Студенттің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары: Мәдениет белгілер әлемін қалай түсінесіз?
Табиғи белгілер деніміз не?
Қызметтік белгілерге анықтама бер.
Иконалық белгілер түсінігі.
Тіл және ойлау.
Сандық мәдениет тілі.
Қазақ тілінің мәдени кеңістігін түсіндір.
Пайдаланған әдебиеттер Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
Ғабитов Т.Х., Затов Қ. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. - Алматы: Раритет, 2013.
Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология. - Алматы, Раритет, 2008.
Раев Д.С. Қазақ шешендігі адамның рухани болмысы хақында//Адам әлемі. Философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журнал. №4 (58), 2013. (75-82 бб.).
Тер-Минасова С. Тіл және мәдениетаралық коммуникация»./ пер на каз.яз. – А, 2018.
Молдабеков Ж.Ж. Казактану. - Алматы, 2015.
Молтобарова К.И. Мәдениеттану. - А, 2018.
Раев Д.С. Қазақтың шешендік өнері: философиялық пайымдау. –Алматы: Ценные бумаги. –2001. –228 б.
Фромкин В., Роберт Родман, Нина Хайамс Тіл біліміне кіріспе /пер. На каз.яз.». - А.,2017.-
Дәріс 3. Мәдениет семиотикасы. Мәдениетті зерттеулерге құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар.
Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері.
3. Қазақ мифтері рәміздері.
1. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап, таңбаларды зерттейтін семиотика деп аталатын дербес ғылым қалыптасты. Семиотика — грек сөзі, мағынасы — белгілі дегенді білдіреді.
Семиотика -- хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ілім, ол таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, колдану процесіндегі құбылыстарын, таңбалардың бір-бірімен және өздері білдіретін мағынамен карым-катынасын зерттейді.
Семиотика – ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында ғана қалыптасқан жас ғылым болғанымен, әр түрлі материалдық белгілерді хабаршы таңба ретінде қолдануды адамдар ежелгі заманнан бастап-ақ білген. Сондай-ақ, атқаратын қызметі жағынан алғанда сөйлеу тілінде де жалпы таңбаларға тән сипаттардың барлығын, сондықтан оны да жалпы таңбалар тобында қараудың керектігін ежелгі заман ойшыларының өздері де айтқан. Аристотель ауызекі айтылған сөздер – ойдағы түсініктің символы, ал жазу — сөздің символы деген. Кейінгі заманда өмір сүрген Гоббс, Локк, Лейбниц т.б. философтар тіл – таңбалар жүйесі деп есептеген. Тілде таңбалық сипаттың барлығын 19 ғасырдағы көрнекті тіл ғалымдары — Ф.Бопп мен В.Гумбольдт та айтқан.
Семиотика тұрғысынан тілдік таңба таңбалардың жалпы теориясы тұрғысынан да ажыратылады. Бір түсінік аясында биологиялық таңба – жануарлар арасындағы сигналдар, конвенционалды (яғни, алдын ала келісілген, шартты) таңба түрлері және жеке тек тілге тән таңбалар – қаралуы қарсылық туғызады. Жалпы теория тұрғысынан алғанда таңба – қандай да бір ақпаратты тасымалдаушы сигнал. Сигнал ретінде кез келген зат не құбылыс танылады. Таңба әруақытта өзінен ерекшеленетін, өзі таңбалайтын затты, әрекетті, қатынасты көрсетеді. Бұл зат (әрекет, қатынас) таңбаның бастапқы мағынасы ретінде ұғынылады. Таңбалар жүйесінің мынадай төрт түрі бар: жол бойының белгілері;әскери сигналдар;цифрлар;әріптер.
Таңбалық жүйелердің (оның ішінде табиғи және конвенционалды формалды тілдерді қамти отыра) қызметіндегі жалпы заңдар туралы теорияны береді. Абстрактілі семиотика – тілдің алгебрасы
2. Рухани жаңғырудың жолында жүріп жатқан бірнеше жоба бар. Соның бірі әрі бірегейі, елбасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы турасында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән береді: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек».
Расында да, қоғам дамуының басты көрсеткіші болып әрдайым оның мәдени жетістері танылды. Сол себептен, бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту қажет. «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» арнайы жобасының арқасында отандық мәдениеттің заманауи жетістігімен барша халықтың танысу мүмкіндігі туады.
Екіншіден, жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін өз мәдениетіміз қалыптасу керек. Біздің қалыптасқан мәдениетіміз емес, қазір жүріп жатқан, іргесі қаланып жатқан мәдениетті ұсына білуі керек.
Үшінші жағынан, мәдениетті кітап не қағаз түрінде ғана таныстыру емес, түрлі мультимедиалық тұрғысынан да көрсете білу керек. Себебі қазір заман барынша оқудан гөрі көзбен көруге ыңғайлы смарт заттарға назар аудара бастады.
Жобада суретшілер, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар, жазушылар және басқа да мәдениет қайраткерлері, көркем сурет, әдебиет жайындағы барлық шығармалары қамтылды. Соған орай 4 түрлі бағыт айқындалды:
1. Әдебиет
2. Классикалық және дәстүрлі музыка
3. Театр, кино және хореография
4. Бейнелеу өнері
Оған әдебиет саласындағы, «театр, кино және хореография» жанрындағы, бейнелеу өнері және музыка саласы бойынша үздік шығармалар енгізілді. Туындыларды алдын-ала іріктеу қоғамдық талқылауды ескере отырып жасалды.
Еліміздің мақтанар мәдениеті көп. Оны өзіміз ғана біліп қойғанымыз жеткіліксіз. Себебі елді ел тану үшін оның мәдениетін тану керек. Сондықтан алдағы жылдары жасалатын жұмыстардың жауапкершілігі зор болады. Соны жүзеге асыруда біз де атсалысайық.
Жаһандық дәуірде ең басты сын-тегеурін мен қатерлерді ұғынатын жаңа ұрпақты қалыптастыру өте маңызды. Сол үшін басты құрал – білім болып табылады.
Әлемде күн санап өзгерістер болып жатыр. Бүгінгі жаңалық ескіріп, жасампаз дүниелер өмірге келіп, өндіріске еніп, өте қысқа уақыт ішінде көптеген өзгерістер өмірге енді. Міне, осы өзгерістер мен жаңалықтарды біз игеруіміз, қабылдауымыз қажет. Оны дер кезінде қабылдамасақ, ілгерілемей, артта қаламыз. Ол үшін ең әуелі сананы, ойды саралап, өзімізді өзгертіп, іс-қимылымызды тездетіп, жедел шешімдер алу қажет.
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).
Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.
Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.