Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Шұжық – туралап, тұздалып, бұрышталып ішекке салынған майлы соғым еті. Сүрлеп (бұрышталмағанын) ұзақ уақыт сақтауға болады. Түйемеш



бет287/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Шұжық туралап, тұздалып, бұрышталып ішекке салынған майлы соғым еті. Сүрлеп (бұрышталмағанын) ұзақ уақыт сақтауға болады.

Түйемеш – келіге түйілген немесе тоқпақпен жанышталған кескен ет. Қатырып немесе қарынға салып сақтайды. Майға қарып, суға қайнатып, кейде ішекке тығып қайнатып пісіреді. Дәмдеуіштер қосылады.

Әсіп – туралып, бүйенге тығып пісірілген тамақ; соғым сойған күні малдың іш майына, жұмсақ еттерін, өкпесі мен бүйрегін турап, күріш қосып, бүйенге тығып пісіреді. Көкөніс, дәмдеуіштер қосылады.

Бұжы – қой етінің бүйенге тығылған шұжығы.

Бұжығы – турап, қарынға салып асқан жұмсақ,майлы ет. Көкөністер, картоп, дәмдеуіштермен араластырып пісірсе тіпті дәмді тағам.

Жаужұмыр – түгелдей өз қарнына салынып, қоламтаға пісірілген қой еті; оған су құйылмайды. Кейде жау бүйрек деп те аталады.

Борша-кісе – ішекке, бүйенге тығылып, жайылған қамырға оралып пісірілген тағам; тауық, қаз, үйрек, бұзау, лақ, қозы етіне сарымсақ, бұрыш, шикі жұмыртқа, сары май қосып пісіреді.

Сырбаз – өз терісіне орап қоламтаға көміп пісірген бағлан еті; кей жерлерде жол жұмыр деп те аталады.

Ет хошан қойдың құйрығы, қамыр, өсімдік майын қосып, қарынға салып, пешке пісіретін тамақ; тұз-бұрышы, дәмдеуіштері қосылады.

Төс етсиыр мен жылқының төстігі; төстен бөлек алынып қақталады. Төс сүйек қазанға салынарда етегінен бөлектенеді және төс сүйектің өзі, ірі шеміршектері екі–үш бөлек етіп жүйеленеді. Төсетек 3–4 күннен көп тұратын болса, тұздалады. Жылқы төсінде етек, шеміршектер қазыға кетеді де, төстің соқа басы қалдырылады. Ол қазанға бөлшектеп салынады. Төс етті тілімдегенде майлы қыртысы бірдей тілкемделуі көзделеді.

Жая – жылқының қалың сауыр еті; сүйексіз бөлек алынады, тұздап сүрленеді, ұзақ уақыт сақталады. Жаяны тілімдегенде оның сыртқы майлы қыртысының барлық тілкемдеріне бірдей тегіс бөлінуі көзделеді. Соғым еті таусыла бастағанда жая–жамбас, қазы орнына жүреді. Егер табақ туралып келсе, жая біркелкі жапырақтап туралып табақтың бетіне салынады.

Сүр ет – қақтап, тұздап кептірілген ет; әдетте еттің сұрпы жағы, яғни қазы, қарта, жал, жая, омыртқа, төс еттері ғана сүрленеді. Сүрлеу үшін жұқалап қақталған етті тұздап, көлеңке әрі жел соғып тұратын жерге кептіреді. Ерекше дәмді ет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет