Ф 03-03 Жумабеков М. У., Тасполтаева М. Р., Жамелов Б. А. «Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы Шымкент, 2019ж



бет7/23
Дата02.03.2023
өлшемі0,56 Mb.
#71072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Мәдениеттану дәріс жинағы

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.

  2. Ғабитов Т.Х., Затов Қ. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. - Алматы: Раритет, 2013.

  3. Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология. - Алматы, Раритет, 2008.

  4. Раев Д.С. Қазақ шешендігі адамның рухани болмысы хақында//Адам әлемі. Философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журнал. №4 (58), 2013. (75-82 бб.).

  5. Тер-Минасова С. Тіл және мәдениетаралық коммуникация»./ пер на каз.яз. – А, 2018.

  6. Жолдубаева А.К. Культурология: практикум. - Алматы: Казну им.аль-Фараби, 2014.

  7. Молдабеков Ж.Ж. Казактану. - Алматы, 2015.

  8. Молтобарова К.И. Мәдениеттану. - А, 2018.

  9. Раев Д.С. Қазақтың шешендік өнері: философиялық пайымдау. –Алматы: Ценные бумаги. –2001. –228 б.

Дәріс 4. Мәдениет анатомиясы.

1. Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника.



2. Діни наным-сенімдердің алғашқы формалары: анимизм, фетишизм, тотемизм, пантеизм, деизм, монотеизм.
3. «Адамгершілік», «мораль», «этика» түсініктері

1. Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника.


Мәдениеттің феномені ретіндегі өнердің өзіндік ерекшеліктері. Өнердің генезисі эстетика және эстетикалық идеал. Өнер және көркемдік мәдениет. Өнер - қоғамдық сананың ең көне формаларының бiрi. Оның саналық басқа формаларына, мәселен ғылым мен филсофиядан айырмашылығы сол, ғылым мен философия - шындықтың теориялық бейнесi болып табылса, өнер - шындықтың көркем бейнесi болып табылады.
Өнер өте ертеде шықты, алғашқы адамдар кейiнгi ұрпақтарға тас балталар мен сүйектен жасалған найзалар ғана қалдырған жоқ. Сонымен қатар үлгiлердiң қабырғаларына салынған түрлi суреттер балшықтан, тастан жасалған мүсiндер қалдырды.
Өнер қоғам дамуында зор роль атқарады оның қоғам дамуындағы ролi сол, ол адамды адамды тәрбиелеудiң құралы болып табылады.
Өнер адамдарды саяси идеялық жағынан тәрбиелеп, жаңа қорғам құрылысына қажеттi адамгершiлiк сапаларды қалыптастыруға көмектеседi. Өнердің қоғамда атқаратын қызмет түрлері:

  • танымдық;

  • коммуникативтілік;

  • тәрбиелік;

  • эстетикалық;

  • эвристикалық.

Өнер түрлерінің классификациясы кеңістіктік және уақыттық болып бөлінеді. Сонымен қатар, әдебиет, сәулет өнері, мүсіндеу, кескіндеме, графика, музыка, балет, драма, пантомима, цирк, қолданбалы-декоративті өнер – синтетикалық өнерге жатады.
Мәдениет белгiлi бiр халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы. Дүниеге көзқарасының философиядан бұрынғы әлеуметтiк тарихи типтерiне мифологиялық дiн жатады. Мифология адамзаттың рухани мәдениетiнiң ең көне формасы.
Дін мәдениеттің сакралдық түрі. Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Дін, латын тілінен «религия» - «байлау», «екінші қайта оралу» мағынасын білдіреді. Діни наным – сенімдердің ежелгі түрлері: анимизм, тотемизм, фетишизм және магия. Діннің қоғамдық өмірдің мәдени салаларына әсері өнерде, салтта, рәсімде байқалады. Бiлiмнiң бастамасы дiни сенiмнiң бастамасы, онда өнер мен адамгершiлiк қатынастар бейнеленедi. Мифологиядан қалған сұрақтар ендi дiни және философиялық сұрақтарына айналды. Мифология қойып кеткен бұл дүниеге көзқарастар туралы сұрақтарға жауап iздеудiң барысында дiн мен философияның жолы екi айырылды.
Дiн – адамдардың бiрлестiгiн және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Дiннiң мазмұны әлеуметтiк мәнi бар негiзгi құндылықтарды қасиеттi деп танудан тұрады. Дiн адам жан дүниесiнiң талпыныстарын және арман мақсаттарынан тоғыс нүктесi бейнесiнде адам өмiрiнiң толыққандылығын танытатын категория ретiнде де қарастырылады. Қазіргі қоғамдағы діннің қызметі – мәдени-әлеуметтік жүйенің бірлігін сақтау болып табылады.
2. Діни наным-сенімдердің алғашқы формалары: анимизм, фетишизм, тотемизм, пантеизм, деизм, монотеизм.
Фетишизм. Алғашқы адамдар үшін қоршаған географиялық ортаның өте маңызды болғаны белгілі. Адам табиғаттың дүлей күштері алдында өзін дәрменсіз сезініп, оған бағынышты күй кешті. Осыдан әр түрлі табиғат денелеріне: тасқа, ағашқа, аң-құстарға, суға, күнге табыну пайда болды. Осылар фетиш (португал тілінде – ерекше қасиеті бар зат) болып табылады. Яғни фетишизм - адам құдірет күші бар, жаудан қорғайтын, емдейтін қасиеті бар деп сенетін әртүрлі дүние объектілерін қастерлеу. Фетишизм сарқыншақтары күрделі діндерде де кездеседі. Мысалы, христиан дінінде иконалар, шірімей сақталған мүрделер; исламда Меккедегі Қағбаның қара тасына табыну, әулиелер жатқан мазарларды қастерлеу және т.б., буддизмде Лхасадағы реликвиялар, субурган (қасиетті ступа, қасиетті ғимарат) табыну.
Тотемизм – ежелгі діндердің тағы бір түрі. Солтүстік Америка үндістері тайпаларының тілінде тотем - оның тегі, туысы дегенді білдіреді. Адамдар топтары мен белгілі бір өсімдік, жануарлардың арасындағы туысқандық, құдіреттілік байланысы барына нанымды білдіреді. Тотемизмнің мәні туралы ғылымда әлі бірегей пікір қалыптаспаған. Тотемизм рулық құрылыспен тығыз байланысты.
Магия. Объективті шындық дуниеге магиялық әдіспен әсер етуге наным алғашқы адамдардың табиғаттың заңдарын білмеуінен, олардың табиғат алдындағы әлсіздігінен шыққан. Магияның әр түрлі әдістері бар, олардың сипаты белгілі бір мақсатқа бағытталғандығына байланысты. Оларды былайша бөлуге болады - өндірістік немесе кәсіптік магия (егін шығымдылығын арттыру немесе сәтті аңшылық болуын қамтамасыз ету үшін дуалау ғұрыптары, жаңбыр шақыру, еңбек құралдарын дуалау) емдеу магиясы (дұға ету, аурудан арылту үшін дәрі-дәрмектер дайындап беру), зиянкестік магиясы (ауларына көз тигізу, тіл тигізу ), әскери магия (жауынгерлердің ритуалды биі, каруларды дуалау), махаббат магиясы (басын айналдырып сиқырлау немесе теріс қаратып жіберу). Магиялық түсініктер және әрекеттер өміршең болып келеді, біздің еліміздің халықтарының тұрмысында әлі де орын алып отыр.
Анимизм алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болды. Анимистік наным алғашқы адамдарға тән бейнелеуден, қоршаған ортаны жандандыру талабынан шықты. Қиыр Шығысты зерттеуші В.К. Арсеньев «Дерсу Узала» атты кітабында Приморье өлкесінде жүріп, Жапон теңізі жағалауында болған мынадай оқиғаны суреттейді. Кенеттен әуеде теңіздің бетінен жоғарыда пароход, екі шхуна, таудың бейнесі көрініп, кейіннен тағы да әлдеқандай құрылыстың сүлделері көрінді. Біраз уақыт өткен соң осы көрініс сейіліп кеткен. Бұл осы өлкеде жиі кездесетін сағым болатын. Дерсу Узаланың пікірінше адамдардың, жануарлардың, құстардың, балықтардың, жәндіктердің, тіпті өсімдіктер мен тастардың, жалпы барлық жансыз заттардың жаны – көлеңкесі ( ханя) бар, адамдар ұйықтағанда жан қыдырады, ал ханя шегіншектесе адамдар оянады. Адам ұйықтағанда жаны денені тастап шығып, қыдырып көп нәрсені көреді. Түс көруді ол осылайша түсіндіреді. Жансыз денелердің жаны да өз материясын тастап кете алады, ал денелер бұл кезде тыныштық күйде болады.
Шаманизм ( әвенкі тілінде шаман, саман ) – алғашқы діндердің ішіндегі ру басылары мен кәсіби дін қызметкерлерінің қалыптасуы кезеңіне тән ерекше түрі. Мұндағы бір ерекшелік, осы кәсіби дін қызметшісі шаман (бақсы) болуы керек. Бақсылардың негізгі істерінің бірі - «жынды» ауруларды емдеу. Бақсы осы емшілігімен қатар ақын, музыкашы, сиқыршы, басқалардан осынысымен жоғары тұратын адам.
3. Адамгершілік», «мораль», «этика» түсініктері. Өнегелілік – мәдениеттің айқындаушы негізі. Өнегеліліктің қалыптасуы мәдениет дамуының басты мәселесі ретінде.
Мораль - әдет-ғұрыптар, нормалар, мінез-құлықтар – адамның тұрмыстағы, қоғамдағы әрекеттерін дағдылар арқылы нормативті реттеуі, құқығы. «Этос» - әдет-ғұрып, мінез, мінез-құлықтардың физиогномикасы мен түрлері, менталитет(діл). Мораль - әдет-ғұрыптар, мінез-құлықтар – адамның тұрмыстағы, қоғамдағы әрекеттерін дағдылар арқылы нормативті реттеуі және құқығы. Мораль құқық ұғымымен тығыз байланысты. Бүтін жүйе ретінде мінез-құлық мәдениеті құрылымының элементтеріне: этикалық ойлау мәдениеті, сезім мәденниеті, мінез-құлық мәдениеті, іс-әрекет жатады. Этикет – мінез-құлық мәнерін реттейтін тәсіл.
Адамгершілік табиғаты әлеуметтік әрқашан қоғамдық қатынаспен ұштасатын нақты тарихи негізге ие болады.
Мінез-құлық мәдениеті адамның қоршаған әлемді тануы, оны игеруі. Мәдениеттегі мінез-құлықтың нормативті және тәжірибелі іс-әрекеттерінің бірігуі. Этикет – мінез-құлық мәнерін реттейтін түр. Адамгершілік ұғымы ежелгі Шығыс өркениетіндегі «Алтын ереже», грек мәдениетіндегі гуманизм идеяларынан бастау алады. Адамсүйгіштік идея әлемдік діндердің Буддизм, христиан діні, исламда да өз орнын тапқан.
Әлеуметтік- мәдени құндылықтар жүйесіндегі құқық.. Құқық пен мораль. Мәдениет саласында саясаттың алатын орны. «Саяси мәдениет» пен «мәдени саясат» ұғымдары. Қазақстандағы мәдени саясаттың өзіндік ерекшеліктері. Ғылым - әлеуметтік – саяси институт ретінде. Құқықтық мәдениет – құқықтық сана деңгейін, заңдылықты, заңгерлік тәжірибе және заң шығарудағы жетістіктерді, сонымен қатар құқық саласындағы адам әрекеті арқылы жасалған құндылықтар жүйесін атаймыз.
Адамды қоршаған сыртқы дүние табиғатпен қоғамның, сондай-ақ ойлаудың да объективтiк заңдары бар. Ғылымның мiндетi мiне осы заңдарды танып бiлу.Ғылымның дамуындағы салыстырмалы дербестiк оның өндiрiске тигiзетiн керi әсерiнен ерекше айқын көрiнедi. Ғылым қоғамдық өндiрiстiң дамуында қуатты күш болып табылады, Өйткенi ғылымның күшi, адамның ақиқатты танып бiлудегi күш-қуаты практикада ғана айқын көрiнедi.
Мәдениеттiң дамуына көптеген жағдайлар әсер етедi. Миф, дiн, өнер, ғылымның барлығы адам санасының дамуына зор үлес қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет