Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері



бет209/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

24. Жекеленген мүшелердің эволюциясы.

 

Мүшелер мен функциялардың өзгеру принциптері. Мүшелердің полимеризациясы мен олигомеризациясы. Филогенздегі мүшелер түзілуінің өзара байланысы.

 

Мүшелер мен функциялардың өзгеру принциптері. Әрбір мүше үшін мультифункциональдылық ал қызметі үшін сандық өзгеруге қабілеттілік тән. Бұл категориялар мүшелер мен олардың қызметтерінің эволюциялық өзгерулерінің барлық принциптерінің негізінде жатыр.



Мүшелер мультифункционалдылығы (көп қызметтілігі).  Қазіргі кезде бірде –бір монофункциональды мүше белгілі емес. Керісінше, сол немесе басқа мүшелерге немесе құрылымдарға тән бізге белгілі қызметтер саны ұлғаюы беталысына ие. Кәдімгі жарқанаттардың қанаты маманданған мүшелер сияқты тек  ұшуда ғана емес, сонымен бірге қағу принципіне сай жемтігін қармау қызметін де атқарады.

Өсімдіктердің мультифункциональды мүшелері мен құрылымы. Жапырақтың негізгі қызметі -  фотосинтез. Бұдан басқа ол мүшелерді қорғандырушы, су берілумен жұтылу қызметін, кейбіреулерінде көбею мүшесін, ал кейбіреулерінде қоршағыш мүше қызметін атқарады. Фотосинтез функциясы кейбір өсімдік түрлерінде жоғары дәрежеде көрінсе, кейбіреуінде төменгі дәрежеде көрініс береді.

Қызметтің сандық өзгерісі көбінесе осы функцияға тән біртекті құрылымдар саны немесе мөлшерлерінің ұлғаюымен немесе азаюуымен себептендірілген. Жасушаның тыныс алу қарқындылығы митохонриялар санына, фотосинтез қарқындылығы хлорофилдегі хлорпластың саны мен құрамына, омыртқалылардағы тыныс алу қарқындылығы - өкпе көлеміне байланысты. Ағзаның кез-келген қызметі даралардың жекелік даму процесінде сандық тұрғыдан өзгереді. Осы екі іргетастық ерекшеліктер – мүшелер мультифункциональдылығы мен функциялардың сандық өзгерулерінің мүмкіндігі – мүшелердің филогенетикалық өзгерістерінің барлық принциптерінің негізінде жатыр.  

Мүшелер мен қызметтер эволюциясының 10-нан астам әдістері белгілі. Олардың ең маңыздыларын қарастырайық.



 Негізгі  функцияның күшеюі жекелеген мүшелердің эволюциясы барысында өте жиі жүзеге асады. Бұл кезде ол екі жолмен жүзеге асады: не мүшелер құрылсы өзгерісінің арқасында, не бір мүше ішіндегі компоненттер санының ұлғаюы арқасында болады. Бірінші туыс мысалы көлденең жолақты тегіс бұлшықеттің алмасуы нәтижесіндегі, бұлшықетті қысқару нәтижесінің күшеюі немесе полисадты мүше мен оның даму күшінің түзілуімен байланысты фотосинтез қызметінің күшеюі. Екінші тусы мысалдары сәйкес орналасудың дамунының күшеюімен жасуша қызметінің күшеюі хлоропластағы ламилалар санының ұлғаюы мен оның қызметінің күшеюі, сүтқоректілердегі сүт бездерінің дамуы болып табылады. Альвеолла сандарының ұлғаюы мен бір мезгілде олардың белгілі гистологиялық өзгерістері жүзеге асып, бір мезгілде құрылым өзгерістері мен компоненттер санының артуы жүреді. Мұндай кешенді өзгерістер негізінен негізгі қасиеттің филогенетикалық күшею процесінде жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет