Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Ет сапасын химиялық жолмен анықтау



бет267/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   379
Ет сапасын химиялық жолмен анықтау. Ет балғындылығын химиялық талдау әдісімен анықтауда ұшқыш май қышқылдары мөлшері мен сорпадағы ақуыздың алғашқы ыдырау өнімдерін анықтауды жүргізеді.

Сорпадағы ақуыздың алғашқы ыдырау өнімдерін анықтау. Еттен жасалған сорпада ақуыздар коагуляцияланады, оларды сүзу арқылы алып тастайды. Сүзіндіде ақуыздың ыдырау өнімдері қалады, олар мыс сульфатымен тұнбаға түседі. Тұнбаның түзілу интенсивтілігі ақуыздың ыдырау өнімдерінің мөлшеріне тәуелді. Ет бұзылған сайын, одан дайындалған сорпада мыс сульфатымен әрекеттескенде лайлану байқалады, содан соң үлпектер түзіледі. Сонымен қатар айқын бұзылған ет сорпасында ақуыз ыдырау өнімдерінің көбеюіне байланысты желе тәрізді тұнба түзіледі.

Пробиркаға жоғарыда айтылғандай жолмен дайындалған 2 мл сорпа құйып, 3 тамшы мыс сульфатының 5%-дық сулы ерітіндісін тамызады, пробирканы 2-3 рет шайқап, штативке бекітеді, 5 минуттан кейін реакция нәтижесін қарап қорытынды жасайды. Егер ерітіндіні қосқан соң сорпа мөлдір болса, ет балғын саналады. Ерітіндіні қосқан соң, сорпа лайланса, ал мұздатылған етте лайланып, үлпек түзілсе, ет күдікті балғын болып саналады. Ал ерітіндіні қосқан соң желе тәрізді тұнба түзілсе, жібіген еттен дайындалған сорпада ірі үлпектер түзілсе, ет балғын емес болып саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет