Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет84/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   379

3.3.4. Жидектер


Құрылымы бойынша жидектер үш топқа бөлінеді.



Нағыз жидектер ішінде тұқымды, шырынды жұмсағы бар бір жемістерден тұрады (жүзім, қарақат, мүкжидек).

Күрделі жидектер бір жерде жиналған бірнеше майда жемістерден тұрады (таңқурай, сиыр бүлдерген).

Жалған жидектер бетінде майда тұқымдар бар бір жидектер (қой бүлдірген, құлпынай).

Жүзім (виноград). Жүзім құрамына жеңіл сіңетін қанттар (глюкоза, фрктоза-12-22%), органикалық қышқылдар (шарап, алма – 0,6%), ароматты және илік заттар, құнды минералды тұздар (калий, калций, темір, марганец, фтор, йод тұздары), С дәрумені кіреді. Жүзім жемістері жақсы дәмге және жоғары құндылыққа, емдік қасиетке ие.

Тағайындалуы бойынша жүзімнің ампелографиялық сұрыптары асханалық, шарап және кептірілетін болып бөлінеді.

Жүзімнің асханалық сұрыптары – бұл тәтті, шырынды, ароматты, ірі жемісті жидектер. Асханалық сұрыптардың кең тараған түрлері: Чауш, Шасла, Белая, Изабелла, Хусайне (дамские пальчики) және т.б.

Шарап сұрыптары құрамында белгілі бір мөлшерде қант және қышқылдар болу керек, сонымен қатар шарапқа дәм мен аромат беретін заттар болу керек.

Кептірілетін сұрыптар жоғары қант мөлшері мен аз қышқылдылықпен тығыз жұмсағымен ерекшеленді.

Сапасы бойынша жүзім І және ІІ сұрыпқа бөлінеді. І сұрыпты жемістер ампелографиялық сұрыпқа тән, жетілген сұрып түсіне сай болу керек, ал ІІ сұрыпты жүзімнің түсі әр түрлі реңді.



Қарақат (смородина). Қарақаттың қара, қызыл, ақ түрлері өсіріледі. Қара қарақат құнды болып саналады. Себебі құрамында С дәрумені, қант (10%-ға дейін), органикалық қышқылдар (2–4%), пектин заттары көп. Кең тараған сұрыптары: Голубка, Голиаф, Память Мичурина, Победа, т.б.

Қызыл қарақат жидектерінде 4-10% қант, 2-4% қышқылдар, С және Р дәрумендері бар. Помологиялық сұрыптары: Голландская красная, Виктория, Версальская красная.

Ақ қарақат қызыл қарақатқа қарағанда тәттірек, құрамында 8% дейін қант, 1% қышқылдар, С дәрумені бар, каротин мен пектин заттары көбірек. Помологиялық сұрыптары: Английская белая, Голландская белая.

Қарақаттардың жидектері балғын, таза, құрғақ, жетілген, біртекті түсті, зақымдануларсыз (механикалық, ауыл шаруашылық зиянкестермен және аурулармен) зеңсіз, бөтен дәм мен иіссіз болу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет