Ф. Ш. Оразбаева Ғылыми редакторлар



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата03.03.2017
өлшемі2,43 Mb.
#5943
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 
1 Лопатухина Т.А. Текстоцентрический подход в образовательном пространстве высшей военной 
школы (на материале иноязычного образования): Дис. … докт. пед. наук. - Ставрополь, 2003. – 426с. 
2 Быстрова Е.А., Львова С.И., Капинос В.И. и др. Обучение русскому языку в школе: учеб. пособие 
для студентов педагогических вузов / Под ред. Е.А. Быстровой. – М.: Дрофа, 2004. – 237с.  
3 Руднев, В.П. Словарь культуры XX века. - М.: Аграф,1999. - 384с. 
4 Жанпеисова У.А. Теоретические основы обучения русскому языку в казахской школе (лексический 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
134 
 
аспект): Дис. … докт. пед. наук. - Алматы, 1999. - 323 с. 
5 Никифорова О.И. Психология восприятия художественной литературы. – М.: Книга, 1972. – 
152с. 
6 Сафаргалиева А.Ы. Научный текст  как объект методики // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия 
«Филологические науки». – 2013. - №1(43). – С.50-54. 
7 Львов М.Р. Словарь-справочник по методике преподавания русского языка. - М.: Издательский 
центр «Академия»; Высшая школа, 1999. - 272 с. 
8 Ахмедьяров К.К., Мухамадиев Х.С. Типовая учебная программа. Русский язык. – Алматы: Казак 
университетi, 2012. - 16c.  
 
ӘОЖ 070(574) 
 
Ж.Тойбаева – PhD докторанты 
 
ЖУРНАЛИСТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРЫ 
 
Түйіндеме:  Бұл  мақалада заманалы  журналистің  жан  жақтылығы, БАҚ۔тағы кәсіби  мамандардың 
деңгейі, олардың бүгінгі таңда интернет технологияларды қаншалықты меңгергені жайлы ақпараттар 
менұсыныстарды қамтылған. Сонымен қатар жаңа медиа құралдарын үйрену журналист маманға не 
бермек  деген  сауалға  тұщымды  жауап  берілген.  Журналистік  білім  беруді  дамыту  жолдары,жаңа 
медианың мүмкіндіктері жайлы ұсыныстар мен зерттеулер қарастырылған.  
Кілт сөздер: заманалы журналист, БАҚ, ЮНЕСКО, білім беру моделі 
Аннотация:  В  данной  статье  описывается  возможности  мультимединого  журналиста, 
профессиональный  уровень  специалистов  СМИ  и  насколько  хорошо  они  должны  владеть  интернет 
технологиями.  Приведены  предло-жения  по  обучению  мультимединых  журналистов.  В  работе 
описываются новые возможности и структуры для обучения мультимедийных журналистов.  
Ключевые слова: мультимединый журналист, СМИ, ЮНЕСКО, модель преподавания 
Abstract: This article describes the possibility of multi-media journalist, media professional level and how 
well they should own Internet technologies. Offers on learning multi-media journalists. The paper describes 
the new features and framework for learning multi-media journalists. 
Key words: multi-media journalist, media, UNESCO, the model of teaching 
 
Еліміз егемендік алған соңғы жиырма жыл көлемінде қоғам өмірінің барлық саласында 
қалыптасқан  стереотиптер  бұзылып,  көптеген  өзгерістер  орын  алғаны  мәлім.  Осындай 
өзгерістер  жаңалық  жаршысы  болып табылатын  бұқаралық  ақпарат құралдарында ерекше 
көрініс тапты. 
Журналист  –  ашық  қоғамның,  әділеттіліктің  салтанат  құруының  тілеулесі,  әрі  халық 
мүддесінің  жанашыры.  Сондықтан  да  олар  қоғамдық  ортада  ерекше  ілтипат  пен  зор 
құрметке  лайық.  Публицистің  абырой  атағын  жоғары  ұстау,  оған  кір  келтірмеу  әрбір 
журналистің кәсіби парызы.  
Журналист  сөзімен  де,  өзімен  өзгеге  үлгі  боларлықтай  ғылыми-теориялық  білімі  терең, 
батыл  да  принципшіл  адам  болуы  міндетті.  Сонымен  қатар  оған  жазу  мәдениетін  толық 
игерген жоғары сауаттылық пен тума таланттылық, асқан дарындылық та өте қажет. 
Ал  заманалы  журналист  қандай  болу  керек?  БАҚ۔тағы  кәсіби  мамандардың  деңгейі 
қандай? Олар бүгінгі таңда интернет технологияларды қаншалықты меңгерген? Жаңа медиа 
құралдарын  үйрену  журналиске  не  бермек?  Осы  және  журналистік  білім  берудің  өзге  де 
өзекті  мәселелері  жуырда  ЕЫҚҰ-ның  Астанадағы  орталығының  қаржылық  қолдауымен, 
ЮНЕСКО-ның  Алматыдағы  кластерлік  бюросы,  «Мінбер»  қоғамдық  қорының  және  әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетімен бірлесе өткен «Журналистік білім 
беруді дамыту жолдары: жаңа медианың мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстелде кеңінен сөз 
болды.  
Бүгінгі  мультимедиалық  қоғамда  журналист  жан-жақты  болуы  керек.  Ол  тек  бір  ғана 
қызмет  түрінде  шектеліп  қалмай,  өз  саласының  ұстасына  айналу  үшін  әрдайым  ізденіс 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
135 
 
үстінде  жүруі  тиіс.  Себебі,  бүгінгі  таңдатілдесу  құралдарының,  коммуникацияның  ілгерілеп 
кетуіне  байланысты,  журналист  мамандығы  тез  арада  ақпарат  жеткізу  үшін  бейімделуді 
талап етеді.  
2015-жылға  дейін  Қазақстан телеарналары толыққанды сандық  жүйеге көшуі тиіс. Яғни, 
бүл үдерістер журналистен жылдамдықты, жан-жақтылықты, бір мезетте өз видеоға түсіріп, 
мәтінін  жазып,  монтаждап,  эфирге  дейінгі  процесстердің  басы  қасында  өзі  жүруі  тиіс. 
Ақпараттық  қоғамның  талабы  да  сол.  Мультимедиялық  қоғамға  мультимедиялы  маман 
қажет. Осыдан келіп заманауи журналиске деген талап жоғарылай бермек. 
Заманауи журналист – бұл бұрын журналистиканың әр саласына тән болған машық пен 
қабылеттерді қатар меңгерген адам. Қазіргі кездередакцияға жеке фотограф, жеке жаңалық 
жазушы, жеке сарапшыны жалдамай-ақ, бір маман осы ызметтерді атқара алса ғана құнды 
болады. Әрдайым ақпарат кеңістігінің алғы шебінде жүреді.Сол үшін қазіргі журналист мәтін 
немесе  сценарий,  мақала  жазумен  қатар  жаңа  технологияларды,  фото  бағдарламаларды, 
монтаж  үлгіолерін  үйренгені  абзал.  Сондықтан,  ЮНЕСКО  білім  беру  бағдарламалары  озық 
тәжірибені басшылыққа алады. Оның ішінде демократия, диалог пен дамуға негіз болатын 
БАҚ жүйесі үшін де кәсіби журналистік стандарттың маңызы зор екені анық. ЮНЕСКО 2007 
жылы дайындалған бағдарламалардың бірегей моделін тірек еткен болатын. ЮНЕСКО 2007 
моделі әлемнің 60 елінде тәжірибеге енгізілген. Ал 2013 жылы «Журналистика бойынша оқу 
бағдарламасының  моделі:  жаңа  оқу  бағдарламалар  жиынтығы»  жарыққа  шыққан.  Оған 
журналистика бойынша арнайы мамандандырылған 10 жаңа оқу бағдарламасы енген. 2012 
жылы 
ЮНЕСКО-ның 
ұйымдастыруымен 
өткен 
Алма-Ата+20 
конференциясының 
қорытындысына сүйенсек, еліміздегі жоғары білім беру жүйесіндегі қиындықтар да аз емес. 
Атап өтсек: 
- ғылыми қоғам басымдықтары мен БАҚ индустриясы басымдықтарының шиеленісі;  
- аймақтық университеттерді мамандармен қамту;  
- Болон үдерісі аясында құзыреттілікке негізделген білім беру жүйесіне бейімделу;  
- жоғары білім беру және кәсіби оқытудағы медиаиндустрияның рөлі;  
- оқулықтар және т.б. ресурстар;  
- БАҚ конвергенциясының әсері; 
- студенттік БАҚ тәуелсіздігі.  
Нәтижесінде  журналистік  білім  беру  бағдарламасының  әлеуетін  көтеру  мақсатында  8 
ұсыныс жасал-ған. Оның ең маңыздысы – ЮНЕСКО-ның «Журналистика бойынша білім беру 
бағдарламасы моделін» журналистика факультеттеріне және журналистік біліктілікті арттыру 
курстарына енгізу және қолдану болып табылады. 
 Аталмыш бағдарлама мынадай ұсыныстарды жүзеге асыруды көздейді: 
-  «Журналистік оқыту бағдарламасы моделінің»  дамуы мен қолданысқа енгізу процесін 
қолдау; 
-  журналистика  мамандығын  оқытуға  бағытталған  жоғарғы  оқу  орындарында  БАҚ-ты 
жалпылама оқытудан алшақтап, жекелеп оқытуға көшу; 
-  журналистика  және  коммуникация  саласы  бойынша  білім  беретін  ғалымдар  мен 
ұстаздардың жауапкершілігін арттыру; 
- Жоғарғы оқу орындарында теориямен қатар тәжірибелік жұмыстардың да жүзеге асуын 
қамтамасыз ету, мәселен зерттеулер жүргізу, сараптама жасау, мультимедиялық жобаларды 
жасау; 
-  Журналистикаға  қатысты  заманауи  деректерді  Азия  елдерінің  тілінде  оқуға  мүмкіндік 
жасау; 
-  Онлайн  курстар  мен  семинарларды  журналистика  пәні  бойынша  беретін  ұстаздармен 
бөлісу. 
 «Журналист  қоғам  үнінің  жаршысы  болғандықтан,  өз  білімі  мен  біліктілігін  заман 
талабына сай үнемі арттырып отыруы шарт. Еліміздегі «Мінбер» қоғамдық қоры жанындағы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
136 
 
жаңа медианы зерттеу тобы 2009 жылдан бастап интернет технологияларды журналистерге 
үйретумен айналысып келе жатқан орталық.  
Қазіргі  таңда  республикамызда  журналистика  саласы  бойынша  білім  беретін  11  өңірлік 
кафедра  және  екі  ғана  факультет  бар,  оның  біріншісі  80  жылдық  тарихы  бар  әл-Фараби 
атындағы  ҚазҰУ-дың  журна-листика  факультеті  және  екіншісі  Л.Гумилев  атындағы  ЕҰУ-дегі 
журналистика және саясаттану факультеті. 
 
ӘОЖ 378:016:811.111:004 
 
Е.Нәсіпқазы – Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Шығыс тілдер кафедрасының аға оқытушысы, 
Қ.Ж. Жұмабеков – Шет тілі: екі шет тілі мамандығының 2 курс магистранты 
 
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ 
БІЛІКТІЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ КӨЗДЕРІ 
 
Түйіндеме:  Мақалада  мультимедиялық  құралдар  және  мәдениетаралық  қарым-қатынас 
құралдары арқылы біліктілікті жетілдіру жолдары қарастырылады. Атап айтқанда, қазіргі таңда шетел 
тілін жаңа технологиялармен оқыту, мультимедиялық құралдарды қолдану ерекшеліктері, тапқырлық 
дағдыларының дамуы, теориялық негіздеме-лер, оқытудың әдістемесінтәжірибелік жүзінде тексеру. 
Тірек 
сөздер: 
компьютер,  интернет, 
телекоммуникациялық 
байланыс 
құралдары, 
интерактивті бағдарлама, суреттер, слайдтар, сызбалар. 
Аннотация:  В  статье  рассматриваются  инструменты  мультимедийного  и  межкультурного 
отношений, источ-ники и пути повышения квалификации. Обучение иностранному языку при помощи 
современной  информационной  технологии.  Особенности  использования  мультимедийных  средств  в 
развитии навыков сообразительности. Теорети-ческое обоснование, разработка и экспериментальная 
проверкаметодики обучения иностранному языку с помощью мультимедийных средств обучения. 
Ключевые  слова:  компьютер,  интернет,  телекоммуникационные  связи,  интерактивная 
программа, рисунки, слайды, чертежи. 
Abstract:  The  article  discussesthe  multimediatoolsand  interculturalrelations,  sources  and 
routestraining.Learning a foreignlanguagewiththe help of moderninformation technology.Features ofthe use 
of  multimediain the developmentof  skillsacumen.  The theoreticalrationale, development and  experimental 
testingmethods of teachinga foreign languagewiththe help of multimedialearning tools. 
Keywords: computer, internet, telecommunications links,interactive programresunki, slides, drawings. 
 
Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Инновациялар  мен  оқу-білімді 
жетілдіру  арқылы  білім  экономикасына»  деген  тақырыпта  оқыған  лекциясында:  «Осы 
заманғы  әлем  жаһандану  кезеңін  –  адамзаттың  біртұтас  ақпарат  және  коммуникациялар 
кеңістігінде  жан-жақты  бірігу,  бүкіл  планетаның  біртұтас  экономикалық  рынокқа  айналуы 
дәуірін  бастан  кешіруде»  деп  көрсеткен  болатын.  Бүгінгі  күні  Қазақстан  Республикасының 
білім  беру  реформасы  бойынша  білімді,  ойлы  және  өнерлі  тұлғаны  қалыптастыруға 
бағытталған және қазіргі білім беру жүйесі негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін 
дамытатын  оқытудың  дәстүрлі  емес,  жаңа  белсендіжәне  инновациялық  әдістерді  енгізу 
шетел  тілін  оқытудың  негізгі  мәселелерінің  бірі  болып  табылады.  Білім  берудің  дәстүрлі 
әдісінен  оқу  процесінде  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыратын  білім 
берудің  жаңа  белсенді  әдісіне  көшу  керек.  Бұл  тапсырманы  оқыту  үдерісінде  тек  жаңа 
технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.  
Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар білім беру саласында ақпараттық 
технология-лардың жаңа құралдарын қолдану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып 
отыр.  Отандық  және  шетелдік  оқулықтарда  білім  беру  үрдісін  компьютерлендіру  ең 
маңызды мәселелердің бірі ретінде қарастырылады. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында белгіленгендей, білім беру жүйесін 
ақпараттан-дыру, мемлекеттік білім беру саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
137 
 
маңызды  бір  механизмі  болып  табылады  Ақпараттық  ортаны  құруға  негізделген  білім 
берудің  жаңа  жүйесін  қалыптастыру  және  педагогикалық  практикаға  жаңа  ақпараттық 
құралдарды, сонымен қатар технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық 
тапсырма болып саналады. 
Қазіргі кезде жаңа білім беру жүйесінің заманауи технологиялар мен интернеттің пайда 
болуының 
арқасында 
дамығанын 
барлығы 
мойындайды. 
Көптеген 
әдіскерлер 
мультимедиялық  презентация,  видео-фильм,  электрондық  пошта,  анимациялық  суреттер 
және  т.б.  көмегімен  шетел  тілінде  монолог  және  диалог  түрінде  сөйлеу  қабілетін 
қалыптастыратын  жаттығуларды  құрастырумен  айналысып  жатыр.  Шетел  тілдік  ортада 
болмай-ақ,  сол  елдің  тілінде  сөйлей  алу  қабілетіне  ие  болу  оңай  емес.  Сондықтан, 
мұғалімнің  басты  мақсатының  бірі  шетел  тілі  сабағында  жаңа  технологиялардың  түрлі 
амалдарын  қолдана  отырып,  сөйлеудің  шын  ситуацияларын  құру  болып  табылады.  Шетел 
тілін оқыту барысында компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты етіп өткізуге 
көмектеседі.  
XXI  ғасырды  қоғамдық  ақпараттандыру  ғасыры  деп  бекерге  атамаған.  Компьютер  адам 
әрекетінің  барлық  салаларында  қолданылады.  Дүниежүзілік  қоғамдастықта  әлеуметтік 
өмірдің барлық саласын жаппай ақпараттандыру үдерісі қолға алынуда. Елдің экономикалық 
жағдайы,  адам  өмірінің  сапасы,  ұлттық  қауіпсіздік  және  мемлекеттік,  дүниежүзілік 
қоғамдастықтағы  рөлі  оның  ақпараттық  технология-лық  даму  дәрежесіне  байланысты 
болатыны  белгілі.  Экономикалық  тұрғыдан  дамыған  елдерде  және  көптеген  дамушы 
елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды үдерісі жүріп жатыр. Жалпы білім 
сапасын  жақсарту  жолдары  жасалып  жатыр  және  оқыту  процесіне  жаңа  ақпараттық 
технология-ларды енгізуге көп қаражат бөлінуде. Дегенмен, оқыту үдерісінде компьютерлік 
технологиялардың  қарқынды  енгізілуіне  қарамастан,  арнайы  мультимедиялық  оқулықтар 
мен  оларды  қолдану  техникасы  туралы  әдістеменің  болмауы  себепті  шет  тілін  үйрету 
процесінде компьютерлендіру жеткілікті дамымаған. 
Соңғы  жылдары  көз  алдымызда  адамдардың  әлеуметтік,  мәдени,  ғылыми  және 
өндірістік  қызмет  аясына  тікелей  әсер  еткен  компьютерлік  революция  бола  алады. 
Компьтердің  оқу  үдерісіне  де  тигізетін  өзіндік  әсерін  жоққа  шығаруға  болмайды.  Жаңа 
ақпараттық  технологияны  адамзат  қызметінің  барлық  саласында  енгізу  ақпараттық 
қоғамның  басты  көрінісі  болып  табылады.  Компьютерлік  техниканы  үздіксіз  білім  беру 
жүйесінде  пайдалану  оқытудың  педагогикалық  технологиясы,  оқытудың  ақпараттық 
технологиясы,  оқытудың  компьютерлік  технологиясының  пайда  болуына  себеп  болды. 
Сонымен  біз  осы  ұғымдарға  тоқталып  өтуді  жөн  көрдік.  Оқытудың  компьютерлік 
технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық  іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды 
басқаруға,  сондай-ақ  оқу  мен  практикалық  есептерді  ойындық,  адам-машиналы  тұрғыдан 
шешуге 
бағытталған 
әдіснамалық, 
психологиялық-педагогикалық, 
бағдарламалық-
техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады. 
 Кез-келген  педагогикалық  технология  –  ақпараттық  технология  болып  табылады.  Оқу-
тәрбие  үдері-сінде  білім  беруді  ақпараттандыру  үшін  жаңа  ақпараттық  технолгияны 
пайдалану  қажет.  Білім  берудегі  жаңа  ақпараттық  технология  деп  оқу  мен  оқу-тәрбие 
материалдарының,  есептегіш  техника  мен  аспаптық  құралдарының  жиынтығы,  есептегіш 
техника құралдардың оқу үрдісіндегі рөлі мен орнын, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін 
жетілдіруде  оларды  пайдаланудың  түрі  мен  әдістері  туралы  ғылыми  білімнің  жүйесін 
айтады. 
Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, 
оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі жаңа 
оқыту құралдары, яғни компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті 
интерактивті  бағдарламалық  және  әдістемелік  жабдықтар  әр  түрлі  оқыту  формаларын 
жетілдіруге  мүмкіндік  береді,  оған  қоса  оқушылардың  өзіндік  жұмыстарын  орындататын 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
138 
 
әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмысының маңызы зор. 
Білім  беруді  ақпараттандыру  кезінде  түрлі  бағдарламаларды,  жүйелер  мен  орталарды 
қең  қолдану  кезінде  оқытудың  формалары  мен  әдіс-тәсілдері,  сонымен  қатар  білім  беру 
үдерістерінің  мазмұны  да  маңызды  өзгерістерге  ұшырайды.  Сондықтан  мектеп  алдында 
тұрған  жаңа  мәселелерді  жүзеге  асыруға  бағытталған  оқыту  тиімділігін  арттыруға 
компьютерлік технологияны қолдану оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсерін 
тигізеді: 
- оқушылардың өзіндік жұмысын арттыру; 
- ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру; 
- ақпаратты беру, өндеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне оқушыны үйрету; 
- олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту; 
- өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру . 
Ю.К.  Бабанскийдің  теориясын  қолданушылар  оқытудың  тиімділігін  көтеруге  келесі 
тәсілдермен жетуге болады деп есептейді: 
-  оқыту  мен  оқушылардың  еңбегін  ғылыми  түрде  ұйымдастыру  формасын  жетілдіру 
жолымен; 
- оқытудың интенсивтендіру тәсілін қолдану арқылы; 
- оқытудың қазіргі заманғы технологиялық құралдарын жасап, қолдану арқылы. 
Ал,  мұндай  өзгеріс  оқушының  білімге  деген  ынтасын  арттырып,  сабақтың,  нәтижелік 
бақылаудың жаңа модельдерін (баяндама, есеп беру, жұрт алдында жобаларды топ болып 
бірге  отырып  қорғау)  ізденуге  итереді,  оқытудың  жеке  оқушыға  бағытталған  қызықты 
түрлерін  енгізуге  қөмектеседі.  Біз  компьютерді  кең  көлемде  ақпарат  құралы  ғана  емес, 
сонымен қатар адамның қоғамда өзін-өзі басқа-руына, өзіндік танымына жаңа жол ашатын 
және  қуатын  жаңа  жағдайға  жаңаша  көзқараспен  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  қуатты 
құрал деп есептейтін философтардың пікіріне біз де қосыламыз. 
Ақпараттық  құралдарды қолдану барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекетінде 
компьютерлік даярлықтары байқалдық. Мультимедиадағы бейнелер мен графикада шетел 
тілін сазды кескіндемелік  анимациялық иллюстрациялар арқылы бере отырып, шетел тілін 
оқытуда  үлкен  маңызға  ие  болатын-дығын  аңғардық.  Бұл  кездегі  ұсынылған  формалар, 
құралдар,  политра,  дизайн,  лингвистикалық,  көркем-дік  және  т.б.  шешімдердің  үйлесім 
табуы  шетел  тілін  үйрену  үдерісіндегі  оның  мазмұнын  толықтырады.  Олар  оқушының 
барлық сезім мүшелеріне әсер ете отырып, оның ойлау қабілетін арттырып, аналитика-лық 
ойлауы мен бейнелік қабылдауының, есте сақтауының барлық түрлеріне қозғау салып, оқу 
ақпара-тын толыққанды қабылдауына және тануына негіз салатындығын байқадық.  
Мультимедиа  оқушылардың  оқу  ақпаратын  қабылдаудағы  көру  және  есту  бейнелерін 
өзара үйлесті-реді. Мультимедиалық бағдарламалар оқушының ақпарат алмасу жағдайында 
мультимедиалық жүйемен интерактивті диалог орнату сияқты көптеген жаңа мүмкіндіктерге 
жол  ашады.  Шетел  тілін  оқыту  үдері-сінде  компьютер,  мультимедиа,  мультимедиялық  оқу 
бағдарламаларын  қолдану  ағылшын  тілін  оқытуда-ғы  сән  салтанат  көрінісі  емес,  өткен 
материалдарды қайталану мен жаңа ақпараттарды қабылдаудың аса қажетті құралы болып 
табылады.  Шетел  тілін  менгеруде  оқушының  танымдық,  әдеби-көркем  және  әлеуметтік 
ақпараттарды  игеруінде  компьютер,  мультимедиа  мен  интернеттің  рөлі  артып,  оқу 
материалы  және  қосымша  тақырыптық  материалдарды  мәнерлеп,  көрнекілеп  беруде 
иллюстративті  құрал  ретіндегі  маңызы  ұлғайды.  Мультимедиа,  презентациялар, 
видеофильмдер  сонымен  қатар  оқушының  оқу  мазмұ-нын  анықтап,  жақсы  меңгеру  үшін, 
шетел тіліндегі экстралингвистикалық ақпаратты игеруге көмегін тигізеді. Бұл ақпарат шетел 
тіліндегі  грамматикалық  ерекшеліктер  мен  лингвистикалық  ақпараттарды  айқын  да  дәл 
қабылдауға  ықпал  етеді.  Грамматикалық  категориялар  кеңестік  дәуірдегі  оқыту  әрекетінде 
басты  назарда,  оқушылар  грамматикалық  ережелер  мен  сөз  жаттады.  Ақпараттық 
технологиялар  арқылы  сабақта  табиғи  орта  жасалатын,  сөйлесудің  үлгілері  беріліп, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж. 
 
 
139 
 
оқушыларға  сөйлеу  дағдысының  пайда  болғаны  тәжірибе  барысында  байқалды.  Оқу-
танымдық 
ақпараттардың 
формалары 
(суреттер, 
слайдтар, 
сызбалар), 
көрсету 
формаларының  дизайны  (анимация,  түрлі  эффектілер),  сөз  және  дыбыспен  сүйемелдеу 
формалары жобаның басты мақсатына сай келіп, ең түйіндімәселеден оқшауланбауы керек. 
Оқытушы өз кезегінде бақылап, кеңес беріп, іс-әрекетін оқушының да бақылауына мүмкіндік 
жасайды.  Ол  қажетті  технологиялардың  функциялары  мен  жұмыстарына  сәйкес  тактиканы 
түсініп,  видеофильмдер  немесе  презентациялар  элементтерін  жобалау  және  безендіру 
мәселелерінде дұрыс бағыт ұстанып жобаның әдістемелік сипатын жасайды. Бұл оқушының 
мультимедиялық жоба барысындағы орнын ығыстыр-майды, олар жобаның өздеріне тиісті 
бағыттарын  орындауды  жоспарлауды  үйреніп,  даярлық  шаралары,  тақырыптық  және 
кескіндемелік  ақпарат  нәтижелері  болып  табылатын  презентациялар,  видеофильмдер, 
тақырыптық  нәтиже  және  дыбыстық  сүйемелдеуде  белсенді  бола  алады.  Жұмыста 
ақпараттық  ортамен  тығыз  қарым-қатынаста  бола  отырып,  оған  шын  беріліп,  бастапқы 
үйрену  зерттеу  пәні  –  тіл  және  оның  лингвистикалық  түрлерін  оқып  үйренуге  айтарлықтай 
қызығушылықтарын көрсетеді *8. 79+. 
Ж.А.  Қараевтың  пікірінше  "компьютерлік  оқыту  технологиясы  өзіндік  танымдық  іс-
әрекетті  дамытуға  арналған  методологиялық,  психо-лингвистикалық,  бағдарламалы-
техникалық, ұйымдастырушылық құралдардың жиынтығы" болып табылады. 
Қорыта  айтқанда,  білім  беру  саласында  көтерілетін  өзекті  мәселелердің  бірі  –  жаңа 
ақпараттық технологияларды орта мектептерде қолдану тиімділігі. Бұл шетел тілін оқытудың 
жаңа  техникалық  құралы  ғана  емес,  сонымен  қатар  тілді  үйретудің  жаңа  форма  мен  әдісі 
ретінде  қарастырылып  отыр.  Шетел  тілін  оқытудың  негізгі  мақсаты  оқушының 
коммуникативті  мәдениетін  қалыптастыру  және  дамыту,  оның  шетел  тілін  практикалық 
қолданыста пайдалану қабілетін дамыту. 
Мемлекетте  білім  жүйесін  жаңарту  үдерісі  жүріп  жатқан  қазіргі  таңда  мұғалімнің  кәсіби 
қызметіне қойылатын негізгі талап ақпараттық таным болып табылады. Ал, мультимедиалық 
құралдарды  қолдану  оқу  барысын  жеңілдету,  одан  әрі  дамыту  мен  оқушыларға  оқу 
материалдарын жеткізу мақсатын көздеуі тиіс. 
 
1 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы. 
//Астана, - 2004.  
2 Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы. //Алматы, – 2010. - 75б. 
3  Қараев  Ж.А.  Активизация  позновательной  деятельности  учащихся  в  условиях  преминения 
компьютерной технологии обучения: дисс. док. пед. наук. - Алматы, 1995.  
4  Нұрғалиева  Г.К.,  Тілеуова  С.С.  Ақпараттандыру  –  білім  беруді  реформаландырудың  негізгі 
механизмі// Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – Алматы, 2006. - №1.  
5  Дацюк  Г.И.  Психолого-педагогические  особенности  применения  информационных-
коммуникативных технологий в учреждених общего среднего образования: дисс. канд. пед. наук.  - 
М., 2001.  
6 Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса: Методические основы – М.: 
Педагогика, 1982.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет