Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет38/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   379
Май қоспалы өнімдердің құрамына 10-26% қант, 7-20% май, 0,8-16% жұмыртқа, тосап, повидло, қант ұнтағы және т.б. кіреді. Жай, кәдімгі, фигуралы май қоспаларды ажыратады.

Емдәмдік және емдік нан өнімдері арнайы тағайындалған өнімдерге жатады.

Сусамырмен ауыратын адамдарға арналған нан құрамында крахмал мен қант болмайды. Ол ақуызды кебекті, желімтек мен бидай кебегінен жасалған, ақуызды – бидай-желімтек пен бидай ұнынан жасалған болады.

Дәнді нан асқазан ішек жолы ауыратын адамдарға арналған. Оны жоғары сұрыпты бидай ұнынан (40%) ұнтақталған бидай дәндерін (60%) қосу арқылы пісіреді.

Ахлоридті нан (тұзсыз) бүйрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдарға арналған. Оны тұзсыз бидай ұнынан сарысуда дайындайды.

Йодты нан немес теңіз орамжапырағы бар нан өнімдері щитовидной железы ауруларын емдеу үшін арналған.

Бұл топқа сонымен қатар кебек, ақуыз, минералды заттар немесе дәрумен мөлшері жоғары, энергетикалық құндылығы жоғарылатылған немесе төмендетілген, қышқылдығы төмендетілген, лицитині бар нан және нан өнімдері жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет