Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет88/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Самырсын жаңғақтары (орех кедровый) самырсын ағашында өседі. Самырсын жаңғақтары майда, жұмыртқа формалы, жұқа қою бура түсті қабықты. Олар жетілген, таза, қою қоңыр түсті қабықты болу керек. Ядросы сары түсті, ащы дәмсіз, көгерген немесе шіріген иіссіз болу керек.

Бадам (миндаль). Негізінен тәтті және құрамында улы гликозид амигдалин бар (3–7%) ащы (жеуге жарамсыз бадам өсіреді. Тәтті бадам қағаз қабықты, жұмсақ қабықты, тығыз қабықты және қатты қабықты болу мүмкін. Жаңғақтары ұзынша келген формалы болады. Сапасы бойынша бадам жоғары және І тауарлық сұрыпты болады.

Пістелер (фисташки). Фисташка жемістерінде сары түсті қатты қабығы бар. Толық жетілгенде қабығы жарылады. Жаңғақ ядросы жасыл түсті, жағымды, тәтті дәмді.

Жержаңғақ (арахис). Жемістер жерде өседі, оларды қазып алады, жуады және кептіреді. Жержаңғақтың ұзынша ядролары торлы, ашық сары, ядродан тез бөлінетін қабықпен жабылған. Құрамында май мен ақуыз, сонымен қатар В тобы дәрумендер көп. Жержаңғақ жемістері таза қабықты, толық, тығыз, ащы емес және көгерген дәмсіз ядролы болу керек.

Кешью жаңғағы (орех кешью). Жаңғақ ядроларын Үндістаннан әкеледі. Кешью жаңғағын миндаль орнына кондитерлің мақсатта қолданады.

Жаңғақтарды буып-түю және сақтау. Жаңғақтарды 75 кг дейін таза құрғақ қаптарға, ал олардың ядроларын 25 кг дейін пергамент төселген жәшіктерге буып түйеді. Жаңғақтарды 8–12оС температурада және 70–75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында дүкендерде 6 айға дейін сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет