1.4-сурет. Тауарлық сараптау құралдарын жіктеу
Құжаттар. Олар сараптама жүргізген кезде маңызды құралдарға жатады және нормативтік, техникалық және технологиялық болып бөлінеді.
Тауарларды сараптауды сарапшылармен және сараптау ұйымдарымен жүргізу үшін ақпараттық ресурстарды және жүйелерді құруға тура келеді.
Ақпараттық ресурстар – ақпараттық жүйедегі (кітапхана, архив, қорлар, мәліметтер банкі және т.б.) құжаттардың массиві немесе жеке құжаттар.
Ақпараттық жүйелер – құжаттардың ұйымдастыру-тәртіпке келтіру бірлесуі (құжаттардың массиві) және ақпараттық технологияның, соның ішінде ақпараттық үдерістерді іске асырушы есептеу техникасының құралдарын, байланысты пайдалану
Ақпараттық үдерістер – ақпаратты тарату және іздестіру, сақтау, жинақтау өңдеу, жинау үдерістері.
Нормативтік құжаттар. Сарапшылармен іске асырылатын ақпараттық үдерістер, қажетті құжаттардың барлық түрін қамтиды. Соның ішінде ерекше орын алатыны – нормативтік құжаттар. Нормативтік құжаттар (НҚ) – ережелері, жалпы принциптері, сипаттамалары бар, белгілі әрекет түрлеріне қатысты немесе нәтижелерге, және кең көлемде тұтұнушылардың қолы жететін құжат ҚР МемСТ стандартары.
Нормативтік құжаттар сауда саласында сауда ережелерімен, қағидаларымен, еңбекті қорғау ережелерімен берілген.
Бақылау касса машиналарын пайдалану бойынша типтік ережелермен, әдістемелік ұсыныстар, әдістемелермен, нормалар, ҚР Үкімет Қаулыларымен бекітілген және ертерек жасалғандары ҚР сауда министрлігімен, басқа да министрліктермен және ведомстволармен бекітілген. Үкімет қаулыларымен бекітілген нормативтік құжаттардың регламенттер статусы бар және меншік түрлерінің формасына және ведомстволық бағынуына тәуелсіз барлық субъектілердің қолдануы міндетті. Қалған нормативтік қжаттар ұсыныстық сипатта болады. Сауданың негізгі ережелеріне сәйкес сатушы міндетті түрде: қажетті нормативті құжаттары болуы және олардың талаптарын орындауы керек; тауарларды өткізу кезінде міндетті сертификаттауға жататын сертификатын дәлелдеуі керек. Бұл аталған техникалық құжаттардың бірі (сертификаттың түпнұсқасы, оның сендірілген көшірмесі, тауарлық-жолдама құжаттары, түпнұсқа немесе сендірілген көшірме негізінде дайындау); сатып алушыға сауда ұйымы, тауар және көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар беру, соның ішінде тұтынушыларға тауарды айырбастау немесе қайтару тәртібі туралы мәліметтер жеткізу. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құжаттар ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңында бекітілген. Оларға жататын стандарттар: халықаралық, өңірлік, мемлекеттік, салалық, кәсіпорын және қоғамдық, ережелер және нормалар, жалпы қазақстандық техникаэкономикалық ақпараттардың жіктеулері.
Ұйымдастыру-техникалық құжат (ҰТҚ) – білікті органдармен бекітілген және белгілі жүйеге негізделіп орнатылған ереже. ҰТҚ сараптау жүйесі бойынша өндірістік-сауда палатасымен бекітіледі.
Техникалық құжат (ТҚ) – тауар қозғалысында оны растау үшін, тауардың сипаттамалары туралы нақты ақпараттары бар құжат. Бұл құжаттың негізгі арналуы – тауарлардың немесе тауарлар партиясының барлық қозғалыс кезеңінде бақылануын және расталуын қамтамасыз ету. Техникалық құжаттар тауарлық-жолдама, пайдалану және жобалау-құрылымдау болып бөлінеді. Олардың қолдану дәрежесі тауарды сараптау түріне байланысты.
Технологиялық құжаттар – өнімді дайындау, сақтау және тасымалдау жөнінде технологиялық үдерістер туралы ақпараттар беруге арналған. Технологиялық құжат – рецептердің, құрылымдардың, технологиялық үдерістердің өнімнің өмірлік циклының әртүрлі кезеңдерне немесе қызметтерге тән сипаттамасы бар құжат.
Маркілеу. Бұл тауар туралы ақпарат құралдардың маңыздысына жатады, сондықтан тауарлық сараптама жүргізгенде кеңінен қолданылады. Маркілеу- текст (мәтін), шартты белгілер немесе бумаға немесе тауарға, сол сияқты басқа қосымша құралдарға салынатын сурет. Тауарды растау немесе оның жеке қасиеттері туралы ақпараттарды тұтынушыға жеткізу үшін арналған.
Арнайы әдебиеттер – қызығушылық танытқан пайдаланушыларға кәсіптік ақпараттарды жеткізуге арналған басылым. Арнайы әдебиеттер ақпараттардың сипаттарына байланысты оқулық, ғылыми және анықтауыш болып түрге бөлінеді. Көрсетілген түрлердің әрбірі толық көлемде немесе жартылай сараптау қызметінде пайдаланылады.
Материалдық техникалық құралдар. Қолданылатын құрылғыларға байланысты бұл құралдарды мынадай түрге бөледі: материалдық-техникалық база, өлшеу және табу құралдары, ұйымдастыру техникасы (1.5-сурет).
Материалдық-техникалық база. Сарапшының жұмыс орны қажетті жиһаздармен (жазу немесе зертханалық столмен, орындықпен), электр жарықтандыру құралдарымен жабдықталуы қажет. Базаны құрайтын материалдық-техникалық құралдар тұрақты және жылжымалы, негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі тұрақты құралдарға ғимараттар, құрылымдар, сауда-технологиялық және зертханалық жабдықтар жатады.Қосымша құралдар ретінде ұйымдастыру техникасы, көлік құралдары, тиеу-түсіру жабдықтары қолданылады. Өлшеу құралдары – физикалық шамаларды өлшеуді жүргізу үшін техникалық құрылғылар.
Өлшеу құралдарын сарапшылар тауарлық сараптама жүргізгенде қолданады және олар тауардың физикалық шамаларын өлшейтін және сақтау режимдерінде климаттық көрсеткіштерді өлшейтін болып бөлінеді. Олар қарапайым және күрделі құрылғылар. Қарапайым құралдарға кез-келген өндірістік жағдайда қолдануға болатын ыңғайлы қарапайым құралдар және өлшеуіштер жатады. Олардың құндылығы – қарапайымдылығы және жылдам өлшеуі. Олармен айналысу қосымша ұзақ оқуды қажет етпейді. Мысалы, мұндай қарапайым құралдарға ұзындық өлшеуіштер, көлем, масса, температура, ауаның салыстырмалы ылғалдығын өлшейтін, т.б. жатады.
Сақтауда климаттық режинің көрсеткіштерін өлшеу құралдары температураны, ауаның салыстырмалы ылғалдығын, ауауның қозғалу жылдамдығын және газдардың құрамын өлшеуге арналған. Ауаның температурасы термометрдің немесе термографтың көмегімен өлшенеді.
Термометр – температураны оның көрсеткішін өлшеуге немесе температураның белгілі функциясы болатын белгіге түрлендіру жолымен өлшеу үшін құрал. Құрылғының әрекет ету принциптеріне байланысты термометрлер келесі түрлерге бөлінеді: сұйықты, деформациялық, кедергілі термометрлер және термоэлектрлік (термоқосақтар).
Ауаның салыстырмалы ылғалдығы Августың, Астманның психрометрлерінің, гигрографтардың және гигрометрлердің көмегімен өлшенеді.
Анықтау құралдары – жеке заттардың қасиеттерін немесе физикалық шамалардың барын айқындау үшін арналған стандартты заттар немесе техникалық құралдар. Өлшеу құралдарынан айырмасы, білу құралдары өлшенетін шамалардың шын мәндерін анықтауға қызмет ете алмайды. Мысалы, токты көрсеткіш, лакмусты немесе корсеткіш қағаз және басқалар.
Ұйымдастыру техникасы. Ұйымдастыру техникасына байланыс құралдары (телефондар, телефакстер, телеграфтар, почта байланысы); көбейткіш құалдар; санау-есептеу техникасы; компьютерлер, сол сияқты кеңсе тауарлары, құжаттарды өңдеу және сақтау құралдары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |