Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет20/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   143
Байланысты:
369577-1

Этил спирті ( ішімдік спирті, шарап спирті, этанол)-Spiritus aethyIicus, С2 Н5 ОН. Х11-Х111 ғасырларда спиртті тіршілік суы (Agua vitae), соңынан этанол деген атпен емдік мақсаттарға пайдалана бастады.
Этил спирті-түссіз, мөлдір, оңай тұтанатын, өзіне тән иісі, күйдірерлік дәмі бар, ұшқыр сұйық зат.Сумен оңай араласады, тірі торшалардан және химиялық заттардың ерітіндісінен суды өзіне тартып алады.
Шайырды, эфир майларын, органикалық қышқылдарды, йодты, негіздерді және әртүрлі газдарды ерітеді.Спиртті сумен араластырғанда қоспа қызып, әртүрлі құрамдағы гидраттардың дамуына байланысты көбікшелер бөліне бастайды.Қоспаның көлемі қосылатын екі заттың көлемінен аз болады (мысалы, 100 көлем қоспа алу үшін 49,88 көлем су және 53,94 көлем алкоголь керек).
Алкогольдің тығыздығы 0,8, сондықтанда оның көлем бойынша дайындалған ерітінділерінің құрамында, салмақ бойынша дайындалған ерітінділеріне қарағанда, алкогольдің үлес салмағы аз болады.Қоспаның құрамында алкоголь аз болған сайын, оның тығыздығы жоғары болады, бірақ алкогольдің проценттік құрамы мен тығыздығында пропорциональдылық жоқ.Алкогольдің проценттік құрамын анықтау үшін 1865 жылы Д.И.Менделеев құрастырған арнаулы кестені пайдаланады.
Этил спиртінің 95,90,70 % және 40%-ды түрлері болады.Егер спирттің концентрациясы көрсетілмесе оны 95 %-ды деп түсіну керек.
Денатурациялық спиртті алу үшін спирт-шикізатқа пиридин негіздерін және метил алкоголін қосып дайындайды.Сонымен бірге арнаулы қолданулар үшін денатурацияның ерекше түрлерін пайдаланылады.Мысалы: формалинді спирт-дезинфекция және анатомиялық препараттарды сақтау үшін қолданылса, ал майлы эфир спирті-косметикада пайдаланады.
Жергілікті әсері.Алкогольді теріге немесе кілегейлі қабықтарға жақындатқанда алғашқыда салқындылық, соңынан күйдіретіндей сезімдерді байқауға болады да, гиперемия пайда бола бастайды.Жергілікті жердің қан тамырлары кеңейеді де, мұнда қанның мөлшері көбейеді, бұл жүйке талшықтары рецепторларының қозуынан және капиллярлардағы интерорецепторлардың алкоголдің әсерінен әлсіреуінен болады.
Алкоголь теріге қарағанда, кілегейлі қабықтарға күштірек әсер етеді.Мұның төменгі концентрацияларынан (1-2%) кілегейлі қабықтарда гиперемия пайда болып, сөл бөлінуі күшейеді:қарында-гиперемия және қыжыл пайда болады да ,қарын бездерінің сөл бөгу қызметі артады.Алкогольдің төменгі концептрацияларында (1-2 %) қарын сөлінің ас қорыту қызметі артады да, ал жоғарғы концентрацияларыңда – (20-30 %) күрт төмендейді.Алкогольдің 5-10 % концентрациясынан қарын сөлінің бөлінуі едәуір көбейеді де, 20 % концентрациясында төмендейді.
Алкоголь аса жоғары концентрацияларында (70-90 %) кілегейлі қабаттар өте күшті тітіркеніп, кілегейлі бөліну күшейеді, кейде, тіпті кілегейлі қабаттың жоғарғы бөліктерін жансыздандыруы да мүмкін.Алкоголді өте жиі қолдану гастроэнтеритке әкеліп соқтырады, бұл кезде оның секереторлық және моторлық қызметі төмендеп, ас қорыту құбылысы нашарлайды.Шөп қоректі жануарлардың ас қорыту жүйесіне алкоголдің әсері өте ерекше болады.Сөл бөліну нашарлағанда ол секреторлық зат ретінде әсер етіп, ас қорытуды ерекше жылдамдатады, ауырсыну сезімділігін әлсіретіп, қарынның секреторлық және моторлық қызметін күшейтеді.Ашу құбылысы күшейгенде және токсикоздар кезіңде алкоголь бұл құбылыстарды әлсіретіп, микробтардың дамуын тоқтатып, сол арқылы ас қорыту жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді.Алкогольдің әсерінен қарын мен ішектердегі сіңірілу құбылысы артады, сондықтанда спиртті ерітінділерді, тұнбаларды және экстрактілерді дәрілердің әсерін жылдамдату үшін қолданады.
Тыныс алу жолдарының, қабақтың және несеп-жыныс мүшелерінің кілегейлі қабатын, ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабатына қарағанда өте күшті тітіркендіретіндіктен, алкогольдарды бұл жүйелерге әсер ету үшін қолданбайды.
Алкогольдің 4 % концентрациясын тері астына енгізгенде ұлпалардың өте қатты тітіркенуі, тіптен қабынуы пайда болады.50-60 % концентрацияларында алкогольдар ұлпаларды жансыздандырады.Спиртті және дәрілердің спиртті ерітінділерін тері астына егуге болмайды.
Алкогольдің бактерицидтік әсері ерекше: абсолютті алкоголь микробтарды өлтірмейді,ал ең жоғарғы бактерицидтік әсер 50-70 % -дық алкогольде болады.Жоғарғы концентрациядағы (50-95 %) алкоголь әсер ететін заттарына онша жақсы сіңбейді де, әсері жаңамалау болады, ал 50 % -дан төменгі концентрациясы төзімді микроорганизмдерді аз уақыттың ішінде өлтіре алмайды.60 %-дық концентрациядағы алкогольдің бактерицидтік әсері 2 %-ды формальдегидке және 1 % -ды йодқа қарағанда әдәуір жоғары болады.
Алкогольдің бактерицидтілігі барлық микрообтарға бірдей емес.Ол ортаға байланысты өзгеріп отырады: егер дезинфекцияланатын жерде органикалық қоспалар көп болған сайын,алкоголдің бактерицидтілігі де әлсіз болады:температура жоғарылаған сайын оның бактерицидтілігі жоғарылайды:егер заттар дымқыл кетсе жақсы зарарсызданады:бірақ олар өте көп суланып кетсе алкоголдің қоюлығы, концентрациясы азайып, бактерицидтілігі төмендейді.Егер алкогольді басқада бактерицидті заттармен, мысалы:фенол, лизон, йод, және сабынмен бірге қолданса оның дезинфекциялайтын әсері де айтарлықтай дәрежеде артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет