Байланысты: Азық түлік тауарларын тану және сараптау
Цитрустыжемістерге қойылатын талаптар. Цитрусты жемістер таза, балғын, механикалық зақымданусыз, ашық қызыл сары немесе қызыл сары түсті (1-помологиялық топтағы лимондар ашық жасылдан сарыға дейін) болу керек. Ең үлкен көлденең диаметрі бойынша өлшемі (мм): апельсиндер үшін 50, мандариндер үшін 38 және лимондар үшін – 42.
Цитрусты жемістер көбінесе күйе саңырауқұлағымен, көгілдір және жасыл зеңмен зақымданады.
Інжір (инжир) – алмұрт тәрізді немесе шар формалы қызыл немесе қою күлгін түсті жемістер. Інжір жұмсағы нәзік, шырынды, қызыл немесе қызғылт түсті. Балғын түрінде тек өсіру аймағында қолданады, себебі жұмсағы өте нәзік және шырынды. Інжірден тосап, джем жасайды, кептіреді, кептірілген інжірді ұнтақтайды да, цикорий орнына табиғи кофеге қосады.
Анар (гранат) – сары немесе қызыл түсті жуан қабықпен қаптарған ірі шар формалы (диаметрі 12 см дейін) жемістер. Жеміс ішінде қызыл немесе қызғылт түсті, қышқыл-тәтті шырынды жұмсақпен қапталған тұқымдары камераға бөлінген. Анар жұмсағында 19% дейін қант, органикалық қышқылдар (лимон қышқылы – 3%),С дәрумені, темір тұздары бар. Жемістерді балғын түрінде және шырын алуда қолданады.
Құрма (хурма) – сары-қызыл сарыдан қою қызыл түске дейін, жұқа тегіс қабықты, шар тәрізді немес сопақ пішінді жемістер; жұмсағы тәтті, тоңба тәрізді. Піспеген құрма ауыз қуыратын дәмге ие, бірақ оларды мұздатқаннан кейін ауыз қуыратын дәмі төмендейді.Жемістерді балғын түрінде, пастила, цукат жасауда қолданады, кептіреді.
Фейхоа Кавказда өседі. Массасы 20–30 г сопақша ұзынша формалы төрт ұялы жемістер. Қабығы тығыз,бұдырлы, сүр жасыл тұсті, ауыз қуыратын дәмге ие. Жұмсағы дәнді, жеміс ортасында желе тәрізді. Жемістерді балғын түрінде, мармелад, компот, тосап жасауда қолданады.