Ас тұзының мөлшерін анықтау. Шұжық өнімдеріндегі ас тұзының мөлшері шұжық өнімдерінің түріне байланысты стандарттармен нормаланған.
Жұмысты орындау реті: Майдаланған шұжықтың 5 г өлшендісін 0,001 г дәлдікпен химиялық стаканда өлшеп алып, 100 мл дистилденген су құяды да, периодты түрде араластырып, 20 минут тұрғызады. Шұжық өлшендісін тұрғызу барысында оны 40 °С температурада 30 минут бойы стаканда қыздыру керек. Тұрғызған соң стакан құрамын сүзіп алып., 10 мл сүзіндіні 0,5 мл хром қышқылды калий қатысында азот қышқылды күміс ерітіндісімен кірпіш-қызыл түске енгенше титрлейді.
Хлорлы натрий мөлшерін пайыз есебімен мына формуламен есептейді: NaCl мөлшерін мына формуламен анықтайды:
V1 K 0,005845100100
X ,%,
V2 m
мұндағы V1 – титрлеуге кеткен 0,1н AgNO3 ерітіндісінің көлемі, мл;
V2 – титрлеуге алынған сүзінді мөлшері
K – AgNO3 ерітіндісінің түзету коэффициенті (0,1 н ерітінді үшін қалыптылық коэффициенті);
0,005845 – 0,1н AgNO3 ерітіндісінің 1 мл сәйкес хлорлы натрий мөлшері; m-шұжық өлшендісі, г;
Достарыңызбен бөлісу: |