Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет3/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   379

1.1.Тауарлық сараптаманың құрылымы


Тауарлық сараптаманың құрылымына кіретіндер: мақсаттары, міндеттері; жіктелуі; принциптері; нысандары мен объектілері; әдістері мен құралдары; сараптаманы ұйымдастыру және базасы. Соңғы нәтиже сараптаудың актісі болады.



Тауарлық сараптаманың мақсаты – тауардың негізгі сипаттамаларының реттік және сандық бағалауын жүргізу, сонымен бірге оларға әсер ететін үдерістерге, кейбір кездерде тікелей өлшеуге болмайтын және сарапшы мамандардың шешіміне негізделеді. Көрсетілген мақсаттарға жету үшін шешілетін міндеттер мыналар: тауарларды сараптаудың нақты мақсатын ескеріп, сапасын және ассортименттерінің көрсеткіштерін, қасиеттерін дұрыс таңдау; Көрсеткіштердің шын мәндерінің қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау және болжанатын сапа көрсеткіштерінің мәндерін және /немесе коэффициенттерінің салмақтылығын анықтау; тауарлардың құндылық қасиеттерін анықтау және сандық өлшеу; қажетті ақпараттарды іздестіруді жүргізіп, оны сараптау мақсаты үшін пайдалану; алынған мәліметтерді қорытынды немесе ұсынысты жасау үшін бағалау және талдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет