Ф. Ш. Оразбаева Ғылыми редакторлар



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата03.03.2017
өлшемі2,43 Mb.
#5943
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Джатак  –  Будданың  ӛткен  уақыттағы  туылуы  жайындағы  әңгімелер.  ХVІІ  ғасырда 
Оңтүстік-Шығыс Азияда буддалық ережелерге бағынбай, ӛз алдына «Елу джатак»(«Панняса 
джатак»)  жиғанына  біріккен  джатак  ӛлеңдерінің  тұтас  сериясы  қалыптасты.  Бұл  жинақтың 
бірнеше  нұсқасы  бүгінгі  дәуірге  дейін  сақталған  (соның  ішінде  пали  тілінде  жазылған 
кхмерлік  нұсқасы  да  бар).  Кхмерлік  жинаққа  24  джатак  кіреді[3].  Бұл  джатактар  дәстүрлі 
ережелер 
үлгісінде 
жазылғанымен, 
жергілікті 
фольклорлық 
дәстүрмен 
тығыз 
байланыстылығымен  ерекшеленеді.  «Дукамманике  туралы  джатакта»  («Дукамманике-
джатак»)  ірі  жер  иеленушінің  отбасында  дүниеге  келген  бодхисаттва  жӛнінде  (болашақ 
будда)  сӛз  болады.  Әкесінің  ӛлер  алдында  айтқан  ғибратты  ойларын  құлағына  да  ілмей 
алаңсыз  жүрген  баласы  күндердің  бір  күнінде  жазықсыз  жала  жабылып  түрмеге  түседі. 
Патша  оны  ӛлім  жазасына  кескенімен,  күзетшілердің  асығыс  шешім  қабылдаудың  тек 
ӛкінішке әкеп тірейтіні жӛніндегі ӛзара әңгімелерін естігеннен кейін ойланып, баршындықты 
біліп,  жігітті  бостандыққа  жібереді.  Бұл  джатактың  ерекшелігі  –  мұнда  мәселе  буддалық 
мораль  тұрғысынан  шешілмейді,  патшаның  мейірімі  түсіп  жігіт  азат  етіледі.  Ал  ереже 
бойынша бодхисаттваны ренжіткендер қатаң жазалануы тиіс болатын.  
Джатак – будданың ӛткен уақытта дүниеге келуі жайындағы әңгімелер дедік. Джатактар 
бодхисаттва-ның идеалды образын нақты кӛрсеткен тхеравада буддизмінің құндылықтарын 
дәріптеді. «Елу джатак» адамдарды ӛз байлығына, қолындағы билігіне «дұрыс» қарай білуге, 
ӛзін-ӛзі бағалай білуге үйретті; олар барлық моральдық ӛсиет, парыздардың сақталуын талап 
етті, оны сақтай білген адамдар нирванаға қол жеткізеді деп сендірді.  
Сатра лбаенг (ХVІІ ғ.) – жартылай ақсүйектік, жартылай діни жанр – ӛлеңмен жазылған 
романдар туып, қалыптасты. Олар кең кӛлемді болып келді әрі авантюралық сипатта болды, 
нақтырақ айтқанда шытырман оқиғалы кең кӛлемді романдар секілді. Мұндай романдардың 
негізінде  дәстүрлі  үлгі  аларлық,  ӛнеге  боларлық  оқиғалар  баяндалып,  негізгі  кейіпкер 
бодхисаттва болғанымен, дидактика екінші орынға ысырылып, жалпы мазмұнында буддалық 
моральдан аулақ болды. Дәстүрлі шеңберден шыға алмаса да, осындай ӛзіндік ерекшеліктері 
болды. 
Лбаенг  –  кхмер  тілінде  «ойын»,  «кӛңіл  кӛтеру»  деген  мағына  береді.  Мұнда  бас 
кейіпкердің (соңы бақытпен, бір-біріне қосылуымен аяқталады) қызықты, басынан кешірген 
махаббат оқиғалары жӛнінде болды. Сатра лбаенг фольклорлық дәстүрмен тығыз байланыста 
дамыды  және  қиял-ғажайып  ертегілері-нің  композициясын  сақтап  отырады:  бодхисаттва 
патшаның немесе ханзаданың отбасында, кейде кедей-дің отбасында дүниеге келеді. Оның 
бұл туылуына алдын-ала ғажайып белгі беріледі. Біраз уақыт ӛткеннен кейін бір себептермен 
бодхисаттва үйінен кетіп қалады. Басынан түрлі қиындықтарды ӛткеріп барып, сүйгеніне қол 
жеткізеді  де  үйленеді  және  бодхисаттва  таққа  отырады.  Бұл  –  бодхисаттваның  тағы  бір 
ерекшелігі. Кхмер әдебиетінде кейінірек туған «Кйонг Санге туралы» повестің мазмұны да 
осындай.  Сатра  лбаенгтің  сюжеті  «Паннясаджатака»  мен  «Риэмкеден»  алынып  отырады. 
Ӛлеңмен жазылған романның ерекше үлгісі ретінде ақын әрі Анг Тьян  ІІ патшаның тӛресі 
Окня  Каосатхипадейдің  «Кронг  Сопхомыт»  (1798)  туындысын  атауға  болады.  Романның 
сюжеті  «Елу  джатак»  жинағындағы  9  джатактан  алынған.  Одан  соң  белгісіз  автордың 
«Кхйонг Санг» (1729), монах Каоның «Тьей Тот» (1754) романда-рын жатқызамыз. Аталған 
екі туындының да сюжеті атақты «Елу джатактан» алынған [4]. Кӛркем әдебиетте жаңа жанр 
– ӛлеңмен жазылған романның пайда болуы – оның діни және ғылыми әдебиеттен бӛлініп, 
дербестенуіне алып келді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
120 
 
Лбаенг  жанрының  туындылары  кӛңіл  кӛтерушілік  қызметті  атқарады  және  дәстүрлі 
жанрлармен  салыстырғанда  ӛзіндік  кӛркем  әдебиет  ретінде  саналды.  Дәстүрлі  жанрларға: 
діни  туындылар  –  дех  (сӛзбе-сӛз  аударғанда  діни  уағыз  деген  мағынаны  береді);  ғылыми 
трактаттар  –  кбуон  (сӛзбе-сӛз  аудар-ғанда  заң,  ережелер  жинағы  деген  мағынаны  береді) 
және  будда  мектептерінде  ӛнеге  ретінде  тек  жатталып  оқылатын  шағын  дидактикалық 
ӛлеңдер – кпап (срар) жатты [4]. 
Ортағасырлық кхмер әдебиетінде бүгінгі заманға дейін құндылығын жоймаған поэзиялық 
жанрлар  туып  отырды.  Соның  бірі  буддалық  монахтар  ортасында  туып,  дидактикалық 
сипатта қалыптасқан тьбап (заң, ереже) деп аталатын жанр. Поэтикалық формада жазылған 
ақыл-кеңес  пен  мораль  ережелері  жинағы  қоғамның  әртүрлі  қабатына  арналды.  Мәселен, 
«Монахтарға  арналған  кеңес»  («Тьбап  преах  сонг»),  «Әйелдерге  арналған  кеңес»  («Тьбап 
срей»), «Балаларға арналған кеңес» («Тьбап коун тьау») деп аталатын тьбаптар бар. Ӛнеге, 
кеңес  жанрдағы  тьбаптардың  ең  кӛнесі  –  «Патшалық  кеңестер»  («Тьбап  Риэть  ке»)  болып 
табылады[3],  авторы  белгісіз.  Ӛнегелік  тьбаптардың  кӛлемі  әртүрлі,  олар  30  бастап  500 
шумаққа дейін жетеді. Тьбаптар буддалық моральдан бӛлек, тұрмысқа, ӛмір сүруге қажетті 
ақыл-кеңестер  де  беріп  отырады  –  үнемшіл  бол,  мүлкіңді  сақта  т.б.  фольклормен  тығыз 
байланысты мәтіндерде кӛптеген мақал-мәтелдер бар. 
ХVІІІ  ғасырдағы  әдебиетте  поэзия  негізгі  орынды  иеленді.  Кӛркем  әдебиет  қана  емес, 
эпиграфика,  заң, медициналық, философиялық және басқа да трактаттарда,  яғни кӛркемдік 
туындыға  жатпайтын  шығарма-лар  да  ежелгіүнділік  дәстүрге  сәйкес  ӛлең  немесе  ұйқасқа 
бағынған  проза  түрінде  жазылды.  Барлық  поэтикалық  мәтіндер  (театрға  арналған  пьесалар 
мен әндерді айтпағанда) классикалық бес тармақты ӛлең ӛлшемімен жазылды. 
ХІХ  ғасырдың  30-40-жылдарында  гуманистік  бағытымен  ерекшеленетін  алғашқы 
романдар  пайда  болды:  Ньок  Тхаемның  «Пайлиндік  раушан  гүлі»  (1936),  Рым  Киннің 
«Сопхат»  (1938),  Ну  Хаттың  «Солған  гүл»  (1947)[4].  Ел  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін  1955 
жылы  кхмер  әдебиетінің  одағы  құрылды.  Камбоджа  жазушылары  Тиу  Оль,  Хэль  Сумпха, 
Суон  Сорэн,  Ноп  Саван  т.б.  шығармаларында  әлеуметтік  және  қоғамдық-саяси  маңызды 
мәселелер  кӛтерді.  Фольклорлық  мұраларды  жинау,  жариялау  жұмыстары  бүгінге  дейін 
жүргізілуде. 
Түйіндей  айтқанда,  кӛпғасырлық  тарихы  бар  кхмер  әдебиеті  пайда  болу,  даму,  ӛсіп-
ӛркендеуі барысында түрлі қиындықтарды басынан кешірді. Соған қарамастан, бүгінгі кхмер 
халқы  ӛздері  сақтап  қалған  бай  ауыз  әдебиетіжәне  жазба  әдебиетінің  үлгілерімен,  тамыры 
тереңде жатқан мәдениетімен мақтана алады. Кхмер халқының жаһандану үдерісіне ұлттық 
құндылықтарын  ардақтап,  ұстанымдарын  ұлықтап  қадам  басып  жатқаны  үлгі-ӛнеге 
боларлық дүние. 
 
1
 
Красные кхмеры и «геноцид в Камбодже». www.Tourweek.ru/guide/ different/231668/. 
2
 
"Геноцид народа Кампучии" во времена Пол Пота - циничный и наглый.www.cccp-2.ru/teory/249-
q-q-копия. 
3
 
Шмелева А. Кхмерская литература. feb-web.ru/feb/ivl/vl4/vl4-4552.htm. 
4
 
Кхмерская литература - 
ART-PEDIA.RU 

энциклопедические 
статьи. 
art-
pedia.ru/kkhmerskaia_literatura.. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Әлібекқызы – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2-курс магистранты 
 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҤРЛІ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ БЕЙНЕСІ МЕН 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
121 
 
С.ЕЛУБАЙДЫҢ «АҚ БОЗ ҤЙ» РОМАН-ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ ХАНСҦЛУ 
БЕЙНЕСІ 
 
Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабайұлы: 
«Жаратты Тәңірі әйелді: 
Бастасын деп бар ерді. 
Туралық, шындық жолында. 
Адаспассың, азбассың, 
Тура жолдан жазбасың, 
Ерсең  мҧның  соңында!»  –  деп  әйел  затын  ұлықтаса,  сол  сенім  артқан,  тура  жолға 
бастайтын нәзік жандардың, біз білетін ақ кимешекті, ақ жаулықты, түн ұйқысын тӛрт бӛліп 
бесік тербеткен қайран аналардың, қыздардың бейнесі айдан анық. Ӛмірдегі барлық даналық 
осы кісілерден таралған десек артық емес.  
Қазақ  әйелінің  тағдыры  ойлануға  тұрарлық.  Ол  –  орыстар  мен  Еуропа  әйелдері  сияқты 
«сезім  бостандығы»  деп  аласұрмай,  Шығыс  әйелдері  тәрізді  жүгін  кӛлегейлеп  кӛнбістік 
білдірмей,  ӛзіне  тән  ақыл-ойын,  сырын  ішіне  түйген,  бірақ  қоғам  тіршілігіне  белсенді 
араласып  үлес  қосқан  жан.  Ер  адамдар-мен  тең  тұрып,  сыртқы  жаудан  елін  қорғауға 
қатысқан, ақын болып айтысқа да түскен, ана болып жар күткен, ұрпағын ӛрбіткен әйелдер 
ел  шежіресінде  кӛптеп  саналады.  Эпос  пен  аңыздардың  қаһармандар-дың  (Жиреншенің 
Қарашашы, Алпамыстың Гүлбаршыны, Қобыландының Құртқасы, Қамбардың Назымы, Қыз 
Жібек, Баян сұлу,  Айман-Шолпан және де  т.б.) қоспағанның ӛзінде, қазақ  тарихында есімі 
сақталған  Қарқабат,  Енең,  Домалақ  ана,  Қызай,  Аққыз,  Айша  бибі,  Құнанбайдың  анасы  – 
Зере, Абайдың анасы – Ұлжан, Ұлпан сияқты халықтық тұлғалардың ісі мен ӛнегесі ауыздан 
ауызға  аңыз  болып  тарап  келеді.  Олар  жайында  жазылып  жатқан  кӛркем  шығармалар  да 
баршылық.  
Әлемдегі  ең  асыл  жан  ана  десек,  барлық  ізгілік  бастауы  осы  анадан  бастау  алатыны 
бәрімізге  аян.  Жалпы  қазақ  әдебиетінде  әйел,  ана,  қыз  тақырыбына  қалам  тартпаған  ақын, 
жазушы  жоқ  десек  те  болады.  Кез  келген  адам  ӛзінің  қолынан  келетін  жақслығын  осы 
кісілерге арнайды. Қазақ халқының «Ана – ӛмір себуші», «Қыз – елдің кӛркі» деген сӛздері 
осыны аңғарса керек.  
Ӛзі ӛсіп-ӛнген ортаның қазақ әйелдерінің небір асыл қасиеттері Ғ.Мүсіреповті де ертеден 
толғандырып,  ойландырған  сияқты.  Ал  қазақ  елі  ӛзі  ел  болып,  халық  болып  қалыптасқан 
кӛне  заманнан  бері-ақ  әйелді,  ананы,  қыз  баласын  қадірлеп,  құрмет  тұтуды  дәстүрге 
айналдырған  халықтың  бірі.  Қазақ  әдебиетінде  ана  тақырыбына  ӛте  кӛп  қалам  тартқан 
жазушының бірі – Ғабит Мүсірепов. «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ер ана», «Адамның 
анасы»,  «Ақлима»,  «Ұлпан»  және  де  т.б.  шоқтығы  биік  шығармаларында  ана  бойындағы 
барлық  қайталанбас  асыл  қасиеттер:  мейірімділік,  ізгілік,  жанашырлық,  достық,  ерлік, 
батырлық, т.б. қасиеттер кеңінен ашылып кӛрсетіледі. 
Біздің  санамызда  «Қазақ  әйелі»  деген  қасиетті  ұғымның  қалыптасуына  негіз  болған, 
сусындап  ӛскен  әдеби  қазынамызға  үңілсек  Бейімбет  Майлиннің  «Зейнештің  серті», 
«Күлпаш»,  «Әже»,  «Раушан  –  коммунист»,  еңбектеріндегі  әйел  бейнелерінен,  міржақып 
Дулатовтың 
«Ақбілегіндегі» 
Ақбілектің, 
«Бақытсыз 
Жамалындағы»  Жамалдың, 
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлуындағы» Қамардың, бейнелерінен қазақ әйелдерінің 
сол дәуірдегі шынайы бейнелерінен анық кӛруге болады. 
Мен қазақ қыздарына қайран қалам, 
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған. 
«Қыз ӛссе елдің кӛркі!» деген сӛзді, 
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам. 
Қазақ  әдебиетінде  ерекше  мол  кӛтерілген  тақырыптардың  бірі  кӛркімен  талайды 
тамсандырған қазақ қыздарының бейнесі. Қаншама ақын-жазушылар бұл тақырыпқа қалам 
тартқан. 
Мұхтар  Әуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясында  кӛп  бейнеленген  кейіпкерлер  – 
әйелдер  бейнесі.  Қазақтың  ұлттық  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрыптарен  қатар  Зере  мен  Ұлжан 
секілді  аналардың  ел  анасы  ретін-дегі  даналығымен  бірге  Тоғжан,  Әйгерім,  Салтанаттар 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
122 
 
бейнесі  арқылы  қазақ  қыздарының  бойындағы  ибалық,  ізеттілік,  адамгершілік,  шешендік, 
әншілік, адалдық қасиеттері суреттелген. 
Енді  қазіргі  қоғамымыздағы  әйелдер  бейнесіне  кӛз  салып  кӛрейікші.  «Ал,  қазақ  мешел 
болып қалам демесең, тағылымың, бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе», – 
деп  кемеңгер  жазушы  М.Әуезов  айтқандай  ұрпақ  тәрбиесінде  де  тікелей  әсер  ететін  әйел. 
Жалпы қазіргі әдебиет әлеміндегі әйелдер бейнесін сомдауға бағытталған кӛркем дүниелерді 
ерекшелегенде  шығармашылығының  денін  қазақ  әйелдерінің  бейнесіне  арналған  Шәрбану 
Бейсенованың  «Ақбота»,  «Күлайхан  мен  кемпірлер»,  жазушы  Е.Айхалиұлының, 
Қ.Түменбаевтың  бір  топ  әңгімелері,  Жазушылар  одағы  сыйлығының  лауреаты  Мақсат 
Рсалиннің  «Түрмеден  шыққан  қыз»,  «Тағдыр  тәлкегі»,  Ділдар  Мамырбаевтың  «Ызғар  мен 
шуағы» сынды шығармаларды айтуға болады.  
Қ.Түменбаевтың  «Асығыс  әйел»,  «Ұябасар»  шығармаларында  нарық  заманында 
жұмыссыз қалып, бар қайғысы пәтер ақысын ардан бетер уайымдаған қыздардың тағдырына 
куә бола отырып, кейіпкерлермен бірге мына заманның әсіресе тәуелсіздік алғаннан кейінгі 
нәзік жандардың кӛрген қиыншылығына жүрегің ауырады.  
Қай  уақыт, қай  заман болмасын әйел адамдардың басындағы ауыртпалықтар, сол заман 
ағымына сай ещкімге де ӛмір сұру оңайға түспегені айдан анық.  
Белгілі жазушы С.Елубайдың «Ақ боз үй» роман-трилогиясында кеңестік кезеңдегі қазақ 
халқының  жазылмаған  шындығы,  айтылмаған  тарихы  арқау  болған.  «Ақ  боз  үй»  роман-
трилогиясына  ӛткен  ғасыр-дың  30-жылдардың  ашаршылық  зардаптары,  «Мінажат» 
романына  қуғын-сүргін  оқиғалары  ӛзек  болса,  «Жалған  дүние»  80-жылдардағы  рухани 
тоқырау  дәуірінен  сыр  шертеді.  Романның  кӛркемдік  желісі,  оқиғалардың  ӛту  барысы, 
ұлттық  құндылықтар  автор  шеберлігінің  айқын  кӛрінісі.  Аталған  шығармада  1928-1933 
жылдардағы  нәубеттің,  зобалаң  әкелген  жылдардың  нақты  кӛріністері  арқау  болған.  Шеге 
мен  Хансұлудың  линиясы  романның  жүйелі  сюжетін  құрап,  халықтың  басынан  ӛткен 
қасіретті  жылдары  мен  ауыр  кұндерді  жан-жақты  суреттеген.  Қаламгердің  қайсар 
батылдығынан,  керек  десеңіз,  батырлығынан  туған  шығарма  адамды  баурап,  Хансұлудың 
қайғысы  мен  Пахрадиннің  мұңдасына  айналдырады.  Егіліп  отырып  елінің  басынан  ӛткен 
оқиға мен жерініп отырып жем болған еліңді аяп, әрі-сәрі күйге түсіріп, тарихтың еншісінде 
қалған нақты шындықтарды жайып салады.   
Бүгінгі таңда «Ақ боз үй» роман-трилогиясы автордың ең үздік, шоқтығы биік туындысы 
болып  табылады.  Әрине  бұл  романда  да  әйел  бейнелерін  автор  шебер  суреттейді.  Роман-
трилогиядағы негізгі әйел бейнесі – Хансұлу. Романда Хансұлудың кішкентай кезінен бастап, 
яғни балалық шағынан басталып, қартайып, салмақты да салиқалы әже болған кезеңіне дейін 
автор шебер суреттейді. Шеге мен Ждақай қосылса болды, екеуінің айтатыны Хансұлу мен 
Балқия.  «Шеге  бұрылып,  Ждақай  нұсқаған  жаққа  қараса,  құдықтың  күншығыс  қапталын 
орағытып,  Қаракерін  сылаң-сылаң  желдіріп,  Хансұлу  ӛтіп  барады  екен.  Басында  үкісі, 
бұлғақтаған  кәмшат  бӛрік,  үстінде  қырмызы  қамзол.  Аш  белін  түрмемен  қынай  байлаған. 
Күміс ер-тұрман батар күннің жалқын нұрына малынып жарқ-жарқ етеді. Астындағы сыйда 
бой кер құнан да иесінің мәпелі жас сұлу екенін білетіндей, аяғын лып-лып билеп басады». 
Бұл  кӛрікті,  әдемі  Хансұлудың  күнделікті  тіршіліктегі  бейнесі.  Хансұлуды  әдеміліктің 
символы ретінде қарастырып алсақ та, қателеспейміз.  
Үш  кітапты  байланыстырып  тұрғандықтан,  негізгі  бейне,  сонымен  қатар  әйел  образын 
сомдауда  Хансұлу  бейнесі  болып  табылады.  Хансұлу  Пахраддин  мен  Сырғаның  жалғыз 
қызы. Романда Хансұлу балалық шағы, жастық шағы, орта жас шамасы, қартайған кезеңін 
автор қазақ қоғамындағы әйел образын үлкен шеберлікпен суреттеп, бейнелей білді. Әдемі, 
ақылы кӛркіне сай Хансұлу бой жетіп, ержүректі, мықты бәйбіше, ана болады. Әрине ӛмірі 
тек  қуанышты  күндерден  ғана  емес,  заман  ӛрісіне  сай  қиын-қыстау  күндер  де  кездесті. 
Күйеуі  шегені  Сібірге  үш  рет  айдауға  салады,  «халық  жауының»  әйелі  атанған  Хансұлу, 
шопандық  жұмыспен  де  айналысты,  маскүнем  ұлы,  жесір  қалған  қызы  –  басынан  кешкен 
қиындықтарға Хансұлу тӛтеп берді, қанша жерден қиналып тұрса да, адамгершілік қасиетін 
жоғалтпады. Жан дүниесі кіршіксіз таза. Хансұлу бейнесінің ұрпақ ӛсіріп, ӛрбітуінің ӛзінің 
астарында терең мән жатыр.  
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
123 
 
1.
 
Елубай С. «Ақ боз үй» роман-трилогиясы. – Алматы: «Атамұра», 2008 
2.
 
Алтыбаева  С.  «Казахская  проза  периода  независимости:  традиция,  новаторство, 
перспективы». – Алматы, 2009. 
3.
 
Қирабаев С. «Әдебиетті қайта оқыту». – Алматы: «Балауса», 2010. 
4.
 
ҚазҰУ  Хабаршысы,  2011  жыл,  сәуір  айы.  С.Алтыбаеваның  «Особенности  художественной 
стратегии в трилогии «Ақ боз үй» Смагула Елубая (образ, мотив, сюжет)» атты мақаласы. 
5.
 
Жұмалиев Қ. «Әдебиет теориясы». – Алматы: «Мектеп», 1969. 
 
 
 
 
 
 
ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
ПРОБЛЕМЫ ПЕДАГОГИКИ И МЕТОДИКИ 
 
ӘОЖ 378.016:811.512.122'28 
 
Н.А. Оразахынова – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, п.ғ.д., 
Г.М. Кенжебаева – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, п.ғ.к. 
 
ӘДЕБИЕТ ПӘНІНЕН «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН 
ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ 
 
Тҥйіндеме:  Мақалада  сатылай  кешенді  оқыту  оқушылардың  жас  ерекшелігін  ескере  отырып,  әр 
пәннің  ғылыми  мазмұны  мен  жүйесін  талдап  үйретумен  қатар  ойын  дұрыс  жеткізуге,  әдеби  тілде 
сӛйлеп  үйренуге,  ана  тілінің  байлығын  бағалай  білуге  баулитын  ұлттық  тӛл  технология  екендігі 
айтылады. 
Кілт сӛздер: сатылай кешенді оқыту, ұлттық тӛл технология 
Аннотация:  В  статье  рассматривается  методика  поуровневого  комплексного  обучения  как 
национальная техно-логия, которая учитывает возрастные особенности учеников и с помощью которой 
ученики  учатся  анализировать  научное  содержание  и  систему  любой  дисциплины,  выражать  свои 
мысли, говорить на литературном языке, оценивать все богатство родного языка.  
Ключевые слова: поуровневого комплексного обучения, национальная технология 
Abstract: The article deals with the highly effectivetypes of teaching. Depending on the age of the children 
this type of teaching is considered as the national technology which helps to understandthe scientific content 
andthe system of thesubject, to expressopinion, to valuethe wealth of the native language. 
Keywords: effectivetypes of teaching, national technology 
 
Әдебиет  –  ӛмір  айнасы.  Онда  халқымыздың  тарихы,  ғасырлар  бойы  ӛлең-жырмен 
насихаттап  келе  жатқан  салт-дәстүрі,  ата-бабамыздың  ізгі  қасиеттері,  терең  ойы,  ақыл-
парасатты  жинақтап  айтқанда  бүкіл  ӛмір  жолы  суреттеледі.  Сол  құнды  мұрамызды  бүгінгі 
ұрпақ  қалай  оқып,  қандай  дәрежеде  бағалап  жүр  деген  мәселе  қай-қайсымыздың  да 
кӛкейімізде сайрап тұр десек болады. Ӛкінішке орай, халқымыздың сол жақұттарын бүгінгі 
таңда  жылтыраған,  кӛздің  жауын  алатын  құнсыз  дүниеге  алмастырып  алдық  па  деген  ой 
мазалайды. Кеңес үкіметінде қазақ халқы дүние-мүліктің орнына үйіне кітап жинаса, бүгінгі 
жаңа заманда дүние-мүліктің бәсекесіне тап болып отырғанымыз жасырын емес. Сондықтан 
әр  қазақ  азаматы  ӛсіп  келе  жатқан  ұрпағын  ұлт  жанды  етіп  тәрбиелеудегі  басты  құралы 
кӛркем  әдебиет  екендігін  ұғына  білулері  қажет.  Ана  баласын  бесік  жырымен  әлдилеп 
ұйықтатса,  әке  ауыз  әдебиетімен  үлгі-ӛнеге  кӛрсетіп,  мұғалім  ана  тіліміздің  терең 
қатпарларын,  сӛз  қадірін  кӛркем  шығарманың  ӛн  бойын  талдап  оқытса,  онда 
балаларымыздың кӛркем әдебиетке деген қызығушылығы артатындығы сӛзсіз.  
Әдебиет пәнін мектептерімізде бірнеше жылдан бері бірінші сыныптан бастап «Сатылай 
кешенді  оқыту»  технологиясымен  оқытып  келе  жатырмыз.  «Сатылай  кешенді  оқыту» 
технологиясы  дегеніміз  –  оқыту  мақсаты,  міндеттері,  әдіс-тәсілдері,  ӛзіндік  ерекшелігі  бар 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
124 
 
және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық 
құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту.  Сатылай кешенді оқыту 
оқушылардың  жас  ерекшелігін  ескере  отырып,  әр  пәннің  ғылыми  мазмұны  мен  жүйесін 
талдап  үйретумен  қатар  ойын  дұрыс  жеткізуге,  әдеби  тілде  сӛйлеп  үйренуге,  ана  тілінің 
байлығын  бағалай  білуге  баулитын  ұлттық  тӛл  технология.  Ұлттық  тӛл  технология  дейтін 
себебіміз, қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын 
т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды ӛз елінде, ӛз 
жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Тӛл технологияны 
жасауға  ӛзге  елдің  озық  ой-пікірлерімен  қатар  алаш  арыстарының  психология-педагогика, 
әдістеме  саласындағы  құнды  ғылыми  тұжырымдарымен  қатар  қазақ  халқының  кӛрнекті 
ғалымдарының оқыту, тәрбие туралы жасаған ғылыми еңбектері мен әдістемелік кешендері 
негіз етіп алынды. 
«Сатылай  кешенді  оқыту»  технологиясы  –  тек  қана  білімді  белгілі  бір  кӛлемде  беріп, 
қажетті  шеберлік  пен  дағдыны  меңгертумен  ғана  шектелмейтін,  сонымен  қатар  баланың 
жалпы жан-жақты дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-
психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған, қазақ тілінде ойлайтын, 
ӛз  тілінде  дітін  орындата  алатын,  қазақ  мәдениетін  меңгер-ген  тілдік-мәдени  тұлға 
қалыптастыратын  оқытудың  түрі.  «Сатылай  кешенді  оқыту»  технологиясының  басты 
қағидаларыныңбірі – жоғары қиындықта оқыту.  
Бұл  жүйеге  бүгінгі  таңда  оқушыларымыздың  да,  мұғалімдеріміздің  де  қызығушылығы 
жоғары.  Ӛйткені  бұл  технологияның  әр  пәнді  оқытудағы  алдына  қойған  мақсаты  айқын. 
Әдебиет  пәнінде  кӛркем  шығарманы  сатылай  талдатумен  қатар,  оқушымыздың  ӛмір  сүріп 
отырған қоғамға, ортаға деген ӛзіндік кӛзқарасын қалыптастыру, кейіпкерлердің халқымызға 
тән жақсы қасиеттерін бойларына сіңіру, ӛз ұлтын сүю, оның тамаша үлгі, ӛнегелерін бағалай 
білуге баулу. Сол арқылы оқушыны қиял әлеміне жетелеу. Бұл тұрғыда алаш арыстарының 
бірі М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегіндегі мына бір пікірге жүгінсек: «Фантазиясыз 
ӛмір  ӛңсіз,  түссіз  нәрсеге  айналады.  Мылқау  ӛмірге  үн  беретін,  сақау  ӛмірге  тіл  беретін, 
жоқты бар қылатын, барды гүлді, кӛрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірмен 
тілдестіретін сол – фантазия». Шығарманы оқи отырып оқушы қиял әлеміне енеді. Олардың 
сезіміне әсер етеді, жүрегін тебірентеді, терең ойға бойлатады. Сондықтан да әр кез мұғалім 
ӛз  қиялын  оқушы  фантазиясымен  ұштастырып  отыруы  қажет.  Сонда  ғана  оқушы  мен 
мұғалім  арасында  бір-бірін  түсіну,  сыйлау,  құрметтеу  ӛз  мәнінде  жүзеге  асады.  Әдебиет 
пәнінде  мұғалім  оқушының  қиялын  дамытумен  қатар  сезім,  эмоция,  әсер,  шабыттану, 
қиялдау, армандау, еліктеу сияқты түрлі  психологиялық процес-терді жүзеге  асырады. Сол 
арқылы  оқушының  ӛз  бетінше  ойлау,  пікірін  жасқанбай  айта  білу,  жинақтаған  әдеби  білім 
қорын  орынды  қолдана  алуға  дағдыландырады,  танымдық  болмысын  қалыптастырады.  Ол 
бірте-бірте шығармашылық ізденіс деңгейіне жетеді. 
Шығармашылық  –  бұладамның  ӛмір  шындығын  ӛзі  тануға  ұмтылуы,  ізденуі.  Ӛмірде 
дұрыс  жол  табу  үшін  адамдұрыс  ой  түйіп,  ӛздігінен  сапалы,  дәлелді  шешімдер  қабылдай 
білуге  үйренуі  керек.  Адам  бойындағы  қабілеттерін  дамытып,  адамның  рухани  күшін 
нығайтып,  ӛзін-ӛзі  табуына  кӛмектеседі.  Ӛйткені,  адам  туынды  ғана  емес,  тудырушы, 
жаратушы  да,  ал  ӛзін-ӛзі  шынайы  болмысында  бастайтын  жол  іздеуі  керек.  Адам  ӛзін-ӛзі 
жетілдіруге,  сонымен  қатар  ӛзін-ӛзі  жоюға  да  қабілетті  болады.  Адамның  ӛз  болмысын 
тануға ұмтылуға кӛмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы 
оған толыққанды ӛмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып 
табылады. Шығармашылық туралы ғылыми пікірлерге жүгінсек, оған берілетін анықтамалар 
мазмұндас  келеді.  Философиялық  сӛздікте  шығармашылық  ұғымына  мынадай  анықтама 
беріледі:  “Шығармашылық”  деген  сӛздің  мәніне  үңілсек,  ол  адамның  мақсатты  ісіне  жету 
жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен 
түзіліп,  ақыл  ойы  мен  сезімінің,  қиялының  ерекше  бітімінен  кӛрінеді.  Шығармашылық 
қызмет  адамнан  барынша  табандылықты,  білімді,  қабілетті  талап  етеді  [1,  492-б.]. 
Шығармашылық  –  адамның  ойлауының  және  ӛз  бетінше  әрекетінің  жоғарғы  формасы. 
Дегенмен  шығармашылықтың  объективті  және  субъективті  болатындығы  белгілі.  Оның 
алғашқысы  ғылымда,  зерттеулерде  бұрын  болмаған  жаңалық  деп  танылса,  соңғысы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
125 
 
субъектінің  ӛзі  үшін  жаңалық  болып,  оны  әрі  қарай  жаңа  бастамаларға 
шабыттандыратынымен  сипатталады.  Шығармашылық  –  проблемалық  сипаты  бар,  барлық 
ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар 
алынатын  адамның  мақсатты  әрекеті.  Ал  ғалым  Б.А.  Тұрғынбаева  шығармашылық  туралы 
былай  дейді:  «Шығармашылық  –  психологиялық  еңбектерде  еркін  әрекет  ретінде 
сипатталады.  Ӛйткені  адам  ӛз  таңдауында  еркін  болуға  тиісті.  Шығармашылық  әрекет 
сонымен  қатар  интуицияның  орын  алып,  қиялдың  қанат  қағуы,  сезімнің  жоғарылауы  мен 
үздіксіз ізденіспен сипатталады. Бұл жолда ол жеңістің қуанышын, түңілудің кермек дәмін 
сезу, тоқтаусыз толғаныс пен жалындау, интеллектуалдық, эмоцио-налдық дарындылықтың 
қуанышына бӛлену сияқты сезімдерді басынан кешеді [2, 18-б.]. Баланы шығармашылыққа 
баулу үшін мұғалімнің ӛзі шығармашыл тұлға болуы керек. Шығармашылықта  мұғалімнің 
тӛмендегідей психологиялық жайлары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы 
білімдер,  дамыған  ақыл-ой  қабілеттері  мен  оның  икемділігі,  ӛнертапқыштыққа  және 
еңбектегі  жаңалыққа  қуана  білу,  мәселені  терең  түсіне  білу  және  оны  шешудің  ең  тиімді 
жолын таңдай білу, эмоциядағы қалыптылық, шыдамдылық, жаңа бастаған істі аяғына дейін 
жеткізе алу, тәуекелге бел буа білу, саналы-лық, белсенді ӛмірлік позиция.  
Бүгінгі  таңда  «Сатылай  кешенді  оқыту»  тенологиясымен  жұмыс  жасайтын  кӛптеген 
мұғалімдеріміз нағыз шығармашылық тұлғаға айналып отырғандығына куәміз. Оны мақтан 
етеміз.  Оның  нәтижесін  жылда  аудандық,  қалалық,  облыстық,  республикалық  деңгейде 
ӛткізіліп  тұратын  шараларда  мұғалімдері-міздің  жүлделі  орындарға  ие  болуынан  және  ӛз 
тараптарынан  облыстық  семинарлар  мен  конференция-лардағы  белсенді  қызметтерінен 
кӛріп, саралап отырамыз. Сондықтан да бұл технологияны алып отырған мұғалімдеріміздің 
оның  философиясын  ӛте  жақсы  меңгеріп,  әр  деңгейде  жүргізілетін  жұмыстарды  сауатты, 
мұқият  орындап,  оныншы  деңгейге  мақсатты  түрде  жететіндігіне  кӛз  жеткізіп  келеміз. 
Оқушы-ларды шығармашылық жұмысқа баулуда технологияның оныншы – шығармашылық 
деңгейі  басшылыққа  алынады.  Шығармашылық  деңгейде  оқушыларға  берілетін 
тапсырманың мақсаты кӛрсетіліп, оны әрі қарай жетілдіріп орындау оқушыдан талап етіледі. 
Оқушы  шығармашылық  деңгейде  алдына  қойған  мақсатына  жету  үшін  ӛз  бетінше  іздене 
отырып,  ой-қиялын  дамытады,  шығармашылық  қабілетін  арттырады.  Шығармашылық 
деңгей – оқушыныңинтеллектуалдық ойлау дәрежесін дәлелдейтін деңгей. Шығармашылық 
деңгейде  оқушының  шығармашылық  ойлауы,  шығармашылық  қабілеті  оның  тілден, 
әдебиеттеналған  білімдеріне  сүйене  отырып  дамытылады.  Шығармашылық  деңгейдің 
психологиялық  ӛзіндік  ерекшелігі  –  мұндағы  тапсырмалар  мен  жаттығулар  алдыңғы 
деңгейлерден  гӛрі  кең,  күрделі  әрі  таратылып  беріледі.  Шығармашылық  деңгейдегі 
тапсырманы  орындатуда  мұғалім  оқушыға  мынаны  ұғындыруы  тиіс.  Бұл  деңгейде  оқушы 
ӛзінің  ойлау  тұнығына  бойлап,ойындағы  бар  мүмкіншілігін,  қабілетін  жан-жақты  сыртқа 
шығаруға баса назар аударуы қажет. Шығармашылық дегенді бір жақты ӛнерге байланысты 
ғана  түсінбеу  керек.  Оқушының  сыртқы  тілі  мен  ішкі  тілінің  дамуында  шығармашы-лық 
тапсырмалар,  жаттығулар  үлкен  орын  алады.  Ішкі  тіл  дегеніміз  –  дыбыссыз  тіл,  сӛзсіз 
формада  ӛтетін  “жасырын  тұрған”  ойлау,  ӛз-ӛзімен  және  ӛзі  үшін  ойлау.  Шығармашылық 
деңгейдің маңыздылығы ішкі ғылыми тілдің қалыптасуына негіз салуында. Шығармашылық 
қабілеттің  жетілдіріліп,  шығармашылық  ойлауы  қалыптасуы  үшін  арнайы  мақсаттар 
қойылып,  сол  бағытта  әдістер  түрлілігі  мол  болуы  керек.  Бүгінгі  таңда  білім  саласының 
алдында  дайын  білімді,  дағдыларды  меңгертіп,  қайталайтын  ғана  емес,  шығармашылық 
бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеле-нетін 
жеке  тұлға  қалыптастыру  міндеті  тұр.  Бұл,  әрине,  оқушылардың  шығармашылық  әрекетін 
дамытуда  маңызды  мәселе  екендігін  дәлелдейді.  Жалпы  білім  беретін  орта  мектепте 
оқушының  шығармашылығын  қалыптастыруда  жоғарыда  айтқанымыздай  мұғалімнің  ӛзі 
жоғары  деңгейдегі  шығармашыл  ұстаз  болу  керек.  Ол  үшін  мұғалімдерді  белгілі  бір  білім 
беру  технологиясына  бейімдеп,  шығармашылық  орта  қалыптастырып,  арнайы  зерттеу 
тақырыптарын ұсынып, мақсатты түрде жұмыс жүргізу қажет. Мұғалім-дермен тәжірибелік 
жұмыс  жүргізу  барысында  мектептерде  шығармашылық  топтар  құрылып,  ӛздері  алып 
отырған  оқыту  технологияларының  ғылыми-әдістемелік  жақтарын  оқып,  үйреніп,  оның 
практика-лық  жағының  толығуына,  мектеп  тәжірибесіне  енуіне  ықпал  етіп  отыруы  керек. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
126 
 
Мұндай  жұмыстар  тәжірибе  жүргізілген  мектептерде  ұйымдастырылып,  әр  топ  ӛздеріне 
«Сатылай кешенді оқыту» техноло-гиясы бойынша арнайы проблемалық тақырыптар алып, 
сол  алған  мәселелері  бойынша  семинар,  конференцияларда  баяндама  жасап  отырды. 
Практикалық  жұмыстар  ретінде  ашық  сабақтар,  дӛңгелек  үстел,  тренинг,  пікір  алысу 
сайыстары  ұйымдастырып,  атқарылған  жұмыстардың  кемшілігі  мен  жетістігі  сарапталып 
отырды.  «Сатылайкешенді  оқыту»  технологиясы  арқылы  мынадай  шығармашылық  жұмыс 
түрлері  жүргізіледі.  Олар:  шығармашылық  әрекеттегі  ойындар:  рӛлге  бӛліп  талдау, 
кӛріністер,  сӛзжұмбақ,  ребус  т.б.;  халық  ауыз  әдебиеті  мен  ұлы  дала  ойшылдарының 
үлгісінде  жазылатын  шығармашылық  жұмыстар:  ертегі,  аңыз-әңгіме,  мақал-мәтел, 
жаңылтпаш,  жұмбақ,  нақыл  сӛз,  ӛлірбаян,  эссе;  оқушының  ӛнім  иесі  және  қандайда  бір 
әрекеттің  авторы  ретіндегі  шығармашылық  жұмыстары:  «Сатылай  кешенді  оқыту» 
технологисы негізінде жазылған қосымша әдеби туындылар, ҚР Кіші ғылым ақадемиясының 
ғылыми-практикалық  конференсияларында  жасалған  баяндамалар,  «Ауыл  мектебі» 
ведмоствоаралық  интеграциялық  білім  бағдарламасы.  Сонымен  қатар  бұл  аталған 
жұмыстардан басқаіскерлік ойындар да оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулудың 
бір жолы болып табылады. 
Іскерлік  ойын  –  бұл  оқытуды  ұйымдастыру  формасы,  ол  мұғалімнің  басқаруымен, 
оқушылардың  максималды  ӛзіндік  ұйымдастырушылығымен  жоспарланған  ойын  сценарий 
арқылы  мақсатты  бағыты-ның  негізінде  жүзеге  асырылады.  Білім  беру  практикасында 
оқытудың  ойын  формасы  оқытудың  тәжіри-белік  бағыттылығын  мақсат  тұтатын  іскерлік 
ойындар  арқылы  игерген  білімдерін  шығармашылықта  қолданады  және  бекітеді.  Іскерлік 
ойындары  –  кейбір  педагогикалық  жағдайдың,  сабақ  фрагментінің  модельденген  түрі. 
Іскерлік ойынға алдын ала дайындалады: сценарий құрылады,  мақсаты кӛрсетіледі, рӛлдер 
бӛлініп,  оған  кеңес  беріледі.  Құрал-жабдықтар,  кӛрнекіліктер  әзірленеді.  Іскерлік 
ойындардың педагогикалық мәні мынада: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, танымдық 
белсенділігін қалыптас-тыру, шығармашылыққа баулу. Іскерлік ойындар күрделі шешімдер 
қабылдай білуге үйретіп, ұжымдағы ӛзара қарым-қатынасты айқындап, оқушылардың білім, 
білігі  мен  жеке  қасиеттерін  тексеру  мүмкіндігін  жасайды.  Іскерлік  ойын  олардың  жеке 
қасиеттерін:  мақсаткерлік,  белсенділік,  жауапкершілік,  іскерлік,  шыншылдық,  шешім 
қабылдауға икемділік сияқты қасиеттерін дамытады.  
Іскерлік ойынның тиімді жақтары: 
– оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырады; 
– қызығушылығын оятады; 
– білімі мен білігі қалыптасады, ӛз білімін қолдануға үйренеді; 
– ойын соңындағы талқылау арқылы білімін бекітеді; 
– оқушылардың ӛзін-ӛзі тануы, ӛз мүмкіндігін анықтау үрдісі кеңиді, тереңдей түседі. 
Іскерлік ойындарының негізгі міндеттері мынадай: 
а) оқылған материалды еске сақтау және терең ұғынуға жағдай жасау; 
ә) дұрыс шешім қабылдау және дұрыс баға беру білігін қалыптастыру; 
б) қабылданған шешімді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру; 
в) шығармашылығын дамыту. 
Іскерлік ойынды ӛткізудің кезеңдері: 
1-кезеңде: мұғалімнің тақырыпты таңдауы, мақсаттар мен міндеттерді белгілеп, күтілетін 
нәтижені болжауы: 
– құрылымын анықтау; 
– сыныптағы ойынға қатысушылардың рӛлдік қызметіндегі қасиеттерін ескеру; 
– ойын барысындағы әсер етуші жағдайларды зерттеу. 
2-кезеңде: соңғы оқу материалын талдау, мәселені шешудің әдістемесін анықтау: 
– тиімді әдістемені таңдап алу және оны ойша қолдануда шығармашылық ӛңдеу; 
– сценарийді дайындау, рӛлдерге бӛлу. 
3-кезеңде:  іскерлік  ойын  сценарийімен,  мақсатымен,  мазмұнымен  мұғалімнің 
оқушыларды таныс-тыруы: 
– ойынды ұйымдастыру; 
– оқушылардың рӛлдік қызметтерін орындауы; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
127 
 
– мұғалімнің, оқушының ойынды басқаруы; 
– ойын барысын, нәтижесін талдау, мұғалімнің қорытынды жасауы. 
Іскерлік ойынға қатысушылардың міндеттері мен құқықтары бар: 
Міндеттеріне: 
– тақырып бойынша оқу материалын және ӛзінің рӛлін терең білу; 
– ойынға қатысушылардың бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болуы; 
–  ойындағы  рӛлдік  қызметтеріне  қарамастан,  шындыққа  жетуде  қызығушылық, 
белсенділік кӛрсету және қызықты ой-пікірлерді дамыту; 
– нәтижеге жетуге ұмтылу; 
ӛзінің бағытын дәлелдеп шығу, бірақ кемшіліктерін мойындай білу. 
Құқықтарына: 
–  ӛзінің  рӛлдік  әрекетін  арттыруда  рұқсат  етілетін  барлық  құқық  нормалары  мен 
құралдарды пайда-лану; 
– ойынға қатысушылардың рӛлдік бағытын анықтау үшін сұрақтар беру; 
– ойынның барлық сұрақтарына, пікірталасқа белсене қатысу; 
– кез келген анықтама және әдебиеттерді қолдану, пікір айту. 
Іскерлік ойындарды талдауда басшылыққа алынатын жүйе: 
– ойын сабағының барысы мен нәтижесін бағалауға бағытталған мұғалімнің сұрақтары; 
– талдау әдісін анықтау; 
– оқушылардың ойын әрекетін бағалауға қажетті критерийлерді талдау; 
– іскерлік ойынның ӛтуі мен нәтижесін талдау; 
– ойынның жетістіктері мен кемшіліктері туралы пікірталас ұйымдастыру; 
– қорытынды шығару. 
Іскерлік ойын нәтижелерін қорытындылауда мұғалім мынадай қағидаларды басшылыққа 
алады: 
– ӛтілген сабақтың мазмұны мен формасы туралы әр оқушының пікір айтуына мүмкіндік 
жасау (ӛзінің әрекеті мен басқалардың, мұғалімнің әрекетін талдауы); 
– әр оқушыға кӛңіл бӛлу, кейбір жағдайларды жазып алу; 
– әр оқушының жауабын белгілеп отыру; 
– бағалауда оқушының баяндауының мазмұны мен сӛз саптауын ескеру; 
– оқушылардың негізгі ойды кӛрсетуін талап ету; 
– талдауда кемшіліктерден гӛрі жетістіктеріне кӛңіл бӛлу. 
Қорыта  айтқанда,  «Сатылай  кешенді  талдау»  технологиясымен  жүргізілетін 
шығармашылық  пен  іскерлік  ойындарға  қойылатын  негiзгi  талаптардың  бiрi  –  оның 
нақтылығы,  жинақылығы,  қарапайымды-лығы  және  оқушылардың  іскерлік  икемділіктері. 
Оқытушы  оқушылардың  әрқайсысының  тұлғалық  артықшылығын  ескере  отырып, 
шығармашылыққа баулиды. Осындай нәтижелі жүргізілген жұмыстар мен іскерлік ойындар 
оқушылардың шығармашылық шабытын тудырады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет