Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет80/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   379

3.3.3. Сүйекті жемістер


Сүйекті жемістерге шие, алхоры, көк өрік, өрік, шабдалы жатады. Сүйекті жемістер қабығынан, шырынды жұмсағынан және сүйектен тұрады. Сүйекті жемістерді тұтынушылық жетілу кезеңінде жинайды, себебі олар жиналғаннан кейін пісу қабілеті жоқ. Олар ұзақ тасымалдау мен сақтауға төзімсіз. Оларды балғын түріде және өңдеу үшін: кептіру, тосап, компот, шырындар, тұндырмалар жасау қолданады.



Шие. Ол маусым-тамызда піседі. Жеміс құрамында 7-18% қант, 0,8-2,5% органикалық қышқылдар бар. Шырынының түсіне байланысты шиені екі топқа бөледі: морели және аморели.

Морели (гриоттар) қабығы қою шие түсті және боялған шырыны қышқыл дәмді. Бұл топқа кең тараған шие сұрыптары жатады: Любская, Шубинка, Лотовая, Плодородная Мичурина және т.б.

Аморели жемістері ашық түсті және түссіз шырыны бар. Олар морелиға қарағанда қышқылдығы төмен. Оларға Краса Севера, Аморель розовая жатады.

Сапасы бойынша шие жемістерін І және ІІ тауарлық сұрыптарға бөлінеді. І сұрыпты жемістердің түсі мен пішіні помологиялық сұрыбына тән, жетілуі бойынша біртекті болу керек. ІІ сұрыпты жемістердің түсі мен пішіні помологиялық сұрыбына тән және тән емес, жетілуі бойынша біртексіз, бірақ жасыл емес және де өте пісіп кетпеген болу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет