Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Қорытылған жануар майларының ассортименті



бет241/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Қорытылған жануар майларының ассортименті. Мұндай майлардың көп тараған түрлеріне сиыр, қой, шошқа, сүйек және құрама майлар жатады. Органолептикалық көрсеткіштеріне, қыщқылдық санына және құрамындағы ылғалдың мөлшеріне байланысты қорытылған жануар майлары (құс және құрама майлардан басқалары) жоғары және бірінші сұрып болып бөлінеді. Құс майлары І және ІІ сұрыпқа бөлінсе құрама майлар сұрыптарға бөлінбейді. Сиыр майының түсі ақшыл-сары немесе сары, жағымды иісі мен дәмі бар, 15–200 С температурада тығыз немесе қатты болады. Ерітілген кезінде мөлдір. Бірінші сұрыпты майда жеңіл қуырылған дәм болуы мүмкін. Сиыр майының балқу температурасы жоғары (42–52 С), сондықтан оның сіңімділігі төмен (80–94%).

Қой майының түсі ақтан ақшыл-сарыға дейін (жоғары сұрып ), сары (1 сұрып) болуы мүмкін. Дәмі мен иісі өзіне тән. Бірінші сұрыпты майда жеңіл қуырылған дәм болады. Қой майының консистенциясы 15-20С температурада тығыз және қатты, ал құйрық майының консистенциясы осы температурада қоймалжың болады. Ерітілген қой майы мөлдір түсті. Қой майының балқу температурасы (44–45С), сіңімділігі (80–90%).

Шошқа майы қатты, ақ түсті болады, бірінші сұрыпты майдың түсі сарғыш немесе сұрлау болуы мүмкін. Шошқа майының консистенциясы 15-20 С температурада қоймалжың немесе тығыз. Балқу температурасы (36–42 С). Сүйек майы ақтан сарыға дейін түсті. І сұрыпында сұр рең болуы мүмкін, дәмі мен иісі өнімнің өзіне тән болады. І сұрып та жағымды қуырылған дәм, балғын сорпа татымының болуы рұқсат етіледі. 15–20 С температурада консистенциясы сұйық, қоймалжың немесе тығыз болады. Ірі қара мал мен шошқаның сүйектері тамақ майын алатын шикізат болады. Сүйек сүйек колагені және аз мөлшерде суда ерімейтін кальций тұздарымен толыққан майдан тұрады. Сүйек сыртқы қатты қабаттан және ішкі кеуекті қабаттан тұрады. Сүйектердің ортасында қызыл, сары, сұр май бар. Оның құрамында олеин, стеарин, және пальмитин қышқылдары бар. Сүйектен майды алу үшін алдымен оларды жуады, майдалайды, содан кейін сүйектерді жылумен өңдеп

(сумен немесе бумен өңдеп немесе құрғақтай қыздырып) алады. 100 С жоғары температурада өңделген сүйектердін желім алынады.



Жинақ майды шұжықтарды, ысттамаларды, субөнімдерін және т.б. қайнатып сорпа бетінен жинайды. Майдың түсі ақтан қюо сарыға дейін. Сұр және жасыл рең болуы мүмкін, сонымен қатар шыжық, сорпа, дәмдеуіштер, ыстамалар дәмі мен иісі біліну мүмкін. Еріген күйде май лайлы болады. Консистенциясы сұйық, қоймалжың немесе тығыз.

Қорытылған жануар майларында (құрама майдан басқа) түрі мен сұрыпына байланысты 0,2-ден 0,3% дейін ылғал болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет