Тірек сӛздер. Оқыту, оқытудағы тәсілдер, шығарма, рефлексия, сындарлы оқыту, талдау, уәж,
ынтымақтастық, сыни ойлау.
Аннотация. В статье рассматривается актуальность темы и требования к написанию сочинений.
Анализируются заключения и мнения научных работ ученых, которые исследовали методологию
написании сочинений. Предла-гается методы, приемы и пути написания сочинений. Утверждается
значимость обучения учащихся к написанию сочинений для достижения успешности преподавания.
Ключевые слова. Преподавание, подход в обучении, сочинение, рефлексия, преподавание
конструктивитское, анализ, мотивация, коллоборативный, критическое мышление.
Abstract. Examined labours scientists andtheir, idea-conclusions, opinions, that investigated methodology
compelling to write of composition in the article.Theme came into question today's approach actuality of day
and requirements and duties, that is put to write composition, appeared.To composition given Students methods
of methods, lines inoculating skill.Profitable to teach on to arrive at students to compel to write composition
importance teacher turned out.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
146
Keywords: Teaching, educational approach, composition,reflection, constructivist teaching, analysis,
motivation, collaborative, critical thinking.
Қарқынды дамып жатқан ӛзгермелі ӛмірде ақпараттың қолжетімділігі жоғары деңгейде
екендігі баршамызға аян. Әрине, мұның ұтымды тұстары кӛп. Дегенмен, оқушылардың
шығарма жазуға деген сұранысының тӛмендеуіне әкелуі мүмкін деген күдік тағы бар. Сол
себепті оқушының ойланғанын қағаз бетіне түсіре алуы үшін жазба жұмыстарына бейімдеуді
қажет етуде. Оқушыларға шығарма жаздыру олардың тақырыпқа сай білімі мен түсінігінің
барлығын, оны талдай, жинақтай алатындығы мен рефлексия жасай отырып құндылығын
бағалауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде оқушыларды оқытудағы басты мақсаттардың бірі,
алған білімін болашақта қажетінше пайдалана алуында болып отыр. Яғни,
сындарлы(конструктивті) оқытуға негізделгені анық. Аталмыш оқытудың басты мақсаты
білім іздену, тану және ой толғау секілді оқушылардың ӛзіндік белсенді әрекеттері негізінде
игеріледі. Білім игеруде олар дайын күйде берілген ақпаратты есте сақтау үшін қабылдамай,
оларды «игеру» сӛзінің шын мағынасы бойынша жан-жақты қарастырады, әрекеттер арқылы
зерттейді. Сонымен қатар тұлғаның ӛзін-ӛзі кӛрсете білуі мен дамуына, еркін түрде
әрекеттесуіне, тәжірибе арқылы үйренуіне, ӛмірде қажетті мақсаттарға жету үшін біліктер
мен дағдыларды игеруге, мүмкіндіктерін мейлінше пайдалануға, әлемнің ӛзгерістерге толы
динамикасына дайын болуға мүмкіндік береді. Басты нәтиже оқушының жетістіктері, даму
қарқыны және оның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша
бағдар беру болып табылады. Білім беру үдерісінің нәтижелі болуы оқушының ӛздігінен
меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, кӛзқарастарын зейін қойып, зерделей
білген білім модельдері аясында жүзеге асырылады. Оқушы оқу үдерісіне белсенді
қатысқанда ғана толық ақпаратты меңгереді.
Қай тараптан қарастырсақ та, білім саласындағы негізгі мәселелер үш арнаға түйісері
анық. Олар:
1.
Мазмұн (Не нәрсеге үйрету керек?)
2.
Әдістеме (Қалай үйрету керек?)
3.
Нәтиже (Не үшін үйрету керек? Үйретудің нәтижесі қандай болуы керек?) [5.14 б.]
Осы ретте басты мақсатымыз оқушыларды «жазба жұмыстарына (шығарма жаздыруға)
қалай үйрету керек?» деген сұрақ тӛңірегінде ой тұжырым жасау болып табылады.
Сондықтанжазба жұмыстарын ұтымды және тиімді ұйымдастыру әдістемесіне назар салуды
талап етуде. Себебі оқушының ӛз ізденісі құрастырылған білімнің арнасында жатқаны сӛзсіз.
Сындарлы білімнің басты қағидасы білімнің балаға дайын күйде берілуі мүмкін еместігімен
және әр адамның қоршаған әлем туралы ӛмір бойы ӛзіндік түсінік құрастыруымен
байланысты, яғни оқушылардың жеке басында болған ойлары, идеялары, түсініктері,
кӛзқарастары, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері, ұстанымдары,
уәждері мен ұстанған құндылықтары деп түсініледі.Соның ішінде оқушының ӛзіндік ізденісі
ретінде шығарма жаздыру әдістемесіне тоқталар болсақ.
ХҮІІІ ғасырдан бастап оқушылардыңжазба жұмыстарын зерттеу, әдіс-тәсілдерін
қарастыру орыс тіл білімінен бастау алды. Әдіскер В.П. Рыбаков мектепте шығарма жаздыру
ісінің әдебиетті пән ретінде оқытудағы басты міндеттердің бірі екендігін анықтай келе,
шығарма мазмұнының оның түріне сәйкес келу қажеттігін және шығарманы жазып-үйретуде
оның мазмұны мен жолдарын кӛрсетуге тырысты. Ал әдіскерлер К.Б. Бархин, М.А. Тюкалов,
И.К. Грунскийдің кӛрсетулерінше шығарма жазу барысында жоспар құру, оның кіріспе,
негізгі, қорытынды бӛлімдері болу керектігін кӛрсетіп анықтама берді.
В.В. Голубков ӛзінің ғылыми еңбектерінде оқушыларды шығарма жаздыруға тӛселдірудің
келесі әдістерін ұсынады:
- кӛркем шығарманың мазмұнын қысқа әңгімемен түсіндіріп, оның бас жағын класта
оқыту;
- сұраққа жауап боларлық маңызы бар эпизодтарға кӛңіл бӛлу;
- туындының басты проблемаларын оқушыларға алдын ала таныту;
- шығарманың кейіпкерлерін топтау.(О преподавание литературы в школе ІІІ ступени.
«Вестник просвещение». №7. 1925).
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
147
Шығарма жазудың жүйесі туралы ойын әдіскер-ғалым М.А. Рыбникова: «Жүйені әрбір
жұмыс түрінің қажеттілігін түсінген, оларды белгілі бір қиыншылығына қарай тәртіпке әкеле
білген мұғалім ғана құра алады. Әр шығарманың нақтылығы мен белгілі бір мақсатқа
бағытталуы бұл – уақыт жағынан ұту, бұл – оқушы күшін үнемдеу, бұл – жүйе» деп
кӛрсетеді. Ғалым Б.А. Орлов мектепте оқушыларға мектепте белгілі бір тақырыпты
ұсынғанмен, шығарма жазуда шәкірттердің ӛзіне ұнаған жанрдың біреуін қалаған яғни,
ғылыми, кӛркем, публицистикалық т.б. таңдап алуын дұрыс деп санайды. Және мұғалімдер
шығарма жазуға үйретуде кӛркем туындыны талдаудың теориясы менпрактикасына сүйенуі
керектігін кӛрсетеді. Әдіскер В.Н. Колокольцев шығарма жазуда мәтінмен жұмыс жасау
арқылы оқушы эмоциясы мен ӛзіндік пікірін қалыптастыру жолдарын іздестіреді [4.9-13 бб] .
Шығарма жазу жұмысы мәселелерін С.Жиенбаев, Ш.Кәрібаев, Ә.Қоңыратбаев,
А.Кӛшімбаев, Е.Дай-рабаев, Т.Ақшолақов,
Ә.Дайырова, Ғ.Бегалиев, Қ.Басымов,
Ш.Сарыбаев, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов әдебиет-ті зерттеу әдістемесінде қарастырғанын
кӛреміз.Шығарма жазу жӛніндегі мәселені алғаш рет Ш.Сарыбай-ұлы «Жаздырып үйрету
әдістері», «Күнделікті керектер» еңбектерінде сӛз етеді. Бірақ мұнда сауаттылық
мәселелеріне назар аударады.
Педагог-ғалым Н.Оралбаева қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты түйінді
идеяларын кӛруге болады. Ал ғалым Ә.Қоңыратбаев жазба жұмыстарын пән бойынша
жүргізу оқушылардың тілін дамы-туға, кӛркем тексті жинақтап-саралауға және оларға
ӛздігінен жұмыс жасатуға кӛмектеседі деген пікірді білдіреді және әдеби-творчестволық
шығарманың кӛркем стильде жазылуына, бейнелі түрде суреттелуіне мән береді. Педагог-
ғалым шығарма жазу алдындағы тӛмендегідей алғышартқа 1) мәтіндегі белгілі бір эпизодты
оқушының ӛзінше суреттеуі, 2) ӛлең мазмұнын қара сӛзге айналдыру,3) тыңнан сюжет ойлап
шығаруға тоқталып, оқушылардың осы мәселелерді практика жүзінде іске асыруын мақсат
етеді.
Әдіскер ғалым А.Кӛшімбаев шығарма жұмысын «оқушының қиял дүниесінің қазынасы,
ойлау жұмы-сының жемісі, ойдан шығару ӛнерінің нәтижесі» деп бағалайды және
оқушыларды шығарма жаза білу дағдысына тӛселдіру мақсатында келесі жұмыстардан
тұратындығына тоқталады:
Шығармаға керекті материалды таңдап ала білу;
Ойын тақырып бойынша да, тақырыпқа жасалған жоспар бойынша да реттеп жаза
білу;
Ойына қорытынды жасай білу;
Керекті цитаталарды тауып, оларды орнымен пайдалана білу.
Сонымен қатар ғалым орта мектепте әдебиет пәні арқылы жүргізілетін жазу жұмысының
алдына қойылған міндеттердің ең бастысы – оқушының ӛз бетімен іздене алуға, кітаппен
жұмыс істей білуге, ӛмірден кӛрген, тұшынған мәселелеріне байланысты пікір түйіп, ой
тұжырымдауға үйрете келіп, шығар-ма жазуға үйретудің кейбір жолдарын ұсынады:
тиісті мағлұматты оқушы үндемей отырып ойлап, іштей қайталап, кейін ӛзінше
мазмұндап шығу, бұл – ой еңбегіне жаттықтыру;
ӛмірмен байланысты жазу, оқушының мектептегі, жиналыстағы сӛзі, баяндау хаты, іс
қағаздарын жазу, экскурсия, саяхат туралы есебі;
кітапқа аннотация жазу.
Оқушылармен жүргізілетін осы сипаттағы дайындық кезеңі сӛз жоқ, ӛзінің тиімді
нәтижесін берері анық.
Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде ӛзін кӛрсете алуының белгісі,дағдылы
жұмыстың кӛрінісі. Оқушының ауызша сӛз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал
ойын жазбаша түсіруге қалыптас-тыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп
отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі. Нәтиже қай жұмыста да нәтижелілігімен бағалы
екендігі шындық.
Шығарма жазуда міндетті түрде жоспар болуы керек. Себебі, жоспар – ӛзінің
структуралық құрылымы бар, кӛлемі анықталған, оқушыны шығарма жазуда ойлы жолға
бағыттайтын, тақырыптың дамуын қалыптастырып, кейде үлкен тақырыпты шағын
тақырыпшаға бӛлшектейтін, оны біріктіріп тұратын жүйе. Жоспар логикалық үш бӛліктен:
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
148
кіріспе, негізгі және қорытындыдан тұрады. Кіріспе бӛлім шығар-маның орталық
проблемасын ашудың басқышы, мұнда кейде оқушы алға қойылған мәселелердің тарихи
жағдайы мен байланысын кӛрсетсе, кейде жазушының ойын, кӛзқарасын не ол туралы
ӛзгенің пікірін аңғартады. Бірақ бұл бӛлім бүкіл жұмыстың мазмұнымен байланысты
жазылады. Кейбір сәтте кіріспені оқушыны келесі бӛлімге психологиялық жағынан
дайындап ӛткізудің кӛпірі деп санауға болады. Бұл бӛлімде тақырыпты таңдау, оқушының,
автордың мақсаты, пікірі жинақталады. Ал негізгі бӛлім тезис пен аргументтердің жүйесі,
логикалық талдаудың ӛзі, ой қорытындысының тізбегі болып есептеледі. Бұл бӛлімде
шығарманың негізгі мазмұны, тақырыбы ашылуы керек, кӛлемі жағынан да ӛзге бӛлімдерден
қомақты болады. Қорытынды бӛлімде айтылған ой жинақталып, қорытындыланады. Бұл
бӛлімде жұмыс аяқталып, сонымен бірге мазмұны алдыңғы жазылғандармен байланыста
болуы қажет. Оқушы ойдың аяқталғандығын қорытынды бӛлімнен бірден түсінулері
керек.[4.17-22 бб]
Жоспар ойды жүйелі жазуға кӛмектеседі, сондықтан мұғалімдер оқушылардың жоспар
құру дағдысын дамыта түсу мақсатында арнаулы жаттығулар жүргізуде сабақ тәжірибесіне
батыл енгізуі қажет.Мұғалім жұмысты тексеруден алдыноқушының шығарманы тағы бір рет
қарап шығуына мүмкіндік беруі қажет. Осы арқылы шығарма артық сӛз, сӛйлемдерден
арылып, стильдік қатемен жұмыс жүргізіледі, граммати-калық қателер жӛнделеді, сӛздікпен
жұмыс жасалады, шығарма тақырыбы ашылып, идеясы анық байқа-лады және ӛзіндік пікірі
танылады. Бұл шығарманы қайта жазу деген сӛз емес, жазылғанды сараптай отырып, мазмұн,
құрылым жағынан ӛңдеп және сауаттылығын жетілдіріп толықтыру деген сӛз. Мектепте
оқушыларды шығарма жазуға тӛселдірудің және күрделі шығарма жазуға бағыттаудың
оңтайлы жолының бірі – мінездеме-шығарма, салыстырмалы мінездеме-шығарма, жинақтық
мінездеме-шығарма, әдеби-сыни шығарма жаздыру болып табылады. Және де кӛркем
туындыны талдау барысында шығарма жазудың оқушылар үшін алғышарты кейіпкерлерге
мінездеме беруден басталады. Шығарма кейіпкер-леріне мінездеме беруінің немесе оқушы
шығармасында адам бейнесін жасаудың кӛптеген тәсілдері бар. Ол сӛздегі суретпен ғана
шектелмей, әдеби образ жасайтын ӛмірлік тәжірибе мен кӛркем туынды бойынша
жинақталған материалдар негізінде жасалмақ. Оқушы шығармасында кейіпкерлерді
жинақтау арқылы мінездемеге әкеліп, ӛз жұмысындаобразды осылай тудырады.
Кейіпкерлерді жасауда оқушылар оны берудің жан-жақты амалдарын іздейді. Біреуі қанатты
қиял арқылы, екіншісі кейіпкер әрекетін ойдан шығару арқылы ӛз қаһарманына түрлі қасиет
дарытады, үшіншілер кӛркем туынды арқылы оқиғаны оп-оңай ӛрістете алады.
Кейіпкерлерді әсерлі суреттеу тәсілінің бірі – кӛркем шығармадағы ерекше деталь, штрихты
қолдана білу. Деталь шығармадағы жадағай сӛздерді кӛркем суретке айналдырып, сол
арқылы бейнелеп отырған кейіпкерлерге не оқиғаларға эстетикалық серпін, ерекше әсер
туғызады, болашақ шығарманы мазмұнды жазуға қызмет жасайды.
Сонымен қатар тиімді әдістердің бірі – кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме жасату,
салыстыру және оқушының ӛз шығармасында сүйікті кейіпкерлерін ӛмірге әкелу
тәсілдерінің бірі – ойдан шығару болып табылады. Бұл – шәкірттіңӛз кейіпкерін толық
суреттеуге қадам басар алғашқы сатысы, ӛзінің оқыған, естіген, кӛрген әсерлерін іштей
ӛңдеп, ой елегінен ӛткізіп, қорытып, жинақтаудың әдісі. Ғалым З.Қабдолов: «Ойдан шығару
– ....шындықты сұрыптау, саралау тәсілі, шындыққа суарылған адам тұлғасын әрі жинақтау,
әрі даралау тәсілі» деген пікірін білдіреді.Біз жұмысымыздың қорытындысында оқушыларды
осы әрекеттерге түсіру мен ойлау туралы ойлануға мүмкіндік,шығармашылық еркіндік
берген жағдайда жоғары нәтижеге қол жеткізеріміз анық. Бұдан біз табысты оқытуға қол
жеткізу үшін оқушыларды шығарма жаздыруға үйрету қажеттігін кӛріп отырмыз.
Қорыта айтқанда, қазіргі заманда білім адамды бұрынғыдай табиғатты ӛзіне бағындырып,
дүниені игеру немесе ӛзгерту үшін қажетті ұғымдармен «қаруландырмай», керісінше оның
болмыс пен жараты-лыс заңдылықтарын біліп, дүниеге бейімделіп, «кірпіш» секілді
«қалануына» әкелуі керек. Білім әр тұлғаға ӛз әлемін айқындап, оның құндылықтары мен
қағидаларын белгілеуге, ең бастысы ӛмір сүруге кӛмек беруі керек. Француз жазушысы әрі
философы Жан Жак Руссо «баланы ӛмір сүруге үйрету керек» деп жазған болатын, ӛйткені
ӛмір сүру дегеніміз ӛмірдің әрбір басты мақсаты мен міндеті, ӛмірдің әрбір мезетін, кӛрінісін
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
149
толыққанды, бар мүмкіншіліктеріңмен сезіну болып табылады.
1.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы, 2002.
2.
Лекеров Қ. Оқушыларды творчестволық жұмыс жазуға дағдылындыру. – Алматы, Қазақстан
мектебі, 1962, №10. - 37-45 бб.
3.
Мақпыров С. Қазақ әдебиетінен шығарма жұмыстары. –А.: Рауан, 1996. – 72-73 бб.
4.
Мұхтарова Э. Орта мектепте шығарма жаздырудың әдістемесі. Кандидаттық диссертация.
– Алматы, 2002.
5.
Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. –Алматы,
2009.
ӘОЖ 37.01:39
А.Қ. Талдыбаева – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҦЛТТЫҚ ҚҦНДЫЛЫҚТА
Тҥйіндеме: Мақалада ұлттық тәрбиенің негізі қарастырылады. Ұлттық тәрбиенің пайдалы жақтары
жан-жақты пайымдалады. Жоғарғы оқу орындарында болашақ ұстаздарға педагогикалық процесті
ұйымдастыруға қажетті жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың ролі қарастырылады.
Қазіргі білім беру технологиялары бойынша жүйелі білім беру, оқу процесінде осы технологияларды
қолдану, тәжірибе жинақтау және болашақ мамандарды алдағы кәсіби-педагогикалық қызметке қазіргі
заман талабына сай жоғары сапалы білім беріп тәрбиелеу мәселелері қарастырылады.
Тірек сөздер: жаһандану, ұлттық құндылық, ұлттық тәрбие, құндылық тұғырнамасы, белсенді
қарым-қатынас, индивидтік қарым-қатынас, ұлттық рух.
Аннотация: В этой статье рассматриваються основа национального воспитания.
Широко раскрывается полез-ность применения основ национального воспитания. В
статье рассматривается роль педагогических технологий в профессиональной
подготовке учителя. Использование педагогических технологий в учебном процессе
вуза способствует четкому определению конечной цели, разработке объективных
методов контроля, проект учебного процесса, определению структуры и содержанию
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
150
учебно-познавательной деятельности учащихся.
Ключевые слова: глобализация, национальная ценность, национальное воспитание, платформа,
активные ценности связь индивид связь, национальный дух.
Abstract. Basis of National Education is considered in this article. Widely expanded the usefulness of the
foundations
of
national
education.The
article considers
the
role
of of
educational
technology in teacher training. The use of educational technology in teaching university facilitates a clear
definition of the ultimate goal, the development of objective methods of monitoring, the project is the training
process, defining the structure and content of educational-cognitive activity of students.
Keywords: globalization, national value, national education, platform, active values connection individual
connection, national spirit.
Бүгінгі күнде жас ұрпаққа әлемдік деңгейдегі білім беру мен ұлттық құндылықтарды
бойларына сіңіре отырып тәрбиелеу баршамызға ортақ іс. Қазіргі қоғам адам тәрбиесінің
мазмұнына мән беруді талап етіп отыр. Демек, ұстаздардың алдында оқушыны жан-жақты
дамыған, білімді де, тәрбиелітұлға етіп шығару міндеті тұр.Жаһандануүрдісінде ұлттық
құндылықтарды, ұлттық болмысты, ізгі дәстүрлерді сақтау дегеніміз ұлттық тәрбие мен
сананы сақтау деген сөз. Ал, ұлттық тәрбие дегеніміз жеке тұлғаныңұлттық сана-сезімі мен
мінез құлқының ана тілін, тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі
(1).
Ұлттық құндылық дегеніміз белгілі бір ұлтқа тән адами қадір-қасиет, яғни халықтың
ғасырлар бойы жинаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтары.
Рухани құндылықтарға адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер
жатса, материалдық құндылықтарға адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен
кәсібі жатады. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы бүкіл адамзаттың құндылық
тұғырнамасында қалыптасқан тәні мен жаны сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми-теориялық
білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері ұштасқан, күрделі әлемдік өмірге, әлеуметтік
кеңістікке еркін самғай алатын қасиеттерге ие және әлемдік бәсекеге қабілетті тұлғаны
қалыптастыруда тәлімгерлер мен сынып жетекшісінің рөлі өте зор.
Тәлімгер немесе сынып жетекшісінің міндеттері
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
151
жас
ұрпақтың
бойына
ұлттық
сана-сезімді
қалыптастыр,
мақтаныш
сезімдерін
ұялату,
ұлттық
рухты дамыту
ана тілі мен
дінін,
оның
тарихын,
мәдениетін,
өнерін, салт-
дәстүрі
мен
рухани-
мәдени
мұраларды
қастерлеу
жанашырлық,
сенімділік,
намысшылдық,
ұлттық
мінездерді
қалыптастыру,
мұражай
материалдарын
пайдаланып,
елжандылыққа
тәрбиелеу
тәрбие
ісін
ұтымды
да
қызықты
ұйымдастыру,
тәрбиенің
бағыттарын
айқындап беру
ұлттық
мәдениетті
меңгерте
отырып,
әлемдік
мәдениетті
меңгерту
Тәрбие мәселесіне зор мән беріліп, ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту үрдісіне енгізу
арқылы ұлттық байлығымызды игеріп, ұлттық сананы дамыта аламыз. Отбасында, мектепте,
жоғарғы оқу орындарында ұлттық санамен сусындатуарқылы ұлттың тұнып тұрған асыл
қазынасы рухани байлықтыжас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, болашақта ел билейтін,
ұлтжанды, Отанына берілген, ӛз халқын, ӛз мемлекетін кӛздің қарашығындай сақтап, қорғай
білетін патриот тұлғаларды тәрбиелеп шығаруға болады. Демек, ұлттық құндылықтармен
тәрбиеленген ұрпақ ӛзін-ӛзі бағалай білетін ұрпақ болады. Жас ұрпақ бойына ұлттық
құндылықтарды баланың бесіктегі кезінен бесік жырын айту арқылы, ӛсе келе эпостық
жырлар мен ертегілерді оқыту арқылы, одан кейін тарихтағы ұлы тұлғалардың айтқан
қасиетті сӛздері мен ӛлеңдерін айту арқылы сіңіруге болады. Мысалы: Ж.Аймауытов: «Мен
халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнанкелмейді» -
дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екумін: бірі-ӛзім, екіншісі-халқым» - дейді. Қазақ
халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге тұрарлық ұлттық рухани және материалдық
құндылықтары туралы ұлағатты ойлары мен құнды сӛздерін, мақал-мәтелдерін келешек
ұрпақ бойына сіңіреотырып, болашақтан зор үміт күтуге болады.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие
арқылы
дамытатын
құндылықтар
белсенді
қарым-
қатынас
индивидтік
қарым-
қатынас
ӛзіндік
тәртіп
шыдамдылық
Белсенді қарым-қатынаста оқушы мен мұғалім әрбір мәселеде ӛз кӛзқарастарын білдіріп
отырады; индивидтік қарым-қатынаста жеке оқушынының ерешеліктерін дамытудағы
мұғалімнің жауакершілігінің болуы; ӛзіндік тәртіпте ӛзін-ӛзі бақылау мен бағалауды,
шешім қабылдауды үйрене отырып дамиды; шыдамдылық кезінде әр түрлі пікірлерді
қабылдау арқылы, бір-бірінің пікірлеріне құрметпен қарап, қабылдайды (2). Әрбір елін
сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, ӛнеге тұта білуі керек.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
152
Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін жастарымыздыңбілімді де рухани байұлтжанды
елін, жерін сүйетін ұрпақ болуы шарт. Қорыта келе, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы
ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, ӛсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш,
ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың
парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін,
ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |