Іздену әдістері оқушыларды бірізділікпен, мақсатқа бағыттай отырып, оқу үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдықесептерді шығару арқылы жаңа білім мен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып табылады.
14 Дәріс. Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарының теориясы мен практикасы
Дәрістің мақсаты: Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі (КББМ) тәрбие жұмыстарының теориясы мен практикасымен танысу.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық мақсаттылық ұстанымдары, жалпы адами танымдық құндылықтардың тәрбиелік ұстанымдары, тәрбиелеудің кәсіби бағыттылық ұстанымы, тәртіп, өзіне қызмет ету, жарыс, өзін-өзі басару, сендіру әдісі, педагогикалық ынталандыру әдісі, талап, мадақтау, жазалау, қоғамдық пікір.
Мазмұны:
1. Ізгілендіру тәрбие ұстанымдары мен әдістері. Тәрбие ұстанымы. Тәрбие әдістері.
2. Жеке-тұлғалық тәрбие.
3. Кәсіптік оқу мекемелеріндегі тәрбие әдістерін ұйымдастыру ерекшеліктері.
Ізгілендіру тәрбие ұстанымдары мен әдістері. Тәрбие ұстанымы. Тәрбие әдістері.
Тәрбие ұстанымдары тәрбие жұмысын жүргізу практикасында басты болып табылады және жоғары деңгейде тәрбие әдістерін таңдау мен олардың сауатты қолдануды анықтайды.
Кәсіптік мектептердегі тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Біртұтас оқу-тәрбиелік үрдісін ұйымдастыруда жалпы ұстанымдарындағы педагогикалық мақсаттылық (А.С.Макаренко), жалпыадами танымдық құндылықтар негізінде тәрбие ұстанымдарын қабылдауға болады. Ізгілендіру тәрбиесінің келесі ұстанымдары тұлға мен ұжым қызығушылығының бірлігі, ұжымның тәрбие қызметінің дамуы ретінде анықталады. Ізгілендіру тәрбиесінің келесі ұстанымы тұлға мен ұжымның қызығушылығының тұтастығы ретінде, өнерпаздықты және ұжымның тәрбиелік қызметін дамыту. Тұлғаның өнерпаздығы — бұл адамның мынадай іс-әрекеті, шешімді еркін таңдауды қамтамасыз етеді, шығармашылық сипатта болады, оның инициативасын жүзеге асырады, оқыту үрдісінде алынған шеберлік негізінде дербестігі орындалады.
Сондай-ақ қазіргі кәсіби педагогикада төмендегідей тәрбие ұстанымдарын атауға болады:
1. Тәрбиенің кәсіби бағыттылығы. Берілген ұстаным оқыту үрдісінде кәсіби бағытталады, және де кәсіптік білім беру мекемелерінде міндетті түрде қолданылады, мақсатқа бағытталған қалыптастыруды талап етпейді, кәсіптік білім беру мекемелерінде білім алушылардың ұйымдастырылған өмір іс-әрекетінің кәсіби бағыттылығын құру деп түсіндіріледі. Басқаша айтқанда барлық тәрбиелік шаралар міндетті түрде кәсіби бағытталған болуы керек, яғни болашақ жұмысшы тұлғасында кәсіби басты сапаларды қалыптастыруға, оның кәсіби тәрбиеленуіне мүмкіндік туғызады.
Жалпы адами сапалар мен тұлғалық қасиеттердің басымдылық тәрбиесі (мейірімділік, әділдік, ұқыптылық, қайырымдылық, бауырмалдылық және т.б.).
Өмір мен еңбек байланысының тәрбиесі білім алушыларды өмірге, шығармашылық әрекетке дайындаудың негізгі міндетінен пайда болады.
Тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу.
Оқушыға оның тұлғасын сыйлай отырып талап ету сәйкестігі.
Тәрбиедегі тірек жағымдылыққа дамыту (оқушыға сену, оның жағымды сапаларын дамыту мүмкіншілігіне үміт арту).
Жас ерекшеліктері мен жеке сапаларын ескеру.
Тәрбие жұмысындағы жоспарлылылық, келісім, және тұрақтылық.
Ұжымды ұйымдастырудың негізгі әдістері: тәртіп, өзіне-өзі қызмет көрсету, жарыс және өзін-өзі басқару. Тәртіп —ұжымды ұйымдастырудың бастапқы әдісі— ұжым арасындағы өзара қатынас мәдениетін қалыптастыруды, ішкі тәртіптегі талаптар мен ережелерге сәйкес маңызды дәстүрлер мен мінез құлық дағдыларын қалыптастыру жолдарын және бір-біріне тұтас талаптар негізінде бірізділікті ұсынуды қамтамасыз етеді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету — ұжымды ұйымдастырудың жетекші әдісі —ұжымның өмірі мен еңбегінде жалпыкүш салып, қолайлы жағдай туғызу және олардың мүшелеріне қоғамдық мүліктің сақталуына шаруашылық күтімді қалыптастыру.
Жарыс — еңбек ұжымын ұйымдастырудың түзету әдісі – жеке және ұжымдық еңбекті табысты ынталандыруды қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі басқару — ұжымды жеке ұйымдастыру әдісі —оның мүшелерiнде өзара жауапкершiлiк қатынастары және ұйымдастырушылық сапаларын қалыптастыруды қамтамасыз етедi.
Әдiстердiң келесi тобы кәсiптік мектептерде оқушылар санасының қалыптасуына әсер етеді, гуманистiк пiкiрлер мен жеке сенiмдердің пайда болуына көмектеседі, яғни адам өзінің мінез құлығына басшылық жасайтын терең идеяларды меңгеру. Бұлар сендіру әдістері: ақпарат, ізденіс, пікірталас және өзара оқыту.
Ақпарат — сендірудің бастапқы әдісі—тәрбиеленушілердің осы және басқа да мәліметтерді, педагогқа тікелей хабарлауды және олардың жаңа білімге қызығушылығын ынталандыру, оларды меңгеру қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Ізденіс — сендірудің басты әдісі— педагогикада тәрбиеленушілердің өз бетінше білім алуын, ғылыми және құндылыққа бағытталған сипаттағы ақпараттарды жинауы мен зерттеуге тартуын қамтамасыз етеді. Ізденіс әдісі эвристикалық, зерттеушілік, шығармашылық болып бөлінеді.
Пікірталас — сендірудің түзету әдісі— тәрбиеленушілерді жолдастық пікір алмасуға тарту, танымдық-этикалық түсініктерді қолдау мен дамытуға мүмкіндік бере отырып, қате пікірлер мен дұрыс емес көзқарастарды жоюда өзара сынаушылық пен дамуды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Өзара оқыту — сендіру әдісінің өз бетінше ұйымдастырылуы – тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен іскерліктерін қалыптастыру, өзінің білімін, пікірі мен сенімдерін насихаттау және өзінің жолдастары арасында күнделікті түсіндіру жұмысы жүзеге асырылады.
Ізгілендіру тәрбие әдістемесінің басты орнын педагогикалық ынталандыру әдісі орын алады: талап ету, перспектива, мадақтау, жазалау, қоғамдық пікір.
Талап ету — педагогикалық ынталандырудың бастапқы әдісі— тәрбиеленушілердің белгілі бір мінез құлығының анықталуы және оқытушының тәрбиеленушілерге жеке қатынаста, олармен қарым-қатынаста мінез-құлық нормаларының іскерлік және танымдық сапалары арқылы байқалуын қамтамасыз етеді.
Перспектива — педагогикалық ынталандырудың жетекші әдісі — тәрбиеленушілердің қоғамдық пайдалы іс-әрекеттердің ретке келтіруі арқылы жастардың жеке ынталануы мен тілектерін көрсететін елеулі мақсаттарды ұсынуды қамтамасыз етеді.
Мадақтау және жазалау — педагогикалық ынталандырудың түзету әдісі— тәрбиленушілерді ұжым мүшелері ретінде жеке құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ олардың моральдық бағалауына өзгерістер енгізу арқылы олардың мақсатсыз іс-әрекетінде пайдалы және тежеуін қолдау қамтамасыз етіледі.
Қоғамдық пікір — педагогикалық ынталандыру әдісінің өз бетінше ұйымдастырылуы— қоғамдық пайдалы әрекеттерді қолдау және дамыту мен моралдық талаптар арқылы тәрбиеленушілердің танымдық сапаларының байқалуын қамтамасыз етеді.
Жеке-бағыттылық тәрбие
Тұлғаны іс-әрекет субъектісі ретінде қарастыру олардың өмірдегі іс- әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен амалдарын ашуға, тұлғаның өзін-өзі реттеуі мен өздігінен қорытынды жасау үрдісін басқаруда оқытушы, шебердің және жетекшінің мүмкіншілігін білдіреді, білім беру және кәсіби даярлықта субъективті-әрекеттестік көріністеріне сәйкес көрсеткіштері бойынша олардың типлогиялық сипаты мен сапаларын анықтау, оқу топтары немесе басқада сабақтан тыс жағдаяттарда тұлғааралық қатынастар жүйесін жүргізілуге мүмкіндік береді.
Білім алушылар тұлғасының белгілі бір үрдістегі мәдени, кәсіби және танымдық-психологиялық дамуының мазмұндық толысуы егер «оқытушы-тәрбиеленуші» жүйесінде оқытушы, шебердің және жетекшінің шығармашылық педагогикалық көзқарасы жеке-бағыттылық білім берудің дамуына басымдылықтар шарттарында айқындалған болса, ұтымды табысқа жетеді. Мұндай оқу үрдісіндегі тең құқықты бірлестік жағдайларында тәрбиеленуші өзін тұлға ретінде сезініп, ал оқытушы білім алушының өздігінен дамуын ынталандыруға бағыттауда, өзіндік күшін, қызығушылығын, танымдық әрекеттегі қабілетін өздігінен жүзеге асыруда, кәсіби өзін анықтауда өз орны мен қызметін өзгертеді.
Жас жұмысшының мәдени тұлға сапаларының бірізділігін қарастырайық.
Дене тәрбиесі. Ең алдымен жұмысшының кәсіби қызметті бастауында дене төзімділігі ерекше маңызды. Ақыл-ой мәдениеті. Белгілі бір үлгіде ойлай алу, өзінің ақыл-ой қабілетінің логикалық түрде кәсіби қызметте қолдана алуы туралы айтылады. Танымдық мәдениет. Бұл жас жұмысшылардың белгілі бір деңгейдегі қоғамда құрылған олардың білім деңгейі байқалатын, өзінің мінез-құлық түрткісі ретінде оларды таңдау қызығушылығы, құндылықтар және мораль дәстүрлеріне қатынасы. Эстетикалық мәдениет — белгілі бір деңгейдегі әлеуметтік қоғамына сәйкес білім көлемі және өзінің қызығушылығы мен қажеттілігін қанағаттандыратын саналы немесе кездейсоқ әрекеттері бойынша жас жұмысшының талғамының дамуы. Жас жұмысшының құқықтық мәдениеті белгілі бір деңгейдегі әрекеттестік, әрекетсіздік, түрлі ауытқулар, кемшіліктер, құқыққа қарсы тәртіп және сәйкес жазалауды реттейтін білім мен құқықтық нормаларды білдіреді. Экономикалық мәдениет - жас жұмысшының экономикалық жағдайдағы өмірге, қоғамға, жанұяға, еңбек ұжымына белгілі бір бейімділігі деп түсіндіріледі. Жас жұмысшының саяси мәдениеті билікке, олардың органдарына, саяси қызметкерлері мен олардың қызметіне қатынасының өмірлік көзқарасының білдіруі болып табылады. Психологиялық мәдениет. Әдетте, адамның әсіресе жас адамның кез келген өмірлік жағдаяттарға қосылуы темперамент, дарындылық, мінез бітістеріне байланысты болады. Кәсіби-еңбек мәдениеті. Әр жас жұмысшы кәсіби байланыстар, қатынастар, өзара әрекеттестік жүйесіне саналы енуде оны игеруі тиіс.
Кәсіптік білім беру мекемелерінде тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері
Еліміздегі әрбір еңбеккер өз кәсібінің иесі, ол өмір сүру, жанұя берекесінің көзі болып, өзінің кәсіби біліктілігін, шеберлігін шыңдап, жаңа техника мен технологияларды игеруде шығармашылықпен меңгеріп, кәсіпкерлік пен бизнесті тиімді ұйымдастыра білуі қажет. Әрбір тәжірибеші педагог өз тәрбиеленушілері мен біртұтас педагогикалық мақсатқа лайықтылық принципін жүзеге асыруға әрекеттенуі керек. Осы принциппен мазмұндас –жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеу принципі бүгінгі таңда алдыңғы орынға шығып отыр. Өйткені, қазіргі қоғамда түрлі топтардың жіктеліп, әртүрлі партиялар мен саяси қозғалыстардың белсенділік танытып отырғаны белгілі.
Саясатқа араласу –әрбір азаматтың жеке ісі, мемлекет те кеңес дәуіріндегідей жеке жеткіншектердің саяси белсенділігінетосқауыл болмауы керек. Бұл жерде адамдарды жікке бөліп, алауыздық туғызатын іріткі саясат емес, қайта оларды біріктіретін, ұлттық идеологияларға жататын, соған бағытталған кешенді тәрбие жүйесі қажет-ақ. Қоғамды ізгілендіру принципінде тәрбиелеу жеке тұлғаныңқызығушылығы мен ұжым арасындағы бірліктің ұйытқысы, одан барып адамның жеке қызметінің дамуы мен ұжымның тәрбиелік қызметіне ұштастыру идеясы басты орынға шығады. Қазіргі таңда педагогтар ғылымды игеруді өз бетінше дамыту, үйрену принципіне аса назар аударуда. Оқыту процесі кезінде алған білімдері негізінде жеке тұлғаның өз бетінше қызмет етіп, шешім шығара білу еркіндігі, шығармашылыққа жол ашады, өз бастамаларын аяғына дейін қандай тосқауыл болса да, өз ұжымы арқылы жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі туады. Бұл үшін ұлағатты ұстаздар, тәлімгерлер, жаңашыл педагогтар бастамасымен арнайы жүргізілген Кәсіптік оқыту мекемесі жағдайында мынадай тәрбие ерекшеліктерін анықтауға болады:
Кәсіптік оқыту мекемесі білім алушылары оқушылармен салыстырғанда ұзақ уақыт мақсаттылық педагогикалық әсерге бейімделген;
Кәсіптік оқыту мекемесі оқу еңбегі сипатының ерекшелігі – оқу-өндірістік болып табылады, себебі курстан курсқа өткен сайын оның өндірістік сипаты жоғарылайды;
Кәсіптік оқыту мекемесі тәрбие жұмысы білім алушы мінезіндегі маңызды өзгерістерін жоюда немесе қайта тәрбиелеумен байланысты;
білім алушылар өндірістік оқытудан өндірістік практикаға өткенде еңбек ұжымының тәрбиелік әсерін ескеру қажеттілігі;
жоғарыда аталған кәсіптік оқыту мекемелер білім алушылары мен педагогикалық ұжым мүшелерінің барлық ерекшеліктерін кешенді есептеу қажеттілігі;
кәсіби ортадағы жалпыәлеуметтік құқықтар мен мінез-құлық нормаларын дағдыландыру мүмкіншіліктері;
Достарыңызбен бөлісу: |