Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



бет77/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті
Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар кафедрасы


ТККР3210 «Кәсіптік педагогика»
ПӘНІНЕНСТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ


«5В012000 – Кәсіптік оқыту» мамандығы үшін

Алматы, 2016
Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмыстарының (ОСӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ)негізгі міндеті – студенттердің тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі саласындағы білімін, дағдыларын кеңейту, пысықтау, нақты тәрбиелік міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешу, дағдыларды қалыптастыру.
«Кәсіптік педагогика» курсын оқу барысында студенттер төмендегілерді меңгеріп орындауы тиіс:
– Кешенді педагогикалық әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың тәрбиелік дәрежесі мен оқушылар ұжымының даму қарқынын анықтай алу;
– Оқушылар мен балалар ұжымының жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып дәлелді, нақты тәрбиелік мәселелерді алға тарту;
– Оқушылар ұжымы мен жеке оқушыға жүргізілетін тәрбие жұмысының түрлі формаларын, әдіс тәсілдерін жоспарлау;
– Оқушыларды тәрбиелеуде мұғалімдер ата – аналар мен қоғамның қызметін бағыттауды басқару;
– Оқушылар мен ата-аналармен мұғалімдермен педагогикалық талапқа сай, қатынас орнату. Осы курсты үйрену студенттерге іс-жүзінде мектепте тәрбиелік іс-шараларды жүргізуді, теориялық тұрғыдан тәрбиелік жұмыстардың әдістерін игеруді қамтамасыз етеді.
Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмыстарының (ОСӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – негізгі және қоымша әдебиеттерді пайдаланып, тапсырмаларды орындауға студенттердің өз бетінше дайындалуға арналған сабақтары. Берілетін тапсырмалар мерзімінде және толық көлемде орындалуы тиіс. ОСӨЖ, СӨЖ аудиториядан тыс жұмыс болып есептеледі, тапсырмалар СӨЖ кестесі бойынша қабылданады және тексеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет