Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет337/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

12.3.13. Басқа тұқымдас балықтар




Скорпен тұқымдасына теңіз алабұғасы мен теңіз таутаны жатады. Теңіз алабұғасы (морской окунь) – мүхиттың терең суларында тіршілік етеді. Атлант мұхиты мен Тынық мұхиттың солтүстік бөлігінде қызыл түсті, көзі үлкен теңіз алабұғасы тіршілік етеді. Оның салмағы 500 грамнан 2,5 килограмға дейін болады. Еті хош иісті және дәмді. Теңіз алабұғасының жон еті дәмдірек болуы үшін оны тоңазытпай қуыру қажет. Оның арқа сүйегі мен басынан қайнатылған сорпа майлы және хош иісті болады.

Тропикалық сулардан теңіз алабұғасын аулайды. Олардың арасынан салмағы 200 килограмға жететін өте ірілері де, сондай-ақ 3–4 килограмм болатын ұсақтары да кездеседі. Еті аппақ, өте дәмді.

Денесінің пішіні бойынша теңіз алабұғасы өзен алабұғасына ұқсас, тек теңіз түбіндегі түрлерінің ашық қызыл немесе қызғылт түсті үлкен көздері болады. Теңіз алабұғасы ең жақсы теңіз балықтарының бірі болып саналады. Олардың ет нәзік, тығыз, ақ және дәмді. Суық және ыстық ыстауда, сүбе өндірісінде, аспаздықта қолданылады. Құрамындағы май мөлшері 2-ден 10%ға дейін жетеді, ал ақуыз – 15–20%-ға жетеді.

Ірісі басымен бірге – 0,8 кг артық, бассыз – 0,6 кг артық, ал майдасы – бассыз – 0,6 кг дейін, баспен – 0,8 кг дейін болады.

Қиыр шығыста аз мөлшерде теңіз таутандары ауланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет