” мәнінде жұмсалған; ( А еgär кі χауsï bіу аŋаr tözmägä кlämäsä, аnі еrкlі уеbеrmägäу
кеndіnіŋ кіšіsіn, кlär аnï sаχlаmаgа кеndі töräsіnä, dа оl čаχtа оγlаnlаr аtаsïnïŋ ölümündän sоŋrа
оl bіуnіŋ tіbіnä tözmägä bоlmаgауlаr, оl čаχtа еrкlі bоlurlаr кеtmägä bаrmаgа özgä bіуnіŋ
tіbіnä, χауdа кläsä [1, 84 б.]. – Ал егер қайсы би оған қарсы болса, өзінің кісісін еркімен
жібергісі келмесе, өзінің қарауында (билігінде) қалдырғысы келсе, онда атасы өлгеннен
кейін балалары сол бидің қол астында амалсыз қалуға міндетті емес, ол кезде өзге бидің
қол астына баруға, қайда қаласа баруға ерікті. [1, 666 б.]; Оγlаnlаr - Еgär кі оγlаnlаr
аrаlаrïnа uruš еtsälär, dа bіr оγlаn bіrsіn öldürsä, dа оl öldürgän оγlаn 12 уаšïndаn аrtïχ bоlgау,
кеräк bаšïn tölägäуlär, nеčік tügäl bütün кіšіnіŋ [1, 85 б.]. - Егер балалар өзара төбелескенде
бірін-бірі өлтірсе, өлтірілген бала 12 жастан асса, басына кәмелетке келген адамның
құнын төлесін [1, 666 б.]. Ал заң ғылымдарының докторы, академик Ғ.Сапарғалиев оғлан
сөзіне мынадай түсінік береді: оғлан бала, 15-ке толмаған; әрекет қабілеттілігі жоқ,
жасаған қылмысына жауап бермейді; бірақ 12 жасқа толған баланы өлтіргені үшін
адамның құны төленеді; оғланларын сахла – балаларыңды тәрбиелеу; ал оғұл (оғлұ) сөзін
ер бала, ұл деп беріп, мынадай мысалдар келтіреді: оғұл-хыз – ұлдары және қыздары, оғұл-
хызны кери ет - ұл-қызды шеттету [1, 731 б.]. Бұдан шығатын қорытынды оғлан сөзі
жалпы (абстракті) бала ұғымын береді де, оғұл сөзі жеке ер бала, ұл деген мағынаны
білдіреді.
Сондай-ақ қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде шанақ сөзі «қобыз, домбыра тәрізді
музыка аспаптарының сопақша келген дүмі», «астық құятын диірмен жәшігі» және
213
«өңделген теріден істелген сусын тұратын үлкен ыдыс» [8, 128 б.] деген үш мағынасы
көрсетілсе, біз сөз етіп отырған ескерткіш тілінде чанах, чанах-айах - ыдыс, қол жуатын
ыдыс мәнінде қолданылған: ики әлини йумақ үж кез чанаға сықмаздан бурун (3) (екі
қолын үш рет жуу, ыдысқа сықпастан бұрын). Ғалым Ғ. Сапарғалиев чанах-айах сөзін
ыдыс-аяқ, шыны-аяқ деген мағынада береді.
Ескерткіш тілінде джанавар сөзі жануар, мал мәнінде жұмсалған. «Төре бітігі»
ескерткішінің «Біреуге сақтауға берген мал туралы» атты 38-бабынан мынадай мысал
келтіруге болады: Еgär kіm kі kіmgä tuvаr sаχlamа bеrsä, аt, уа, χоу, уа bаrčа türlü džаnаvаr
müŋüzlü dа müŋüzsüz ( Егер біреу біреуге сақтауына малын, атты, қойды, басқа да мүйізді
немесе мүйізсіз жануарды берсе,) [1, 675 б.]. Көне түркі тілінде тавар тұлғасында
«имущество, богатство» мәнінде ғана жұмсалған [5, 542 б.]. Алайда орта ғасырларда бұл
сөздің мағынасы кеңейіп, дүние-мүлік, байлық мәнімен қоса «Төре бітігі» ескерткіші
тіліндегідей мал, жануар мағынасын да иеленген. Ал қазіргі тілімізде жоғарыдағы
мәндерінің бәрі ұмытылып, басқаша өң алған. Экономикалық термин ретінде неше түрлі
сөздермен тіркесіп, көп мағына береді. Акцизсіз тауар, тапшы тауар, ұлттық тауар,
күнделікті тауар т.б. [7, 102 б.]. Ал ескерткіш тіліндегі мағынасы қазіргі оғыз тілдерінде
де (джанавар – ұсақ мал) сақталған. Сонымен бірге ескерткіш тілінде кездесетін бақ
(қарау) етістігі қазақ тілінде бағу (бақылау) сөзімен негіздес болғанымен, тілімізде қарау
мәнінде қолданылмайды. Яғни бұл етістіктердің тілімізде мағыналық жақтан да,
қолданылысы жағынан да тарылғандығын аңғарамыз.
Қорыта келгенде, «Төре бітігі» ескерткішінің сөздік құрамы, негізінен түркі, оның
ішінде қыпшақ тобына жататын тілдерге тән сөздер. Қыпшақ ескерткіштері жазылғалы
бірталай уақыт өтсе де, сол дәуірдегі қыпшақ сөздері қазіргі қазақ тіліндегі сөздерден көп
ерекшеленбейді. Мағыналық жақтарынан да, тұлғалық жақтарынан да өте ұқсас келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Төре бітігі. Армяно-кыпчакский Судебник 1519-1594 гг. / Составители: А. Гаркавец,
Г. Сапаргалиев, М. Капраль, М. Цимбал. – Алматы: Дешт-и-Кыпчак, Баур, 2003.
2
Гаркавец А.Н. Кыпчакское письменное наследие: Каталог и тексты памятников
армянским письмом. Т. І. - Алматы: Дешт-и-Кыпчак, 2002.
3
Құдасов С. Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Дана Хикар сөзінің» тілі. - Алматы:
Ғылым, 1990. Дана Хикардың ұлына айтқан өсиеттері. -Шымкент: «Жібек жолы»,
2000.
4
Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –
Алматы: Сөздік-словарь баспасы, 2006. – 264 б.
5
Древнетюркский словарь. – Л., 1968. – 676 с.
6
Сыздықова Р. XVIII-XIX ғғ. қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Мектеп, 1984. –
247 б.
7
Сабыр М. Орта түркі лексикасы мен қазақ тілі лексикасының сабақтастығы (XIV
ғасыр жазба ескерткіштері негізінде). – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 315 б.
8
Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы:
Санат, 1994. – 168 б.
9
Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар
жинағы. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 270 б.
10
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Ү – Я (үрейлен – яшма). – Алматы: Ғылым,1986. 10-
том. – 512 б.
214
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматриваются особенности основного словарного фонда армяно-
письменных кыпчакских памятников XVI-XVII веков в сравнении с соответствующими
эквивалентами казахского языка. Определяются системные фонетические и семантические
соответствия или различия лексики этих языков.
RESUME
This article deals with the features of the basic word stock of the Armenian-Kipchak written
monuments of the XVI-XVII
th
centuries in comparison with the corresponding equivalents of the Kazakh
language. There was determined systemic phonetic and semantic correspondence or differences of the
vocabulary of these languages.
215
ӘОЖ 81’366.59
М.И. Оразханова
Павлодар мемлекеттік
педагогикалық институт,
филол. ғыл. канд.
Ә.Д. Әміренов
Павлодар мемлекеттік
педагогикалық институты,
филол. ғыл. канд.
Қазақ поэзиясында
алмастырудың
қолданылу сипаты
Аннотация
Көркем әдебиетте сөздің ауыспалы мағы-
нада қолданылуы жиі ұшырасатын құбылыс.
Себебі, сөзді құбылта, әсерлендіре, қызықтыра
өру көркемдік талаптан келіп туындайды. Мұны
қазақ тілтанушылары мен әдебиеттанушылары
А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бері көп
зерттегенімен, әр ақын я жазушының жеке
қолданысында назар аударарлық ерекшеліктер
байқалып отырады.
Түйін сөздер: метоноимия, синекдоха,
құбылту, көркем әдебиет тілі, алмастыру.
Әдебиеттану
ғылымында
метонимия
туралы аз айтылып жүрмегендігі белгілі. Десек
те, көпшілік арасында әлі де болсын метонимия
табиғатын түсінбеушілік бой алып жататынын
байқаймыз. Осы ретте метонимияның поэзияда
қолданылу ерекшелігі турасында сөз қозғауды
жөн көрдік.
Метонимия – грек тілінен енген, қайтадан
атау деген мағынаны білдіреді. Метонимия
ауыспалы мағынадағы сөздер болғандықтан
олар құбылтудың қатарынан орын алып жүр.
Оны қазақ әдебиет теориясының атасы, ғалым
А.Байтұрсынов
«алмастыру»
деп
атаған
болатын. Ол «арасында жақындығы бар екі
нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін
айту төмендегі түрі болса, ондай алмасу
алмастыру деп аталады» [1, 29] деп көрсетеді.
Зерттеуші Қ.Жұмалиев «..Не құбылыстың бір
жағы, не аттары алынып, өз мағынасында емес,
екінші мағынада араларындағы жақындығымен
бірінің
орнына
екіншісі
алмастырылып
қолданылса және сол құбылысты түгел көрсете
алса метонимия дейді» деген анықтама беріп,
«үстіне масаты мен киіп құлпы», «көк жұлынды
жетелеп», «қаламы жүйрік», «тілі өткір» т.б
мысалдар келтіреді [2, 120]. Кейін З.Қабдолов
алмастыруға мынадай анықтама береді: «Өзара
шектес заттар мен себептес құбылыстардың,
өзара байланысты ұғымдар мен шартты
сөздердің бірінің орнына бірін қолдану» [3, 225]
– деп, оның кейде сөз ықшамдығы, кейде ой
нұсқалығы үшін қызмет ететінін атап өтеді.
Метонимияның лингвистикалық табиға-
тын танытуда І. Кеңесбаев, Ә. Қайдаров, Р. Сыз-
дықова, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Ә. Ысқақов, Ә.
Хасенов, Б. Хасанов т.б өз үлестерін қосса,
ғалым Л.Нұржекеева 1992 жылы «Метони-
мияның лингвистикалық табиғаты» атты оқу
216
құралын жариялайды. Онда зерттеуші метонимияны тілдік тұрғыдан талдайды. Оның
лексика-семантикалық ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталса, құрылымы мен жасалу
жолдарын сөз таптары арқылы көрсетеді, сондай-ақ стильдік ерекшелігін де ашып береді.
Тілімізде метонимияға үлгі боларлық мысалдар өте көп. Біз алдымен жыраулар
поэзиясында кездесетін сөз қолданыстарына назар аударсақ:
Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қара ұшырмас [4, 250].
Айқындауды еске түсірсек, оның нысаны мен бейнесі қатар жүретіндігін білеміз.
Мәселен, әдетте «көк сеңгір тау» десек, осындағы тау – айқындаудың нысаны да, «көк
сеңгір» айқындауы – оның бейнесі болып табылады. Ал жоғарыда берілген Қазтуған
жыраудың үзіндісіндегі «көк сеңгір» қолданысында тек бейне бар, нысаны айтпаса да
түсінікті болып жалғастыққа құрылып тұрғандықтан бұл қолданыс алмастыру болып
табылады. Яғни нысанын айтпай оқыса да түсінікті болып тұрғандай әсер береді.
Сондықтан жалғастыққа құрылу метонимияға тән қасиеттердің бірі. Келесі бір Доспамбет
жырау толғауында да жалғастыққа құрылу орын алады:
Жағдайсыз жалғыз қалып барамын,
Жанымда бір туғанның жоғынан [4, 254]
Мұндағы «туғанның» қолданысы заттанып, туған адамның деген екі сөздің
мағынасы бір сөзге сыйғызылған. Осындай сөз үлгілерін Шалгез ақыннан да көре аламыз:
Жағаға жақын қонғанды,
Жайылып сулар алмас па?
Жаманға дос болғанның
Жазымда басы қалмас па?
Жат туғанды өз еткен,
Жақсының ғұмыры аз-ақ болмас па? [4, 254]
Үзіндіде тұнып тұрған «қонғанды», «жаманға», «болғанның», «туғанды»,
«жақсының» алмастыруларының барлығының жалғастыққа құрылып, барлығында да
«адам» сөзінің айтылмаса да түсінікті болып тұрғанығын байқадық. Яғни толық айтқанда,
«қонған адамның», «жаман адамның», «болған адамның», «туған адамның», «жақсы
адамның» болу керек еді. Осы жерде ғалым З. Қабдоловтың алмастыруға қатысты «кейде
сөз ықшамдығы, кейде ой нұсқалығы үшін қызмет етеді» деуінің орынды айтылғандығын
тағы да байқаймыз. Ақтанберді жырауға келсек:
Сары аязда қата ма,
Қайнардың аққан тұнығы [4, 318] - дейді. Мұнда да «тұнығы» қолданысы
метонимияның негізгі қасиеттерін бойына сақтаған. Оның жалғасы болып табылатын «су»
сөзі айтпаса да түсінікті. Осындай сөз үлгісі жыраудың «Мінезді болса алғаның, // Одан
артық жар бар ма?» [4, 321] тармақтарында да кездеседі. «Алғаның» деген алмастыру
«алған жарың» деген мағынаны бойына сәтті сыйғызған.
Алмастырудың бұндай үлгілерін кез-келген жырау, ақын шығармаларынан
кездестіруге болады. Мәселен, Бұқар жырауды оқысақ:
Күпшек санды күреңді
Тәбияға жаратқан [4, 323] немесе
Арту-арту бел келсе,
Атан тартар бүгіліп,
Алыстан қара көрінсе,
Арғымақ шабар тігіліп,
Алыстан жанжал сөз келсе,
Азулы сөйлер жүгініп, [4, 344] – деген тармақтарды кездестіреміз. Алғашқы
мысалдағы «күреңді» сөзі де «күрең ат» дегеннің қысқартылған қолданысы. Келесі
мысалдағы «атан», «қара», «арғымақ», азулы» сөздері де осы жолмен жалғастыққа
құрылып, айтпаса да түсінікті. Осыған ұқсас қолданыс Қазыбек биде де бар:
217
Өршіл болма –
Өскеніңді өшірерсің [4, 302].
Мұндағы «өскеніңді» де «өскен биігіңді», жеткен жетістіктеріңді» деген мағынаны
бойына жиған. Өзге сөздерді айтпағанның өзінде ой анық, мағына түсінікті болып тұр.
Жыраулар поэзиясына шолу жасай отырып беріге келсек, бұл өлеңдерде де сол
ерекшеліктер сақталған. Мәселен, Мағжан Жұмабаев «Гүлсімге» өлеңінде:
Күлгенменен бірге күліп,
Өлгенменен бірге өліп,
Күйгенменен бірге күйді.
Жабыққанға жәрдем етті,
Қара да, ақ та теңіз өтті [5, 37]- деп жырлайды. Үзіндідегі «күлгенменен»,
«өлгенменен», «күйгенменен», «жабыққанға» қолданыстары қатарласа келе алмастыруға
мысал бола алады.
Ақын Қасым Аманжоловша:
Әне, сұлу аспанда тұр,
Көк лентасы – кемпірқосақ, - [6, 51] десек, осындағы сұлу бір қарағанда метафораға
ұқсағанымен оның жалғастыққа құрылып тұрғандығын ескеруіміз қажет. Яғни, сұлу ......
Ол айтпай тасталып кетсе де түсінікті болып тұрғандығы белгілі. Немесе, келесі үзіндіде:
Көкірегімнің күйі үшін,
Сен еңбек ет мен үшін.
Басқар өзің үй ішін,
Мен жырлаймын ел үшін, - [7, 21] дегенде де екі сөздің тіркесуі арқылы жасалған
метонимияны көреміз. Автор «үй ішін» демей, «үйді» десе де ой бірдей түсінікті болатын
еді. Десек те, екеуінде де үй ішіндегі адамдарды деген ой анық сезіліп тұр. Осыған ұқсас
мысалдыақын М. Мақатаев шығармашылығынан да көре аламыз:
Мен дағы сол жақтанмын,
Ауылданмын,
Ауылдың ауруымен ауырғанмын.
Өзіңді Мәскеу қалай қабылдаса,
Алматымені солай қабылдады [8, 168].
Мұндағы «Мәскеу», «Алматы» дегендердің де Мәскеу халқы, Алматы халқы деген
ойды беріп тұрғандығы айтпаса да түсінікті. Келесі үзіндіде де алмастырулар өзіндік
сипатымен көрінеді:
Ойланшы, не берді жастық маған?
Үйрет деп асау берді бастықпаған.
Жастық маған от берді жалындат деп,
Жастық маған оқ берді жауыңды ат деп,-дейді. Үзіндідегі «жастық», «асау» сөздері
де бойларына алмастырудың қасиетін жиып, жалғастыққа құрылған. Осындай
қолданыстар ақын Т.Айбергеновте де бар:
Бұл дүниеге онсыз дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен?
Тасбауырлар дүниеге келсін де тез кетсін де,
Әлде өзгелерондайлардан жиіркенсін дейсің бе? [9, 63]
Бұл мысалда да ақын пасық, тасбауыр, өзгелер, ондайлар деу арқылы сөз үнемдесе,
екіншіден оны ауыспалы мағынада қолдану арқылы алмастыру жасаған. Барлығы да
жалғастыққа негізделіп, пасық адам, тасбауыр адам, өзге адам, ондай адамдар дегендердің
«адам» деген сөздері түсіп айтылған.
Көп ретте метонимияны синекдохамен де шатастыру мүмкін. Әдебиетте оны екі
түрлі ұғым ретінде де, бір ұғым ретінде де қарайтындар бар. Десек те, көп ретте екі ұғым
ретінде ажыратып жатамыз, солай бола тұра олардың өзара өте ұқсас екендігін де жоққа
шығармаймыз. Мәселен, ғалым Л.Нұржекеева бірнеше мысалдарды талдай келе мынадай
218
қорытынды жасайды: «Сөйтіп, метонимия мен синекдохада үзілді-кесілді айырмашылық
жоқ екендігіне көз жеткіземіз. Сондықтан тегі де, мәні де бірдей нәрселерді екі бөлек
нәрсе деп қараудың қажеті жоқ деп білеміз. Ал енді синекдоха мен метонимияда айырма
бар ма, жоқ па? Біздіңше, айырма тек бүтін мен жалпының орнына бөлшегі мен жалқысы
немесе, керісінше, алмастырылып айту синекдохада ап-айқын білініп тұрса, метонимияда
көмескіленіп, оңайлықпен байқалмай тұратынында ғана. Оны шартты түрде ашық
синекдоха, көмескі синекдоха немес ашық метонимия, көмескі метонимия деп атаса да
болатын сияқты. Осындай болар-болмас өзгешелік метонимия мен синекдоханы екі басқа
тілдік категория деп қарауға негіз бермесе керек. Сондықтан синекдоханы метонимияның
бір түрі деп қарау дұрыс» - [10, 13] дейді. Осы негізді пікірде салмақ бар екендігін келесі
мысал дәлелдей түседі:
Дөненінде үйреткен,
Жібектен арқан сүйреткен,
Ойнай басқан аяқтым,
От орнындай тұяқтым,
Қиғаш қамыс құлақтым,
Саптыаяқтай еріндім,
Сарымсақтай азулым [4, 339].
Үзіндідегі «жібек» сөзі де алмастыру болып табылады. Бірақ мысалдағы өзге
қолданыстардан оны бөліп атауымызыдың да өз ерекшелігі бар. Себебі, өзге «аяқтым»,
«тұяқтым», «құлақтым», «еріндім», «азулым» қолданыстары мегзеуме, әлде алмастыру ма
деген ой тууы мүмкін. Сондықтан негізгі көңілді сол сөздерге аудартқымыз келеді.
Мәселен, «аяқтым» десек, бір жағынан мағынасы айтпаса да түсінікті боп, жалғастыққа
құрылса, екінші қырынан қарағанда бүтіннің бөлшегі де болып тұр. Аттың, жылқының
аяғына қатысты айтылып, бөлшек арқылы тұтас жылқыны бейнелеу бар. Осындай ойлар
келесі «тұяқтым», «құлақтым», «еріндім», «азулым» қолданыстарына да қатысты.
Тілімізде осындай мысалдардың кездесіп, екі түрлі ойда қалдыратындығы шындық.
Әдебиеттанудағы екі түрлі пікірлердің қалыптасуы да осындай дүниелерге байланысты.
Бойында алмастырудың барлық қасиеттері бола тұра мегзеудің де қасиеттерін бойына
жинақтаған. Солай бола тұра, негізгі қызметі мегзеу болып табылады. Себебі, бүтіннің
орнына бөлшекті қолдану арқылы бүтінді елестете алған. Жоғарыда айтылған
Л. Нұржекеева пікірінің жаны бар екендігін танытатын осындай мысалдар тілімізде өте
көп.
Тілімізде сөздерді орынды қолданып, айтайын деген ойыңның тыңдарманның не
оқырманның көңілінен дәл шығып, сезіміне әсер ете алатындай болуы үшін оларды дұрыс
таңдап, сәтті қолданған аса маңызды. Тек көркем әдебиет тілінде ғана емес, өмірде, ауыз
екі тілде де маңызы зор. Яғни, сөздердің өз айналасындағы сөздерге сәуле шашып, түрлі
рең беріп тұратындығын ескеру қажет. Осы орайда, бір ғана сөздің түрлі қолданыстағы
құбылысына назар аударайық:
Менің қызым – алтын.
Менің қызым алтындай.
Алтын қызым, келдің бе?
Алтыным, келдің бе?
Мысалдардағы «алтын» сөзінің түрлі қызметте жұмсалып тұрғандығын байқадық.
Алғашқыда ауыстыру орнында жұмсалса, келесіде –дай қосымшасы арқылы теңеу болған.
Үшінші мысалда «алтын қызым» тіркесі негізінде ауыспалы мағынаны бойына жия
отырып «қыз» сөзін айқындап, эпитет болған. Бойында метафораның қасиеті болса да
негізгі қызметі эпитет болғандықтан, метафоралық эпитет қызметінде тұрғандығын
көреміз. Ал соңғысы, байқағанымыздай, ауыспалы мағынада тұрғанымен, сөз ықшамдығы
үшін жалғастыққа құрылып алмастыру болған. Яғни, төрт түрлі қолданыстағы бір сөз төрт
түрлі мәнге ие боп, төрт түрлі қызмет атқарып тұр. Сондықтан, сөздің көркемдік қызметін
219
анықтауда сөздің өзіне емес, оның жанындағы сөздермен тіркесіп, беріп тұрған
мағынасына да назар аударуымыз керек.
Алмастырулар – тілімізде жиі кездесетін көркемдік тәсілдердің бірі. Сөз мағынасын
өзгертіп, кеңейтіп, үнемдеп т.б. қасиеттерді бойына жиып, өзіндік ерекшелігімен көрінген
құбылтудың бұл түрінсіз көркем әдебиетті елестету мүмкін емес. Сондықтан тіл бар
жерде, көркем әдебиет бар жерде алмастырудың көркем сөйлеудің құралы ретінде ойды
бейнелі де көркем, әсерлі де тартымды етіп жеткізу мақсатын біліп, табиғатын танып
жүрген орынды. Әсіресе, көркем әдеби тіліміздің көркемдік құнын көтерудегі маңызын
дұрыс түсінген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |