Мұздалған балықтарға қойылатын талаптар. Мұндай балықтарды І, ІІ сұрыптарға бөледі. Майда балықтарды сұрыптарға бөлмейді. Стандартты майда және бірінші сұрыпты балықтардың сырты таза, табиғи түсті, сыртқы беттері бүлінбеген, дұрыс бөлшектенген, ерітілген кездегі иісі балыққа тән болуы қажет. Екінші сұрыпты балықтардың сыртқы түсі сәл қарайған, терісі сарғыш тартуы мүмкін.
Сауда орындарына мұздатылған балықтар сыйымдылығы 40 кг болатын ағаш немесе картон жәшіктерде, кейде сыйымдылығы 60 кг болатын корзиналарда, 30 кг-дық тоқыма қораптарда немесе жоғары массалы тюктерде түсуі мүмкін. Сауда орындарында мұз жоқ болса 1 тәулік, ал сақтау орынындағы температура 0 С болса, 3 тәулік, –5 С болса – 14 тәулік сақтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |