Тауарлық сараптаманың әдістері. Тауарлық сараптаманың әдістемесі тауарларды сараптап бағалауда соңғы нәтижеге жету тәсілі. Өлшеу құралдарын қолдануға байланысты барлық әдістер топтарға, топшаларға және түрлерге бөлінеді. (1.6-сурет).
Өлшеу әдістері – техникалық құралдардың көмегімен сапаның шын мәндерін анықтау әдістері. Өлшеу әдістері сапаның физика-химиялық немесе микробиологиялық көрсеткіштерін анықтау үшін арналған (1.7-сурет).
Тіркеу әдістері. Тіркеу әдістері таңдалған белгілі нышандары бойынша нысандардағы санақ санына және бақылауларға неізделген. Жіктеу нысандары ретінде тауарлардың градациясы және нақты ақаулық түрлері сол сияқты түрлері, атаулары, топтары және топшалары таңдалуы мүмкін.
Тіркеу әдістері – тауарларды қабылдағанда және сақтағанда сараптап бағалаудың кеңірек тарағандарының бірі. Жеке сауда қызметінің сапасын бағалауда сарапшылар саудалық қызмет көрсетудің сапасын тексеру үшін осы әдісті сатып алушылардың арыздарының санын, белгілі бір уақыт ішінде қызмет көрсетілген сатып алушылардың санын тіркеу жолымен сарапшылар пайдалануы мүмкін.
1.6-сурет. Тауарлық сараптаманың жіктеу әдістемесі
Органолептикалық әдістер – сапа көрсеткіштерінің мәндерін сезім мүшелерінің көмегімен анықтау әдістері.
Сапа көрсеткіштердің және органолептикалық әдістердің өзара байланысы.
-
Органолептикалық әдістер
|
Қолданылатын сезім мүшелері
|
Органолептикалық сапа көрсеткіштері
|
Көзбен көру
Сезетін
Сезім мүшесімен
Дәм татумен
Аудио әдіс
|
Көз – көру мүшесі
Түйсіну мүшелері
(сезіну)
Сезім мүшесі –
мұрын қуысы Дәм сезу мүшесі – ауыз қуысы есіту мүшесі (есіту аппараты)
|
Сыртқы түрі: пішіні,
түсі, бетінің күйі, бүтіндігі
Консистенция
иісі (аромат)
дәмі
дыбыс (дыбыс
шығару)
|
Эймур бойынша 7 алғашқы иіс бар, олар: камфоралық (камфора); мускустық (пенталеканолактон); гүлдік (фенилметиэтилкарбонил); жалбыздық (ментол); эфирлік (дихлорэтилен); өткір, ащы (құмырсқа қышқылы); сасық (бутилмеркаптан).
Тұтынушы тауарлар үшін көбірек маңызы бар екі класс: ароматтық және бальзамдық иістер, олар тағы камфорлық, татымды, анистік, лимондық, бадамдық, гүлдік, лилейлік және ванильдік болып топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |