Нототениттер тұқымдасына нотитениттер жатады.
Нототениттер – теңіз түбінде тіршілік ететін балықтар тобы, олар тек Оңтүстік Американың жағалауындағы Антарктида жағалауы және ағынсыз суларды мекендейді. Ең құндысы – мәрмәр нототениясы – ірі балық (салмағы 5–6 кг). Әдетте түсі көкшіл немесе жасыл-ақ болады. Еті ақ, жұмсақ, хош иісті, майлы (8–16%), майда сүйексіз. Бұл балықтан алынатын балық өнімдері мен ыстық ысталған балық өнімдері деликатес болып саналады.
Аталған балықтардан басқа кәсіптік маңызға мероу, тас алабұғасы (серран тұқымдасы), зубатка (зубатка тұқымдасы), мұз балық (асыл тұқымды балық), теңіз тілдері (теңіз тілдерінің тұқымдасы), марлин (желкен тұқымдасы), көмір балық (анапломид тұқымдасы) және т.б. жатады.
Зубатка – теңіздің терең жерлерінде тіршілік ететін балық. Ол иегізінен Атлант мұхиты мен Тынық мұхиттың солтүстік бөлігін мекендейді. Салмағы 500 грамнан 15 килограмға дейін. Теңбіл зубатканың еті дәмді болады (оны Баренц пен Ақ теңіздерінен аулайды). Еті ақ, нығыз болып келеді. Оның етін аздап оірке суы қуйылған тұзды суға қайнату керек. Сондай-ақ зубатканы бүқтыруға да, қуыруға да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |