Мұздатылған балық сапасын бағалау. Мұздатылған балық сапасын сыртқы түрі, бөлшектелуі, консистенциясы, иісі бойынша бағаланады.
Сыртқы түрін анықтау кезінде бүтіндігін, бетінің күйін , түсін, бүйірінің күйін, аналь тесігінің, желбезектің болуын орнатады.
Бөлшектеу дұрыстығы мен сапасын сәйкес МЕСТ-те көрсетілген сызбалар бойынша орнатады.
Консистенциясы мұздатылған күйде ағаш таяқшамен бетін ұрып көріп, біртекті қатырылуын орнатады, сонымен қатар жібітіп алып, саусақпен басып көріп анықтайды.
Иісі жібіген соң немесе балықты пісіру барысында анықталады. Балықтың бетінің, желбезегінің иісіне көңіл аударады. Ірі балық иісін арнайы пышақ немесе «шпилька» көмегімен анықтайды. Бұл саймандармен ішкі құрылымының иісін де анықтауға болады. Иісі балғын балық иісіне тән, қышқылды, шіріген, бөтен болуы мүмкін.
Күдікті жағдайларда иісі мен дәмін анықтау үшін сынамалық қайнату жүргізеді. Ол үшін ірі балықты бөлшектеп, майда бөліктерге кеседі, ал майда балықты бүтіндей қайнаған су құйып, жабық ыдыста, дайын болғанша қайнатады. Балық иісін пісіру кезінде бөлінетін бу иісінен анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |