Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Балық консервілері мен пресервтерінің ақаулары



бет367/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Балық консервілері мен пресервтерінің ақаулары. Сыртқы ақаулар – татталған және деформацияланған банка, бомбаж, герметикалы жабылмауы, ағындылар және т.б.; ішкі ақаулары – қарынның жарылуы, терісінің сыпырылуы, етінің езілуі, сорпаның лайлануы, томат тұздығының қатпарлануы, ақуыздың тұнуы, қытыр, қою түс, майдың бұзылуы, консервілердің ашуы, металл татымы мен иісі, өткір дәм және т.б.

Балық консервілері мен пресервтерін буып-түю, маркілеу және сақтау. Балық консервілерін қаңылтыр, шыны, алюминий банкілерге, ал пресервтерді – алюминий фольгасы мен полимерлі материалдан жасалған банкілерген буып-түйеді. Банкілер литография көмегімен, затбелгі жабыстыру көмегімен безендіріледі. Литографияланбаған банкілерде маркілік белгілер үш қатарға басылады. Бірінші қатар – өнімнің өндірілген күні: күні – екі цифр, айы– екі цифр, жылы– соңғы екі цифр; екінші қатар – ассортименттік белгі – 1– 3 белгі (цифр немесе әріп), зауыт нөмірі – 1–3 белгі (цифр немесе әріп); үшінші қатар – ауысым – бір белгі, балық өнеркәсібінің индексі – «Р» әрпі.

Литографияланған банкі қақпағына тек ауысым, шығарылған күні, айы, жылы штампталады.

Балық консервілері мен пресервтарын жәшіктерге салады.

Консервілерді суық бөлмелерде сақтайды. Сақтау мерзімі: скумбриядан алынған табиғи консерві – 24 ай, ішкі су балықтарынан алынған томат тұздығындағы балық консервілері – 18 ай, мұхит балықтарынан алынған– 24 ай, шпрот пен сардина– 24 ай. Пресервтерді – 2-ден –8 С-қа дейін температурада 1–6 ай сақтайды. Пресервтердің кепілді сақтау мерзімі – 45 күн.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет