Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет345/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Миногтар (миноги)дене құрылыстары жыланға ұқсас, қабыршақтары болмайды. Олар Балтық, Баренц, Ақ және Каспий теңіздерінің бассейндерін, сондай-ақ Сібір мен Қиыр Шығыс өзендерін мекендейді. Оның 30 аса түрі бар. Ұзындығы 15-тен 100 см дейін. Каспий жыланбалығы Каспий теңізі мен Еділ өзенінде кездеседі. Дене тұрқы 37–41 см, массасы 50–70 г. Бұл балықтардың еті өте дәмді болады. Жылан балықтың қаңқа сүйектері мен еті және ішек қарындылары болмайды, сондықтан оның ішін жармайды (тек басын кесіп тастайды, өйткені желбезегіне балдыр мен құм тұнып қалады). Жылан балықтың денесін жауып тұрған шырышты қабыры болады, сондықтан жаңа ауланған жылан балықты пайдаланар алдында мұқият жуып, тазалау керек. Жылан балықтар сауда орындарына бапталып, қуырылып, көбінесе сілікпе немесе дәмді сірке суына маринадталып түсіріледі. Етінің құрамында 20–34%май болады.

Жылан балықтар (угреобразные) – қылтанақты балықтар тобына жататын, ұзындығы 10 см-ден 3 м-ге дейін, массасы 15 г 65 кг-ға дейін болатын балықтар. Көп тараған жылан балықтың ұзындығы 50–150 см (2 м-ге дейін), массасы 4–6 кг болады. Оның етінің майы 22%-ға жетеді. Жас етінен тағамдардың барлық түрлерін дайындауға болады. Оның 30-дан аса түрі бар. Ұзындығы 15-тен 100 см-ге дейін. Каспий жыланбалығы Каспий теңізі мен Еділ өзенінде кездеседі. Дене тұрқы 37–41 см, массасы 120–170 г. Бұл балықтардың еті өте дәмді болады. Жылан балықтың қаңқа сүйектері мен еті және ішекқарны болмайды, сондықтан оның ішін жармайды, тек басын кесіп тастайды. Балықтың сыртындағы шырышты қабатты мұқият тазалау қажет.

Жылан балық (Угорь). Оны ТМД өзендерінен, Балтық теңізі бассейнінің жағалау суларынан аулайды. Жылан балықтың ірілерінің салмағы 6 килограмға жетеді. Онын етінің 22%-ы май болады. Ысталған ірі жылан балықты дастарқанға қоярда және жас балықты кулинариялық баптағанда терісін алып тастаған жөн. Оның жас етінен тағамдардың барлық түрлерін әзірлеуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет