VII
293
Sauap.org
Щербаковтен шыққан соң, Мейрам тура обкомға тартты. Обком мен
Облисполком бір жерде, үш қабат ақ үйде тұрады. Ол үйдің сырт жағында
кинотеатры, бақша, алдыңғы жағында кең алаң бар. Алаңға былтырдан бері
ағаш, гүл егіліп айналасын қоршаған. Аумағымен ойып әкеліп орната қойған
ересек ағаштар бірер жылда-ақ зейнетті бақшаға айналды. Қақ ортасында күн
шығысқа қол созып Ленин тұлғасы тұр. Ағаш кӛлеңкелерінде жапырақ, түсті
сырлы орындықтар, ыстық күнде су себелеп фонтандар тұр. Кӛмірлі
Қарағандыда егін арасындағы арамшӛпше ескінің жұрнақтары кездесе берсе,
бұл Қарағандыда ол ырымға жоқ. Түзу, тегіс кӛше, үш, тӛрт, бес қабат үйлер,
фонтан, скверлар күн санап кӛбейе түседі. Кӛмір тозаңынан аулақ, жалпақ
жонның үстіндегі шымқай жаңа, қылаң қаланың бір шетінде аэродром.
Дуадақша жүгіре ұшып-қонып жүрген самолет тобының гүрілі түнде де
басылмайды. Екінші жақ шетте — «Динамо» — спорт алаңы. Мыңдаған адам
дуылдасып, дене шынықтыру ӛнерін қызықтап жүргені.
Құлазыған жалаңаш дала аз уақытта осындай мәдениет, ӛндіріс ошағына
айналса да Мейрамның кӛңілі кӛншір емес. Щербаковтің жаңағы:
«Шабандық пен шапшаңдықтың жігін таппай жүрсіз» дегені шамдандыра
түсті. Бақша ішінде жалғыз, тӛмен қарап, жай басып келе жатып: «ол тек
кешегі мен бүгінгіні салыстырады. Тояттау! Бүгінгі мен ертеңгіні салыстыру
керек»,— деп Щербаковті мінеп алады ішінен. Жайнаған алуан түсті екпе
гүлдердің алқызыл бірін қызығып жұлып алды да ыңғайсызданып қалды.
«Әркім естіп жұла берсе...» десе де, жұлынған соң тастай алмай омырауына
қадап тұрғанда.
— Гүлге құмар әлі, қызыл гүлге!— деген дауыс естілді.
Обкомнан шығып келе жатқан Анатолий Федорович
Чайков екен. Қолында конверті бар. Ол жеткенше Мейрам да жауап
беріп үлгірді:
— Иә, мен гүлге құмар. Құмарлық бітсе тіршілікте не сән бар.
— Құмарлық қиянатқа айналмасын бірақ.
— Мен жұлған бір гүлге бұны айттыңыз, ӛзіңіз ондап жұлғанда не
айттыңыз?
Чайков жауап қайырмай басын шайқап күлді де, Мейрамның қолын
қатты қыса амандасты. Бұдан сегіз-тоғыз жыл бұрын Мейрам Қарағандыға
алғаш келе жатқанда, жапан дүзде, ирек-ирек белдер арасында барлаушы
партияны басқарып жүрген Чайков осы. Содан бері араларынан қыл ӛтпейді.
Жастарының үлкен, кішілігіне қарамастан әзілдесе беретін.
— Басыңыздың қасқасы күн санап ұлғая ма, немене,— деп еді Мейрам.
Чайков иығын бір қозғап қойып:
— Амал не!— деді.— Сенің самайыңның ағы жұлсаң да бой бермей
барады.
Екеуі бақшаны басына кӛтере күлді. Чайков аласа бойлы, тӛртпақ,
жайдары, шапшаң кісі. Ӛткір, кӛкшіл кезінде күлкі енді басыла қалыпты.
294
Sauap.org
Мейрамды қолынан жетелей келіп, жапырақ кӛлеңкесіндегі орындыққа
отырды да, үлкен әңгімені оп-оңай бастады:
— Долинканы кӛшіру керек! Александр Андреевичке айтып
шықтым...— дегенде Мейрам жалт қарады, оның бетіне.
— Шын айтасыз ба?
— Шын айтам.
«Долинка» Қарағандыдан қырық-елу километр. Ондаған мың малы,
ондаған мың егісі, бақшасы бар, жерінің бір шеті мен бір шетіне екі-үш жүз
километрге созылған алып совхоз. Тікелей Москваға бағынады.
Барлаушылар кӛмірді қуа-қуа осы совхоздың орталығына жеткен. Оны
кӛшіру рулы елді кӛшірумен бірдей. Федоровичті бұл қиындықтың бірі
бӛгеген жоқ. Ӛз ойын ӛршелене дәлелдеп отыр...
— Кӛшіру үшін бірер шахтаны Долинканың дәл орталығынан ашу
керек.
— Қиын мәселе, Анатолий Федорович.
— Несі қиын! Дәлел дайын. Дәлелдесең үкімет құшағын жая қарсы
алады. Кӛмір неғұрлым кӛбейсе, ӛнеркәсіп солғұрлым күшейеді. Малдың,
егістің астына кӛмірдің керегі не? Совхозды ол жерде қалдырудан кӛшіру
әлдеқайда пайдалы. Керек болса, бұның экономикалық есебін де жасап
берем...
Мейрам таласпай тыңдай берді. Жасы, тәжірибесі үлкен, қазақ жерінің
кен байлығы туралы отыздан аса ғылыми еңбегі бар. Москва, Ленинград,
Алматымен пікір байланысы қат-қабат адам сӛйлеген сайын тереңдеп
барады. Алдын алыстан болжап, ғылым дүниесіндегі озық ойларды кӛлденең
тартып тұр. Ойы ӛзіне сонша айқын, сенімі сонша күшті сияқты — сӛзінде
бір дүдәмал, мүдіру жоқ. Батыл айтады.
— Кӛмір жалғасы алпыс-жетпіс километрге кетті!-— деді батысқа
нұсқап қойып. Екінші қолын дереу шығысқа созды.— Бұл жақ біздің
қайсыбір барлаушылардың болжауынша «Екібастұз» бен ұштасады.
Қарағанды үлкен кӛмір теңізі. Соған лайық кеме керек. Меніңше
Қазақстанның қара металлургиясын жасау қамына кірісетін де мезгіл туды.
Қайыр Аманбековичтің мына хатын оқығанда осы пікір келді басыма...
Анатолий Федорович Қайыр Аманбековичті әрдайым аузынан
тастамайды. Екеуі жиырманшы жылдардың бас шенінде Томск
университетін бір бітірген кен зерттеуші инженерлер, мектептес достар.
Оның үстіне Главкадағы зиянкестер тобымен айтыс уақытында жұбын
жазбай, достықтарын нығайта түскен. Қайыр жуырда ССРО Ғылым
Академиясының қазақстандық филиалына ауысты. Қырыққа тарта ғылыми
еңбегі бар, Қазақстан тұрсын Москваға мәлім адам. Мына хаттың бір жерінде
былай депті:
«...Қуанышпен хабарлаймын — қазақ жері кӛмір, түсті металл, сирек
металл байлығын ғана кӛрсетіп қойған жоқ. Шойын, темір, болат байлығын
да кӛрсетіп отыр...»
295
Sauap.org
— Байқадыңыз ба, бұл сӛздің мәні үлкені—деп хаттың осы жолын бірер
нұқыды да қалтасына салды Чайков. Сӛз түйдегімен келіп, кӛмейіне
тығылып тұрған тәрізді, лықып шығады аузынан.-—Қазақ жері кең, совхозға
қоныс кӛп. Каргрэстің суы, тогі жетеді. Темір кендерін баурағанша ӛндіріс
маңындағы ескі-құсқы темірлердің ӛзі бірнеше мәртеге азық бола тұрады.
Қарағанды кӛмірі Орал, Балқашпен қоса Қазақстанның қара металлургиясын
неге қозғай бермейді?! Үндемейсің, Мейрам Омарович, ойлы жігітсің,
ойлағаның жақсы. Meн бұның бәрін жолдастығыңнан, секретарьлығыңнан
бұрын депутаттығыңа айтып отырмын. Ғылыми-техникалық пікірлер қазір
соншалық кӛп туа бастады, республика соншалық ӛсіп барады, Қазақстан
енді ӛзінің Ғылым Академиясын жасамасқа амалы жоқ. Міне, бұл ең қиын
мәселе. Ғалымсыз, ұлт ғалымдарынсыз қалай жасалады?! Айтпақшы сен
қашан қорғайсың?
Кенеттен ӛзіне тап берген Чайковке мырс етті Мейрам. Бетіне қарап
телміре қалыпты.
— Осы жылдың ақырына дейін жазып бітірем.
— Ардақ ше?
— Ол келесі жылы қорғар.
— Демек, филологиядан бір, экономикадан бір ғалым шыққалы тұр.
— Тағы бір мұғалім тарих ғылымынан дайындалып жүр.
— Бәрекелді! Кӛмір туралы докторлығымды мен де жазып бітірдім.
Қорғауым ғана қалды. Қайыр Аманбековичке жазып жібердім. Қандай
қуанар екен!—деп тұра жӛнелді Чайков. Ӛзі қуанғаннан кепкесін ұмытып
кетті. Асығыс қоштасып, басын бір жағына сәл қисайта, жебелей басып
барады. Мейрам артынан қарап отырып:
— Ойы мӛлдір адам!— деді ішінен, Чайков кілт бұрылып, кейін қайтты.
Қолын кӛтере сӛйлеп келеді:
— Барлаушыларды жӛнелтпек едім, асығып айтпай кетіппін. Щербаков
жақсы кӛмірші, бірақ жаман геолог. Қорықпаңдар ашық шахтадан. Әшірбек
біледі, ол жердің кӛмірі ашық алуға тіпті қолайлы.
— Анатолий Федорович, мына кепкеңізді...
— Рақмет. Ардаққа менен сәлем.
Чайков кездескен жерде жаңа ойлар айтып кетеді. Бұл жолы айтқаны
Мейрамды қатты толғантты. Қарағанды ӛскен сайын қазақстандық,
бүкілодақтық маңызы бар ірі-ірі мәселелер қойып тұр алға. Бақшадан шығып,
асфальт жолмен обком үйінің кең, биік сатыларына келіп кӛтерілгенде де
Мейрам осы ойлардың шырмауында еді. Үшінші қабаттағы секретарьдың
кабинетіне жеткенде ғана айықты. Секретарьға кезексіз, сұраусыз кіре
беретін. Бұл жолы хатшы әйел: «Москвамен сӛйлесіп жатыр» деген соң
бӛгеле тұрып, сез біткен соң кірді.
Үлкен кабинеттің ең тӛрінде шекесі жалтырап, ақ киімді, иықты, кеуде
сүйегі кең, бурыл бас адам отыр. Бетінде әлі әжім жоқ. Ақсары жүзі, бадана
296
Sauap.org
кӛзі жасы толып келсе де мӛлдіреп тұр. Амандықтан соң байсалды мінезін,
жылы-шырайын бұзбастан Мейрамға бір қарап ӛтті де:
— Қабағың неге жабық?— деді.
— Қабақты Сергей Петрович бұза береді. Рұқсат етіңіз, Александр
Андреевич, мәселені бюроға қоймақпын.
Александр Андреевич жуырда жауап қайырмады. Жай сӛйлесе де
жауапқа бӛгелмейтін. Мейрамның ұсынысын тастамайтын. Бұдан бірнеше
жыл бұрын комиссия бастығы болып орталықтан Қарағандыға келгенде,
Мейрамды зиянкестердің жапқан жаласынан құтқарып кетіп еді. Қарағанды
облыс орталығына айналғанда обкомның бірінші секретары болып келді.
Горкомның да бірінші секретары. Қала мәселелерін кӛбінесе Мейрам
басқарса да, оның ішінде басты-бастыларын бірінші секретарьсыз шешпейді.
Александр Андреевич үндемей қалғанда, жақсы кӛретін жолдасының бір
мінін бетіне айтуды ойлап отыр екен.
— Есіңізде ме?—деді бір кезде,— бұдан жеті жыл бұрын кӛмірлі
Қарағандыда, екі қабат стандарт үйде екеуміз ұзақ әңгімелестік...
— Есімде,— деді Мейрам.
— Сонда сіз «күрескен соң жығу керек» дегенсіз. Тап жауына бұл
рақымсыздығыңыз мені әбден сүйсіндірді. Енді достарға сондай қаттылық
кӛрсетсеңіз күйінер едім. Партия бұған жол бермейді. Айыптаудан аулақпын.
Тек сақтандырғаным.
— Айта түсіңіз, тұйық сақтандырғаныңыз түсініксіздеу болып тұр.
— Былтыр осы уақытта «Шевченко, Афанасьевтердің комбайны» деп
Қарағандыны дүңкілдетіп жүрдіңіз. Қайда сол комбайндар? Әнеукүні
Ермектің графигін мақтағансыз, ол график орындалмай қойды. Кейде
шаруашылық, совет ұйымдарының правосына қол сұғасыз. Менің пікірім
жеңсін дегенше, дұрыс пікір жеңсін деген артық. Енді түсінікті ме?
— Түсінікті,— деді Мейрам ойланып отырып, ақшыл жүзі қызғылт
тартты,— Кейде асығыс та, омыраулап та кетсем керек.
Александр Андреевич бұдан әрі қазбалаған жоқ. Трубкасына «Золотое
руно» темекісін салып жатқанда, ұртында жұмсақ күлкі тұрды. Адам кӛңілін
кӛбінесе жылы сӛз, жылы мінезбен алатын әдеті. Алды кең, оның алдынан
сыр бүгіп шығатындар кемде-кем-ақ шығар. Мейрамның кейбір қатал, үстем
мінездерін жұмсартып отыратын сияқты еді бұл кісі.
— Адам түсінсе де бойындағы жарамсыз әдеттің бәрін жеңе бермейді,—
деді күлімсіреп,— мен мына темекінің зиянын ертеден білем. Қоя алмадым.
Ӛзін-ӛзі жеңу, ӛзін-ӛзі түзеу — түсінумен қоса қайрат тілейді.
— Бойда барды салып кӛреміз,— деп күлді Мейрам.
— Онда жеңесіз, сіздің қайратыңыз жеткілікті.
Кӛп телефонный, бірі шылдыр етті. Секретарь тӛтенше сӛйлесетін ішкі
телефонный, трубкасын кӛтерді. Обкомның екінші секретарь! Асан Амантаев
екен. Бағана телефон арқылы Щербаковтің айтуымен Мейрамға кейіп сӛйлеп
жатыр.
297
Sauap.org
— ...Тәртіпке шақырсаңызшы. Щербаковке тіпті маза бермейді... Мәселе
ушығып барады...
— Меніңше ол тәртіпсіз жігіт емес. Азырақ асығыстығы болар, оның
есесіне анау отағасының азырақ шабандығы да бар. Қапа болмаңыз, мәселе
дұрыс шешіледі,— деп Александр Андреевич трубканы ілді де Мейрамға
қайта бұрылды.— Ал, енді даулы мәселеге келейік. Щербаковтікі әзір
сақтық. Ұсыныстарды зерттемей, қабылдай беруге болмайды. Зерттесін. Егер
зерттеуді кедергіге айналдырып бара жатса кӛреміз.
— Осы мәселе жӛнінде ӛз пікіріңіз қалай!
— Ермектің жаңа графигі сәтсіздікке ұшырады. Ол оны кӛре сала түзеу
қамында. Забой жұмыстарын тездетем, учаскелерді ірілендіріп, дайындықты
күшейтсем,— деуі қонады кӛңілге. Әшірбектің ашық шахта жайындағы
ұсынысы да дәлелді. Поезды бүкіл составымен забойға енгізбек, кӛмірді
экскаватормен тиемек... Бәрін техникаға істетем, дейді. Тіпті батыл ой! Бұған
Щербаков пен Ермек кӛбінесе әуе райынан қорқып, қарсы боп жүр.
— Босқа қорқады. Боранды күннен борансыз күн кӛп. Ашық шахта
кӛмір шығаруда ӛнімді болса, қардан тазарту одан да ӛнімді
— Қардың ӛзіне қарсы шаралар бар. Маңайға ағаш егіп, щиталар құрып
тастаса, неқылады боран.
— Онда бұл игі істі неге бӛгей береміз?
— Москваның пікірін күтпейміз бе?
— Уақыт ӛтіп барады. Тағы да айлар ӛтетін болады.
— Айлар емес, жұмалар ғана ӛтер,— деді де Александр Андреевич
әзілдеп қойды,— жас қайрат, соны ой ӛмірге жаңа қарқын береді. Кейде олар
жолын таппай жартасқа соғады.
— Тауып айттыңыз. Бірақ, паруана әкеге бой бермей жас бала жығыла
жүріп жер таниды.
— Сен де тауып айттың білем.
Екеуі біраз күлісіп алып, Козлов жайында қозғады әңгімені.
— Кӛмір комбайны шахта ӛмірінде зор оқиға. Алғашқы талаптың
сәтсіздігіне қарап жасқанбау керек. Ол сәтсіз де болса ілгері нұсқап кетті.
— Осыны Сергей Петровичке де айтыңыз.
— Айтамын. Козловқа барлық жағдайды жасатамын. Меніңше
Шевченко, Афанасьевтердің қатесі — жұмысшы, инженер коллективінің
кеңесінің сынынан аулақ ұстады ӛздерін. Мейрам Омарович, Козлов
досыңды бұл қатеден сақтандыра гӛр. Бұл кӛмекті оған ӛзің ұйымдастыр.
— Жақсы!— деді Мейрам. Міні бетіне басылса да қабағы жайраң.
Сайып келгенде Александр Андреевич қостап шықты. Бірақ, толғауы
кеңірек, әрекет әдістері әрқилы, тәжірибесі байырақ екенін Мейрам бұл жолы
бұрынғыдан айқын кӛрді. Жаңа телефон арқылы кіммен кім туралы
сӛйлескенін де шамалап отыр еді. «Сабырлы, адам сыйлау қасиеті басым-ау
осы кісінің! Ешқайсымызды құлатпай қолтықтап алып шықпақ» деген оймен
орнынан тұрды.
298
Sauap.org
— Біз сӛз қылған комбайн, ашық шахта, еңбек ұйымдастырудағы жаңа
тәсіл Қарағанды үшін ғана емес, Донбасс, Кузбасс үшін де үлкен жаңалық,—
деді Александр Андреевич. «Қарағанды ойдың да ӛндірісі» деп дұрыс
айтқансың. Бір шахтаны ВУГИ-дің қарамағына беру керек. Кӛндіреміз
Щербаковті.
Ризалық білдіріп, басын изеді де, шығып кетті Мейрам.
VIII
Биік кӛпірдің темір діңгектеріне, олардың үстіне орнатқан кең, ұзын
тақтай қораға Жанабіл тӛбесінен қарап тұр. Үш-тӛрт жыл кӛрмеген шахтасы
қандай ӛзгерсе, ӛзі де сондай ӛзгерген. Бұрын алып қаш мінезін, ӛткір тілін
тежей ұстап, әрнәрсеге байыпты қараған, байсалды бола бастаған түрі бар.
Партия мектебі білім ғана емес, мінез де беріпті. Қасындағы Жұмабай мен
Майпаға қазіргі кӛңіл күші ӛткенмен салыстыра айтты:
— Еңбек сіңген, кӛз үйренген нәрсе қандай ыстық! Боқайдың құрым
қосты комбинатқа кіргенше тастамауына түсінбей күлген екем.
— А, солай ма?!—деді Жұмабай.— Қара сиыр да маған ыстық кӛрінетін.
— Музей бар ма, қалада? Біз кӛргендерден жӛнді ештеме қалмапты ғой.
— Бар, бар. О, құданың құдіреті! Майпажанның станогін, сенің
станогіңді, менің тәшкеме дейін сонда жинап қойыпты. Ақшасыз
кӛрсетпейді.
— Кеше ғана соның бәрі еңбек құралы болса, бүгін тарих материалы
болып қалды. Шапшаң, тіпті шапшаң кетіп барамыз, Жұмеке!
Жанабіл аңқау атасының бойынан да ӛзгерістер тапты. Бұрынғы
жасқаншақ, кірмелік мінезі тіпті байқалмайды. Шахта қотанында талтаң
басады аяғын. Кӛзінде қалқан, әлектрмен темір пісіріп жатқан жас жігітті:
— Бондаренконың баласы,— деп нұсқады.
— Қалай, Бондаренко жанжал шығармай ма?
— Пәле! Қазір «орыс», «қазақ» деп қық ете ме екен бірі!
— Бұрын қалай қық еткен?
— Сайтан азғырды да.
— Енді неге азғырмайды?
— Құданың құдіреті, осы арасына қайранмын. Орыс, қазақ, шүршіт
ағайын болып кетті бәрі.
— Ол сананың күші, Жұмеке. Халықтың санасы ӛсті,— деді де Жанабіл
ілгері аяңдады.
Шахтаның мехцехы бұрын бүкіл Қарағандыны қамтыған мехцехтан
үлкенірек. Қалың плиталарды электрмен ұстарадай тіліп жатыр. Осы үймен
жалғаса биік, бірнеше кӛркем үйлер кеткен. Ортаға үлкен алаң қалдырып,
доғаша иіліп келіп, үйлердің бір шеті шахтамен қайта түйіскен. Жұмабай
үйлерді де, олай бұлай ӛткен адамдарды да сырттан таныстырып келеді.
299
Sauap.org
—...Біздің мехцех баяғы сендер істейтін цехтың әкесіндей... Анау
клубымыз бес жүз кісі сияды. Оған тақау сұр үй столовой, магазин, мынау
үлкен корпус: контор, наряд залы, монша, лампа бӛлмесі. Мына кетіп бара
жатқан бұйра бас жігіт Әсет маркшейдер. Ана келе жатқан учаске
бастықтарының бірі, аты тілімнің ұшында тұр...
— Театрға барып тұрасыз ба, Жұмеке?
— Е, бармай! Қыз Жібекке үш рет, Айман-Шолпанға әлденеше рет
бардым.
Жанабіл Майпаны түртіп қалып күбірлеп қойды:
— Әкең қартайғанда сұлудан сұлу қоймапты ғой.
— Үлкен кісімен ойынды қойсаңшы.
— Үлкен кісінің ӛзі бүлдіріп келеді.
Бұларды кӛріп, контор алдында тұрған Ермек, Әшірбектер бері жүрді.
Олардың соңынан бүлдіршіндей алты-жеті жігіт ерді. Жігіттердің бірін
таныған жоқ Жанабіл. Ермек таныстырды:
— Маркшейдер — Жабасов, тоғызыншы учаске бастығы — Арыстанов.
Машинист — стахановшы—Ворона. Комсомол комитетінің секретары —
Ержанов. Транспорт бастығы — Семенов. Механик — Ақтанов...
— Жұмысшы саны қанша?
— Қызметшілерді қосқанда үш мыңға тарта бар.
Шахтаның адамдары ӛзгеріп кеткен. Таныстары кекен-саяқ. Жаңа
қауым, жаңа жүмысшылардың тұлғасына Жанабіл сүйсіне қарап тұрып,
қалжыңдай сӛйледі:
— Кел қорыған қызғыш деуші едік Бәйтенді. Қызғанса қызғанарлық
екен. Сендер де «жұмысшымын» дейсіңдер ме, ӛздеріңді?
— Енді қалай?—деді жастардың бірі.
— Жоқ, интеллигентсіңдер. Біз, жалаңаяқ, сауатсыз келіп, қайла, балға
ұстадық қолға. Бізден бұрынғы Ермектер, тас кӛмірдің үстінде еңбектеп,
мойнымен сүйреді шананы. Сендер оқып келіп, машинаға міндіңдер. Бұл да
жұмыс па?! Жұмыс дегеннің тек аты қалды, заты ӛзгерді.
— Дұрыс айтады!— деп Жұмабай қойқаң-қойқаң етеді. Екі езуі екі
құлағында, бүгін ол сӛзшең, ойы асқақ. Балаларын сағынып керді. Адам
болған баладан артық, әкеге мақтаныш не? Мақтанып та қойды.— Марқұм
Құтжан балуанның бригадасында жүргенімізде, құйылған тер бір кеппейтін.
Осы күні маңдай жібитін жұмыс бар ма, тәйірі! Бәрін машина істейді...
Майпа ӛзінің үйренген мехцехын кӛруге асығып тұр. Ұзын кірпікті қара
кӛзі кіртиіп, қызарыңқырапты. Елге қайтпақшы болғаннан бері ұйқысы шала
еді. Оның үстіне ертелі-кеш естіп, түн бойы амандыққа келген жолдастар таң
атқанша ұйықтатпады. Ермек, Әшірбектер сонда болып, кӛзшырымын алмай
келді жұмысқа. Қарағандының кішірек кезінде кетіп, үлкейген кезінде келген
Жанабіл, Майпалар ӛскен қаласын кӛруге қандай құмартса, бас қосқан жерде
ӛжет мінездері ауыздан түспейтін Жанабілді кӛруге де жұмысшы қала құмар.
300
Sauap.org
Осы тұрғандардың әрқайсысы-ақ ӛзімсініп, күлдіргі, тапқыр сӛзін естуге
асық еді.
— Жұмекеңнің Майпажаны мехцехқа қарай иегін кӛтере береді. Кетпесе
болмас,— деді Жанабіл.— Бүгін сірә, жер үстімен танысармыз. Біз «қайла
вези», «шай кушайтта» жүргенде мына жастар оқып тастапты. Енді оқулы
дүниені кӛреміз.
— Қап! Ӛзім керсететін едім, смена тақалып қалды-ау!— деп қала берді
Жұмабай. Бәрін ӛзі жасағандай, пәлсіне сӛйлейді. Ермек қана ере кетіп,
былай шыққан соң күңкілдей бастады Жанабілге:
— Мейрам мен Щербаков біз кеткен соң бӛтен сӛз сӛйлеспеді ме?
Неғылған бӛтен сӛз?
— Екеуінің арасы алшақтап барады. Кім дұрыс, кім терісін кезінде
кӛрерміз. Әйтеуір, Щербаковке дақ салып алмайық. Есіңде болсын.
— Бұл жерде басқа түгіл, Ардақ та қостамас оны. Неғыл дейді
Щербаковке?
— Техникалық, ғылымдық таластар...
— Талассыз ӛсу бар ма! Таласты жаншудың бәрі бірдей пайдалы ма?
Солардың ішінен таңдап ала білу керек те.
Ермек кӛңіл түйткілін білдірді де қайтып кетті. Бір кварталды қоршаған
темір аран. Ішінде — созылып барып, иілген қызыл кірпіш заңғар үй. Үйдің
кірпішінен әйнегі басым. Қақпадай-қақпадай әйнектерден электрдің жасыл
оттары жарқылдайды. Күшті дүрсіл естіледі. Аранның ішіне сыймай
вагонеткалар теңкиіп-теңкиіп далада жатыр.
— Енді де «парожняк жетпейді» дер ме екен!
— Вагонеткаларды осында жасайтын болған ба?!
— Одан да зорырақты жасайды бұл завод.
Қақпа алдында бурыл бас күзетші қырын қарап тұр еді.
— Бәйтен екен, Бәйтен!— деді Жанабіл Майпаға сыбырлап. Білдірмей
келді де кӛзін баса қалды.
— Бұл қайсың, ей жібер! Күзетшімен ойнама, жібер! Атамын!— деп,
Бәйтен қолындағы бердеңкесінің құлағын қайырғанда ғана босатты Жанабіл.
— Ал, ата ғой.
— Ой, езуіңді!.. Келші құшақтасайық...
Екеуінің де кӛзінен жас тамшылады, Жақсы, жаман болса да біріне-бірі
дақ салмаған ескі жолдастар, жай адамша кездесе ала ма! Бір кезде қадірсіз
Бәйтен енді қандай сүйкімді, аянышты. Қартайып қалған. Алды бар, арты
жоқ, бар күшін аузына жиған сорлының одағай мінездері ерке баланың
қылықтары секілді кӛрінді Жанабілге. Аяп тұр. Бұрынғыдай ащы тілін
салмады. «Бәйтеке, «сіз» деп сыпайы сӛйледі:
— Шашыңыздың ағы кӛбейіпті ғой. Кәрілік пе, кӛңіл ағарғандық па?
— Кӛңіл ағарғандікі де. Шүкір, денім сау. Тұрмысым жаман емес,
жұмыс жеңіл. Тӛрт бӛлмелі үй салып алдым. Сиырым, үш-тӛрт ешкі-лағым
301
Sauap.org
бар. Пенсия алып тұрам. Жалақы тағы алам. Саяси орын сенімді деп, осы
зауытты маған күзеттірді...
— Бұл заводыңыз не істейді.
— Ол саяси мәселе. Айтуға болмайды. Анадағы қаптан аузым күйіп
қалыпты.
Жанабіл шегі түйілгенше күлді.
— Бәйтеке-ай, талай қызықтар бар еді-ау!..
— Істеудей-ақ істеуші ек!? Әттең мына күзет қолды байлады Бұл ӛзі
үлкен саяси сенім. Есіңде ме, халық жаулары суық қолын алдымен ӛндіріске
сұққан. Бір кісіні тексермей жібермеймін.
— Бізді ше?
— Саған қайда болса да есік ашық қой. Мейрамның орнына келеді деп
еді, рас па?
— Әзір демалыста жүрмін. Партия біледі.
Екеуі әңгімемен тұрыңқырап қалды. Ескі жолдастардың қайсысы қайда
жүр, не істеп жүр, Бәйтен арқылы бәрін білді Жанабіл. Ағылшын, совет
Қарағандысын басынан кешірген жаман Бәйтен енді жақсы тарих. Оның
мақтан аралас ожар, олақ сӛздерінен де шындық жарқылдайды...
— Біз түгіл сенің ӛзің кірме боп қалдың?— дегенде, ол бұрынғы
қызғанышын, қаланың ойсаң ӛскенін емес, жаңа адамдар билегенін айтып
еді. Жанабіл қостады:
— Иә, Бәйтеке, бәрінен де кадрлардың кӛбейгені қуанышты. Суға
қандай сусаса, қызыл маманға сондай сусап еді ғой, бұл қала. Жаңа шахта
алдында бір топ жас маманды кӛргенде, мына заводқа мақтанған сіздей-ақ,
мен де мақтанып тұрмын ішімнен.
— Пәле, біздің заводтың қасында шахтаның мамандары маман ба!
Козловтың ӛзі осынан шықпайды, үйреніп жүр. Ӛзіміз осы күні машина тілін
білудей-ақ білеміз, тек жүргізе алмаймыз...
Жанабіл тағы да бір рақаттанып күліп алды да, Бәйтенді арқаға қағып,
еніп кетті ішке. Алдымен үйренген жұмыс орнын іздеп келеді. Мехцехтың
ағылшындардан қалған шипуыт тұрбасы жоқ. Аспанмен тілдескен темір
белбеулі жуан қызыл тұрба тұр; кен, аузынан лақылдаған қара түтін, тымық
күнде ӛркеш-ӛркеш бұлт болып, қала үстінде қалықтап барады. Алғашқы
күндерде бүкіл Қарағандыға қуат берген жапырақ тас үй тұр. Ішінде
парогенератор, нефтедвигатель, үш-тӛрт токарь станогі болатын. Бірі
қалмапты. Бӛлмелерін қосып, зал жасап жіберген. Залдың қабырғалары
шкаф, сӛре — олар толы механикалық құрал-саймандар. Ӛзімен ӛзі болып
күйбеңдеп, кӛзілдірікті қарт жұмысшы жүр: балғын, зор денесі бүгіле,
жалпақ иығы күдірейе жүр.
— Ковалюк!—деді Майпа Жанабілге сыбырлап,— Кӛзілдірік киіпті.
— Үндеме, таныр ма екен!
Ковалюк әлден уақытта баяу бұрылып келіп, тұрған екі жасқа кӛзі
түскенде дауыстап жіберді:
302
Sauap.org
— Жанабіл, Майпа!.. Туу шайтандар, боржон сияқты жібекке оранып!..
Танымай қала жаздадым.
— Ӛзің кӛбірек ұқсайсын. Кӛзіңде кӛзілдірік. Магазин мынау!
Ковалюк екеуін де сүйіп амандасты. Бір кезде бригадир болатын. талай
жасты үйреткен, жоқтан бар етіп жаңа ӛндірістің іргесін қалаған, байсалды,
ұқыпты Донбасс жұмысшыларының бірі еді. Жадағай, кең мінезінен, сараң
аузынан шыққан әр сӛзінен украиндық екені аңқып тұр. Амандықтан кейін
ӛзгерістерді жайлап айтып берді... Кәрі Иван қайтыс болған. Антон
қартайыпты, пенсионер. Жолтайдың баласы токарь. Бір ӛзі үш станокті
басқарады. Козлов, Лапшиндер шахтаға ауысқан — изобретатель,
конструктор...
— Мехцехтың орнында құрал-саймандар сарайын басқарып мен ғана
қалдым,— дейді Ковалюк.
Майпа ӛзінің жұмыс орнын танып, есіне еткен күндерді түсіре бастады:
— Дядя Ковалюк, менің машинам мына жерде еді-ау, Жанабілдің
станогі ана жерде...
— Иә, иә, дәл таптың.
— Менің орныма қалған қыз қайда?
— О, ол жоғарылап кетті. Аспанда жүр, летчик.
— Болар, болар. Ӛткір еді!
— Ӛзің не бітірдің?
— Тіпті жақсы, қызым, тіпті жақсы! Сендер үйрене ӛрлей бересіңдер...
Бұдан шығып Жанабіл мен Майпа заводты аралады.
Жаңа заводтың іші сыртынан да айдынды. Бірнеше цех. Әр цехы
даладай. Токарьлар бӛлімінде ондаған станок тұр. Бірі — жонып, сүргілеп,
бірі — кесіп, тесіп, темір, шойын, жез, қалайы, мырыш, алуан түрлі металдан
механизмнің алуан-алуан бӛлшектерін жасап жатыр. Шеберлік, кӛркемдік
тек осында сияқты. Токарьлардың кӛбі кілкін кескен жас, фабрик-завод
мектебін бітіріп келгендер. Жанабіл, Майпа, бірін танымады, жағалап
отырып Жолтайдың баласы Ӛміржанның қасына жеткенде:
— Здравствуйте!— деді Ӛміржан.
— Қазақ тілін ұмытқанбысың?— деп еді Жанабіл, бала жігіт ұялып,
қызараңдап қалды.— Оқасы жоқ. Бірақ ана тілін ұмытпағайсың. Әкең тың
ба?
— Тың.
— Мені танимысың?
— Әкеймен бірге арқан тоқып жүрген кездеріңізде кӛргемін.
— Мен сені танымадым.
— Сіз аз кӛрдіңіз ғой. Мен кӛбінесе фабрик-завод мектебінде болдым.
Ӛміржан аялдай алмай жүре сӛйлесті. Үш станогі бірден істеп тұр.
Бірінде—күбідей шойын баяу айналады. Айналған сайын болат пышақ
қырып, үгіп барады. Жас токарь қолындағы чертежына қарайды да, сом
шойынды асата, циркулімен дамыл-дамыл ӛлшейді. Қалыңдығы ұстараның
303
Sauap.org
жүзіндей артық не кем жонып алса бүлдіреді. Дәлдік, шеберлік шегі дәл осы
болар. Ӛміржан станокті тоқтатып қойып ӛлшегенде:
— Жігітсің!— деді Жанабіл сүйсініп.— Поршень жону әр токарьдің
қолынан келмейді. Үш станокті бірдей істейсің-ау, тағы! Біз бір станоктің
ӛзіне үлгіре алмаушы едік.
— Петя тӛрт станокте істейді.
— Қанша табасың айына?
— Жеті-сегіз мың сом. Кейде одан да асып түсеміз.
— Жӛпшенді ғалымнан да асып кеткен екенсің.
Жерде қол кран, тӛбеде машиналы кран істеп тұр. Адам күші қозғай
алмайтын ауырды шопақ құрлы кӛрмей тілеген жерге жеткізеді. Станок
сайын электр кнопкасы. Тоқтатып, жүргізуге секунд ғана уақыт керек.
Станокті шапшаң не ақырын жүріске салудың ӛзі бұрын бірсыпыра уақыт
алатын. Қазір ол да кірпік қаққанша. Ӛлшеу, кесу аспаптары қандай! Таспа-
таспа, жаңқа-жаңқа болып металл қыртыстары үйіліп қалған. Жалт-жұлт етіп,
мүсінін кӛрсетпей станоктерде зырлаған ақ, кӛк, сары — қилы-қилы
механизм бӛлшектері сағымша лыпылдап тұр...
— Біздің машинада істедік, дегеніміз Бәйтеннің ескі жұмысшымын
дегені сияқты-ау,— деді Жанабіл Майпаға.— Нағыз машина, нағыз
машинист осылар! Бұлардікі жұмыс емес, кӛркемдік, шеберлік бәсекесі.
— Алқынбаса, алақан қолдырап, маңдай тершімесе жұмыс емес-ау
саған.
— Жұмыс қара күш тілейді. Бұлардікі тек ой күші...
Полы асфальт, ұзын, кең зал. Темірді киізден оңай тілгілеген кӛп станок.
Радиодан баяу, нәзік музыка естіледі. Ашулы үлкен әйнектерден самал
соғады. Әр тұсқа қойылған түрлі гүлдерден қош иістер келеді. Жанабіл,
Майпа аралай-аралай формашы цехқа жетті. Бұнда машина жоқ. Біраз
жүмысшы құм балшықтан шымшытырық қалыптар жасап жатыр. Металды
қорытып осы қалыптарға құяды, содан кейін токарьлар станокке салып
ӛңдейді. Анау шетте, қасында бір жас жұмысшы бар, Козлов та жүр. Жанабіл
сӛйлей келді Козловқа:
— Борис Михайлович, сіз не істейсіз, бұнда?!
— Комбайнның қамы да. Макетін жасағалы жүрмін. Сергей Петрович
бұзылды ғой, бұзылды...
— Маған кӛрінбеді онысы.
— Кӛресің әлі. Мейрам Омаровичтен сұра. Сені мен біз қандай
жәрдемдесетін едік бір-бірімізге. Ол бюрократ!
Жанабіл сақ-сақ күліп жіберді.
— Сергей Петровичтің қолынан бірнәрсе келмесе, дәл осы келмес.
— Күлме-күлме. Құлағынан басып күйдіру керек оны.
Бір кезде ӛзінің еңбек ұстазы болған сүйкімді қартқа
Жанабіл сын кӛзімен қарады. Қашанда жасы үлкеннен ойы үлкен,
кеңірек, шыдамдырақ қой. Бұрын аузына келгенін ірікпей айтып салса,
304
Sauap.org
енді—«Мейрам, Щербаковтер де сіз сияқты қызыңқырап кеткен» деген ойын
айтқан жоқ. Достарының арасындағы кӛңіл кірбеңін, пікір таласын ӛсу зады,
деп тұр.
— Әуелі комбайнды дәлелдеңізші. Сонсоң ол тентек шалдың күшін
кӛрелік!—дегенде Козлов жымыңдап, кӛтеріліп қалды. Дереу чертежын,
ағаштан жасаған үлгілерін кӛрсетіп жатыр:
— ...Мына ӛзгерісті Әшірбек, мынаны Әкім қосты... Инженер, механик,
машинист — үшеуі ұнатқан, қалай ұнамас екен! Макет бітсін, мен онымен
басқаша сӛйлесем сонда.
Үлгі бойынша балшық-құмнан жасалып жатқан ұяларды, қағаздағы
қым-қуыт сызықтарды Козлов құмарта түсіндіріп тұр. Жанабіл бәрінен де
оның құмарлығына сүйсінді. Карт адамның сӛзінен жастық жалыны
лапылдайды.
— Менің басымнан ұйықтағанда да шықпайды бұл машина. Қызметтен
бос уақыттың бәрін осыған жұмсап келем...
— Бұл құмарлық жеңіп тынады, Борис Михайлович! Жаңа ой тіпті
жасартып жіберген сізді. Бірақ, шахталарыңыз олқылықта кӛрінеді. Бұл
қалай?
— Оның үлкен мәні бар...— деп Борис Михайлович топырақ үйіндісіне
отыра кетті. Шахта жайын кеңінен толғап, ұзақ әңгімеге кірді екеуі...
Достарыңызбен бөлісу: |