Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет14/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   379
Ветеринарлық-санитарлық сараптама ауылшаруашылық шикізаттары және шыққан тегі жануар тамақтық өнімдер үшін қолданылады. Бұл сараптаудың мақсаты – тұтұнушылардың қауіпсіздігін, адам және жануар үшін бірдей, ауруларды жұқтыруды болдырмауды қамтамасыз ету.

Ветеринарлық-санитарлық сараптама нысандары азық-түлік, тері, жүн, және басқа шикізаттар, сол сияқты жануар текті тамақ өнімдері болады.



Ветеринарлық-санитарлық сараптама субъектілері. ҚР «Ветеринария туралы» заңына сәйкес ветеринарлық қызметпен бұл салада жоғары және орташа білімі бар мамандардың айналысуына құқығы бар.

Ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізетін сарапшыларға теңдей түрде қатысы бар. Мұндай сарапшы ретінде ветеринарлық-санитарлық қызметтің жұмысшылары сарапшы ретінде бола алады.

ҚР мемелекеттік ветеринарлық қызметі мал өнімдерін ветеринарлықсанитарлық сараптауды жүргізеді, және елді аурудан сақтау бағытындағы басқа арнайы шараларды, ветеринарлық тұрғыда қауіпті мал өнімдерін пайдаланғанда болатын адамға және жануарға жалпы тамақтық улануды болдырмауды іске асырады.

Ветеринария Департаментінің жетекшісі ҚР мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы, ал өңірлік ветериналық басқармалардың жетекшілері – сәйкес өңірлердің мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторлар болады.

Мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бөлімшелері мал өнімдерін өңдеу және сақтау бойынша кәсіпорындарда құрылады.

Ветеринарлық-санитарлық сараптаманың нормативтік базасы ветеринарлық талаптарды орнықтыратын, малшаруашылығын жүргізгенде, оларды ұстағанда, сақтау өндірісінде, тасымалдауда және мал шаруашылығының өнімдерін өткізуде орындалуға міндетті стандарттардың жиынтығы, ТШ, ережелер, нұсқаулар.

Ветеринарлық-санитарлық сараптаманың ақпараттық қамсыздандыру ветеринарлық сертификаттардың көмегімен ғана емес, етті ветеринарлық және тауартанулық маркілеумен де жүргізіледі.

Ветеринарлық-санитарлық сараптаманың құқықтық базасын ҚР «Ветеринария туралы» заңы және соның негізінде жасалған заңдылық актілер құрайды. ҚР ветеринарлық заңдары жануарларды, адам және жануарлар үшін аурудан сақтау, қауіпсіз малшаруашылығының өнімдерін шығару, елді аурулардан қорғау саласындағы қатынастарды реттейді.

Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау – ҚР мемлекеттік ветеринарлық қызмет ұйымдарының және мекемелердің басқару органдарының қызметі. Ол жануарларды сақтандыруға және ветеринарлық тұрғыдан мал өнімдерін ескерту, анықтау және ҚР ветеринарлық заңдарын бұзуды тыю жолымен кауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ведомстволық ветеринарлық-санитарлық қадағалау ҚР мемлекеттік бас ветеринарлық инспекторының келісуі бойынша ветеринарлық заңдарға сәйкес, министрліктермен бекітілген, әрекеттегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау туралы ережелер бойынша сәйкесетін қызметтермен іске асырылады.



Тауарларды экологиялық сараптау. «Экологиялық» деген термин «экология» деген терминге жалғау ретінде шыққан.

Экология – жануарлардың, өсімдіктердің, микроағзалардың қоршаған ортамен өзара қатынасын зерттейтін ғылым.

Экологиялық сараптаманың мақсаты – тауарларды пайдаланғанда қоршаған ортаның ластануын болдырмау және адам үшін ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Экологиялық сараптаудың міндеттері – қауіпті тауарлардың номенклатураларын және қоршаған ортаға потенциалды қауіптілерін орнықтыру; тұтұну тауарларының қоршаған ортаға теріс әсерінің дәрежесін бағалау; тауарлардың технологиялык циклдарының әртүрлі кезеңдеріндегі пайда болатын ластағыштардың шекті рұқсат етілген концентрацияларын анықтау.



Тауарлардың экологиялық қасиеттерін сараптап бағалау әдістерін қолдану және жасау. Тауарларды экологиялық сараптау – тауарлардың қоршаған ортаға келтіретін зиянды әсерлерін сарапшымен бағалау. Табиғат қорғау шараларының құқықтық базасы ҚР конституциясы, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы, ҚР «Экологиялық сараптау туралы» заңдары болады.

Экологиялық сараптаудың қорытындысы – сарапшы комиссиямен дайындалған, сарапшы комиссияның көбірек тізбе құрамымен мақұлданған, шаруашылық және басқа әрекеттердің табиғи ортаға сараптау нысандарының және оларды іске асырудың мүмкіндгі туралы негізделген қорытындысы бар құжат.

Экологиялық қасиеттер – тауарлардың қоршаған ортаға әсер ететін қабілеттері.

Экологиялық көрсеткіш – тауарлардың қоршаған ортаға зиянды әсерлерінің дәрежесінің сандық және сапалық сипаттамалары. Экологиялық ластаушы көздер.

Пайда болу көздеріне байланысты экологиялық ластаушылар технологиялық, өткізер алдындағы, айдалану және қалдықты қайта өңдеу болып бөлінеді.

Қайта өңдеудің ластаушылары – өндірістің қалдықтарын немесе тұтұныу тауарларын қайта өңдеген кезде пайда болатын, қоршаған ортаға зиянды әсерлері бар ластауыштар.

Тауарлардың қайта өңдегендегі ластауыштары және олардың өндірістік қалдықтары үш түрге бөлінеді: стандартсыз тауарлармен, қалдықтармен және қауіпті өнімдермен.

Тауарлардың әрбір көрсетілген сатыларына (градация) қайта өңдеудің белгілі тәсілдері тән. Сапасыз және қаупті тауарларды қайта өңдеудің және алудың тәртібі. Тауарлық сараптама жүргізу нәтижесінде, тұтыну тауарларының қойылған талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және олардың сапа сатылары анықталады.

Тауарлардың сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды қайта өңдеу тәсілдері туралы ұсыныс беріледі. Оны кәсіпкерлер өз бетінше немесе Мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау органдарының қатысуымен іске асырады.

Сонымен экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша қорытынды тауарлық сараптаманың жалпы бөлігі бола алады. Сапасы төмен тауарлар мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен анықталады және бұл кезде олардың құзыреттілігі шеңберінде өнімді өткізуді тоқтату немесе тұтқындау, оларды алу, қайта өңдеу тәсілдері туралы шешім қабылданады.



Сараптау жүргізуге тапсырыс беруші сарапшылардың ұсыныстарын еске алады немесе оларды қайта өңдеу тәртібін анықтайды немесе жою жөнінде Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдармен келісіледі.


1.2. Тауарлық сараптаманы жүргізуді ұйымдастыру


Тауарлық сараптаманы жүргізуді дұрыс ұйымдастыру оның жан-жақты және сенімді нәтижелерін алуда маңызды роль атқарады.

Тауарлық сараптаманы жүргізуде, үш кезеңге бөлу қабылданған: дайындау, негізгі, қорытындылаушы. Әрбір кезең үшін арнайы ерекшеліктер тән – құралдар, әдіс және айла-амалдары. Оларды ұтымды таңдау, оның соңғы нәтижесі, сараптаудың жетістігін алдын ала анықтайды. Осыған байланысты әрбір кезеңді талдау тиімді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет