Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Тұздалған балық сапасына қойылатын талаптар



бет351/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Тұздалған балық сапасына қойылатын талаптар. Тұздалған балық І және ІІ сұрыпқа бөлінеді. Барлық негізгі сапа көрсеткіштері бойынша (сыртқы түрі, бөлшектеу, консистенциясы, иісі) барлық тұздалған балықта белгілері бірдей талаптармен сипатталады. І сұрыпты барлық балықтардың беті таза, зақымданбаған, балық түсіне тән түсті, қараймаған болу керек. Консистенциясы нәзіктен тығызға дейін, дұрыс бөлшектенген, дәмі мен иісі – түріне сәйкес, бұзылмаған болу керек. ІІ сұрыпта терісі зақымдануы мүмкін, беті қараюы, сарғаюы мүмкін. Дұрыс емес бөлшектену, әлсіз бірақ босап кетпеген консистенция, майдың сәл ашыған дәмі біліну мүмкін.

Татымдықты және маринадталған балық сұрыпқа бөлінбейді. Беті таза, ал еті нәзік, шырынды, сүйегінен жеңіл ажыратылатын болу керек. Дәмі мен иісі жағымды, татымдық иісті, еті – шырынды, жұмсақ, ал маринадталғанда – борпылдақ болу керек.

Тұздалған балық ақаулары өндіру технологиясы мен сақтау тәртібі бұзылғанда пайда болады. Күю – омыртқа маңындағы қан ыдырап қою қоңыр түс пайда болуы; май тотығуыбалық етінің беті сарғаюы; фуксин – қатты тұздалған, жылы жерде тұздықсыз сақталған балық бетінің қызаруы; дымқылдану – шикі балық дәмі мен иісінің білінуі; бетінің зақымдануы, көгеру.

Тұздалған балықты жәшіктерге, бөшкелерге, металл және шыны банкілерге, синтетикалық үлдірден жасалған пакеттерге буып-түеді. Қызыл балықты 250 л сыйымдылыққа дейін бөшкелерге немесе 80 кг-ға дейін жәшіктерге салады. Ставрида мен скумбрияны 120 л дейін бөшкелерге, ал әлсіз тұздалған балықтарды – 40 кг дейін жәшіктерге салады.

Тұздалған, татымды және маринадталған балықтарды дүкендердің суытылмайтын бөлмелерінде сақтайды. Сақтау мерзімі: әлсіз және орташа тұздалған – 3–-5 тәулік; қатты тұздалған – 15 тәулік; ал суыту кезінде орташа тұздалған балықтар – 15 күнге дейін; әлсіз тұздалған – 5 күнге дейін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет