«Қоғам» деген термин әлеуметтануда адамдар арасында болып жатқан алуан түрлі қарым-қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан, жалпы алғанда, қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, сонымен қатар әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Экономика ғылымдарының объектісі-өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері. Экономика саласымен салыстырғанда, саясаттанудың өз ерекшелігі бар. Саясаттану саяси билік жұргізу мәселелерімен тікелей байланысты. Бұл политологияның, саяси ғылымдардың обьектісі. Қоғамның рухани өмірін, яғни рухани байлықты өндіру, тарату ісімен, адамдардың рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін объектісі - тұтас қоғам емес, оның белгілі бір саласы ғана екенін түсіну қиын емес.
Демек әлеуметтану қоғамды тұтас қарастырмайды, тек сол қоғамның әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Яғни, адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтарының арасындағы (таптар, халықтар және басқа әлеуметтік топтар, ұлттар т.б.) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге тұсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Осы қатынастардың субъектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік қатынастар әлеуметтік топтар (топтар мен әлеуметтік таптар), әлеуметтік-демографиялық (ерлер, әйелдер, балалар, жастар, зейнеткерлер, отбасы мүшелері), әлеуметтік территориялық (қала, село тұрғындары), әлеуметтік-этникалық (ұлттық, халықтық топтар), әлеуметтік-кәсіптік (еңбек коллективтері, кәсіптік бірлестіктер), жеке адамдар арасындағы қатынастар болып бөлінеді. Сонымен, әлеуметтік өмірдің өзегі-адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс-әрекеттер, өзара байланыстары. Осыған сәйкес әлеуметтану адамдардың өзара қарым-қатынасында білдіретін мінез-құлқы жайлы ғылым деуге де болады.
Әлеуметтану ғылымының ішкі логикасын, оның пәнін ашатын, әлеуметтік құбылыстар мен процестердің мәнін танып білудің тірегі-категориялар мен заңдары. Категориялар-әлеуметтік болмыстың мәнді жақтарын, қасиет – белгілерін, құрылымдық элементтерін бейнелендіретін негізгі ғылыми ұғымдар. Ал осылардың арасындағы ішкі және қажетті байланыстар мен қатынастарды бейнелендіретін ұғымдар – заңдар болып табылады.
Әлеуметтану ғылымының негізгі категориясы «әлеуметтік» ұғымы. Бұл ұғым «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылыс», «әлеуметтік институт» т.б. көлемді ұғымдарды қамтиды. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше маңызды категорияларға бөлінеді. Мәселен, «әлеуметтік топ» категориясы «тап», «әлеуметтік қабат», «халық», «отбасы» ұғымдарымен тікелей байланысты.
Әлеуметтану әлеуметтік болмысты, социумды зерттейтін ғылым болғандықтан, оның заңдары да әлеуметтік сипатта болады, яғни қоғамның, әлеуметтік қауымдастықтардың, топтармен жеке адамдардың іс-әрекеттері мен өзара байланыстарының заңы болып табылады. Әлеуметтік заңдар адамдардың және олардың топтарының мінез-құлқын реттейді, жеке адамдар мен олардың қоғамдастықтарының арасындағы қарым-қатынстарды анықтайды. Ол заңдар адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс-әрекеттерінен көрініс береді. Әлеуметтік заңдарға, мысалы, әлеуметтік жіктелу, бірігу заңдары, әлеуметтік мобильдік (бір топтан басқасына өту) заңы, қоғамдық өмірдің интернационалдануы, жеке адамның әлеуметтенуі т.б. заңдар жатады. Олардың сипатына көрініс беруіне қарай динамикалық және статистикалық заңдарға бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз ретімен болатын оқиғалар арасындағы бір мәнді, қатаң байланысты көрсетеді., олардың бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді. Статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң қажеттілік тұрде айқындамай, белгілі бір ықтималдыққа жол береді, сөйтіп әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыты мен тенденциясын ғана көрсетеді.
Саясаттану сөзі гректің "саясат"және "ілім"деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Баска қоғамдык ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рел атқарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халық-тардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни баскыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқты-ратыны даусыз. Керісінше, мемлекетғылымидәлелденгентиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антика-лық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-ма-ғынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостықтәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египет-те), Вавилонда (казіргі Ирак), Үндістаңда, сол кездегі мифтер-ге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифі бойынша билік кұдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректер ең алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері деп пайымдаған.Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық-әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі курделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының есуі оның еміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтыр-ды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді бас-қарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.
XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық белініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толықканды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның бас-шылығымен 1949 жылы қүрылған саяси ғылымдардың халық-аралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.
Бүгінгі танда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факуль- теттерде міндетті түрде оқытылады, өлемнің ең ірі универси-теттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясат-танудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа
бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халыкаралық катынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады.
Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қар-сы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде, саяси сауатты адамдар-ды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдан артык дәуренін құра алмаған да болар еді.
Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш кеңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндердің шеңберінен шыкпайтын және ең алды-мен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен комму-низмге әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.
Саясаттануға деген көзкарас 80 жылдардың екінші жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей бас-тады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті "Саяси ғылымдар" деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Казақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Казақ Мемлекеттік Ұлттық университеті және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті және т.б. жоғары оку орындарында бұл салада арнаулы мамандар даярлайды.