Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет348/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

12.4.3. Мұздатылған балық


Мұздату – балықтардың ұзақ мерзімге сақтау тәсілі. Мұздату консервілеудің кең тараған және тиімді әдісі болып табылады, себебі температураның төмендеуі (–18 С дейін және одан да төмен) және бос судың мұзға айналуы микроағзабер өміршеңдігі мен биохимиялық реакциялардың жүруіне қолайсыз жағдай тудырады.

Балық бұлшығының ішіндегі температурасы –6 С, –10 С немесе одан да төмен температураға жеткізілген балықтар мұздатылған балықтар

(мороженая рыба) деп аталады. Жоғары сапалы мұздатылған балықтарды –25 С-та жаңа ауланған балықты мұздату арқылы алуға болады. Мұздатудың көптеген тәсілдері бар. Оларға табиғи, мұз-тұзды араласпаларда, мұздату камераларында, жылдам мұздату камераларында, сұйық азотпен мұздату жатады.



Табиғи мұздату қыста балық аулау орындарында жүргізіледі. Тірі балықты ауа температурасы –15 С кезінде мұзға жаяды. Желді ауа райында ол тез қатады. Бұндай балықтың қанаттары ашылған, аузы жартылай ашық, желбезегі қызыл түсті болады. Бұл өнім жоғары сапалы.

Құрғақ жасанды мұздату –23С температурада суыту камераларында, – 35-тен –40 С-қа дейін тез мұздату аппараттарында жүргізіледі. Бұндай балықтардың желбезектері ашық қызыл түсті, жылтыр, көздері шығыңқы, қанатшалары денесіне жабысқан болады.

Мұз-тұзды мұздату мұз және ас тұз қоспасымен жүргізілед, ал тұздықпен мұздату ас тұзының төменгі температуралы (–16 С-тан –20 С дейін) ерітіндісімен жүргізіледі.

Сұйық азотпен мұздату – сұйық газды арнайы қондырғыда шашырату арқылы жүргізіледі. Бұнда балық құрылымы онша өзгермейді, тауар сапалы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет