Ғабиден мұстафин



Pdf көрінісі
бет25/26
Дата06.03.2017
өлшемі2,21 Mb.
#7800
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

 
IX 
 
Шатыр тӛбелі ұзын ақ қора ӛзек жағасында тұр, күнге шағылысып, тіпті 
шаңқан  кӛрінеді.  Сол  қорадан  желе  шоқытып  жан-жағына  қарана  шыққан 
Жайлаубай  ұзап  барады.  Әуелі  ӛзекті  қабақтай  жүрді,  одан  оң  жағындағы 
белеске кӛтерілді. Белесті жоталай отырып сары шоқының басына жеткенде 
айқай сала ойға қарай құйғытты. Астында күрең дӛнен, ылди, жер тегіс емес, 
сүрініп  кетсе  допша  домалар  еді.  Саспайтын  қартаң  адам  жастарша  шауып 
келеді.  Сонау  ойда,  шоқ  қарағанның  тасасында  кек  сиырды  қасқыр  жеп 
жатқан  сияқты.  Сол  маңда  ұя  салған  қасқыр  болатын,  жануар  бошалап 
шығып, ӛзі барды деп келеді. Кінәні сиырға аударса да кӛңілі кӛншіген жоқ. 
Осы  совхоз  ұйымдасқаннан  бері  саулы  сиырларды  басқаратын,  бір  бұзауы 
шетінеген  емес-ті.  Енді  тапа-тал  түсте  асыл  текті  кӛк  қасқаны  қасқырға 
жегізсе,  қара  басқаны  да.  «Апыр-ау,  қас  пен  кӛздің  арасында  қалай 
айрылдым!»  деп  тақала  бергенде,  ыржиып  күліп  жіберді.  Атының  басын 
тартты.  Қасқа  сиыр  теріс  қарап,  толғатып  жатыр.  Қипақтап  оқтын-оқтын 
артына  қарағанда,  маңдайының  қасқасы  ағараңдаған  қасқыр  боп  кӛрініпті 
Жайлаубайға.  Алданғанына  ұялып  та,  қуанып  та  қалды.  Атының  аяғына 
тұсамыс  салып  қарағанға  байлады  да,  сырт  киімін  шешіп  тастап,  сиырдың 
тууын  күтті.  Бұзаудың  тұмсығы,  алдыңғы  екі  аяғы  кӛрінді.  Содан  артық 
шыға қоймай бӛгеліп тұр. Жайлаубай сиырымен қоса толғатып отыр... 

305 
Sauap.org
 
— Қиналды-ау, жануар! Басы шықса екен,— деп қояды. Бір кезде басы 
шығып  еді,  ӛзге  денесі  шығуын  күтпей-ақ  суырып  алды  бұзауды.  Дереу 
аузын,  мұрнын  үргілеп,  құлағын,  аяғын  сыпырып  жатыр.  Кӛк  қасқа  да 
түрегеліп мекірене жалады бұзауын. Жайлаубай енді екеуін оңаша қалдырып
ойланып тұр: 
«Адам, мал, ұшқан құс, жүгірген аң—бәріне бала қызық. Шіркін бала!» 
деп  ӛзінің  дүниеден  баласыз  ӛтіп  бара  жатқанын  тағы  да  бір  есіне  алды. 
Совхозға  келгелі  ескі  мінез,  әдеттердің  талайын  тастаса  да,  осы 
«ұрпақсыздық» уайымын тастай алмай қойды. «Шекер рұқсат етсе...» дейтін 
бір  кезде.  Шекер  балаға  ӛзінен  әрі  құмар,  әлдеқашан  рұқсат  еткен.  Бірақ, 
Жайлаубайдың  әлі  бітіргені  жоқ.  Заман  кӛтермейді,  жаспен  отасаламыз  ба, 
деп  соза  тартып  келеді.  Жасы  алпыстың  ішіне  енді,  Жайлекең  сірә  сол 
бетімен кететін шығар. 
— Бұ  да  нәресте  ғой,—  деді  де  бұзауды  шапанына  орап,  кеудесіне 
қысты. Атын жетелеп, жаяу тартты совхозға. Аз мінілген шәлкес дӛнен бұзау 
ӛңгертпек  түгіл,  жетектің  ӛзіне  бұлтақтап  жӛнді  жүрмей  келеді.  Сиыр 
ыңырсып  ере  берді.  Бұзау  тұмсығымен  аймалап,  Жайлекеңнің  сақалының 
астынан емшек іздейді. Жайлекең оған ыржия күліп, иегін кӛтере түседі де. 
— Ай  нәресте,—  деп  қояды.  «Нәресте»  бұлқынуды  шығарды.  Мазасы 
кетіп, қолы талған соң Жайлекең оны мойнына асып, аяғынан тырп ӛткізбей 
ұстап алды. Жасамыс адам жанды жүкпен алыса-алыса терледі, ентікті. 
— Қап!—  деді  бір  кезде.  Бұзауды  жерге  қоя  сала  шешіне  бастады. 
Былғап  кетіпті.  Сонда  да  ренжудің  орнына  күліп  жіберді.  Оның  ойындағы: 
«Кӛк қасқа былтыр тұмса бұзаулағанда 3 мың берген. Биыл сӛз жоқ бес мың 
литр береді. Бұзауы үш жылдан кейін ӛзіндей сиыр болады. Аман табылғаны 
жақсы болды!— деген қуаныш шаршағанын елетпеді, ренжітпеді. Былғанған 
киімін  бәкісімен  қырып,  тазартып  отыр.  Бұзау  түртініп  енесін  еміп  жатыр. 
Кӛк  құладын  айнала  ұшып,  бұлардың  тӛбесіне  тӛніп-тӛніп  кетеді.  Желіні 
салақтаған  бір  қасқыр  баспалап  алыстан  торып,  едірейе  қарайды.  Түсіне 
алмай  жүр.  Дәу  қара  шұбар  жылан  тӛртеуінің  дәл  ортасында  ұйысқан  ескі 
кӛденің  түбінде  деп-дӛңгелек  боп  ұйықтап  жатқан.  Дыбыспен  оянып  кетті. 
Басын  кӛтеріп  қарады  да,  байлаулы  аттың  алдынан  сумаңдап  ӛте  берді.  Ат 
осқырып  қалғанда  ғана  Жайлекеңнің  кӛзі  түсті  жыланға.  Ұшып  барып 
қамшымен  тартып  қалды.  Басын  мыжғылап  ӛлтіріп,  қамшының  сабымен 
жерді қазды да кӛміп тастады. 
— Дұшпан ӛлді!—деп жақсылыққа жорып тұр. Ағара бастаған сұйықтау 
сарша сақалын саусақтарымен ақырын тарап, жан-жағына кӛз салды. Совхоз 
жерінің бұл жағы бұйрат — белесті кең дала, мал жайылады. Бойдақ сиырлар 
отары да, қой фермасы да осы жақта. Совхоздың негізгі кәсібі егіс болса да, 
малы жылдан жылға ӛсіп барады. 
— Жер  отайған  екен,  әттең  су  тапшы,—  деді  ішінен.—  «Бӛрілінің» 
түбінен  бір  тоған,  «Шолақтүлкіден»  бір  тоған,  «Кӛкпектіден»  бір  тоған 
байласа, су қандай молаяр еді. Сонсоң жаз бойы кезек жайлай бер. Малдың 
жаны жаңа қоныс қой, шіркін! 

306 
Sauap.org
 
Күн  ысып  барады.  Сәске  түс.  Фонары  күнге  шағылысып,  М-ка  құлады 
белестен.  Із  екшесі  бойдақ  мал  отарынан  шыққан  тәрізді.  Жолмен  совхозға 
тура тартып бара жатты да, кілт бері бұрылды. Жолсыз айдап тура келеді. 
— Марияштың  машинасы  емес...—  деп  қасына  келгенше  танымай  тұр 
еді  Жайлаубай.  Машинадан  Щербаков  пен  -  Марияш  түскенде,  күлімсірей 
келіп қол ұстасты: 
— Мал басына Сергей де келеді екен-ау, адасып жүрген жоқ па? 
— Несіне келейін, саған сеніп жата берем. 
— Ал, келген екенсің, айтып кет, ақталып па сенім?. 
— Аз  келсем  де,  ақталғанын  кеп  білемін,—  деді  Сергей  Петрович. 
Қазақша  сӛйледі,  бұл  кезде  қазақ  тілін  бірсыпыра  біліп  қалған.—  Неғып 
жайрап жатырсың, сиырың не? 
Жайлаубай  сиырдың  бошалап  шығып  кеткенің  бағанадан  бері  бастан 
кӛшкендерін айтып тұрғанда, тыңдаушылары рақаттанып күліп тұрды. Оның 
малқұмарлығы,  шыдамдылығы  ертеден  мәлім.  Малдың  жайын,  жаңа  ғана 
ойлап  еткен  тоған  жайын  әңгімелеп  еді,  Сергей  Петрович  Марияшпен 
ақылдаса бастады... Екеуі орыс тілінде сӛйлесіп кетті. 
— ...Бұл ұсынысты да жоспарға енгізсе қайтеді? 
— Электрдің  жетуі  қанша  жұмыс.  Содан  кейін  бірсыпыра  жұмысшы 
босайды, тоғанды қолға ала берсін. 
— Егін жинауына қарбалас болып қалмаса. 
— Онда экскаватор кӛмектеседі. Бір тоғанды биыл бітіріп тастау керек. 
Қалғаны екінші жылы бітеді. 
— Экскаватор кӛмектессе болғаны,— деді Марияш.— Ӛзгесін ӛзіміз-ақ 
істейміз. 
Екеуі  совхозды  электрлендіру,  суландыру  жайында  бірсыпыра  кеңесті. 
Марияш  жоғарылаған,  былтырдан  бері  осы  совхоздың  директоры,  әлі 
күйеусіз,  бұрынғысынан  толыға,  нұрлана  түскен. Жаудыраған үлкен  кӛзінің 
байыптылығы,  салмақты  мінезі—ақылды  әйел  екенін  кӛрген  жерде-ақ 
сездіреді.  Келісімен  совхозды  электрлендіруді  қолға  алды.  Оған  енді 
Жайлаубай суландыруды қосты. Щербаков екеуін де қостап тұр: 
— Электр  жұмысы  басталды  ғой.  Тоғанның  жоспарын,  есебін 
кешіктірмеңіз,—  деп  киініп  жатқан  Жайлаубайға  нұсқады.—  Біз  осы 
адамның қадірін білдік пе? 
— Білмесек жыл сайын сыйлық береміз бе! Баюға айналды. Кассада жүз 
мың сом ақшасы бар деседі. 
— Үкімет наградына иеге ұсынбайсыз? Жыл сайын сүт жоспарын асыра 
орындайды.  Қолына  берілген  елу  сиырды  жүз  елуге  жеткізді.  Бұндай 
колхозшылар әлдеқашан орден алды. 
— Рас,—  деді  Марияш,—Бұл  жӛнінде  Мейрам  Омаровичке  бір  айтқан 
едім, үндемеді. 

307 
Sauap.org
 
— Жақын адамы болған соң ұялған шығар. Сіз қайта кӛтеріңіз мәселені, 
мен қостаймын,— деп Сергей Петрович машинаға қарай аяңдады.— Бұзауды 
машинаға сал. Біз егіс аралаймыз, жолшыбай тастап кетелік совхозға. 
— Жайлаубай  шапанына  орап  әкеліп,  бұзауды  машинаға  салды. 
Марияшқа қадағалап тапсырып тұр: 
— Осылай  ораулы  күйінде  ұстап  отыр.  Әйтпесе  тыпырлап,  соқтығып 
қалады. Барысымен ӛлшесін, атын книгаға «Олжакӛк» деп жазсын. 
— «Олжакӛк»? 
— Иә, жоғалып табылған мал олжа. Енесіне тартқан кӛк, ұрғашы тағы. 
Жайлаубай  малға  тіпті  ат  қойымпаз.  Ферма  сиырларының  кебінін,  аты 
қазақша, бәрін сол қойған. Сембі, Кӛктем, Майқоңыр, Жаңбыр, Дауыл немесе 
—  Әсемқызыл,  Кербезкӛк  —  деген  сияқты  ылғи  мағыналы  аттар.  Жоғалып 
табылған осы қасқа сиырдың аты «Кӛкбұлақ», мейлінше сүтті тұқым. Толыға 
келе бәрінен озады. Рекорд жасайды деп қатты сенеді Жайлаубай. Машинаны 
жӛнелткен  соң,  атына  мініп,  «Кӛкбұлақты»  қыспай,  жай  айдап  отырды. 
Совхоз  әлі  де  жеті-сегіз  километр.  Қиыстай  жүріп,  жолға  келіп  түсті.  Жол 
бірбатпақты  жыраны  басып  ӛтеді.  Жыраның  үстіне  кішкентай  кӛпірсымақ 
салынған,  байқамаса  ат  аяғын  сұғып  алатын,  арбаның,  машинаның 
дӛңгелектері  сиып  кететін  кетіктері  бар.  «Кӛкбұлақ»  ептеп  келіп  ӛтіп  кетті. 
Күрең дӛнен осқырып тұрып қалды. 
— Бірі  болмаса,  бірі  кӛре  салса,  түзей  салса  қайтеді,  екен,—  деп, 
Жайлаубай аттан түсті. Аттың аяғына тұсамыс салып, ауыздығын алып отқа 
қойды.  Содан  кейін  жыраны  тӛмен  бойлап  барып,  шіліктің  ішіне  енді. 
Қарымды бәкісімен бырт-бырт қырқып, ілезде бір құшақ, шілік алып қайтты. 
Оны сымбалдап буып, тепкілеп сыналап, кӛпірсымақтың кетігін бітеді. 
— Міне,  бітті  де  қалды!—  деді  мұртын  сипап  қойып.—  Машина,  арба 
түсіп кетсе, не кӛліктің, аяғы сынса қаншама жұмыс. 
Атына  мінді.  «Кӛкбұлақ»  бұл  кезде  бӛгелмей  аяңдап,  совхозға  барып 
қалған,  желе  шоқытып  қуып  жетті.  Шаңқай  түс.  Жұмысшы  поселкесінің 
шетінде,  ұзын,  шаңқай  ақ,  қораның  жанында  жұмысшы  әйелдер  ферма 
сиырын  сауып  жатыр.  Жайлаубай  оларға  бұрылмай  «Кӛкбұлақты»  тура 
қораға әкеп енгізді. Шекер қарсы алды: 
— Табылғаны  абырой  болды  ғой.  Ӛлшеттім,  былтырғы  бұзауынан  үш 
кило ауыр шықты. 
— Сүт одан да артық шығады. 
— Атын «Олжакӛк» деген екенсің, солай деп жаздырдым. 
Екеуі  сиырды  бұзаулайтын  бӛлмеге  енгізді.  Асты  тақтай,  іші  жарық, 
вентиляция,  градуснигіне  дейін  сай,  мәдениетті  бӛлме.  Бұзаулаған  сиырды 
екі-үш күн оңаша күтеді осында. Суарып, алдына жем салған соң: 
— Жанабіл мен Ермек келді,— деді Шекер.— Ӛлі етпен жӛнелтеміз бе, 
мал іздейсіз бе? 
— Олар қайда? 
— Совхозды аралап жүр. 

308 
Sauap.org
 
— Сергей де қайта айналып соғар. Бәрінін, басы қосылған екен, бір мал 
бермей болмас,— деп, Жайлаубай сиыр бұзаулаған бӛлмеден шықты. Шекер 
жӛтеліп қалғанда, жаңа қора жаңғырығып кетіп еді, мырс күліп жіберді: 
— Сені мазақтай ма, қайтеді? 
— Тезірек  бас  аяғыңды,  кісілер  келіп  қалады.  Ардақжанның  да  су 
басынан қайтатын уақыты болды. Болатты ала кетіп еді, күн ӛтер ме екен... 
— Бұдан  артық  қайтсін!—деді  Жайлаубай,  сақалын  сипап,  қораға 
мақтана  қарап  тұрып.  Қора  жуырда  біткен.  Сыртын  ғана  емес,  ішін  де 
ағартқан,  биік,  жарық.  Асты  тақтай.  Тақтайды  екі  қабырғадан  ортаға  қарай 
түйетайлы етіп жайыпты да, дәл ортадан суағар қалдырыпты. Сиыр басы бір 
бӛлме  —  клетка.  Жем  науасы,  суаты  соның  ішінде.  Екі  жүмысшы  электр 
сымдарын  тартып  жүр.  Енді  бірер  жұмада  сиыр  электрмен  сауылады. 
Марияш  келгелі  совхоздың  егін  шаруашылығына  да  жаңалықтар  еніп 
жатыр... 
— Марияшты  әйел деуге  болмайды!— деп  Жайлаубай  қорадан  шықты. 
Маусымбай  бұзау  аранының,  ішінде,  қолында  бәкі,  қанатып  бір  бұзаудың 
тілін  қырып  тұр.  Күйеу  баласы,  ӛзінің  ұзатқан  қыз  баласы  екеулеп  бұзауды 
ұстап тұр. 
— Бұларың  қалай,  дәрігер  кӛріп  кетіп  еді  ғой,—  деді  Жайлаубай. 
Маусымбай  жауап  қайтармастан  емдей  берді.  Сақал-шашы  ағарса  да,  ӛңі 
қартаймапты,  екі  беті  шиқандай,  қунақ.  Ана  жылы  жүдеп  келгенде  Мейрам 
осы  совхозғa  жіберіп,  сол  бетінде  қалып  қойған.  Қасындағы  екі  баласы 
фермада істейді, ӛзі совхоз сарайын күзетеді. Күндіз бос уақытын мал ішінде 
ӛткізеді.  Қазір  бұзауды  емдеп  болған  соң,  бәкісін  сүртіп  қалтасына  салып 
тұрып, Жайлаубайға жауап қайырды: 
— Дәрігерің «қылау» дегенді білмейді екен. Бұзаудың жататын орны су 
болса,  не  су  етсе,  тілі  бӛртеді,  оттай  алмай  қалады.  Оның  емі  —  бӛртпесін 
қырып тастау. 
— Емің жақса, емдей бер. Қазым етсең тӛлейсің. 
— Онда ақы да тӛлейтін шығарсың? 
— Неғылған ақы? 
— Айналайын  совет-ай  тауып-ақ  қояды-ау!  Сен  басқарған  ферманың 
байымасқа амалы не? 
Екеуі  әрдайым  қалжыңдасып,  қағысып  жүреді.  Кейде  тіпті  қатты 
ойнайды.  «Жайлаубай  қалай  ұйқысырайды?»  «Қызыл  сиыр  мен 
Жайлаубайдың  әңгімесі»  деген  сияқты  күлдіргі  әңгімелерді  Маусымбай 
шығарған. Қазір кӛп сӛйлесуге уақыт аз, Жайлаубай асығыс. 
— Қонақтар  келіп  қалды.  Қойыңды  қарызға  бере  тұр,—  деді 
Маусымбайға 
— Қонағасы таба алмасаң маған жібер. Ардақ менің де қонағым. 
— Ардаққа  қысылмаймын.  Ермек  пен  Жанабіл  келді,  алыстан,  оқудан 
келді. Үш-тӛрт жылдан бері үйімізге бас сұғып отырғаны осы. 
— Сатып ал. Шіріп жатқан ақшаңды аяймысың. 

309 
Sauap.org
 
— Не сұрайсың? 
— Тӛрт аяғы тӛрт мың сом. 
— Қалжақты қой, турасын айт! 
— Бір тиын кемі жоқ,. Сені осындайда қамтып қалмаса, қолға түсемісің. 
Сауыншылардың арасынан Шекер айқайлады: 
— Екеуің  тәжкелесіп  тұрғанда,  әне,  қонақтар  келе  жатыр.  Машинаны 
кере  сала  Жайлаубай  атына  ұмтылды.  Анадай  кеткенде  шақырып  алды 
Маусымбай: 
— Қалай, сараңдық жақсы ма екен? 
— Жаман екен. 
— Ала ғой ендеше. Әкеліп сойып бер,— деді күйеу баласына. 
Күн  ыстық.  Терлеп-тепшіп  машинадан  Ермек  пен  Жанабіл  түсті.  Олар 
амандасып  тұрғанда,  Щербаков  пен  Марияш  қайтты  егістен.  Щербаков 
салған жерден қағыта келді Ермекті. 
— Бұл  бірінші  шахтаның  подхозы  емес,  комбинаттың  совхозы.  Сіз  не 
жұмыспен жүрсіз осында? 
— Күн демалыс болған соң, Жанабілді ертіп кӛруге келдім. 
— Әнеукүні де бір келіп кеткеніңізді есіткенмін. 
Ермек күлімдеп, қызараңдап, ұялып қалып еді, Жанабіл іліп әкетті сӛзді: 
— Сіздің ниетіңіз де ақ кӛрінбейді, Сергей Петрович. 
— Е, мен не жаздым? 
— Марияшты  алып  қашып,  олай  бір,  бұлай  бір  кетесіз.  Ерекеңнің 
шаруасы Марияшта екенін білмейсіз бе? 
Бәрі  ду  күлді.  Ермектің  жеңгедей  алған  қартаң  әйелі  былтыр  қайтыс 
болған,  Марияшта  кӛңілі  бар.  Бозбалашылықты  басынан  атқармаған  адам 
елуге  жақындағанда  кӛркем  әйелге  қалай  жанасудың  ебін  таппай,  ойқастап 
жүр.  Сұңғыла  Марияш  оны  әбден  сезеді.  Кет  әрі  емес  сияқты.  Ермек 
ашылмаған жастай ұялып қалғанда, Марияштың мӛлдір кӛзі күлімдеп кетеді. 
Жанабіл екеуінің де құлқынын танып, әдейі соқтықтыра сӛйлеп тұр: 
— Әйелдің махаббаты отыздан аса, еркектікі қырық- тан аса піседі екен, 
дейді Ерекең. Мәке, распа, бұл? 
— Несіне тексересің. Ерекең айтса тегін айтпас. 
Әңгіме бӛлініп кетті. Астында газик, Чайков пен Мейрам келіп тоқтады. 
Екеуі кеше кеткен. Қайда кеткенін ешкімге айтқан жоқ. Чайков келе әңгімені 
жаңадан  бастады.  Ӛткір,  шапшаң  адам.  Сӛз,  ой  әуеніне  қарай  құйқылжып, 
тыныш тура алмайды. 
— Құлақ, салыңыздар!— деді қолын кӛтеріп.— Басымыз қосыла қалған 
екен,  күн  демалыс,  Мейрам  Омарович  Жайлаубайым  бай  деп,  мақтанып 
келді. Кӛрелік байлығын. 
Жайлаубай жымыңдап, мұртын сипап тұрып сӛйледі: 

310 
Sauap.org
 
— Бүл күнде бір қонақасыға кімнің шамасы келмейді. Бір жұмаға дейін 
жібермеймін, ендеше. Қой сойғалы жатыр едім. Әй, байтал сойыңдар!— деп 
үй жаққа айқайлап қалды. Чайков келіп аузын басты: 
— Жеңілдік, жеңілдік! 
Жайлаубайдың  басы  шағын,  бұнша  қонақ  сиятын  кең  үйі  жоқ. 
Қонақтарды жаңа қораға орналастырмақ болды. 
Ерте күнде зары еткен кездемеден ӛшін бір алса керек. Кӛрпе-жастықты 
құшақ-құшағымен тасыды. Киіз, қызылала кілемдер де кӛрінеді. Бұрын бәрін 
малға  болса,  енді  үй  ішіне,  сберкассаға  жинаған  тәрізді.  Қазір  мал  дегенде 
күніне  беретін  бір  ғана  сиыры  бар.  Оның  сүтін  ақшалап  кассаға  салады. 
Шекер биыл ғана жұмыстан қалғалы жүр. Екі адамның айлық табысын, жыл 
сайын алатын сыйлығын да жеп бітіре алмай кассаға тоғытады, Жұрттың бай 
деуі рас, сараң деуі бекер. Қонағасыға Жайлекең әуелбастан мырза болатын. 
Бүгін  тіпті  пейілді.  Кең  қылып  тӛсеніш  жайдырып,  су  септіріп,  әзір  мал 
енбеген мәдениетті қораға қонақтарын ертіп келді. Чайков бұрын кӛрген жоқ 
екен. 
— Міне, қора! Қандай салқын, жарық, биік, таза градусник, вентиляция, 
электр!—деп сӛйлеп жүріп, қораны тегіс қарап шықты. Жарайсың, Марияш, 
жарайсың!  —  деді  де  сұқ  қолын  шошайта,  шапшаң  жүріп  барып 
Щербаковтың қасына тұра қалды: 
— Әшірбекке ерік бер. Босқа қауіптенбе. Ермек екеуің бұрынғы мешеу 
Донбасс,  мешеу  Қарағандының  тәжірибесін  дәріптейсіңдер  кейде.  Бүгінгі 
ӛмірден  туған  жаңа  ойлар,  жаңа  техникалар  жолындағы  бӛгеттің  бәрін 
қиратып барады.  Ашық шахта бұрын болмаса,  енді болады.  Коркинода  жоқ 
па? Коркиноның тәжірибесін Әшірбек Қарағандыға әбден қолданады. Темір 
тіреу  Донбаста  басталған.  Әшірбек  оның  жаңа,  ең  қолайлы  түрін  жасамады 
ма... 
— Апыр-ау  енді,  ойлануға  мұрсат  берсеңдерші,—  деп  сылқ-сылқ  күлді 
Сергей Петрович. Чайков баспалатып барады: 
— Қанша ойлану керек! Тіпті айқын нәрсе: Федоровканың кӛмірі жердің 
бетіне шығып жатыр. 
— Жергілікті отын ӛндірісі соны неге ала бермейді шетінен. 
— Қалай  ала  береді?  Ашық  шахта  жабық  шахтадан  екі-үш  есе  ӛнімді 
болмақ. Демек, техника мейлінше кең қолданылады, поезд забойға енеді. Ол 
техника жергілікті отын ӛндірісінде бар ма? 
— Сонда олардың жұмысын біреу істеп бермек пе? 
— Неге  олардың  жұмысы?  Мыңдаған  тонна  коксіленетін  кӛмір 
үнемделеді.  Бұл  —  бір.  Екінші  —коксіленетін  кӛмірге  ашық  шахтаның, 
кӛмірінен он бес процент қоссақ, коксінің сапасы артады, сонымен қоса саны 
да артады... 
Чайков  тамақ  ішпей,  тізе  бүкпей  осы  қалпында  кешке  дейін  айтысуға 
бар. Бұлтағы, қалтқысы жоқ, айтқанын етпей қоймайтын бетті адам. «Кӛндім 
дегенше» Щербаковты босатар емес, қадалып қалыпты: 

311 
Sauap.org
 
— Беріл!  Берілмесең  обкомда  сӛйлесеміз,—деп  тұрғанда  Ардақ  пен 
Майпа енді. Босай алмай тұрған Щербаковке сылтау табылды: 
— Анатолий Федорович, әйелдер келді. Кейін әңгімелесеміз ғой. 
Үстінде  ақ  шапан,  қолтығында  кітап,  Болатты  жетелей  келіп,  Ардақ 
әрқайсысымен  қол  алысып  амандасты.  Жадағай,  жасанды  мінезі  жоқ,  қара 
кӛзі мӛлдіреп, сергек тұр. Бұл отырғандардың бәріне ол сүйкімді. Біріне жар, 
біріне ұстаз, бірінің баласындай болса, бірімен құрдас-сырлас. Жаңағы керіс, 
дуыл басыла қалған... Чайков жетелей келіп, тӛрге ӛз қасына отырғызды да: 
— Жазуға кірістің бе?— деді күбірлеп. 
— Кірістім,— деп күлімдеді Ардақ.— Шым-шытырық жол екен, қоймай 
жүріп кӛндірдіңіз, шырмалып қалсам, шығарып алуға дайын тұрыңыз. 
— Геолог пен филологтың арасы алыс қой, қарағым, созған қол жетсе,— 
деп Чайков сақ-сақ күлді.— Бастағаның жақсы болған. Бастау қиын істі. 
— Аяқтау қиын сияқты. 
— Бастаушы  табылғанда,  қостаушы  әрдайым  табылады.  Қарағандының 
бірінші  сенбілігінде  әйелден  Майпа  екеуің  ғана  барғансың.  Қазір  ӛндірісте 
қазақ  әйелі  аз  ба!  Ол  кезде  сен  бір  ғана  мұғалім  едің.  Қазір  әйел 
мұғалімдердің ӛзі қанша? Қазақ әнімен Қарағанды сахнасына бірінші шыққан 
да  сен  едің.  Қазір  дағдылы  әйел  әншілер  қанша!  Енді  ғылым  майданында 
бастасаң, қазақ әйелдері тағы қостайды. Қостаушының кӛмегі бастаушының 
ӛзін есіреді. Әуелі жазып шық. Содан кейін түзеледі, толығады... 
Ардақ  «Қазақ  әдебиетіндегі  социалистік  реализм»  деген  тақырыпқа 
диссертация жазып жүр. Ғалым болу ойында жоқ-ты. Әдебиетке бейімділігін 
керген  соң,  Чайков  осы  жолға  әкеп  салды.  Алғашқы  кездескеннен  бастап 
Чайков  пен  Мейрам  дос  болып  кеткен.  Мейрамның  ӛзіне  экономикалық 
ғылымды  зерттеуге  себепкер  болған  да  Чайков.  Ол  қазақ  жерінің  байлығын 
ғана  емес,  қазақ  ойының  байлығын  ашуға  да  құмар  «Қайыр  Аманбекович», 
«біздің  Әшірбек»  дегенде  оның  үнінен,  ӛзінен  мақтаныш  сезіліп  тұрады. 
Қазір  жымың  қағып,  әйелден  болашақ  бір  ғалымды  керіп  отырған  сияқты. 
Ардаққа оқтын-оқтын сұрақтар беріп, ол сӛйледі-ақ, бір сӛзін қалт жібермей 
тыңдайды. 
— Әдебиет  дегеніміз,  халық  ішіндегі  алға  ұмтылған,артқа  тартқан  екі 
идеяның айнасы ғой,— деп еді Ардақ. 
— Айта түс!—деп Чайков телміре қалды. 
— Ол  идеялар  әр  тұста,  әрқилы  жырланған  екен.  Ертегі,  эпос  кӛбінесе 
асыра  сілтеп,  жақсылықты  құдайдың,  жамандықты  шайтанның  маңынан 
іздесе  де,  халық  арманын  білдіріпті.  Орыс  әдебиетіндегі  сыншыл  реализм 
бізде  Абайдан  басталып,  социалистік  реализммен  ұштасыпты.  Бірақ, 
әдебиетімізде эпос ықпалы әлі де бар. Сол бонды еркін жаздырмай келеді. 
Жантая тыңдап жатқан Жанабіл бір қағып қалды: 
— Халық  шығармаларын  Горький  жоғары  бағалайды.  Сен  сүмірейтіп 
барасың ғой. 

312 
Sauap.org
 
— Ауыз  әдебиет,  эпос  халықтың  жас  шағында  туса,  жазба  әдебиет 
есейген шағында туды. Ересекке баланың қылығы қонса, кӛшеге шық та асық 
ойна. 
Бәрі күліп жіберді. Жанабіл басын кӛтерді. 
— Сахнадағы  «Еңлік  —  Кебек»,  «Айман  —  Шолпан»,  «Қыз  Жібек», 
«Қозы  Кӛрпеш  —  Баяндарға»  жұрт  әлі  құмарта  қарайды.  Ӛткен  қауымның 
шығармасын кейінгі қауым жоя бермейді, қайта дамыта береді. Социалистік 
мәдениет аспаннан түсе ме!? 
— Бұл дәлелді келтіргенде, екі нәрсені ескермедің, Жанабіл. Ол эпостар 
бүгінгі  тұрғыдан  қаралып,  бүгінгі  жазушының  қолымен  қайта  жазылған. 
Бұны  ойла.  Екінші  —  сахнада  қызықты  нәрсенің  бәрі  бірдей  жақсы  емес. 
Кӛпшілік  кейде  бала  мінезді.  Бала  ішін,  тісін  бұзатын  асты  да  құныға  жеп, 
кейін жылайды. 
— Кӛптің  бірі  мен  болсам,  жыламаймын.  Халықтық  шығармаларды 
оқудан, кӛруден еш жалықпаймын. 
— Ұмытпа,  Горький  ауыз  әдебиетті  мақтаса  да,  жазба  әдебиетке 
социалистік реализм әдісін кӛрсетіп кетті. Әдебиет — ӛмірді тануға, жасауға 
кӛмектесу  керек,  жасалған  ӛмірдің  айнасы,  қисығы  емес,  түзу  айнасы  болу 
керек.  Қиссаларды  қанша  ұнатсаң  да,  бүгінгі  тақырыпқа  жазылған 
шығармалардан Тӛлегендей жігіт, Жібектей қыз, немесе Қобыланды сияқты 
батыр, Тайбурыл сияқты тұлпар кӛрсең, ол кітапты жаба салар едің. 
— Әрине, шылғи ӛтірік дер едім,— деді Жанабіл.— Бірақ қиссалардың 
қызықтылығын, сол дәуірді тануға керектігін бағаламасқа болмайды. 
— Нана беруге де болмайды. Сахнадағы сен сүйген батырлар, ғашықтар 
жыры әлі де зерттеуді тілейді. 
Сергей Петрович тӛмен қарап, трубкасын тазартып, шеткері отырған, ол 
кенет басын кӛтеріп алды. 
— Ардақ! Саған Демьян Бедныйдан бірдеңе жұққан жоқ па? 
— Осыған  жұқса  жұққан  шығар,  Демьянды  кӛбірек  оқитын,—  деді 
Мейрам. Маусымбай да әр қиссадан бірнеше жол айтып тастап, «қисса қызық 
қой,  шіркін»  деп  қояды  Жайлаубайға.  Эпос  мықты  орнапты  кӛңілге. 
Әрқайсысы  бір  қағып,  Ардақ  жалғызсырауға  айналған  кезде,  Чайков  түсті 
араға. 
— Болжамалы  ғылым  түгіл,  дәл  ғылымның  ӛзіне  қанша  түзетулер  еніп 
жатады.  Ардақ  қазақ  эпостары  жайында  жаңа  бірдеңе  айтпақ.  Тыңдалық, 
айтсын. 
«Айтса  айтсын»  дегендей  тыныштала  қалды  бәрі.  Ардақ  қайта  кірісті 
сӛзге. Жай сӛйлеп, анықтай түсіп, анда-санда жіңішке саусақтарымен ишарат 
етеді. Мұғалім екені сӛз әуейінен байқалып-ақ тұр. 
— Бізде  филология  ғылымы  ӛте  жас,—  деп  сәл  шытынып  қойды.— 
Эпостардың  ішінде  қай  шығарма  халықтық,  қай  шығарма  жат  екенін  әлі 
айыра  алған  жоқ.  Кенесары  жайында  талай  қиссалар  бар.  Солардың  бірі 

313 
Sauap.org
 
мақтаса, бірі боқтайды Кенені. Алашорда ақындары «Кенекем еңіреген ер еді 
ғой» деп жырлады... Маусеке, айтыңызшы, дұрыс па осы! 
Ескі  сӛзді  Маусымбайдан  Ардақ  талай  әңгімелер  есіткен.  Қазір  соның 
бірін қайта айтқызып, куә қылғалы отыр. 
— Атамды  —  әкемнің  әкесін  кӛрдім.  Тоқсанға  келіп  ӛлді,—  деді 
Маусымбай.—  Бала  кезімде  атамнан  есіткенім  бар.  Кенесары  қырғыздарға 
шабуыл жасағанда, Жетісу қазақтарын Сыпатай батыр бастап, қырғыз жаққа 
шығып  кетіпті.  Кенесарының  қырғыз  қолында  мерт  болуына  менің  атам  да 
кӛмектескен тәрізді. Зады, Кенесарыға қазақ түгел ұйыған жоқ... 
— Арқа  қазақтарының  ӛзі  ала  болады,—  деп  Жайлаубай  да  қостады,— 
Біздің  Жаналы  деген  ру  Кенесарыға  бағынбай  келіп,  қазіргі  Аршалыны 
мекендеп қалыпты... 
Шалдарға  сӛйлетіп  болған  соң,  Ардақ  қиссалардан  үзінді  келтірді. 
Біріне-бірі  қайшы.  Соның  ішінде  «Жасауыл  қырғыны»,  «Топжарған» 
поэмалары  Кенесарыны  аластап  береді.  Ардақ  биыл  Алматыға  барғанда 
Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  архивінен  оқыды.  Оқығанның  кебін 
жадында сақтайтын, бәрін жатқа айтып отыр еді, Чайков қайран қалды: 
— Бұнша қалай жаттай бергенсіз?! 
— Әдейі  жаттады  дейсіз  бе.  Ӛзі  қалып  қояды  есте,—  деді  де  Ардақ 
Абайдың бір ауыз ӛлеңін айтты: 
«Шортанбай, Дулат пенен Бұхар-жырау, 
Ӛлеңі бірі — жамау, бірі — құрау. 
Дариға-ай, сӛз тақырлық болса кісі, 
Қатесі әр жерінде кӛрініп тұр-ау», — 
дегенде,  Абай  үлгіні  Пушкин,  Лермонтов,  Толстойлардан  алып, 
қазақтың  ханшыл,  шығысшыл  ақындарын  мінеп  отыр.  Біз  оларды  дәріптеп, 
оқу құралдарына да енгізіп жібердік. Меніңше мәдениет мұраларын бағалау, 
бізде кейде ұлтшылдыққа соғып жүр. 
— Қойдым, қойдым! Мынау мені бірдемеге ұрындырғалы келеді,— деп 
орнынан тұрды Жанабіл. Шекер келіп бағанадан қипақтап тұрған. Кӛре сала 
Ардақ та түрегелді: 
— Әңгімемен  отырып  қалыппын.  Апама  жәрдемдесу  керек  қой,—  деді 
де шығып кетті. Чайков жайраң қағып сӛйлеп отыр: 
—...Мен филолог емеспін, пәтуа беру қиын. Бірақ, Ардақтың пікірі жаңа 
шабуыл жасаушы пікір екенінде күмән жоқ... 
Дәм  дайын  боп  қалды.  Ардақ  келіп  дастарқан  жая  бастады.  Қол  жууға 
орындарынан тұрды бәрі... 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет