Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет82/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   379
Өріктер (абрикосы). Өрік жемістері жоғары қанттылықпен, құрамында пектин, каротин, органикалық қышқылдар ароматты және құнды минералды заттар көп мөлшерде болады. Тағайындалуы бойынша өріктер асханалықконсервілік және кептірілетін сұрыптарға бөлінеді.

Асханалық-консервілік сұрыптар ірі жемістері мен ашық түсімен, ерекше дәмімен шырынды жұмсағымен ерекшеленді. Бұл сұрыптарға: Никитинский, Краснощекий, Ананастық, және т.б. жатады.

Кептірілетін сұрыптарда қант мөлшері көп, ал қышқылдар аз. Бұл топтарға: Хурмаи, Исфарак, Бабаи және т.б. атады. Сапасы бойынша өріктер І және ІІ сұрыптарға бөлінеді.

І сұрып жемістері пішіні мен түсі бойынша помологиялық сұрыбына тән, айқындалған түсті, пісуі бойынша біртекті бірақ жасыл емес және өте пісіп кетпеген болу керек. Жемістердің ең үлкен көлденең диаметрі бойынша өлшемі еуропалық сұрыптары үшін – 30 мм, орта азиялық – 25 мм-ден аспауы керек.

ІІ сұрып жемістері пішіні мен түсі бойынша помологиялық сұрыбына тән және тән емес, айқындалған түсті, пісуі бойынша біртексіз, бірақ жасыл емес және өте пісіп кетпеген болу керек. Жемістердің өлшемі нормаланбайды. Шіріген және жасыл жемістер саудаға түспеуі керек.

Шабдалы (персик) өріктерге қарағанда дәмі мен ароматы ерекше, жұмсағы нәзіктеу. Бетінің сипаты бойынша шабдалының барлық сұрыптары түкті және түксіз болады. Сүйегі тез алынатын шабдалылардың жұмсағы талшықты, нәзік, шырынды болады және десертті жемістер ретінде қолданылады. Сүйегі алынбайтын шабдалылар компот жасау үшін қолданады. Шабдалылардың кең тараған сұрыптары: Ананасный, Никитинский, Золотой юбилей және т.б.

Балғын шабдалылар екі помологиялық топқа және үш тауарлық сұрыпқа: жоғары, І және ІІ бөлінеді. Сұрыбын айқындаған кезде жемістердің сыртқы түрін, жетілуін, өлшемін, механикалық зақымдануын, сонымен қатарзиянкестер мен ауыруларын ескереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет