Балықтың массалық құрамын талдау. Балықтың массалық құрамы деп жеке дене және мүше бөліктерінің жалпы балық массасына қатынасын айтады, пайызбен өрнектеледі.
Балықтың массалық құрамы балық түріне, жасына, физиологиялық күйіне байланысты өзгереді. Массалық құрамы бойынша мәліметтерді өнім құнын калькуляциялауда жартылай фабрикаттар, дайын өнім, қалдық шығымын орнатуда қолданылады.
Тауартану-технологиялық тәжірибеде балықтың жеуге жарамды және жеуге жарамсыз бөліктерін ажыратады. Жеуге жарамды бөліктеріне еті және жыныс өнімдері (ястык, молока) жатады, қалған бөліктер (басы, қабыршақтары, қанатшалары, сүйектері, ішкі бөліктері) жеуге жарамсыз бөлігіне жатады. Бұндай бөлу шартты саналады, себебі тағамға еті мен майы көп балық бастары да қолданылады. Құнды балық шикізаты кейбір балықтардың бауыры (нәлім, макрурус, минтай, треска) саналады. Кейбір жағдайда жыныс өнімдері улылығына байланысты тағамға қолданылмайды (маринка, усач, осман). Массалық талдауды бүтін балықты өлшеп болған соң жүргізеді. Содан соң балықтың қабыршағын мұқият тазалайды, қанатшаларын, басын кесіп тастайды, ішек-қарнын тазартады. Содан соң ұшадан сүбесін сүйегінен ажыратып бөліп алады. Тағамдық және тағамдық емес бөліктерін өлшеп, жеуге жарамды бөліктерінің мөлшерін есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |