Ф 03-03 Белгібай Ж.Қ., Сапарбекова Б. Р


Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты



Pdf көрінісі
бет33/36
Дата26.04.2023
өлшемі1,63 Mb.
#86988
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты: 
Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай 
арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі 
үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады. Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар 
«жағдай» және «анализ», сонымен қоса олардан туатын – «жағдайды талдау» 
ұғымдары болып табылады. 
Кестеде кейс — әдісін қолдану кезіндегі әр түрлі анализ түрлері көрсетілген. 
Ұсынылатын әдебиеттер:
 
БӨЖ №. 6Қоғамдық-саяси даму және рухани даму. Қоғамдық-саяси даму. 
Тапсыру формасы: әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары, Интернеттегі 
әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау. 
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі/қосымша [1,2,3,5,7.]/[3,4,5,6,7,8,10.] 
МАЗМҰНЫ 
Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының шақырылуы және оның 
тарихи маңызы. ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық 
жүйенің қалыптасуы. Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның 
қорытындылары (1999 ж., 2009ж., 2021ж.). Елді демократияландыруға, саяси 
жүйені жаңғыртуға бағытталған саясат. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» 
тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың 
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы. Конституцияға 
түзетулер енгізу жөніндегі Референдум. Қазақстан Республикасы Президенті 
Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының арихи маңызы 


47 
 
Әдістемелік нұсқау 
Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: 
«Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру 
мүмкіндігі зор» , - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді 
«төртінші билік» деп атады.
Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, 
оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде 
электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт 
бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен 
түрлендіріп жіберді. 
Қазіргі заман ақпараттық технологиялардың жетік дамыған дәуірі.
Ақпаратты жинап, өңдеп және оны шартарапқа таратудың түрлі әдістері мен 
технологиялары адамзаттың секунд сайын жаңа ақпарат алуына, ақпаратпен 
алмасуына үлкен мүмкіндік тудыруда.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихат жұмыстарын халықаралық-
құқықтық реттеумен қатар, өзара ақпарат алмасу жағы да тиісті келісімдер 
негізінде реттеліп отырады. Қазіргі таңда қоғамдық ұйымдар арқылы мекемелер 
мен жеке адамдар арасында ақпараттық өнімдермен алмасу үкіметаралық 
ақпарат алмасумен қатар жүріп жатыр. Ақпарат алмасудың аса маңызды 
мәселелері саяси мәселелермен қатар мемлекетаралық деңгейде талқыланып, 
шешіледі. 
Әрбір мемлекет бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануда өз 
мүдделеріне, саяси көзқарастарына және дәріптейтін идеологияларына қайшы 
келмейтін арнайы нормалар мен оларды халықаралық-құқықтық реттеудің 
принциптерін құра алды.
Ұстанған бағыты бір болған мемлекеттер ақпарат саласын құқықтық 
реттеуде бірауыздан қабылдап, қол қойған біршама құжаттар қатарын бұқаралық 
ақпараттардың мазмұнын айқындайтын нормалар құрайды. Бұқаралық ақпарат 
құралдарын трансшекаралық пайдаланудың техникалық және коммерциялық 
мәселелері құқықтық актілермен реттеледі. 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысына сәйкес бірлескен қызмет 
қатарына байланыс жүйесін дамытудағы ынтымақтастық, ортақ ақпараттық 
кеңістікті дамытудағы ықпалдастық та жатады. Ең бастысы, ТМД құру туралы 
келісімде мүше-мемлекеттер арасында ақпарат беру, тарату еркіндігі қамтылған. 
Ақпарат алуға, оны өңдеп, таратуға әрбір адам құқылы-ақ, бірақ қоғамдық 
пікірді оң немесе теріс бағытта қалыптастыру құралы болып табылатындықтан, 
ақпаратқа еркіндік беріліп, шектеу де қойылуы заңды құбылыс.
Әрбір ақпарат идеологиялық мүддеге негізделген өнім және оны 
тұтынушылар дұрыс-бұрыстығын білместен түрлі жағдайда қабылдауы 
моральдық тұрғыда зиян келтіруі ықтимал. Алайда таратылатын ақпардың 
қайсысы хабар, қайсысы насихат екенін айыра жіліктейтін арнайы механизмдер, 
құралдар жоқтың қасы. Сонымен бірге, қоғам сынына ұшыраған белгілі ой-
пікірлердің насихатталғаны үшін жүктелетін жауапкершілік те қатаң болуы тиіс. 


48 
Халықаралық ақпараттық құқықтың басты міндеттерінің де бірі осы мәселе 
болып табылады. 
Сол себепті, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары, Интернеттегі 
әлеуметтік 
желілердің 
жарияланымдарына 
талдау 
жасағанда 
оның 
шынайылылығына назар аударған жөн. Мысал ретінде көрсетсек: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет