Маргарин өнімінің жіктелуі және ассортименті
Маргарин шығарылуына қарай топтарға бөлінеді. Топтыңың ішіндегі рецептің құрамына байланысты маргарин аты сәйкес келеді. Қасиетіне байланысты маргариндер «Сливочный», «Молочный», «Эра», «Новый», «Солнечный», жоғары және бірінші сұрыптарға бөлінеді (8.1-кесте).
Маргарин асханалық, бутербродтық және өндірістік өңдеуге арналған болып үш түрге бөлінеді.
Асханалық маргарин – мал, өсімдік майлары, сүт, дәмдік, хош иістік және т.б. заттардың қоспасынан дайындалынған тамақ өнімі. Асханалық маргарин сүтті маргариннің бірі. Мұның құрамында 72, 75, 82% май болады, үйде тағамдарға, қоғамдық тамақтандыру орындарында кулинарлық, ұннан пісірілетін кондитер, нан өнімдерін дайындау үшін пайдаланылады. «Новый», «Сливочный», «Молочный», «Радуга», «Солнечный» сұрыптары бар. Асханалық маргаринді жоғары және бірінші сұрыпқа бөледі.
Бутербродтар дайындау үшін майлылығы 62 және 82%-дық маргарин пайдаланылады. Экстра, Ерекше, Славяндық, Жеңсік, Шоколадты сары майлы сұрыптары бар. Славяндық сұрыбына А дәруменін қосады. Мұндай маргариндер тауарлық сұрыптарға бөлінбейді.
Өндірістік өңдеуге арналған маргариндерді майлылығығы 82, 82,5% және 83%. Кондитерлік маргарин – сүтті, сары майлы және қабаттамалы қамырға арналған болып шығарылса, нан өндірісіне арналып сүтсіз және сұйық маргарин түрлері өндіріледі. Мұндай маргариндер сауда орындарына түспейді Бутербродты маргарин – «Экстра», «Әуесқойлық», «Шоколадты кілегейлі» – үй жағдайында бутерброд жасау үшін және халықтық тұтыну өндірісінде қолдануға арналған; «Экстра» кондитер өнімінің кремін өндіру кезінде қолданады. «Кілегейлі», «Новый» (майдың үлкен массалық үлесі 82%), «Солнечный» , «Қалалық» (майдың аздатылған массалық үлесі – 72–75%) – үй жағдайында тамақ жасау үшін және де халықтық тұтыну өндірісінде қолдану үшін арналған, сонымен қатар нан пісіру және ұнды кондитер өндірісінде қолданылады.
8.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |