Практикалық біліктілік – еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделегн жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекет орынды тәсілдерді таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді.
Кәсіби дағды – кез-келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы қалыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады.
Лекция 13. Тақырыбы: Кәсіптік білім беруде өндірістік әдістерді қолданып оқыту Кәсіптік оқытудың сан алуан әдістері бар. Сондықтан да оның жіктелуінде де көптеген пікірлер бар.
Кәсіптік оқытудың әдістері төменгі кестеде көрсетілген, оның негізінде оқушылардың іс - әрекетінің тиімділігі алынып отыр.
Іс - әрекетінің тиімділігіне байланысты оқыту
әдістерінің жіктелуі
№
Әдістің атауы
Әдіс түрлері
1.
Көрнектілікті пайдалану арқылы
түсіндіру әдісі
- әңгіме
- лекция
- түсіндіру
- нұсқау беру
- көрсету
2.
Репродуктивтік
(еске түсіру) әдісі
- жаттығу
- тапсырма беру
- лекция
- демонстрациялау
- бағыт беру
3.
Проблемалық
әдіс
- әңгімелесу
- проблемалық жағдай
- ойын
- көз жеткізу
- жалпыламалау
4.
Өз бетінше
іздену әдісі
- диспут
- өзіндік жұмыс
- сарамандық жұмыс
- зертханалық жұмыс
- жарысу
5.
Іздену әдісі
- ізденуді модельдеу
- жобалау
- ақауларды іздеу
- жаңа фактілердіжинау
Әдістердің жіктелуінің бірі – оқушылардың танымдық іс - әрекеті бойынша жіктелуі әдісі.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері мынадай екі топқа бөлінеді:
1. Еске түсіру (репродуктивтік) арқылы.
2. Іздену (шығармашылық) арқылы.
Еске түсіру әдісі арқылы оқушы білімді дайын күйінде алады немесе практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып,оқытушының не өндірістік оқыту шеберінің, басшылығымен игереді.