Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


-Дәріс. Кәсіптік оқыту оқытушыларын даярлау және қайта даярлау



бет45/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

15-Дәріс. Кәсіптік оқыту оқытушыларын даярлау және қайта даярлау

Дәрістің мақсаты: кәсіптік оқыту оқытушыларының әдістемелік және арнайы даярлық талаптарымен таныстыру.


Негізгі ұғымдар: кәсби-педагогикалық білім, көпдеңгейлі педагогикалық білім беру, диагноскалық, бейімділік, компенсаторлық, даярлаудың танымдық қызметі және біліктілікті жоғарылату, педагогикалық, пәндік-кәсіптік, арнайы біліктілікті жоғарылату.
Мазмұны:
1. Кәсіптік оқыту оқытушыларының әдістемелік және арнайы даярлауға қойылатын талаптар. Қазіргі оқу-тәрбиелік үрдісіндегі кәсіптік оқыту оқытушыларының қызметтік міндеттері мен құқықтары.
2. Кәсіптік мектептегі әдістемелік жұмыс жүйесі, кәсіптік оқыту оқытушыларын даярлау және біліктілігін жоғарылату.

Кәсіптік оқыту оқытушыларының әдістемелік және арнайы даярлауға қойылатын талаптар. Қазіргі оқу-тәрбиелік үрдісіндегі кәсіптік оқыту оқытушыларының қызметтік міндеттері мен құқықтары.

Кәсіптік оқыту оқытушыларының әдістемелік және арнайы даярлау бөлімі мынадай талаптарға жауап береді: өзінің мамандығының тұлғалық және әлеуметтік маңыздылығын сезінеді; білім беру туралы тұтас түсінікті игереді; білім беру үрдісінің заңдылықтары мен ұстанымдары туралы білім жүйесін меңгереді және өзінің кәсіби қызметінде оларды қолдана алады; пәндік білім саласында кәсіби тілді меңгереді; ғылымды дамыту мен жеке көзқарастарды қарастыруға өзгертілген әлеуметтік практикалар жағдайында, жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін таңдауға қабілетті; өзін-өзі талдауға қажетті, өзінің шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту мен біліктілігін көтеруге, ұйымдастырушылық- әрекеттестік іскерлігін игереді; әріптестермен өзара қарым-қатынас құруға, өзінің кәсіби қызметіндегі басқару шешімдерін тауып, кабылдап және жүзеге асыра алады; ойлау, сөйлеу, қарым-қатынас мәдениетін игереді; жүйелілік тәсіл негізінде жобалау қызметіне қабілетті.
Қазіргі оқу-тәрбиелік үрдісінде кәсіптік оқыту мұғалімі құқылы:
- дара еңбек жолының формасындағы педагогикалық қызметі, табыстармен қоса, кәсiпкерлiк сияқты қаралады және заңдарға сәйкес тiркеуге жатады;
- педагогикалық нормаларға сай, мемлекет орнатқан оқу мекемелерін құруға және осы оқу мекемелерін басқаруға;
- кәсіби біліктілігін тегін жоғарылатуға және оны жүзеге асыра алуға;
- ұқсас қызмет, мамандықтар бойынша қосымша жұмыс істеуге;
Кәсіптік оқыту мұғалімінің қызметтік міндеттері білім беру мекемелері қызметкерлерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында(талаптары), сондай-ақ толығырақ білім беру мекемелерінің Жарлықтары мен білім беру мекемелерінің ішкі еңбек тәртібі ережелерінде көрсетілген.
Кәсіптік оқыту мұғалімі міндетті:
- сабақ беретін пәндерінің ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі оқыту амалдары, әдістері мен құралдарын қолдана отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға;
- мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға және білім алушылардың даярлау деңгейін қамтамасыз етуге;
- өзінің кәсіби қызметінде жоғары деңгейге жетуге ;

Кәсіптік мектептердегі әдістемелік жұмыс жүйесі, кәсіптік оқыту оқытушыларын даярлау және біліктілігін жоғарылату.


Жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мамандардың кәсіби білімін көтеру институттарындағы педагогикалық дайындық және білімін қайта жетілдіру қосымша кәсіптік білім беруге жатады. Ол алған кәсіби білімдерін әрі қарата дамыту және жетілдіру, білім беру үдерісінде меңгеруге бағыттала ұйымдастырылады.


Қосымша кәсіптік білімді іске асыруда білім беру мекемелері, әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық формалары, басқару органдары,ғылыми-зерттеу мекемелері, ақпарат қызметтері өзара бірлікте жұмыс атқарады. Бұл жүйе төмендегі ұйымдастыру түрінде іске асады: мұғалімнің өздігінен білімін көтеру, әдістемелік бірлестіктер, кафедралар, білім беру орталықтары, курстар, семинарлар, конференциялар, мұғалімнің білімін жетілдіру және қайта даярлау мекемелері, жоғары оқу орындарындағы қайта даярлау орталығы. Республикада кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау республикалық, облыстық, қалалық білім жетілдіру институттарында жүзеге асырылады.
Нарықтық білім жүйесіне көшуге байланысты әр мұғалім өзінің кәсіби өсуінің стратегиялық бағдарламасын айқындау арқылы білімін жетілдіру бірінші кезекке қойылуы керек.Кәсіптік мектептегі әдістемелік жұмыс жүйесі – кәсіптік білім беру сапасын жоғарылату бойынша, кәсіптік мектептердегі қойылған міндеттерге сәйкес жұмыстарға арналған педагог жағдайын құру бойынша шаралар жиынтығынан тұрады.
Әдістемелік басқарудың төмендегідей басты міндеттері болып табылады:
- әдістемелік қызмет көрсетудегі педагогикалық қызметкерлер қажеттілігін анықтау; жаңа әлеуметтік педагогикалық жұмыстарға арналған педагогикалық ұжымның қажетті жағдайларын қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды жасау;
- практикалық жұмыстардың қызығушылығын ескере отырып, инновациялық қызмет жағдайында әдістемелік жұмыстың жаңа мазмұны мен формаларын жасау;
- жаңа типті оқу мекемелерін құру мақсатында білім беру мекемелерін дамыту бағдарламасын жасау;
- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені енгізуде қатаң орталықтандырылған жоспарлаудан бас тарту; әр оқу мекемелерінің қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін, әр оқытушының кәсіби даярлығын ескере отырып, осы тәжірибені диагностикалық негізде қолдану;
- экспериментальды мектептер, алдыңғы қатарлы тәжірибедегі авторлық мектептер байланыстарын құру;
Әдістемелік қызмет жұмысының мазмұны кешенді сипатта және іс-әрекеттің төрт бағытынан тұрады: технологиялық, педагогикалық, ғылыми және басқарушылық.
Технологиялық —диагностикалық негізде оқытушының педагогикалық қызметін талдау, оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық еңбегін баяндау, педагогикалық тәжірибені педагогикалық технология деңгейіне жеткізу.
Педагогикалық — педагогикалық шеберлікті, біліктілікті жоғарылату, шығармашылық жеке пікірді дамыту мен өздігінен білім беруді жүзеге асыруда педагогикалық қызметкерлерге тәжірибелік көмек көрсету.
Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне кеңес беру, көмек көрсету нақты оқу мекемелері жұмысының тәжірибесінде білім беру стандарттарын енгізу жағдайында ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жасау.
Басқару —мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарт талаптарын жүзеге асыру жағдайында оқу-тәрбиелік үрдістің инновациялық қайта өңделуіне қабілетті педагогикалық ұжымды құру; берілген оқу құжаттары, ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерінің ақпараттық банк қорын жасау; оқу-тәрбиелік үрдістің әдістемелік қамтамасыз ету жиынтығын жасау бойынша ұйымдастырушылық жұмыстары, үнемі болатын семинарлар, педагогикалық шеберлік бойынша байқаулар ұйымдастыру; білім беру сапасын жоғарылату бойынша білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыстың педагогикалық (әдістемелік) кабинет-орталығы жұмысын ұйымдастыру және басқару
Ғылыми — білім беру мекемелерін дамытуда жаңа идеялар, тұжырымдамалар мен бағдараламаларды қабылдауда тәжірибелі-эксперименталдық жұмыстарды ұйымдастыру; кәсіптік білім беруді стандарттау жағдайында оқу-бағдарламалық құжаттарды оқыту мен қабылдауда эксперименталдық мектептерді ұйымдастыру; білім беру мекемелерінің базасында жүргізілген, психология, педагогика, кәсіптік оқытудың жаңа технологияларында эксперименталдық жұмыстарды жүргізуде ғылыми ұйымдастыруға көмек көрсету; ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу;оқу мекемелері жұмысының тәжірибесіне білім беру стандарттарын енгізу мо­ниторингі бойынша білім беру мекемелерінің әкімшілігіне көмек көрсету;
Кәсіптік оқыту оқытушыларын даярлау мен біліктілігін жоғарылату үрдісінде кәсіптік білім беру мекемелеріндегі мамандардың кәсіби-білім беру қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіби құзыреттілігін жоғарылату, барлық кәсіби жолында интеллектуалдық мүмкіндігін жүзеге асыру міндеттері шешіледі.
Кәсіптік оқыту оқытушыларын қайта даярлау қызметтерінің мақсатына жататындар:
- бітірушілердің әмбебап және кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз ететін бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінің үйрету ортасында табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беруде, еңбек нарығында әлеуметтік мобильділік пен тұрақтылықты игеруде тыңдармандардың кәсіби-білімді алуы;
- әлеуметтік жауапкершілікті, мақсатқа жету, ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, коммуникативтік, педагогтың жалпы мәдениетін жоғарылатуды қалыптастыру;
Кәсіптік оқыту оқытушыін даярлау мен біліктілігін жоғарылатудың негізгі қызметтері төмендегідей:
- диагностикалық, бейімділік пен қабілеттіліктерін анықтау, біліктілікті көтеру тиімділігінің қамтамасыз ету мақсатында олардың даярлығы мен жеке-психологиялық білім деңгейін анықтауды қарастырады;
- компенсаторлық, білім берудегі тарату кемшіліктерімен байланысты, кәсіптік білім берудегі жалпытехникалық және арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің негізделген білімді қабылдай алмауы, пәндік-кәсіби және педагогикалық білім мен біліктілікті терең меңгеруден соң алдыңғы алынған білімді жою;
- бейімдеушілік – ақпараттық мәдениетті дамыту, өзіндік білім беруге оқыту, оқу мекемелерінің мәртебесін, даярлау саласы, қызметтер, жұмыс орындарын ауыстыруда педагогикалық менеджмент негіздері мен әмбебап педагогикалық технологияларды және іс-әрекеттегі бағыттылық мақсатындағы жүйені жобалау іскерлігі;
- танымдық, тұлғаның ақпараттық, кәсіби және интеллектуалдық қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ету;
- болжамдық,шығармашылық потенциалды ашып, олардың кәсіби-педагогикалық қызмет мүмкіншіліктері мен даярлығын анықтайды.
Білім беру бағдарламалары түрлеріне сәйкес педагогикалық, пәндік-кәсіби, арнайы біліктілікті жоғарылату деп бөлінеді.
Арнайы біліктілікті жоғарылату интегралдандырылған оқу жоспарлары
бойынша оқу мекемелерінің қажеттіліктеріне сәйкес немесе тыңдаушылардың жеке-тұлғалық сұраныстарына жасалған болуы мүмкін.
Пәндік-кәсіби біліктілікті жоғарылату пән бойынша білім мен іскерлікті тереңдету, жүзеге асыру және жаңартумен байланысты. Ол барлық мамандықтарға, оның ішінде оқытудың жаңа ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарға, жалпытехникалық және арнаулы пәндер оқытушыларына қажет.
Педагогикалық біліктілікті жоғарылату кәсіптік оқыту оқытушыларының кәсіби психологиялық-педагогикалық құзырлылық қалыптастыру мен дамытуға, олардың жаңа кәсіби-педагогикалық ойлау бағыттылығына арналған. Педагогикалық біліктілікті жоғарылату мазмұнының жобалауын ескере отырып, кәсіби оқу мекемелеріндегі оқытудың тиімділігі оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің деңгейі олардың құнды бағыттылығы ретінде анықталады.
Өндірістік оқыту шеберлеріне сынақ мерзімі қажет. Өндірістік оқыту шеберлеріне сынақ мерзімі және арнаулы пәндер оқытушылары кәсіби оқу мекемелерінде тірегі ретінде орналасқан материалдық-техникалық жабдықталуына сәйкес біліктілікті көтеру институтының салалы кафедрасында арнайы құрылған базасында ұйымдастырылуы мүмкін.
Сонымен, кәсіптік оқыту оқытушыларының біліктілігін көтеру және даярлау нәтижесі кәсібилікті өсіру, инновацияға қарама-қайшылықтың азаюы, кәсіби-педагогикалық потенциалды өзектілендіру, кәсіби рефлексияны қалыптастыру, мамандардың кәсіби тәрбиеленуі, кәсіби-педагогикалық потенциалды өзектілендіруге жағдай жасау, еңбек нарығында оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолында маманның әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет