Сараптау субъектіері. Тауарлық сараптауға субъектілер ретінде физикалық немесе заңды тұлғалар бола алады. Оларды заңдық статусы және мамндығы бойынша жіктейді.
Тауарлық сараптама құралдары. Тауарлық сараптаманы жүргізгенде, сарапшылармен қолданылатын барлық құралдар арналуына байланысты екі топқа бөлінеді: тауарлар туралы ақпараттар құралдары және материалдықтехникалық құралдар (1.4-сурет).
Тауарлар туралы ақпарат құралдары. Ақпарат – тұлғалар, заттар, актілер, оқиғалар, құбылыстар және үдерістер туралы олардың келтірілу түріне байланыссыз мәліметтер.