Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет66/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143
Калий ацетат ерітіндісі – Liguor Kalii acetatis.
Әсері: Мөлшерлі диуретикалық әсер етеді. Бүрек канальшаларына жиналып, бірақ реабсорбцияға ұшырамай, сол жерде калий иондары жоғары осматикалық қысым көрсетеді, натрий иондарының реабсорбциясы азаяды және соның нәтижесінде сұйықтың бөлінуі көбейеді.Гликозид, утропин, жабайы қырықбуын шөбі және басқа да диуретиктер мен бірге, көбіне жүрек қабынуларында қолданылады.
Қолданылуы: Ішке өте көп мөлшерде сумен қосып береді.
МочевинаUrea pura. Ақ кристаллды порошок, суда тез ериді.
Форма выпуска: Порошок.
Әсері: Диуретикалық әсері толық мочевина молекуласына байланысты: ол организмде зат алмасу процесіне ұшырамайды және қайта сорылмай үлкен көлемде ойықшалар арқылы фильтірленеді. Ойықшалардағы осматикалық қысымның жоғарлауына байланысты, су диурезін күшейтеді. Ішке қан тамыр арқылы 30%-і ерітіндіні глюкозаның 10%-к ерітіндіге қосып береді.
Қолданылуы: Ішке қан тамырға маннит тәрізді дозада пайдаланады.
Қышқыл түзгіш диуретиктер: диуретикалық әсері, ацидоз компенсациясы мобилизденеді және бүйректен натрий бөлінеді, сонымен бірге сәйкесінше мөлшердегі су бөлініп шығады.
Аммония хлоридAmmonii chloridum. Ақ кристаллды, аздап гигроскопикалық иіссіз, суда оңай еритін препарат
Форма выпуска: Порошок.
Әсері: Қышқылтүзгіш препарат ретінде әсер етіп, алкалоз коррекциясына арналған эфективті зат ретінде қолданады. Асқазанға оңай сіңіріліп, препарат бауырда мочевинаға айналып, осы реакция кезінде тұз қышқылы түзіледі. Осыған байланысты оны метаболитикалық алкалозде қолданады.
Қолданылуы: Ішке.
Дозасы: Иттерге – 2,0 г; жылқыларға – 8-15 г; ірі қара малға – 10-25 г; ұсақ малдарға – 2-5 г; шошқаларға – 1-2 г қолданылады.
Өт айдайтын препараттар қазіргі кездегі медицинадағы жаңалықтарға байланысты 3 топқа бөлінеді:
Гиперпротекторлы заттар бауырдағы метаболикалық әсерді күшейтеді, патагендық әсерге тұрақтылығын арттырып, әр түрлі зақымдардан кейінгі қалпына келу процесін жеделдетеді.
Холелитолитикалық заттар өттегі тастың еруін күшейтеді. Өт майды ішекте өңделуі мен оның қорытылуына әсер ететін өт қышқылдарынан, және майды ерітетін түрлі витаминдерден тұрады.
Өтті айдайтын заттар негізінен көбіне 2 түрде қарастырылады, өттің пайда болуын күшейтетін және өттің шығуына әсер ететін заттар болып. Олардың көптеген түрлеріне жоғарыда тоқталып, айтып кеткен болатынбыз. Яғни сол заттардың казір өзгертілген түрлері шығарылуда. Жоғарыда айтылмай кеткен препараттар жөнінде кішкене мағлұмат баре кетсем.
НикодинNicodinum. Ақ түсті өте майда кристаллды ұнтақ, суда ериді.
Форма выпуска: 0,5 г. Таблетка.
Әсері: Өт айдағыш әсері мен қоса бактериостатикалық және бактериоцидтік қасиетке ие болғандықтан, біртіндеп организмдегі препараттың молекуласының формальдегидті бөлігінің көпіршуімен байланысты болады. Ал молекуланың басқа бөлігі (никотинамид) РР витаминінің қасиеттеріне ие және бауыр функциясына жағымды әсер етеді.
Қолданылуы: Өт жолдарының ауруларының гастритпен және коликпен бірге араласқан түрдегі ауыр түрлі ауруларда қолданған оң нәтиже береді.
Дозасы: Иттерге – 0,05-0,15 г ішке беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет