Фолий қышқылы (птерииглютамин қышқылы, В витамині) – Asidum folicum. Фолий қышқылы таза күйiнде сары немесе күлгiн - сары түстi, дәмі, иiссiз қиыршық кристаллдар. Суда нашар еридi, температура жоғарылаған сайын ерiгiштiгi де арта түседi.
Фолий қышқылының әсер ету механизміне- оның тотығу тотықсыздану жүйесiндегi сутегiнi берiп жiберiп тотыға немесе тотықсзыдана алу қасиетi жатады. Фолий қышқылының препараттары организмде нуклеин қышқылының және амин қышқылдарының пуриндiк және пиримидиндiк негiздерiн тузуге қатысады.
Жоғарыда аталған биохимиялық. реакциялардың гемпоэз үшiн маңызы өте зор. Қанның барлық элементтерi, оның iшінде лейкоцитарлық клеткаларадың және эритроциттер мен тромбоциттердiң түзiлуiне септiгiн тигiзедi.
Фолий қышқылының нуклеин қышқылдарының алмасуы мен белок синтезiне қатыса отырьп, мал организмiнiң өсуiн қуаттандыратын да қасиеттерi бар. Сонымен қатар фолий қышқылы ұрықтануды жақсартып iштегi ұрытың өсiп - дамуына көмегiн тигiзедi. Фолий қышқылын қан пайда болуы бұзылғанда немесе нашарлағанда, әр түрлi формадағы лейкопениялаларда, аргонуцитоз және анемияларда (цианкобаламинмен бiрге), холин метаболизмi бұзылғанда, малдар дәрiлермен (сульфаниламид, фенол, т.б.) уланғанда, радиациялық зақымданғанда, орталық жүйке жүйесiнiң бағытағыш қызметi бұзылғанда, сонымен бiрге жалпылама зат алмасулар бұзылу салдарынан эндокрин бездерiнiң қызметi нашарлағанда қолданады. Мөлшерi iшке және бұлшық етке 0,1 0,2 мг/кг.
Цианкобаламин (В12 витаминi) - Cyancobalaminum. Құрамында негiзiнен кобальт,цианидтi радикал және 5,6 екідиметилбензимидазол бар күрделi қосылыс.
Цианкобаламин күңгiрт қызғыш түстi, иiссiз, дәмсiз қиыршық кристаллдар. Судың 80 бөлiгiнде еридi, температураға төзiмдi.
Мал шаруашылығында таза цианкобаламин немесе процион қышқылы бактериясының культурасын (себiндісiн) қолданылады. Емдiк мақсатта терi астына және бұлшық, етке, ал профилак-такалық мақсатта - iшкiзiлiп қолданылады. Цианкобаламиннің фармадинамикасы өте күрделi олхолин, метионин, креатин, нуклеин қышқылдарының түзiлуiне қатысады Трансметилдену құбылысы кезiнде дисульфид топтарына топтарына алмастырады, амин қышқылдарының жақсы сiңiрiлуiне ықпал жасайды. Цианкобаламиннiң әсерiнен организмнiң жалпы қорғаныс күшi жоғарылайды, эритропоэз жақсарады, жүйке жүйесiнiң қызметi қалпына келеді, ұлпалардың қалпына келуі жақсарады, эмбриондарың алғашқы кезеңгі жетiлуi қарқынды жүреді.
Цианкобаламин жас малдардың өсiп-жетiлуi төмендегенде, созылмалы асқазан iшек ауруларында көмекшi зат есебінде (антибиотиктер, нитрофурандармен қосып), қан аздықта, бауырдың у қайтарғыш қызметi нашарлағанда, сәулелер әсерiне ұшырғанда,В2 гиповитаминозында, невриттерде, ауыр металлдармен уланғанда және буаз малдарға ұрығы жақсы жетiлуi үшiн қолданады.
Емдiк мөлшерi: Шошқаларға ішкiзуге 0,5 - 1 мг, итке 0,2 - 0,5мг.
Профилактикалық мөлшерi: шошқаға 50 мкг, бұзауларға 30 - 60 мкг, балапандарға 0,5 - 4 мкг.