Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет67/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   143
Бақылау сұрақтары:

1 Несеп айдағыш заттар.


2Өт айдағыш заттар.
3 Жатырға әсер етуші дәрілер


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Тулеметова С.Е. Фармакология : Оқулық. 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығының студенттеріне арналған\Шымкент : ОҚМУ, 2014


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №16 Басымырақ ұлпалық зат алмасу құбылысына әсер етуші заттар
1 Витаминдік препараттар
Витаминдер (лат. Vita - өмiр және аminum — аминдер) адам және жануарлар организiнiң өмір сүруiн қамтамасыз ететiн биологиялық белсендi заттар. Алғашында витаминдік препараттар олардың биологиялық маңыздылығына байланысты ғана аталған болатын. Алайда әргурлi тәжiрибелер қою арқылы витаминдiк препараттардың жекеген аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге де зор маңызы бар екендiгі анықталды.
Қазiргi кезде витаминдік препараттардың (заттардың) төрт тобы белгiлi: азықтық заттардағы витаминдер, таза витаминдер (өсімдіктерден бөлініп алынған), әртурлi микроорганизмдерден бөлiнетiн витамиер және жасанды жолмен алынған витаминдер тобы.
Мал азығында табиғи витаминдер аз ғана мөлшерде және бос немесе байланысқан күйiнде кездеседi. Сондықтан да олар өте баяу әрі ұзақ уақыт сiңiрiліп, организмдегi биохимиялық құбылыстардың қалыпты жағдайда жүруін қамтамасыз етеді. Таза витаминдер өсімдіктерден бөлініп алынатындықтан олардың организмдегі фармакодинамикасын толық зерттеуге, әрі оларды дәл мөлшерлеуге болады.
Кейбiр микроорганизмдер жануарлар организмі үшін өте құнды витаминдік заттар бөліп шығаратыны белгілі. Микробиологиялық әдістердiң дамуына байланысты микробтар организмнiң витаминдiк өнiмдiлiгін арттыруға және витаминдер биосинтезiн біршама өзгертуге қол жеткiзiлдi. Қазiргi кезде қолданылып жүрген витаминдiк препараттардың өнiмдiлiгiн арттыруға және витаминдер биосинтезiн бiршама өзгертуге мүмкіншiлiк туып отыр. Қазiргi кезде витаминдердi осындай әдiспен алу өндiрiстiк жолға қойылған және оның болашағы зор деп күтiлуде.
Витаминдердi биологиялық жолмен алудағы жеткен табыстар қанша зор болғанымен қазiргi кездегi ең маңыздысы оларды жасанды жолмен алу болып табылады. Қазiргi кезде қолданылып жүрген витаминдiк препараттардың басым көпшiлiгi жасанды жолмен алынғандар. Жасанды жолмен алу витамин құрамын немесе әсерiн кажетiнше өзгертуге мүмкiмдiк бередi. Олардың құндылығы медицина және мал шаруашылығына қажеттi жағдайларды толығымен қамтамасыз етуiнде болып табылады.
Қазiргi кезде витаминдік препараттардың дәл химиялық классификациясы жасалынған-олар: алифатты, ациклдi, ароматты және гетероциклдiк қосылыстар түзедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет